Мамандық бойынша

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2012 в 11:50, реферат

Описание

1. Мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері. «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша магистратурада білім алуға қажетті емтихан тапсырушының аналитикалық қабілеттілігін анықтау, ой-өрісінің мүмкіндігін саралау, білім, дағды және біліктілік дәрежелерін бағалау болып табылады, таңдап алынған ғылым бағыты мен педагогикалық қызмет бағдарына сай магистрлер даярлаудың жеке тәжірибелік және теориялық білімдерін тереңдету.

Работа состоит из  1 файл

Международные отношения каз.doc

— 164.00 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

 

1. Мамандық бойынша  түсу емтиханының мақсаттары  мен міндеттері. «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша магистратурада білім алуға қажетті емтихан тапсырушының аналитикалық қабілеттілігін анықтау, ой-өрісінің  мүмкіндігін саралау, білім, дағды және біліктілік дәрежелерін бағалау болып табылады,  таңдап алынған ғылым бағыты мен педагогикалық қызмет бағдарына сай магистрлер даярлаудың жеке тәжірибелік және теориялық білімдерін тереңдету.

Емтиханды қабылдау түрі жазбаша ауызша аралас. Емтиханды тапсырушы емтихан билетінің сұрақтарына өз жауаптарын қағазға жазбаша жазып, сосын емтихан қабылдаушы комиссияға ауызша жауап береді. Аппиляция берілген жағдайында жауап қағазындағы жазылған жауап негіз болады.

 

2. Магистратураға  түсуші  тұлғалардың даярлық деңгейлеріне қойылатын талаптар. Үміткерлер халықаралық қатынастар мамандығы бойынша магистратурада оқуға қажетті білімге ие болуы міндетті.

- халықаралық қатынастар дамуының  қазіргі кездегі ерекшеліктері  жетік білуге міндетті;

- халықаралық қатынастарды зерттеудің жүйелі түрін меңгерген болуы міндетті;

- аталмыш саладағы шетелдік  және отандық ғалымдардың еңбектерімен  таныс болуы қажет; 

- аймақтық және ғаламдық дамудың  өзекті мәселелерімен таныс болуы  қажет;

- дипломатиялық протокол мен  кәсіби этиканың негізгі ұстанымдарымен таныс болуы міндет;

должны уметь:

- жан жақты сараптама жасауға,  халықаралық қатынастардың жаңа  қиын үрдістерін салыстырып бағалай  білуіге қабілетті болуы қажет.

 

3. Білім беру бағдарламасының  пререквизиттері

–  Халықаралық қатынастар тарихы

–  Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты

–  ҚР дипломатиясы

–  Дипломатиялық және консулдық  қызмет

–  Халықаралық ұйымдар

–  Әлемдік интеграция үрдістері

–  Көпжақты дипломатия

–  Қазіргі кездегі халықаралық қатынастар жүйесі

–  Халықаралық қатынастардың қазіргі мәселелері

– Дипломатиялық құжаттар

 

4. Емтихан тақырыптарының  тізімі 

 

 «Халықаралық қатынастар тарихы» пәні

 

1. Биполярлы жүйе кезіндегі  халықаралық қатынастар жүйесіндегі Таяу және Орта Шығыс елдері. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы және Таяу және Орта Шығыс елдерінің әскери стратегиялық, экономикалық, саяси маңызының күшеюі. Аймақтағы АҚШ, Совет Одағы мен Ұлыбританияның бәсекелестігі. Түркия, Иран, Сирия, Ливан және Біріккен Африка республикаларындағы демократиялық қозғалыстар.

Араб елдеріндегі АҚШ  пен Ұлыбританияның бәсекелестігі. Мандаттық жүйенің күйреуі. Израиль мемлекетінің құрылуына БҰҰ Палестинаға резолюциясы. Таяушығыстағы тоқырау және оның себебі. Таяушығыс қақтығысының негізгі кезеңдері. Палестинаны азат ету ұйымының құрылуы (ООП). «Алты күндік соғыс» 1967 ж. және оның қорытындылары.

1973 ж. қазан соғысы, Мұнай саласындағы батыс компанияларының мүлкін Ирактың ұлттандыруы. Мұнай бағасының өсуі және әлемдік энергетикалық тоқырау. Мұнай газ мәселелерінің халықаралық қатынастардың стратегиялық құрамдас юөлігіне айналуы және әлемдік шаруалардағы Қиыр Шығыс аймағының маңызының өсуі.

Кэмп-дэвид үрдісі және аймақтағы  халықаралық жағдай. 80 жылдардағы таяушығыстағы тоқырау. Ливанға қарсы Израильдік агрессия. Израил басып алған жерлердегі (интифад) палестиндік көтерілістердің басталуы. Қиыршығыс тоқырауын шешудің түрлері мен жолдары.

Әскери саяси блоктар  жүйесінің құрылуы. «Багдад пакті». СЕАТО ның құрылуы. Әскери блоктар  жүйесіндегі  Иран.

Йемен Халықтық Демократиялық  Республикасының жариялануы. Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері, Катар тәуелсіз мемлекеттерінің құрылуы.

Ирак республикасының  сыртқы саясаты. Иран-ирак соғысы және оның салдары. Ислам экономикалық және саяси интеграциясы. ОПЕК құрылуы және оның қызметі.

НАТО және Түркия. Халықаралық қатынастар және Түркия. Ауғанстандағы революция. Ауғанстан айналасындағы сыртық саяси ахуал. Халықаралық қауымдастық және ауған мәселесін реттеу.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Үндістан сыртқы саясатының ерекшеліктері. Халықаралық қатынастардың биполярлы жүйесіндегі Индия мен Пәкстанның ролі. Экономикалық ынтымақтастық ұйымы және оның қызметі..

 

2. Халықаралық қатынастар  жүйесіндегі БҰҰ. БҰҰ құрылуы. Сан-Францискодағы конференция және БҰҰ қаулысы. Қаулы түзетулері. БҰҰ мақсаттарымен принциптері. БҰҰ дағы бақылаушылар. БҰҰ мүшелігі. БҰҰ құрылымы. Бас Ассамблея (ГА): құрылымы, функцияларымен құзіреттілігі. Бас Ассамблеяның отырыстары. Қауіпсіздік кеңесі: құрылымы, құрамы, шешім қабылдау принцибі және қызмет құрамы. Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес (ЭКОСОС). Қамқорлық кеңесі, Халықаралық сот, Секретариат  және Бас Ассамблеяның  функциялары.

БҰҰ арнайы ұйымдары. Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі БҰҰ  ұйымы (ЮНЕСКО). Халықаралық еңбек  ұйымының қызметі (МОТ), Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы  (ВОЗ) және т.б.  МАГАТЭ нің құрылуы.

БҰҰ қызметінің негізгі  бағыттары. Демократия мен адам құқықтарын қорғау саласындағы БҰҰ қызметі. Негізгі құжаттар: адам құқықтар мен  оның негізгі принциптерінің барлыға  жалпы Декларациясы, азаматтық және саяси құқықтар жайлы Пакт, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жайлы Пакт.

БҰҰ және экономикалық және әлеуметтік даму мәселелері.

Қарусыздану мәселесі және БҰҰ рөлі. Халықаралық ынтымақтастықты және түсініспеншілікті нығайтудағы БҰҰ рөлі.

 

3. Еуропадағы жағдайдың тұрақтануы. Жалпыеуропалық (Хельсинки) үдеріс. 70 жылдардағы халықаралық қиыншылықтардың бәсеңдеуі. Батыс Еуропа елдерімен Кеңес Одағының қарым қатынастарының перифериялық саясаты. Совет-француз қатынастары. Ш. де Гольдің Мәскеуге сапары. Кеңес-британдық қатынастар.  Г. Вильсонның Мәскеуге сапары.

Еуропадағы қатынастардың  орныға бастауы. В.Брандт және «жаңа шығыстық саясаттың» басталуы. 70 жылдардағы Герман мәселесі. Халықаралық өмірде жаңа феномин Бүкілеуропалық процесстің пайда болуы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың Еуропалық кеңесі.

СБСЕ-нің соңғы актісі. Хелсинки форумының халықаралық маңызы. СБСЕ шеңберіндегі кездесулермен келіссөздер.

 

4. Еуропадағы интеграциялық үрдістердің дамуы. Еропалық бірігу идеясы. Еуропалық интеграцияның объективті және субъективті факторлары. Соғыстан кейінгі Еуропадағы еуропалық қозғалыс.

Еуропалық экономикалық қатынастар ұйымы. Еуропа Кеңесінің құрылуы. Адам құқықытары жөнінідегі еуропалық комиссия. Адам құқықтары жөніндегі еуропалық сот. 

1950 жылғы Шуман декларациясы. Еуропалық көмір және болат бірлестігінің құрылуы (ЕОУС): мақсаты, құрылымы, қызметі.

1957 жылғы Рим келісім шарты. Еуропалық экономикалық қауымдастықтың құрылуы (ЕЭҚ): мақсаты, принциптері, стратегиясы. ЕЭС тің негізгі институттары. Евроатом, оның қауымдастықтар жүйесіндегі ролі.. Еуропалық еркін сауда ассоциясының қалыптасуы (ЕАСТ). Еуропалық интеграцияға деген Франция, Германия, Италия, Ұлыбританияның көзқарастары. ЕЭҚ мемлекеттерінің үшінші мемлкеттермен қатынастары. ЕЭС дамуының негізгі сатылары.

Еуропалық интеграцияның  Қауымдастықтан Еуропалық Одақ қа дейін  дамуы. Жалпыға бірдей Еуропалық  1986ж. Еуропадағы жаңа халықаралық жағдай.

 

 5.Биполярлы жүйе кезіндегі Азия Тынық мұхиты аймағындағы халықаралық қатынастар. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі азия тынық мұхиты аймағының қалыптасуы. АТА негізгі кіші аймақтары. Әлемдік саясаттағы АТА ролінің күшеюі. Аймақтық саясаттағы ҚХР мен Жапонияның тәуелсіз орталықтар ретінде қалыптасуы.

ҚХР сыртқы саясатының негізгі  ұстанымдары. Корей міселесінің туындауы. Совет Одағымен АҚШ тың Кореяға өатысты саясаты. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар жүйесіндегі  Жапония. Азиядағы әскери блоктардың құрылуы.

Аймақтың халықаралық  дамуының ең басты факторы. Совет Одағы, АҚШ, ҚХР, Жапонияның қатынастары.

Аймақтағы негізгі келіспеушіліктер. АТА дағы АҚШтың ерекше ролі.

АТА қауіпсіздік мәселелрі. Азиядағы әскери блоктардың құрылуы. Тайвань  мәселесі. Оңтүстік Қытай теңізі аймағындағы  территориялық дау дамайлар. Аймақтық саясаттағы Оңтүстік Кореяның ролі. Кореяны біріктіру мәселесі.

Аймақта қауіпсіздік жүйесін құру мәселесі. Қауіпсіздік саласындағы  екіжақты келісішапттар. Аймақтық қауіпсіздік  қамтамасыз етудің негізгі құрамдас бөлігі. АТА мемелкеттерінің экономикалық интеграциясының ерекшеліктері. Аймақтық көпполюстіктің дамуы.

 

6. Халықаралық қатынастардың Потсдам-Ялта жүйесінің құрылуы. Халықаралық саясаттағы екі бағыт. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемнің саяси картасы. Соғыстан кейінгі әлемдік тәртіп. Атом мәселесі. Қарусыздану мәселесі. Соғыстан кейін Еуропаны қалпына келтіру. 

АҚШ, Франция, Ұлыбритания; Италия дипломатиясы. Одақтастар арасындағы қатынастардың шиеленесу. «Қырғи қабақ  соғыстың» басталуы. «Қырғи қабақ  соғыс» тұсінігі және оның себептері. Әлемнің екі жүйеге бөлінуі және екі алып мемлкеттің саяси бағыттарының полярлығы. Совет Одағымен АҚШ тың идеологиялық текетірестігі.  Екі әскери саяси блоктың қалыптасуы. Халықаралық қатынастардың Потсдам-Ялта биполяр жүйенің қалыптасуы. 

Еуропаның бөлінуі. Трумэн доктринасы және Маршалл жоспары.

Герман мәселесі. Герман мәселесіне қатысты СоветОдағы, АҚШ, Англия, Францияның көзқарастары. «Берлин тоқырауы» және Германияның бөлінуі. ГФР мен ГДР дің құрылуы. Соғыстан кейінгі халықаралық қатынастардағы Герман мәселесі және жетекші елдердің ұстанымдары.

 

 «Қазіргі кездегі халықаралық қатынастар жүйесі» пәні

 

  1. «Халықаралық жүйе» ұғымының түсінігі. Халықаралық қатынастар саяси, экономикалық, әлеументтік, дипломатиялық, әсекери және гуманитарлық қатынастардың және әлемдік қауымдастықтың негізгі субъектілері қатынастарының біркелкі жиынтығы.

Халықаралық қатынастар мемлекеттердің сыртқы саясатының нітижесінде қалыптасатын күрделі жүйе мен үрдістер. Мемлеттердің әлемдік деңгейдегі өз – ара қатынастары. Халықаралық қатынастар сонымен бірге халықаралық келісімдер жүйесі. Әлемдік саясаттың акторларының әртектілігі. Жеке және ресми қатынастар. Халықаралық қатынастар деңгейі мен оның жүйелік мәні. Сыртқы ортаның қалыптасуы. Халықаралық қатынастардың субъектілерінің құрылымы мен мемлекет аралық, үкімет аралық және ұлт аралық қатынастардың даму деңгейі.

Халықаралық қатынастар халықаралық  универсалды ұйымдардың қызметі, оның ішінде БҰҰ, ЕО, ТМД, ЕҚЫҰ және т.б. Халықаралық  қатынастар мемлекеттік емес ұйымдардың және трансұлттық корпорациялардың қызметі, әлеуметтік топтар мен жеке тұлғалар мен Аймақтық мемлекеттер.

 

2. 1990 жж. әлемдегі интеграциялық  және дезинтеграциялық үрдістер. Әлемнің жаңа саяси картасы. Халықаралық қатынастардың аймақтануы мен аймақтану мәселелері. Экономикалық аймақтану. Превентивтік дипломатия мен гуманитарлық интервенция. Европа континентіндегі жаңа геосаяси өзгерістер: Германияның бірігуі; Югославия мен Чехословакияның ыдырауы; Шыңыс және Орталық Европа мемлекеттерінің батыстық бағыт ұстанымы; Прибалтика мемлекеттерінің ұстанымы. Европоцентризм.  ҚХР экономикалық күшеюі мен оның сыртқы саяси белсенділігінің артуы. Жапонияның өзінің экономикалық және әлеуметтік дамуына сәйкес әлемдік саясатта өз орнын анықтауы. АТА халықаралық қатынастардың дамуы.

«Қырғи қабақ» соғыс  пен КСРО ыдырағаннан кейінгі  АҚШ әлемдік саясаттағы әлеуетінің өсунуінің объективтік  алғы шарттары. Аймақтану. Көпполярлық, бірполярлық және полицентристік  жүйелер. 

 

3. Халықаралық қатынастардың  дамуының жаңа кезеңіндегі дипломатия мен жаһандық қауіпсіздік мәселелерінің теориялық негіздері. «Қырғи қабақ» соғыстың аяқталуы және  халықаралық қатынастар.Шет елдік халықаралық қатынастар мамандарының сараптамалық және теороиялық қорытындылары (Ф. Фукуяма, С. Хантингтон, Зб. Бжезинский және т.б.). Әлемдік қауымдастық туралы халықаралық саяси теория мен идея. Халықаралық қатынастардың саяси және экономикалық теориялары. Қауіпсіздік мәселесі және оның қайта қаралуы.

«Қырғи қабақ» соғыс  кезеңіндегі әскери теке – тірестің жахандық қысқаруы. Әскери қарма – қарсылық / соғыстың/ деңгейінің төмендеуі. Аймақтық қақтығыстардың күшейуі мен тереңдеуі. Азия және Африка елдеріндегі мемлекеттіліктің әлсіреуі мен экономикалық күйреуі. Таяу Шығыс дағдарысы. Күш қолданудың жаңа түрлері. «Гуманитарлық операциялар» және оның мәні / саяси – экономикалық, әскери және т.б. /.

 

4. Аймақтардағы  халықаралық қатынастардың дамуы  (Европадағы жаңа саяси карта). Европадағы мемлекетаралық қатынастардың жаңа жүйесінің қалыптасуы. Биполярлық жүйе ыдырағаннан кейінгі Европадағы саяси үрдістерді басқарудың жаңа механизмдері. ЕҚЫҰ Париж Хартиясындағы бекітілген тұғырнамаға сәйкес Шығыс пен Батыстың жақындасуы. Европалық мемлекеттердің жақындасуының жаңа түрлері.  ЕҚЫҰ негізіндегі саяси диалог пен өз  -ара қатынастардың институционализациялануы. Шығыс  және Батыс Европа мемлекетерінің ұжымдық құрылымдарының өзгеруі (ЕЭҚ, ВКШ, НАТО, ЕО, БЕО). НАТО, ЕО, БЕО, Европалық Кеңес ұйымдары мен Шығыс Европа мемлекеттерінің өз  -ара ынтымақтастығы. Субаймақтық ұйымдардың құрылуы.

КСРО –ның ыдырауы және Югославия дағдарысы. Жаңа Европаның қалыптасуының негізгі анықтауыштары. Европа мемлекеттері үшін жаңа қауіптер мен қатерлер. Германияның бірігуі. Европаның саяси және идеологиялық бөлінуі дағдарысының аяқталуы. Косово дағдарысы. Европаның жаңа картасы.

Информация о работе Мамандық бойынша