Қазіргі Жапонияның саяси құрылымы мен саяси нормалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 22:53, реферат

Описание

Жапония – парламенттік монархиялық жолмен басқарылатын демокртатиялық унитарлық құқықтық мемлекет. 1947 жылғы Конституция әрекет етеді.Жапония территориясы 47 префектураға бөлінген.Олар төрт типе жатады: то (Токио), фу (Осака),до (Хоккайдо) және кэн (қалған 43 префектуралар).Хоккайдо аралы толықтай аттас префектураға кіреді.Хонсю аралы:Айти,Акита,Аомори,Вакаяма,Гифу,Гумма,Ибараки,Иватэ,Иси-кава,Канагава,Киото,Миэ,Мияги,Нагано,Нара,Ниигата,Окаяма,Осака,Сайтама,Сига,Сидзука,Симанэ,Тиба,Токио,Тотиги,Тоттори,Тояма,Фукуи,Фукусима,Хего

Работа состоит из  1 файл

Политическая система Японии.docx

— 15.02 Кб (Скачать документ)

Әл-Фараби атындағы Қазақ  Ұлттық Университеті

Халықаралық Қатынастар Факультеті

 

 

 

 

 

СӨЖ

Қазіргі Жапонияның саяси  құрылымы мен саяси нормалары

 

 

 

Орындаған: Аманкелді А.

Тобы: МО11К

Тексерген: Балаубаева Б.М.

 

 

 

 

 

 

Алматы – 2012 жыл

Жапония – парламенттік монархиялық жолмен басқарылатын демокртатиялық унитарлық құқықтық мемлекет. 1947 жылғы  Конституция әрекет етеді.Жапония  территориясы 47 префектураға бөлінген.Олар төрт типе жатады: то (Токио), фу (Осака),до (Хоккайдо) және кэн (қалған 43 префектуралар).Хоккайдо аралы толықтай аттас префектураға кіреді.Хонсю аралы:Айти,Акита,Аомори,Вакаяма,Гифу,Гумма,Ибараки,Иватэ,Иси-кава,Канагава,Киото,Миэ,Мияги,Нагано,Нара,Ниигата,Окаяма,Осака,Сайтама,Сига,Сидзука,Симанэ,Тиба,Токио,Тотиги,Тоттори,Тояма,Фукуи,Фукусима,Хего,Хиросима,Ямагата,Ямагути  және Яманаси префектураларынан  тұрады. Сикоку аралының префектуралары - Кагава, Коти, Токусима, Эхимэ; острова Кюсю — Кагосима, Ку-мамото, Миядзаки, Нагасаки, Оита, Сага, Фукуока;Окинава аралдары – Окинава. Ірі қалалары (1 млн-нан астам адам тұратын) : Токио, Иокогама (3,4), Осака (2,6), Нагоя (2,2), Саппоро (1,8), Киото (1,5), Кобэ (1,4), Кавасаки (1,3), Фукуока (1,3), Китакюсю (1,0), Сэндай (1,0).

Мемлекеттік басқару принциптерін қазіргі Конституция анықтаған.Конституция  халыққа егемендік билік беріп, адамның негізгі құқықтарын қорғауына  кепілдік берді (адамдарды жеке тұлға  ретінде сыйлау,заң алдында барлығы  тең деп санау,қоғамдық лауазымды  тұлғаларды сайлау мен орнынан алу  құқығына ие болу,шығынды өтеу үшін бейбіт петиция ұсынысын жасау, заңдар,жарлықтар  мен жазбаларды жойып,өзгеріс енгізу,ой,намыс,жиналыс,бірігу,сөз,баспасөз және т.б. пікір білдіру құралдарының еркіндігі болу,шет елге шығу мен  азаматтықтан және  ғылыми қызметінен бас тарту,білім алу,еңбек ету  құқығына ие болу).

Конституцияда императордың статусына арнайы тоқталған. Император  мемлекет пен халық бірлігі символы,бірақ  мемлекеттік билік жасауда ешқандай артықшылықтарға ие болмайды.Жапония  императоры дипломатиялық істерде  мемлекет басшысы ретінде өз қызметін атқарады.Қазіргі таңда Жапония  императоры Акихито болып табылады. Нарухито тақты күту үстінде.

Парламент,министрлер кабинеті және өзін-өзі басқару органдарының компетенция зонасы анықталған. Мемлекеттік  қаржыны басқаратын арнай бөлім  арналған.

Жапония премьер-министрі үкімет басшысы болып табылады. Бұл лауазымға  үміткерді парламент өз құрамынан  таңдап, Жапония императорымен бекітіледі. Сонымен қатар, Жапония премьер-министрі өз лауазымын сақтап қалу үшін өкілдер  Палатасының сеніміне кіруі керек. Премьер-министр министрлер кабинетінің  басшысы болғандықтан мемлекеттік  министрлерді тағайындап, орнынан ала  алады. Қазіргі таңда Жапония  премьер-министрі – Ясуо Фукуда.

Мемлекеттік биліктің жоғарғы  органы мен заң шығарушы биліктің жалғыз органы – екі палатадан  тұратын парламент: өкілдер палатасы мен кеңесшілер палатасы. Атқарушы биліктің жоғарғы органы – премьер-министр  басшылық ететін,заң шығару инициативасына ие министрлер кабинеті. Жапония Конституциясында мемлекет басшысы фигурасына тоқталмаған. Оларда мемлекет басшысы ретінде  премьер – министр саналады. Ол атқарушы биліктің жоғарғы органының  басшысы –министрлер кабинетінің. Заң шығарушы биліктің жоғарғы органының  басшылары парламенттегі өкілдер  палатасы мен кеңесшілер палатасының  спикерлері болып саналады.

Өкілдер палатасының барлығына  ортақ сайлауы парламент мүшесінің  төртжылдық мерзімі аяқталғаннан кейін  немесе премьер – министр парламентті  таратқанда өтеді.Өкілдер палатасында 480 депутат қызмет атқарады.Оларды тікелей  халық сайлайды. Ал кеңесшілер палатасы 242 депутаттан тұрып,6 жылға халықпен сайланады. Жапонияда барлығына  ортақ сайлауға 20 жасқа жеткен Жапония  азаматтары қатыса алады. Сайлау біздегідей жасырын түрде өтеді. Либералды-консервативті  либералды-демократиялық партия (ЛДП) 1993 жылы аз уақыт оппозициялық партиялардан құралған коалициялық үкімет басқаруын  қоспағанда билікте 1955 жылдан бері. Жапониядағы  ең ірі оппозициялық партия – Жапонияның социал-либералдық Демократиялық партиясы.

Тарихи жағынан Жапонияға  қытай құқығы әсер еткендіктен, Жапония  құқықтық жүйесі Эдо кезеңінде «Кудзиката Осадамегаки» кодексі сынды жұмыстардың  арқасында өз бетімен дамыды. Алайда,XIX ғасырдың аяғында елдің сот жүйесі еуропалық азаматтық құқығына негізделген. Әсіресе француз бен немістердігіне ұқсас етілген. Мысалы, 1896 жылы Жапония үкіметі неміс моделінен алынған азаматтық кодекс қабылдады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өзгерістер енгізіліп, қазіргі таңда да қолданыс үстінде. Жапон заңдары елдің заң шығарушы органдарында қабылданады,яғни Парламентте қабылданып, императормен мақұлданады. Жапонияның сот жүйесі төрт негізгі деңгейден тұрады: Жоғарғы сот және төменгі соттың үш деңгейі. Жапонияның статуттық құқығының негізі  «Алты кодекс» деп аталатын заңдар жинағы болып табылады.

Жапонияның қарулы күштері  Өзін-өзі қорғау күштері деп аталады  және  контракттік ( өз еркімен) негізде  комплекстеледі. Ол үш түрлі құрылымнан тұрады: Жаяу әскер, Әскери – теңіз  және Әскери – әуе күштері. Жаяу әскердің жеке құрамының штаттық  саны 160 мың адам.Күрес құрамында 5 әскер, 13 дивизия және 14 бригада  саналады. Қаруландыруда 1100 танк,710 бронетранспортер,820 артиллерия заты, 430 самолет пен вертолет бар. Елдегі қорғаныс жүйесінің негізгі  орнын алатын Әскери – теңіз күштері, онда 45 мың адам қызмет атқарады. Қаруландыруда 147 арнайы кеме жабдықталған. Әскери – әуе күштерінде 47 мың адам жұмыс істеп, қаруланған 150 самолетке ие.

Жапония Қазақстанмен дипломатиялық  қатынастар орнатқан.

 

 

 


Информация о работе Қазіргі Жапонияның саяси құрылымы мен саяси нормалары