Субсидиялық шаралар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 20:24, доклад

Описание

Қазіргі заманғы сауданың негізін қалаушы қағидаты, оның шарттары ДСҰ келісімдерінде орын алған, оның шарттарын ырықтандыру екендігіне қарамастан, ДСҰ шеңберінде үш ерекшелік, айталық, әр түрлі сауда барьерлерін қолдануға мүмкіндік беретін сауда шаралары қарастырылған.

Работа состоит из  1 файл

1.docx

— 18.98 Кб (Скачать документ)

   №1.Субсидия, компенсациялы  щаралар.

 Қазіргі заманғы  сауданың негізін қалаушы қағидаты, оның  шарттары ДСҰ келісімдерінде  орын алған, оның шарттарын  ырықтандыру екендігіне қарамастан, ДСҰ шеңберінде үш ерекшелік,  айталық, әр түрлі сауда барьерлерін  қолдануға мүмкіндік беретін  сауда шаралары қарастырылған. 

  • Сауда шаралары – арнайы қорғаныс, демпингтікке қарсы және өтемақылық шаралар, елдерге, соның ішінде ДСҰ шеңберінде қорғауға мүмкіндік береді:

- ұлттық өндірісті оған залал келтіретін импорттан;

- ДСҰ басқа мүшелері тарапынан сауда шараларын негізсіз қолдану жағдайында отандық экспорттаушыларды дискриминациялаудан.   

  • Субсидия – сауда саясатының ең маңызды  жәрдем беруші құралдарының бірі болып табылады. Үкімет субсидияның нәтижесінде өз өндірушілеріне көмек бере отырып, олардың халықаралық саудадағы бәсекеге қабілеттілікке  жетелейді.Жалпы алғанда осы үш шара қосымша баж салығы немесе квотаны бекіту арқылы импортты шектеуге бағытталған.

Осылайша, аталған  саладағы ДСҰ нормалары тек импорттан  қорғану құқығын ғана берип қоймайды, және сауда шараларын негізделмеген  протекционисттік аспаптар ретінде  қолданудың алдын алуға мүмкіндік  береді.

Анықтамалы:

- арнайы қорғаныс шаралары – импорттық квота немесе арнайы баж салығын енгізу арқылы Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімі бойынша қолданылатын, Кедендік одақтың біртұтас кедендік аумағына импорт өсімін шектеу бойынша шаралар;

- демпингілікке қарсы шаралар – демпингтікке қарсы баж салығын, соның ішінде алдын ала демпингтікке қарсы баж салығын немесе экспорттаушымен қабылданған бағалық еркін міндеттемелер мақұлдаулары енгізу арқылы Еуразиялық экономикалық комиссия шешімі бойынша қолданылатын, демпингілік импортқа қарсы әрекет ету бойынша шаралар;

- өтемақылық шаралар – өтемақылық баж салығын енгізу, соның ішінде алдын ала өтемақылық баж салығын, не болмаса субсидиялаушы шетелдік мемлекет немесе экспорттаушының уәкілетті органымен қабылданған, еркін міндеттемелерді мақұлдауларды енгізу арқылы Еуразиялық экономикалық комиссия шешімі бойынша қолданылатын, Кедендік одақтың мүше-мемлекеттерінің экономика салаларына экспорттаушы шетелдік мемлекеттердің ерекше субсидияларының әсерін бейтараптандыру бойынша шаралар.

 

Сауда шаралары Еуразиялық экономикалық комиссиясымен Кедендік одақтың мүше-елдерінің уәкілетті органдарымен жүргізілген тексерулері нәтижелері бойынша қабылданады.

Қазақстан Республикасында арнайы қорғаныс, демпингтікке қарсы және өтемақылық шараларды қолдану бойынша бұдан бұрынғы, тексерулер жүргізу бойынша уәкілетті орган болып Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігі табылады.

 

Сауда шараларын реттеу саласындағы ұлттық заңнама

 

Қазақстан Республикасында отандық өндірушілерді қорғаудың халықаралық-танымал механизмін пайдалану мақсатында келесі заңдар қабылданды:

- 1999 жылғы 13 шілдедегі «Демпингтікке қарсы шаралар туралы» Заңы;

- 1999 жылғы 16 шілдедегі «Cубсидиялар және өтемақылық шаралар туралы» Заңы;

- 1998 жылғы 28 желтоқсандағы  «Тауарлар импорты барысында ішкі нарықты қорғау шаралары туралы» Заңы;

- Үкіметтің 2000 жылғы 9 қыркүйектегі №1374 «Қорғаныс,  өтемақылық немесе демпингтікке қарсы шараларды енгізуден бұрынғы талқылаулар өткізу Ережесін бекіту туралы» Қаулысы.

 

Кедендік одақ құруға және сыртқы сауданы реттеу саласындағы өкілеттіктерді ұлттық орган үсті құзыретіне беруге дейін сауда шарасын енгізуден бұрынғы талқылаулар, және басқа рәсімдік әрекеттерді Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігімен жүргізілген болатын, ал талқылаудың басталуы/ аяқталуы жөніндегі, уақытша/тұрақты сауда шараларын енгізу шешімдері Қазақстан Республикасы Үкіметі деңгейінде қабылданған.

 

Кедендік одақта сауда шараларын қолдану саласын реттеу  Сауда шарасын қолдану саласындағы Кедендік одақтың құқықтық базасы келесі құжаттардан тұрады:

1)    2008 жылғы  25 қаңтардағы үшінші елдерге қатысты арнайы қорғаныс, демпингтікке қарсы және өтемақылық шараларды қолдану жөніндегі Келісім;

2)    2010 жылғы  19 қарашадан ауысым кезеңі ішінде арнайы қорғаныс, демпингтікке қарсы және өтемақылық шараны қолдану тәртібі жөніндегі Келісім;

3)    тексеру жүргізуші органның қызмет етуін қамтамасыз ететін құжаттар, дәлірек айтқанда:

Тексеру жүргізетін органға 2011 жылғы 19 қарашадағы үшінші елдерге қатысты арнайы қорғаныс, демпингтікке қарсы және өтемақылық шараларды енгізуден бұрынғы, тексеру мақсатына арналған мәліметтер, соның ішінде құпия ақпараты бар мәліметтерді беру тәртібі туралы Хаттама.

Тексеру жүргізу үшін жауапты органда таратылуы шектелген құпия ақпаратты және қызметтік ақпаратты пайдалану және қорғау жөніндегі Ереже;

Арнайы қорғаныс, демпингтікке қарсы және өтемақылық шаралар сұрақтары бойынша Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдер қабылдау және шешім жобаларын дайындау Регламенті;

4)    ЕурАзЭС Мемаракеңестің (Кедендік одақтың Жоғары органы) және ЕЭК шешімдері.

Аталған халықаралық-құқықтық құжаттармен сауда шараларын енгізу жөніндегі шешімдерді қабылдау бойынша өкілеттіктер 2010 жылғы 1 шілдеден бастап Еуразиялық экономикалық комиссияға табысталды (ЕЭК).

Базалық Келісімге сәйкес кімнің мүддесіне сауда шаралары қолданылатын, отандық өнеркәсіп саласы болып Кедендік одақ елдерінің өндірушілері табылады, ал КО біртұтас кедендік аумағына үшінші елдерден келіп түсетін импортқа қарсы қолданылатын шаралар, Кедендік одақтың барлық елдері үшін біртұтас болып табылады.

Базалық Келісіммен сондай-ақ мыналар бекітілді:

- сауда шарасын қолдану саласында пайдаланылатын негізгі ұғымдар;

- арнайы қорғаныс, демпингтікке қарсы және өтемақылық шараларды қолдануға арналған қағидаттар мен талаптар;

- сауда шарасын қолдану жөнінде өтініш беруге ниет білдірген КО мүше-елдері экономикасы салаларымен қойылатын талаптар;

- тексерудің басталуының,  жүргізудің және аяқталуының  рәсімдік әрекеттері;

- демпингілік немесе субсидиялық тауар жеткізетін экспорттаушылардың бағалық міндеттемелерді қабылдауы;

- көпшілік тыңдалымдар мен хабарлаулар өткізу;

- алдын ала және соңғы сауда шарасын қолдану жөніндегі шешім қабылдаудың шарты;

- тексерулер жүргізу мерзімі;

- сауда шарасының қолданылу мерзімі және қайта қарау.

 

 

 

 


Информация о работе Субсидиялық шаралар