Бүкіләлемдік банк

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2012 в 14:02, контрольная работа

Описание

Бүкіләлемдік банк (ББ) – халықаралық әмбебап ұйым. Ол 1944 жылы шілдеде БҰҰ-ның Халықаралық валюта-қаржы конференциясында қабылданған шешімге сәйкес келісім бойынша құрылған. Бреттон-Вудсте (АҚШ) 1945 жылы желтоқсанда өз күшіне енген. ББ формальді түрде Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) арнайы қаржы мекемесі болып саналады. ББ тобына Халықаралық қайта жаңғырту және дамыту банкі (ХҚДБ), Халықаралық Даму ассоциациясы (ХДА), Халықаралық Қаржы корпорациясы (ХҚК), Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігі (ИККА) және Инвестициялық Дауларды реттеу жөніндегі Халықаралық орталық (ИДРХО) кіреді. ББ мүшелінгінде 184 мемлекет бар.

Работа состоит из  1 файл

Бүкіләлемдік банк.docx

— 29.90 Кб (Скачать документ)

Бүкіләлемдік банк

Бүкіләлемдік банк (ББ) – халықаралық әмбебап ұйым. Ол 1944 жылы шілдеде БҰҰ-ның Халықаралық валюта-қаржы конференциясында қабылданған шешімге сәйкес келісім бойынша құрылған. Бреттон-Вудсте (АҚШ) 1945 жылы желтоқсанда өз күшіне енген. ББ формальді түрде Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) арнайы қаржы мекемесі болып саналады. ББ тобына Халықаралық қайта жаңғырту және дамыту банкі (ХҚДБ), Халықаралық Даму ассоциациясы (ХДА), Халықаралық Қаржы корпорациясы (ХҚК), Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігі (ИККА) және Инвестициялық Дауларды реттеу жөніндегі Халықаралық орталық (ИДРХО) кіреді. ББ мүшелінгінде 184 мемлекет бар.

Бүкіләлемдік банк қызметінің негізгі бағыты ғаламдық масштабта кедейлік деңгейін төмендету және мемлекеттерге әр түрлі салада техникалық көмек: білім беру мен денсаулық сақтаудан бастап, қаржылық тұрақтылыққа дейін көмек көрсету. Әлемдік банк әлеуметтік-экономикалық даму үдерісіндегі дамушы елдердің үкіметтеріндегі мектеп және денсаулық сақтау мекемелері құрылысына, халықты сумен және электр қуатымен қамтамасыз етуде, аурумен күрес және қоршаған ортаны қорғауда қаржылық күшейтуді қамтамасыз ететді. 

 

ББ мақсатына мыналар жатады:

  • Мүше мемлекеттердің экономикасын дамытуға, оған қоса дамушы елдердегі өндірістік дамуды ынталандыруға көмек көрсету;
  • Жеке шетелдік инвестицияларға кепілдік ұсыну жолымен немесе ұсынылған жеке инвесторларға займ және өзге де капитал салуға қатысу арқылы ынталандыру;
  • Халықаралық сауда өсімін теңестіруге және төлем баланстары теңдігін қолдауға;
  • Барынша пайдалы әрі күттірмейтін жобаларды жүзеге асыруға займ ұсыну немесе олардың кепілдігі.

ББ және Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) бір-бірімен өте тығыз байланысты. ХҚДБ туралы Келісімнің 1 бөлімі, ІІ бабына сәйкес банк мүшелері тек ХВҚ-ның мүшесі бола алады.

2001 жылғы сәуірде ХВҚ  мен ББ атқарушы директорлары қаржыны жылыстату ғаламдық масштабта, ірі және шағын қаржы нарығында да көңіл бөлуді қажет ететін проблема екендігін мойындады. Қаржыны жылыстату ұлттық экономикалық даму және қаржы институтын қалыптастыру үдерісіндегі елдердің экономикалық, саяси және әлеуметтік күйреу салдарына әлеуетті түрде әкеп соғатындығын ескере отырып, қаржыны жылыстату дамушы елдерге айтарлықтай экономикалық шығын әкелуі мүмкіндігі туралы айтады.

2001 жылғы 11 қыркүйектегі  оқиғадан соң, ХВҚ мен ББ  атқарушы директорлар Кеңесі қаржыны жылыстату және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-қимылды күшейту жөніндегі жоспарды қабылдады. Мұнан өзге, 2002 жылдың тамызында басқарушылар Кеңесі ФАТФ-тың 40+8 ұсынымын қылмыстық жолмен келген кірістерді жылыстатуды (заңдастыруды), лаңкестікті қаржыландыруды заңдастыруға қарсы салада халықаралық стандарттарды қабылдады. 

 

2002 жыл ағымында ХВҚ мен ББ ФАТФ-пен, «Эгмонт» тобымен, банктік қадағалау жөніндегі Базель комитеті және қаржыны жылыстату және 2002 жылғы қазандағы ФАТФ-тың пленарлық отырысында бекітілген лаңкестікті қаржыландыруға қарсы күрестерде іс-қимылын бағалаудағы өзге де әмбебап толық масштабты әдістемелерін әзірлейтін халықаралық органдармен тығыз қарым-қатынаста болды. 

 

ХВҚ мен ББ көрсетілген  әмбебап әдістемелер бойынша 12 айлық эксперименттік бағдарламаны жүзеге асыру барысында 33 елге (ФАТФ және ФТАҚ - 8) бағалау жүргізді. 

 

2004 жылғы наурызда ХВҚ мен ББ Кеңесі эксперименттік бағдарламаның нәтижесін қарап, оның сәтті әрі халықаралық қауымдастықтың қаржыны жылыстату және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы күшті екпінін бар екендігін осы эксперименттің арқасында мойындады.

Біруақытта келесідей шешімдер қабылданды: 

 

1) қаржыны жылыстату және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-қимылдар жөнінде ХВҚ мен ББ қызметтерінің бөлігін тұрақты жұмыс ету;

2) ФАТФ-пен ынтымақтастықты жалғастыру;

3) ФАТФ ұсынымындағы 2003 жылы маусымда қаралған негізде бағалау әдісін мақұлдау;

4) осы бағыт бойынша алдағы уақытта жұмыс жүргізу үшін қосымша ресурстар бөлу. 

 

Бүкіләлемдік банк өзінің қызметі аясында сондай-ақ, мүдделі ұлттық мемлекет органдарының қызметкерлеріне түрлі оқыту үлігісін ұйымдастыру арқылы және көрсетілген салада халықаралық сарапшыларды тарту арқылы жеке сектор ұйымдастыра отырып, мүше мемлекеттерге қылмыстық жолмен келген табыстарды заңдастыруға қарсы іс-қимыл саласында техникалық көмек көрсетеді. 

 

Мұнан өзге, Бүкіләлемдік банк шеңберінде қаржыны жылыстату проблемасына арналған, қылмыстық жолмен түскен табыстарды заңдастыруға қарсы іс-қимылдардың жалпы жүйесіне, қаржы барлау бөлімшелеріне және т.б. арналған анықтамалық материалдар таратады. Бүкіләлемдік банк сондай-ақ, қатысушы мемлекеттердің қаржы секторының қызметіне бағалау жүргізеді. Оның шеңберінде, атап айтсақ, қылмыстық жолмен келген табыстарды жылыстату және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың халықаралық стандартқа сай ұлттық жүйеге сәйкес бағалау жүргізіледі. 

 

1996 жылдан бастап, Бүкіләлемдік банк сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықпен күрестің 600 бағдарламасын және басқару тиімділігін жоғарылатудағы 100-дей ел клиенті жүзеге асырды. Бұл бастамаларда әр түрлі шаралар қарастырылған: мемлекеттік қызметшілердің кірісін көрсетіп декларация толтырудан бастап, мүлік және судьялардың жоғары біліктіліктен өтіп, журналистерге журналистік зерттеулер жүргізу әдістерін оқытулар жүргізіледі. Қазіргі таңда жаңа жобалардың төрттен бірі мемлекет кірісі мен қаржы реформасына қатысы бар компоненттен тұрады.


Информация о работе Бүкіләлемдік банк