Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 09:29, реферат
Ежелгі шығыс елдерінде мемлекет алғаш ұлы өзендер аймағында пайда болды. Себебі тұщы су, өзен жағасындағы аңдар,жабайы астық тұқымдас әр түрлі шөптердің мол болуы өзеннің теңізге құяр сағасында (атырау) адамдардың көптен шоғырлануына әсер етті.Бұл жағдай адамдардың көптеп шогырлануына әсер етті.Бұл жағдай адамдардың ахуалын жақсартып қана қойған жоқ, сонымен бірге бала туудың өсуінеде әсер етті.Адам саны көбейген сайын теріп жейтін және аулайтын аңдар белгілі бір территорияда азая бастағандықтан адамдардың бір тобы біртіндеп егіншілікке көшуге мәжбүр болды. Әдетте өзен арнасы кей жерлерде (әсіресе атырауда) бірнеше арнаға бөлініп, баяулай бастайды
XII таблица заңдары Рим құқығының
негізгі қайнар көзі болды. Бе
Олар 12 таблицаға созылып, қаланың басты алаңы – Форумда қойылған еді, сол себепті оларды XII таблица заңдары деп атайды. Бұл заңдарды әрбір азамат білуге міндетті болды.
Қылмыстық құқық. XII таблица. Заңдар таблицасында
қылмыстық жазаланатын
Негізгі єдебиеттер:
1. Мұхтарова А.К. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. Алматы, 1999.
2. Булгакова Д.А., Истаев А.Ж., Всеобщая история государства и права. Алматы, 1999.
3. Галанза П.Н. История государства и права зарубежных стран (рабовладельческое и феодальное государства и право) Москва,1980.
4. Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. Москва, 1994
Ќосымша єдебиеттер:
Кайнар көздер тізімі
1. Законы ХІІ таблиц / Текст, пер., всуп. Ст. Л. Л.Кофанова; Отв. ред. В. И. Уколова. М., 1996.
2. Хрестоматия по истории государства и права зарубежных стран. В 2. / Отв. Ред. Н.А.Крашенникова. Т.1. Древный мир и Средние века / Сост. О.Л. Лысенко, Е.Н. Трикоз. М., 2003.
Қосымша әдебиеттер тізімі
1. Античная Греция: проблемы развития полиса. –М., 1983.
2. Винничук Л. Люди,нравы и обычай Древней Греции и Рима // Пер. с польск.-М.,1988.
3. Васильев Л.С. Проблемы генезиса китайского государства (формирование основ социальной структуры и политической администрации).-М.,1983.
4. Город и государство в Античном мире: проблеы исорического развития.-М.,1987.
5. Громаков Б.С. История рабовладельческого государства и права. - М.,1986.
6. Кечекьян С.Т. Государство и право Древней Греции.-М.,1963.
7. Корецкий В.И. Лекции по истории государства и права.-М.,1947.
8. Андреев М. Недвижимая собственность в Риме до ХІІ таблиц // Вестник древней истории. 1955. №. С. 142-146.
9. Бартошек М. Римское право. Понятие, термины, определения. М., 1989.
10. Бирюков Ю.М. Государство и право Древнего Рима.-М.,1969.
11. Галанза П.Н. Государство и право Древнего Рима. -М., МГУ.1963.
12. Гюнтер Р. К развитию социальной и имущественной дифференциации в древнейшем Риме // Вестник древней истории. 1959. №41. С. 52-83.
13. Дождев Д.В. Римское архаическое наследственное право. М., 1993.
14. Кофанов Л.Л. Владение и собственность в Законах ХІІ таблиц // Древное право. Luz antiguum. 2000. №6. С. 146-159.
15. Кофанов Л.Л. Обьязательственное право в архаичес ком Риме (ҮІ – ІҮ вв. До н.э.). М., 1994.
16. Кофанов Л.Л. Характер коллегий
и проблема неразделенной коллективной
собственности erctum non
17. Нечай Ф.М. Образование Римского государства.-Минск,1972.
18. Покровский И.А. История римского права. СПб., 1998.
19. Римское частное право / под ред. И. Б. Новицкого, И. С. Перетерского. М., 1995. Античная Греция: проблемы развития полиса. –М., 1983.
20. Савельев В. А. Римское частное право (проблемы истории и теории). М., 1995.
Таќырып 4. Орталық және Батыс Еуропа мемлекеттері және құқығы
Батыс Рим империясы құлағаннан кейін аласапыран заманда оның үйіндісінде
бірнеше варварлық корольдіктер пайда
болды және олардың өзара күресі күшейе басталды. Бұл күрес өз кезегінде корольдік ішіндегі күреске әсер етті. Соғысушы корольдер қарсы жақтың ірі тайпа басшыларын өз жағына шығару үшін әр-түрлі уәде бере бастайды.
Кей кездерде ірі ру не тайпа басшылары өздері қоныстанған жерімен бірге
Басып алынған территорияларда
тауар-ақша қатынастары нашар
Сонымен феодализмнін мынадай
Саяси –құқықтық |
Әлеуметтік –экономикалық |
1. Жерге меншіктің жоғарғы |
1.Натуралды шаруашылық үлкен территорияларға билік жүргізуге қиындық келтірді. |
2. Король мен феодалдың |
2. Сондықтан елді басқару |
3. Жерді иеленудің иерархиялық жүйесі. Король – вассал /сеньор/-вассал. |
3. Вотчина /орыстарда /немесе /феод/
франктерде, ленн /немістерде/ иесі
өзіне берілген жерден |
4. Жерді иеленудің шартты сипаты, яғни әскери қызмет үшін жер иелену. |
4. Жерді пайдаланғаны ушін |
5. Екі жақты міндеттер жүйесі
корольдің міндеттері– |
5. Феод иесі жер алғаны үшін корольмен бірге жорыққа шығумен бірге өзіне берілген жерде бекініс құру, көпірлер мен жолдар салу, жөндеу және шіркеу салығын төлеу, корольдың ұлы рыцарлыққа өткенде, қызы күйеуге шыққанда сыйлық және қажет кезінде ақшалай алымдар. |
Франк мемлекетінің пайда болу үрдісінің өзіндік ерекшеліктері. Галлия - Римнің ең бай провинциясы. Біздің дәуірдің бас кезіндегі Vғасырда ол өте терең дағдарысқа ұшырады. Қүлдар, колондар, шаруалар, қаланың кедейлері көтеріліп, өздерінің жаулары германдық тайпалармен тізе қосып, билеуші таптарға қарсы шықты. Сондықтан Галлияның көп жерлері вестготтар, франктар, бургундтердің арасында өзара бөліске түсті. Герман тайпаларының ең күштісі - салистік франктар еді. Олар небәрі жиырма жылдай гана уақытта мемлекеттің көп жерлерін бағындырып, басып алды.
486 жылы Суассон деген
жерде франктерден Галлиядағы
Римнің соңғы наместнигі
Франктер Галлияны басып алғаннан кейін оларда таптық қоғамның құрылуы мен мемлекеттің пайда болу процестері жедел өтті.
Франктердің бірінші королінің есімі Хлодвиг (486-511). Ол Меровингтер руынан шыққан көсем. Хлодвиг әскерге басшылық еткен уақытта бүкіл Галлияның жерлерін франктер басып алған болатын. Оның ақылды іс-өрекеттері аз емес. Айталық, ол христиан дінін қабылдап, Рим католик шіркеуінің қанатының астына кірді. Король атағы оның ер балаларына мүралықпен берілетін. Сондықтан франк мемлекетінің корольдері Хлодвигтің тұқымдары болатын.
Франк монархиясының бірінші кезеңі Меровингтердің монархиясы деп аталады.
Прекарий. Шаруа өзінің экономикалық тәуелсіздігін қорғай алмайтынын көріп, меншігіндегі кішкентай жер үлесін әміршіге беруге мәжбүр болды. Әмірші сол жерді оған кері қайтарып, қосымша жер кесіп берді. Бірақ ендігі жерде шаруа өзінің феодал әміршісіне қарыздар болып қалды. Оны өтеу үшін жұмыс істеп, салық төлеуіне тура келді. Прекарлық қагаздарда (шарттарда) шаруаның жеке басының міндеті туралы ештеңе айтылмады. Бірақ бүл шарт шаруаның жеке басын феодалға бағындыруға жағдай туғызды.
Бенефиций - феодалдық үстемдіктің екінші түрі. Жерді берген адам бүл шарт бойынша "сеньор, вассал" деп аталады. Ал жер алған адам "бенефициарий" делінеді. Вассал екеуінің арасындағы шарт бойынша шаруа жерді алғаны үшін әскери міндетін өтеуге тиісті. Бенефициарий керек кезінде жылына бір рет қырық күн вассалдың әскерінде соғысуға міндетгі еді.
Карл Мартеллдің реформалары. Карл Мартелл (715-741 жылдары) майордом қызметін атқарды. Оның реформаларын жер реформасы деп атауға болады. Король ретінде ол өзінің ісін саяси қарсы тұрған адамдардың жерлерін тәркілеуден бастады. Бүдан кейін шіркеудің де жерінің бір бөлегін тартып алып, секуляризацияға ұшыратты. Ол корольдің жер қорын құрды. Бүл жер қорын ол "жаңа ақсүйектерге" бенефиций ретінде таратып берді. Бенефиций жерлерін алған феодалдар корольдің өскеріне қызмет істеуге тиісті еді. Олар әскерге өзінің қаруланған адамдарымен келуге мәжбүр болды. Бенефициарийге берілген жердегі тәуелді шаруалар. Бенефициарийлерге салық төлеуге тиісті еді. Сонымен, бенефиций шарттары өмірге вассалитет қарым-қатынастарын әкелді.
Франк мемлекетінің мемлекеттік құрылымы. Карл Мартеллдің реформасынан кейін Франк мемлекетінде орталық билік нығая бастады. 751 жылы Карлдің баласы Пипин феодалдар мен шіркеу қызметкерлерінің жалпы жиналысында король болып сайланды.
Король сарайы бүкіл мемлекеттің басқару орталығына айналды. Бірак франк монархиясын шексіз монархияға жатқызуға болмайды. Көктемде феодалдар өздерінің Үлы жиналыстарына қатысатын, бұл жиналыс "Наурыз дала" деп аталды. Корольдің қызметкерлері минестериалдар деп аталды.
Олардың арасындағы басты қызметкердің лауазымы – майордом болды.
Пфальцграф-корольдің сарайындағы сотты басқаратын лауазым иесі. Тезаурарий - дөулетті сақтаушы, ол бүкіл материалдық игілікке иеболып, соның сақталуына жауап береді. Ол мемлекет қазынасының сақталуына да жауапты болды. Франк мемлекетінде корольдің жәнемемлекеттің қаражаты бірге сақталатын.
Маршал-корольдің атты өскерін басқаратын адам.
Архикапеллан-корольдің діни қызметкері.
Сарайдағы шіркеу қызметкерлері
Камерарий-король қазынасына салықтың түсуін бақылаушы және сарай мүлкінің сақталуына жауапты адам. Аталған қызметкерлердің арасындағы биліктердің бөлінуі өлі де зертгей түсуді қажет етеді. Себебіқызметтік иерархия әлі жеткілікті анықталмаған.
Мемлекет жерлері паги деп аталып, аудандарға бөлінетін.
Паги жүздікке бөлінді. Жүздікті басқаратын адамды халық сайлайтын. Жүздік қауымға бөлінді, қауымда жергілікті өзін-өзі басқару принциптері сақталды.
Бірнеше округтер герцогтіктерге бірікті, оларды герцог басқарды. Герцогтер басқару қызметінен басқа шекараны қорғауға тиісті болды. Өмірдің басқа саласында оның функциясы графтың қызметіне үқсас.
Сот. Жоғарғы сот билігі монархтың қолында болды. Ол сот қызметін ақсүйектердің өкілдерімен бірлесіп атқарды. Корольдің кеңесі ең ауыр қылмыстарды қарайтын.
Жүздіктің сотын тунгин басқаратын. Сот қызметкерлері соттың рахинбургтері деп аталды. Сот мүшелігіне бай әрі құқық мәселелерін жетік білетін адамдар сайланды.
Франк мемлекетінің халық әскері феодалдық әскерге айналды.
Франк құқығына жалпы сипаттама. Бесінші гасырдан бастап варварлар өздерінің әдетгерін кодификацияға жатқызып, оларды "Шындықтар" ретінде таратты. Сөйтіп, Салистік, Рипуарлық, Алемандық және басқа қүқықтар дамыды.
"Шындық" деп аталатын қүжаттардың ең ежелгісі "Франк шындығы". Бұл қүжатшң нормалары көбіне германдардың бүрыннан келе жатқан әдет-ғүрыптары. Меншіктің екі түрі болды: қауымдық және жеке меншік. Пайдаланбайтын жерлер, жайылым және ормандар бәрінің бірлескен меншігі болатын. Сонымен бірге жеке меншіктегі жерлер де кездеседі, олар әрбір отбасына бекітілген.
Неке заңдары. Неке кесу көшпелі халықтардың некелеріне үқсас бол-ды. Неке алып-сату шарты бойынша жүзеге асырылды. Күйеуі әйелі үшін қалыңмал төледі. Бүл сыйлық "таңғы сыйлық" деп аталды. Ол тек қана кіршіксіз қызға беріледі де жаңадан отау тіккен отбасында қалады. Әйел адамға жасау беріледі. Бірақ әйел адамды зорлап алып қашуға тыйым салынды. Туысқандар арасындағы неке туралы айтылмаған және неке бүзу туралы да анық нормалар жоқ. Германдардың әдеттері бойынша ажырасуға рүқсат етілген еді, бірақ христиан діні күшейгеннен кейін ажырасуға тыйым салынды.
Қылмыс туралы. Қылмыс дегеніміз - адамға және мүлікке зиян келтіру және корольдің тыныштығын бүзу деп есептелген. Жазаның негізгі мақсаты жәбірленуші адамға және оның туысқандарына жөбіршілеуден зиянын өтеу және корольдің тыныштығын бүзғаны үшін оған айып төлету болды.
Франция мемлекетінің пайда болуы және қоғамдық құрылысы. Каролингтер империясы құлағаннан кейін Француз патшалығы құрылды. 843 жылғы Верден қаласында құрылған шарт бойынша Франк мемлекеті үшке бөлінді: Франция, Германия, Италия. ІХ ғасырдың соңында феодалдық қатынас әлеуметтік-экономикалық қатынаста үстемдік құрды. Х ғасырдың соңында Францияда 10000-дай феодалдық иеліктер болған. Феодалдық қатынас дами келе, феодалдық мемлекеттіліктің дамысын анықтайды. Демек, Францияның феодалдық дәуірін: феодалдық бөлшектену кезеңі (ІХ-ХІІІ ғ.ғ.), өкілетті- сословиялық монархия кезеңі (ХІҮ-ХҮ ғ.ғ.) және абсолютты монархия кезеңі деп қарастырамыз.
Шаруалардың көбі сервтер мен вилландар.
Вилландар дегеніміз жеке басы тәуелді емес шаруалар, яғни олар өздерінің парцельдерін сатуға немесе бөтенге беруге құқылы. Бұл жағдай оларды сеньоралдық міндеттемелерден босатуға көмектеседі. Егер виллан өзінің барлық феодалдық міндеттемелерін орындаса, сеньор вилланның тиесілі жерін күшпен тартып ала алмайды, ол вилланның мұрагеріне көшеді.
Информация о работе Ежелгі мемлекеттердің құқықтары мен бостандықтары