Ислам әлемі ішіндегі алауыздық туралы мәліметтер жарияланды

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 18:22, реферат

Описание

Ислам конференциясы ұйымының бас хатшысы Экмеледдин Ихсаноглу және Бахрейннің ақпараттық істер басқармасының халықаралық медиа кеңесшісі, Бахрейннің Ұлыбританиядағы бұрынғы елшісі Шейх Абдул-Азиз Әл-Халифа осы мәселеге байланысты өз көзқарастарын білдіріп, діни топтар мәселесінің араб елдеріндегі толқу кезінде не себепті алғашқы орынға шыққаны жайында өз пікірлерін ортаға салған.

Работа состоит из  1 файл

Ислам әлемі ішіндегі алауыздық туралы мәліметтер жарияланды.docx

— 40.36 Кб (Скачать документ)

Ислам әлемі ішіндегі алауыздық туралы мәліметтер жарияланды

2 мая, 2011

Рубрика В мире

Ислам әлемі алдымен өз ішіндегі алауыздықты жоюы керек.

фото reuters





Таяу Шығыстағы діни азшылықтар проблемасы өте күрделі және асқынып  тұрған мәселелердің бірінен саналады. Түркияның Hürriyet ("Хурриет") басылымы сәуірдің 27-сі күнгі санында аймақтағы  ахуалдың діни және саяси астарын  ашып көрсетуге тырысыпты. 
 
Ислам конференциясы ұйымының бас хатшысы Экмеледдин Ихсаноглу және Бахрейннің ақпараттық істер басқармасының халықаралық медиа кеңесшісі, Бахрейннің Ұлыбританиядағы бұрынғы елшісі Шейх Абдул-Азиз Әл-Халифа осы мәселеге байланысты өз көзқарастарын білдіріп, діни топтар мәселесінің араб елдеріндегі толқу кезінде не себепті алғашқы орынға шыққаны жайында өз пікірлерін ортаға салған. 
 
КІНӘЛІ КІМ? 
Бас хатшы мәселенің ушығуына АҚШ-тың Таяу Шығыста жүргізген саясаты себеп болды десе, елші Иран режимін кінәлі санайды. Дегенмен, олар басқарушы элитаның және мұсылман жұртының кейбір бөлігінің ой-санасында діни топтар дискриминациясының бар екендігін мойындағандары жөн болар еді деп жазады мақала авторы. Егер

араб әлемі алдымен  өз ішіндегі діни топтарды шеттету  формасындағы "әзәзіл әрекетке" қарсы  тұрмайтын болса, онда араб толқулары  аяқсыз қалып, нәтиже бермейді деген  пікір айтады Hürriyet.

Бахрейн билігінің наразылық  танытушыларды қудалап, басып-жаныштауына  қатысты көзқарасын сұраған басылымға  Экмеледдин Ихсаноглы оған АҚШ-тың  Иракқа басып кіруі және Ирактағы діни топтар қақтығысын тудыру саясаты  кінәлі деп айып тағады. Ислам конференциясының бас хатшысы: "Бұған дейін Саддам Хусейн барлығына бірдей нашар саясат ұстанып келді. Оның үкіметінде шииттер  де, күрдтер де және басқалары да қызмет істеді. Бірақ, Саддам Хусейн олардың  ешқайсысына оң көзқарас танытқан жоқ" дейді. 
 
Бұған қоса басылым ирактықтардың Вашингтонға ирактық шииттерді немесе күрдтерді Хусейн режимін өзгертуге пайдалану ұсынысымен барғандығын еске сала кетеді. Ихсаноглы: "АҚШ Иракты басып кіргенге дейін (2003 жыл) Ирак халқы өздерін ең алдымен ирактықтар ретінде сезінетін. Содан кейін барып шиитер немесе сунниттер, күрдтер немесе түркімендер сияқты бөлініп кете беретін. Бірақ, бұл айырмашылықтары ешқашан алдыңғы орынға шықпаған.

Ирактықтардың діни немесе этникалық  айырмашылықтары олардың екінші немесе үшінші ерекшелігі ретінде қабылданған. Ал сырттан ықпал еткісі келген күштер ирактықтардың дәл осы діни немесе этникалық ерекшелігін пайдаланды және АҚШ мұндағы жаңа жүйені осы  ерекшеліктер негізінде орнатты. Француздардың  осыдан 90 жыл бұрын Ливанда істегенін  бұдан сегіз жыл бұрын АҚШ  Ирақта қайталады" деді. 
 
ДІН САЯСАТТЫҢ ІСІНЕ АРАЛАСПАУЫ ТИІС 
Ислам конференциясының басшысы сонымен қатар өзі басқаратын ұйымның Ирактағы сунниттер мен шииттерді татуластыруға күш салып жатқанын айта кетіпті. "2006 жылы діни топтардың алауыздығы шарықтау шегіне жетіп тұрған шағында біз сунниттер мен шииттердің жетекшілерін жоғары деңгейлі келісімдерге қол қоюға көндірдік.

Осының негізінде ұйым "мен суннитпін, сондықтан менікі дұрыс" немесе "мен шиитпін, менікі дұрыс" деген секілді біржақты пікірлерге, діни алауыздықтарға тоқтау салды. Алайда, ирактықтар Ливандағы  сияқты енді саяси сипатта бөліне бастады" дейді Экмеледдин Ихсаноглы.

Жалпы, діни негіздегі қақтығыстар  түбегейлі шешілді ме деген сұрақтың айналасында түрлі көзқарастар  болғанмен, Экмеледдин Ихсаноглы бұған  заң жүзінде қол жеткізілгенін  айтады. Өткен онжылдыққа шынайы сараптама  жасай келе АҚШ-тың бұл аймақтағы  саясаты діни топтардың қақтығысын туғызғанын айта кету керек деп жазады басылым.

Бірақ бас хатшының пікірінше, ұйым бұл мәселені діни топтардың  идеологиясына айналдыруға немесе одан саяси қайшылықтарды туындатуға қарсы. Мейлі, ол Бахрейнде немесе басқа  жерде болсын, саяси мәселелер  саяси жолмен (шеңберде) шешілуі  тиіс. Дін мен саясаттың аражігі  айқын болуы керек, әрі бір-бірінің  ісіне араласпауы тиіс. Өйткені ол тұйыққа әкеп тірейді. Бас хатшы: "Біз бұның салдары қандай болатынына Иракта көз жеткізгенбіз, енді оның тағы да қайталанғанын қаламаймыз. Егер саясатқа дінді араластырсақ, ол қантөгіске алып барады. Бізге оның қажеті жоқ" дейді. 
 
ДІНИ АЗШЫЛЫҚТАРДЫҢ НАРАЗЫЛЫҒЫ 
Басылым діни азшылықтардың құқықтарын шектеудің алдын алу туралы әңгіменің мазмұнын былайша жетілдіреді. АҚШ-тың Ирактағы саясатын қолдану шииттерді сунниттік режимдердің ұзақ уақыт бойғы қудалауынан уақытша ғана босата алады. Себебі аймақтағы мемлекеттердің көбісінде дін мен саясат бір-бірімен мидай араласып кеткен. Ең бастысы, сунниттер бұл режимдерді басқарып отырған басты күш болғандықтан басқаларының мұңына бас ауыртып жатпайтынын жазады Hürriyet. 
 
Мысалы, Бахрейн халқының басым көпшілігін шииттер құрағанымен, билік басында сунниттер отыр. Сол себепті Ираннан тысқары жерлердегі шииттер ұзақ уақыттан бері қысым көріп келеді. Олардың талап-арызы өте орынды. 
Бахрейн королі Хамад бен Иса Әл Халифа бұдан он жыл бұрын парламенттік жүйе орнатпақ болып, реформа жасаған еді. Алайда, сайлау округтері барлық сайлауда сунниттер көпшілік орынды иеленетіндей жағдайда құрылғандықтан, шииттер қазір саяси белсенділік танытқылары келеді.

Араб толқулары шииттерге  қарсы дискриминация ретінде  қабылданбау керек. Себебі шииттер  қандай да бір белсенділік танытып  қойса, ол Иранның әрекеті деп  айыпталып жатады.

Бахрейнде АҚШ пен Сауд Арабиясының қарым-қатынасына сызат  түсуі мүмкін. Өйткені саудиялықтар ұзақ уақыт бойына Вашингтонның қолдауына  ие болып келгендіктен, Ақ үйдің  өздерін кез-келген жағдайда қолдайтынына көз жеткізгісі келеді. Егер АҚШ  Бахрейн халқы жағына шығып кетсе, онда саудиялықтарға шииттердің және мұсылман әлеміндегі өзге де шағын  топтардың заңды талап-тілегін  ескеруге тура келеді. 
 
БАХРЕЙНДЕГІ БҮЛІК АЗАМАТТЫҚ СОҒЫСҚА ҰЛАСУЫ МҮМКІН 
Бахрейннің ақпараттық істер басқармасының халықаралық медиа кеңесшісі Шейх Абдул Азиз Әл-Халифа, Бахрейн үкіметі сәуірдің 21-і "Әл-Вифак" партиясын жабуының алдында ғана, басылымға сұхбат берген. Сұхбатында кеңесші Бахрейндегі шииттердің бас көтеруіне сыртқы күштердің ықпал етіп отырғандығын жеткізген. "Егер Бахрейнде наразылық танытушыларға дем беретін және шииттік қозғалыстарға қолдау көрсететін Ирандық "Алалам", әл-Манар", "Ахль-ул-бәйт", "Пресс ТВ" және өзге де Хезболланың телеарналары жұмыс істеп тұрса, ол жақсы емес. Бұл Бахрейннің ішкі ісіне тікелей араласу болып табылады" деген пікір айтыпты кеңесші әл-Халифа.

Біз шиитпіз, бірақ  парсы емеспіз, арабпыз. Бізге Иранның  көмектескені қажет емес. Біз өз үйімізде демократияның болғанын қалаймыз.


Ол сонымен бірге "Ирак парламенті Бағдатта Бахрейндегі шииттерге  ниеттестік білдіріп, он күндік демалысқа  кетті" деп Ирак үкіметін де сынайды. "Ирак премьер-министрі шииттерді  қолдап, өзге де арандатушылық әрекеттерге  барып жатыр. Бұл не сонда? Егер бізге  шынымен ниеттес болса, онда ол: "Біз  азаматтық соғысты бастан өткердік. Бізде мәселені оң шешудің бағдарламасы бар" деп айтпас па еді?" деген  ренішін білдірген. Бірақ Ирак премьер-министрі, шиит Нури Камал әл-Малики мұның  орнына парламенттің жұмысын тоқтата  тұрып, "Бахрейндегі оқиғалар бұдан  бірнеше жыл бұрын Ирак бастан өткерген аймақтық діни соғыстың тұтануына  себеп болуы мүмкін" деген алаңдаушылығын білдірген. 
 
ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ҚАНА ОРТАҚ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗЕ АЛАДЫ 
Ислам конференциясының бас хатшысы бұл мәселеде АҚШ-қа сын тағып, кеңесші Иран мен Иракты айыптап жатқанда, Ұлыбританияның "Гардиан" газеті Сауд Арабиясы солдаттарының діни негіздегі зорлық-зомбылықты қалай жүргізіп жатқанын көрсеткен мақаласын жариялады. Махмуд есімді бахрейндік шиит көзімен көргендерін ортаға салыпты. Оның айтуынша, саудиялықтар жасы отыздар шамасындағы екі адамды ұстап алған.

Сосын олардың өздеріне жекіп, "Хомейни қазір қайда? Әл-Систани  ше? Сен шииттің жансызысың ғой?" деп шииттік діндарларды балағаттаған. "Олар мені Иранның жансызы деп  кінәлады, бірақ мұнда ешкім Иранның  басқаруында болғанды қаламайды. Біз  шиитпіз, бірақ парсы емеспіз, арабпыз. Бізге Иранның көмектескені қажет  емес. Біз өз үйімізде демократияның  болғанын қалаймыз" дейді бахрейндік азамат.

Билік пен саяси  ұпай жинауды жиыстырып қойып, адамның  қадір-қасиетін қорғайтын күн қашан  туады?


Бахрейн билігі оппозицияға  бір айдың ішінде келісімге келуді ұсынғанмен, қарсы жақтан ешқандай жауап болмады. Оппозиция өздерінің  талап-тілектерін үстемелеп, алдын-ала  шарттар қоя бастады. Алайда, елдегі сунниттер қандай да бір диалог орнатуға мүлдем қарсы болып отыр дейді Hürriyet. Шейх Абдул Азиз Әл-Халифаның ойы  бойынша, елде тәртіп орнап, заң қайтадан күшіне енген кезде ғана сунниттер  де, шииттер де бірдей қатысатын  ұлттық диалог орнатуға болады.

Hürriyet журналисі халықаралық  қауымдастықтың Таяу Шығыстағы  адам құқықтары мен демократияға  қатысты сан бөлек ұстанымда  отырғанына және Бахрейнге қатысты  шара қолданбағанына таң қалады.

Басылым мақаласын қорытындылай келе, "мұсылман жетекшілері неге өз қателіктерін мойнына алып, мәселені шешудің жолдарын қарастыра алмайды? Билік пен саяси ұпай жинауды  жиыстырып қойып, адамның қадір-қасиетін қорғайтын күн қашан туады" деген сұрақ тастайды.

 

: Радио Азаттык http://news.nur.kz/183334.html

 

Дін тек сенім мәселесіне ғана емес, мораль (ахлақ) мәселесіне де тікелей қатысты. Моральдың негізі ұстаным болса, ұстанымның тірегі – сенім. Адамзат баласы өз тіршілігін сенімге негіздемей өмір сүре алмайды.

Кез келген діннің негізінде ең алдымен рухани, моральдық құндылықтар жатады. Исламның ұлы тұлғасы Мұхаммед пайғамбар өзінің адамдар арасындағы міндетін: «Мен көркем мінез-құлықтарды кемелдендіру үшін жібергенмін» деп түсіндірген. Дін саласында мораль мәселесі сенім мәселесінен жоғары тұратынын осы хадистен-ақ түсінуге болады. Дінге сенуші адам ең алдымен жан-дүниесімен, болмысымен дінді қабылдауы керек. Әрбір дін жан тазалығын, ар тазалығын уағыздайды. Осы екі ұғым арқылы жеке тұлғаның өз мәселелері де, бүкіл қоғамдық қатынастар да реттеледі. Мұхаммед пайғамбар: «Иман екі түрлі болады: бірі – тілдегі иман, екіншісі жүректегі – иман», «Алла Тағала сіздің сырт көрінісіңізге қарамайды, жүрегіңізге назар салады» деген хадистер қалдырған. Осының барлығын қазақ даналары: «Сырт тазасы не керек, Тазарт әуел ішіңді» деген бір ауыз сөзбен түйіндеген.

«Дінге сенуші» ұғымын ең алдымен «дінге жүрегімен сенуші» мағынасында қабылдауымыз керек. Дінге сенуші өзінің ұстанымдарымен, жүріс-тұрысымен, өмір салтымен ешкімге кедергі жасамауы, қиындық тудырмауы, қоғамдық өмірде кереғар пікір туғызбауы керек. Мұхаммед пайғамбардың: «Мұсылман дегеніміз өзгелерге қолымен немесе тілімен залал келтірмеген адам» деген хадисі де соны меңзейді.

  1. Ислам мемлекеттеріндегі ұлттық ерекшеліктер жайында

Шамамен бес жыл  бұрын біздің мемлекетімізде дін  саласында маман дайындайтын  мекеме де, мамандар да болмаған еді. Мемлекетіміз тәуелсіздік алған соң шетелге  шығу мүмкіндігі теологиялық білім  алуға да мүмкіндік берді. Осылай, ислам бойынша тәлімді біздің ізденушілер Мысыр, Сауд Арабиясы, Пәкістан, Ауғаныстан, Иран мемлекеттерінен ала  бастады. Бұл да рухани қажеттілікті толықтырудағы бір жол еді. Әрине, Діни істер басқармасынан бақыланатын  мекеме, мешіттерде жұмыс істейтін бұл мамандардың мемлекеттік  саясат тарапынан жұмыс жүргізілуі қадағаланады. Ал, одан тыс қалғандар  аталған мемлекеттерден тоқыған  түйген вахаббиттік, салафиттік, шииттік  ойларын діни сауаты аз біздің қоғамға  сіңіріп жүрмегеніне кім кепіл. Одан да қорқыныштысы сол адамдардың өз сенімдерінің дұрыстығына кәміл  сенуінде... Әрине, әр мемлекеттің тарихына, ислам дінінің енуі мен таралуына, діліне, ұлттық ерекшеліктеріне байланысты ислам сол мемлекетке тән форманы  қалыптастырды. Исламның негізгі ағымдары суннизм, шиизм, хариджизм ағымдарына байланысты теориялық тартыстарды  айтпағанда, басым көпшілік халқы  суннит болып табылатын араб мемлекеттерінің  өзінде исламның теориялық, практикалық (киім мәселесінде) мәселелеріне байланысты біртұтас пікір жоқ екендігі мәлім. Енді тілдері, мәдениеті, тарихи дамуы  әртүрлі Үндістандағы немесе Ирандағы мұсылмандарды алып қарайық. Ислам  Үндістанда индуизмнен кейін екінші орынға ие. Үндістан жеріне ислам IX-XI ғғ. толығымен орнықты, дегенмен ондағы мұсылман әйелі ұлттық сари киімін киіп жұқа жамылғысымен жүреді. Батыс  Африкағы мұсылман халқы басым Нигер, Гвинея, Буркина Фасо мемлекеттерінің  мұсылмандары өз ұлттық дәстүрлерін  сақтап, әйелдері өздеріне ынғайлы  ұлттық киімдерін киеді. Шииттік  Иран Иран Республикасында Әли, Фатима, Хусейндердің салынған суретін көруге болады. Иранның ежелгі діні зороастризм  заманында пайда болған Наурыз мерекесін  ирандықтар басты мереке ретінде  тойлап өтеді. Өтіп бара жатқан жылдың ең соңғы сәрсенбісін «чехоршанбе-ие сури» деп атап ескі жылда жамандықтың  бәрі артта қалсын деген ниетпен, тазалану рәсімін өткізіп жанып  тұрған оттан секіреді. Жаңа жылдың алғашқы он үшінші күні 13 санының  жайсыз болуына байланысты барлығы  күндізгі уақытты сыртта пик-ник  жасап, демалып үйден тыс өткізеді. Бұл рәсім «сиздах бе дар» деп  аталады. Ислам Республикасында  зороастримнен қалған ирандықтар үшін дәстүрлі рәсімдер сақталып, әлі күнге  тойланып келеді. Арнайы зерттеулер жүргізсе осындай ерекшеліктерді әрбір ислам  мемлекеті мен мұсылман халқы  басым мемлекеттерден табуға болады. Аталған ерекшеліктері үшін оларды ислам әлемі сыртқа теппейді, іште де өздерін өздері айыптамайды. Олар салт-дәстүрлері бар сол мемлекеттің, ұлттың өкілі, сосын мұсылман екендігін  ұмытпай өмір сүруде. Қазақстан үшін де солай болу қажет. Біз ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрімізді ұмытпауымыз  қажет. Егер де дәстүрімізді ұмытып, тамырымызға  балта шабылатын болса Ш.Айтматов айтқан «мәңгүрттік», «рухани мәңгүрттік»  сипат алатын болады. Маңғыстаулық ақын Сабыр Адайдың «Әр қазақ  менің жалғызым» деген сөзі бар  еді, сондықтан әр қазақтың тағдыры  мен болашағына мән берілу қажет. Ал қазақ болашағы мемлекет болашағы деп пайымдалуы шарт.

Орта Азия мемлекеттерінің, ТМД елдерінің арасында алға нық  қадам басып, қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанға ОБСЕ, ОИК сияқты халықаралық ұйымдарға төрелік  ету ұсынылды. Бұл Батыс мемлеттерінің  де, Шығыс мемлекеттерінің де Қазақстанға  білдірген сенімдерінің айғағы. Бұл  мәртебеге қол жеткізудің бір  себебі Қазақстанның зайырлы мемлекет ретінде дамуында. Зайырлы мемлекетті дамытуға ат салысатын зейінді, зайырлы  қазақстандықтар екенін жадымыздан шығармағанымыз жөн.

http://kargala.ggc.kz

Ислам дінінің саяси процестерге ықпалы Иран Ислам ...


Информация о работе Ислам әлемі ішіндегі алауыздық туралы мәліметтер жарияланды