Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылу тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2011 в 16:33, реферат

Описание

Адам құқығы туралы Адамдарға оның азаматтығына, жынысына, жас ерекшелігіне, нәсіліне, этникасына немесе діни көзқарасына қарамастан, туғаннан бастап тән болып саналатын құқық – адам құқығы туралы мұндай түсінік мемлекеттік (конституциялық) және халықаралық құқықтың негізгі нормаларында бекітілген. 1948 жылғы 10 желтоқсанда БҰҰ бас Ассамблеясында қабылданған Адам құқының жаппай декларациясына енгізілген. Қазақстан Республикасында рәсімделген адам құқығы аясындағы халықаралық келісім-шарттар Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт Бала құқы туралы Конвенция Қарулы қақтығыстарға балалардың қатысуына байланысты бала құқығы туралы Конвенцияға факультативті хаттама Бала сатуға, балалар арасындағы жезөкшелік және балалар порнографиясына байланысты бала құқығы туралы Конвенцияға факультативті хаттама Әйелдерге байланысты дискриминацияның барлық формасы туралы Конвенция Әйелдерге байланысты дискриминацияның барлық формаларын тарату туралы факультативті хаттама Нәсілдік дискриминацияның барлық формасын тарату туралы Халықаралық конвенция Азаптау және басқа да қаталдыққа, айуандық пен ар-ожданға нұқсан келтіретін жазалау мен қарым-қатына әрекеттеріне қарсы Конвенция Ақпарат көзі: е-gov.kz\Адам құқын корғау\ Халықаралық келісім шарттар

Работа состоит из  1 файл

Мусага.doc

— 123.50 Кб (Скачать документ)
  1. Өз мемлекетінің атынан саясат және келіс сөздер жүргізу ғылымы әрі өнері;
  2. Қандай да бір мемлекеттің өкілдігін, соның ішінде сыртқы істер мекемесін, әлде барлық сыртқы саяси агенттерін қамтитын кұрделі ұғым;
  3. "Құпия дипломатия" "қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қанға" айналған дүниежүзілік соғыс дипломатының қызметі немесе кәсібі.

Дипломатияның құпиялылығы, жасырындығы о бастан-ақ оның ажырамас бөлігі болды. Жаңа заманда  авторлар құпиялылық сияқты дипломатиялық  әдістерге бұрынғыдай мән бермейтін қазіргі дипломатияның "құнсыздануы" жайлы айтуда. Қазіргі кезде "екіжақты дипломатия" және "көпжақты дипломатия" түрлері кеңінен таралған.

  • Екіжақты дипломатия деп екі мемлекет арасындағы ресми қарым-қатынастар кешенін айтады.
  • Көпжақты дипломатия - бірқатар мемлекеттер арасындағы ресми қатынастар кешені мен халықаралық конференция немесе ұйымдар шеңберінде дипломатиялық әдістер мен құралдар арқылы жүзеге асырылатын өзара іс-әрекет.

Экономикалық дипломатия

1950-1960-шы жылдар  аясында Жапонияда елдің экономикалық әлеуетін пайдалана отырып, халықаралық дәрежеде рөлін көтеру мақсатында "Экономикалық дипломатия" пайда болды. С. Хантингтонның пікірінше, экономикалық дипломатия арандату мен қысым көрсету тетіктері ретінде сауда және ғылыми-техникалық байланыстарды пайдалануды білдіреді, оның ойынша американдық сыртқы саясаттың аса тиімді құралы болып табылады. Шын мәнінде экономикалық дипломатия - ол мемлекеттің екіжақты және көпжақты негізде ұлттық экономиканы қолдауға және дамытуға, сонымен қатар, халықаралық істерде мемлекеттің жалпы сыртқы саяси курсы шеңберінде мақсатқа жетуін, сыртқы экономикалық мүдделерді қамтамасыз ететін дипломатиялық тәсілдер мен әдістерді және экономикалық шаралар мен құралдарды (сауда саясаты, жәрдемдесу, көмек алу) қолдануы. Экономикалық дипломатияға өз елінің сауда және қаржы секторын қолдау мақсатында дипломатиялық тапсырма орындайтын сауда дипломатиясы жақын. Бұл жұмыстың аса маңызды аспектілері - экспорт және инвестиция жайлы ақпарат, әлемдік нарықта ұлттық әнімдерді сату мен әткізуге қолайлы жағдай туғызу.

[өңдеу] Жариялық немесе халықтық дипломатия

Жариялық немесе халықтық дипломатия - осы көпқырлы құбылыстың тағы бір түрі. Кейбір авторлар ол XX ғасыр басында мемлекеттің сыртқы саясатын толық жариялық жағдайында жүзеге асыруы барысында пайда болды дейді. Осы орайда бұл ұғым демократиялық немесе ашық дипломатия ұғымдарымен сәйкес келеді. Халық дипломатиясының дамуына және қалыптасуына эсер еткен басты факторлардың бірі халықаралық қатынастардың жаңа акторларының - үкіметтік емес ұйымдар, халықаралық ұйымдар, трансүлттық корпорациялар, бұқаралық ақпарат құралдары және жеке тұлғалардың пайда болуы. Басқа кәзқарасқа сәйкес халықтық дипломатия - АҚШ-тың мәдени алмасу, сыртқы саяси мақсаттағы үкіметтік тапсырмаларды орындауға қоғам мүшелерін (журналистерді, ғалымдарды, дәрігерлерді, қылқалам шеберлерін, жазушыларды және басқа да өкілдерін) кеңінен тартуға бағытталған сыртқы саяси доктринасының бір бәлігі болып табылады. Бұл түрі "мәдени дипломатия" деп те аталады. Мәдени дипломатия шетелдерде өз елінің мәдени, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық жетістіктерін жүзеге асыруға бағытталады. Кей жағдайларда мәдени дипломатияны іске асыруды ерекше ұйымдар өз қолына алады (Британ Кеңесі, Элем корпусы).[1]

1-тарау.  ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 

1-бап. Осы  Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 

Осы Заңда мынадай  негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1. Қазақстан  Республикасының дипломатиялық қызметi (бұдан әрi - дипломатиялық қызмет) - Қазақстан Республикасының Конституциясына , осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi мен халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының кәсiби қызметi.

2. Қазақстан  Республикасының консулдық қызметi - дипломатиялық қызметтiң халықаралық  құқық жол беретiн шектерде  мемлекеттiң, Қазақстан Республикасының  азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен достық қарым-қатынастарын дамытуға, экономикалық, сауда-саттық, ғылыми-техникалық, iзгiлiк-мәдени байланыстарды және туризмдi кеңейтуге жәрдемдесетiн бiр бөлiгi.

3. Дипломатиялық  қызметтiң қызметкерлерi - дипломатиялық  қызмет органдарында штаттық  дипломатиялық лауазымдарды атқаратын,  әдетте, дипломаттық дәрежесi бар  және лауазымдық өкiлеттiктерi мен  мiндеттерiн дипломатиялық қызмет органдарына жүктелген мiндеттер мен функцияларды iске асыру мақсатында жүзеге асыратын мемлекеттiк қызметшiлер.

4. Дипломатиялық  қызметтiң жұмыскерлерi - дипломатиялық  қызмет органдарында штаттық  әкiмшiлiк-техникалық лауазымдарды  атқаратын мемлекеттiк қызметшiлер.

5. Дипломатиялық  қызметтiң персоналы - дипломатиялық  қызметтiң қызметкерлерi мен жұмыскерлерi.

6. Ротация - дипломатиялық  қызмет персоналының Қазақстан  Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi (бұдан әрi - Сыртқы iстер министрлiгi) мен шетелдiк мекемелер арасында, сондай-ақ Сыртқы iстер министрлiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерi арасында лауазымдық орын ауыстыруы.

7. Шет елдердегi мекемелер - Қазақстан Республикасының  шет елдерде орналасқан дипломатиялық  және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерi, сондай-ақ консулдық мекемелерi.

Ескерту. 1-бапқа  өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.05.22. N 143 Заңымен.

2-бап. Қазақстан  Республикасының дипломатиялық 

қызмет туралы заңдары 

1. Қазақстан  Республикасының дипломатиялық  қызмет туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, осы Заңмен реттелмеген бөлiгiнде мемлекеттiк қызмет туралы заңдардан, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарынан тұрады.

2. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңда көзделгеннен өзге ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.

3-бап. Дипломатиялық  қызмет органдарының мәртебесi

Қазақстан Республикасының  сыртқы саяси қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар дипломатиялық қызмет органдары болып табылады.

4-бап. Дипломатиялық  қызметтiң бiрыңғай жүйесi 

Дипломатиялық қызметтiң бiрыңғай жүйесiн Сыртқы iстер министрлiгi, оның ведомстволары, шет елдердегi мекемелер, сондай-ақ Сыртқы iстер министрлiгiнiң қызметiн қамтамасыз ету үшiн құрылған ведомстволық бағыныстағы ұйымдар, Сыртқы iстер министрлiгiнiң қарауындағы оқу орындары құрайды.

Дипломатиялық қызметтiң бiрыңғай жүйесiн Сыртқы iстер министрлiгi басқарады.

5-бап. Дипломатиялық қызмет органдарының мiндеттерi

Дипломатиялық қызмет органдарына мынадай мiндеттер  жүктеледi:

1) Қазақстан  Республикасы сыртқы саясатының  тұжырымдамасы мен негiзгi бағыттарын  әзiрлеу және Қазақстан Республикасының  Президентi мен Yкiметiне тиiстi ұсыныстар беру;

2) Қазақстан  Республикасының сыртқы саяси  және сыртқы экономикалық стратегиясы  бойынша Қазақстан Республикасының  Президентi үшiн ұсыныстар әзiрлеу  және Президенттiң халықаралық  бастамаларын iске асыру; 

3) Қазақстан  Республикасының сыртқы саяси  бағытын iске асыру, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асыруға және халықаралық беделiн нығайтуға жәрдемдесу;

4) Қазақстан  Республикасының егемендiгiн, қауiпсiздiгiн,  аумақтық тұтастығын және шекараларының  мызғымастығын, оның басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынастардағы және халықаралық аренадағы саяси, сауда-экономикалық және өзге де мүдделерiн дипломатиялық құралдар мен әдiстер арқылы қорғауды қамтамасыз ету;

5) шет елдерде  Қазақстан Республикасының азаматтары  мен заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерiн қорғау;

6) Қазақстан  Республикасының халықаралық бейбiтшiлiктi, ғаламдық және аймақтық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi күш-жiгерiн  дипломатиялық құралдар мен әдiстер  арқылы iске асыру; 

7) Қазақстан  Республикасының шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен дипломатиялық және консулдық қарым-қатынастарын жүзеге асыру;

8) шет мемлекеттермен  және халықаралық ұйымдармен  қатынастарда Қазақстан Республикасының  сыртқы саяси және сыртқы экономикалық  бiрыңғай бағытын және инвестициялық саясатын жүргiзудi қамтамасыз ету мақсатында басқа да орталық атқарушы органдардың халықаралық қызметiн үйлестiру;

9) әлемдегi саяси  және әлеуметтiк-экономикалық жағдайға, шет мемлекеттердiң сыртқы және iшкi саясатына, халықаралық ұйымдардың қызметiне талдау жасау және орталық мемлекеттiк органдарды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз ету.

6-бап. Дипломатиялық  қызмет органдарының 

негiзгi функциялары 

Дипломатиялық қызмет органдарына мыналар жүктеледi:

1) шет мемлекеттермен  және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк ету;

2) Қазақстан  Республикасы халықаралық саясатының  стратегиясын iске асыру; 

3) келiссөздер  жүргiзудi және Қазақстан Республикасының  халықаралық шарттарын жасасуды  ұйымдастыру; 

4) халықаралық шарттарды жасасу, орындау, қолданылуын тоқтата тұру және күшiн жою туралы ұсыныстар дайындау, оларды Қазақстан Республикасы Президентiнiң немесе Yкiметiнiң қарауына белгiленген тәртiппен енгiзу;

5) Қазақстан  Республикасының шет мемлекеттермен  және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастары мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының Президентiне, Парламентiне және Yкiметiне белгiленген тәртiппен ұсыныстар мен ұсынымдар жасау;

6) Қазақстан  Республикасының халықаралық ұйымдардың, конференциялардың, кеңестердiң, форумдардың қызметiне қатысуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының халықаралық қоғамдастық мүшесi ретiнде ғаламдық және аймақтық проблемаларды шешудегi рөлiн арттыруға жәрдемдесу;

7) Қазақстан  Республикасының су ресурстары  мен қоршаған ортаны халықаралық қорғау және ұтымды пайдалану, Дүниежүзiлiк мұхит ресурстарын игеру, ғарыш кеңiстiгiн зерттеу саласындағы мүдделерiн қамтамасыз етуге қатысу;

8) Қазақстан  Республикасы азаматтарының құқықтары  мен бостандықтарын, оның қорғанысы  мен ұлттық қауiпсiздiгiн, құқық тәртiбiн қорғауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен сауда-экономикалық, қаржы, ғылыми және ғылыми-техникалық, мәдени, сондай-ақ өзге де байланыстарын дамыту мен кеңейту жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеуге қатысу;

9) Қазақстан  Республикасы қатысушысы болып  табылатын халықаралық шарттардың  орындалуын жалпы қадағалау мен  бақылауды жүзеге асыру; 

10) Қазақстан  Республикасының халықаралық қатынастар  саласындағы заңдарын жетiлдiру, оны Қазақстан Республикасының халықаралық құқықтық мiндеттемелерiне сай келтiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;

11) Қазақстан  Республикасының мемлекетiшiлiк және  халықаралық iс-шараларын протоколдық-ұйымдастыру  тұрғысынан қамтамасыз ету; 

12) Қазақстан  Республикасының аумағында мемлекетiшiлiк және халықаралық iс-шараларды өткiзу кезiнде Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының Мемлекеттiк протоколды сақтауын бақылауды жүзеге асыру;

13) дипломатиялық  және консулдық артықшылықтар  мен иммунитеттердiң сақталуын  бақылауды жүзеге асыру;

Информация о работе Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылу тарихы