Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 17:07, реферат
Дипломатия - [ лат. duplicata- билеуші шығарған үкімнің түпнұсқасы мұрағатта сақталған көшірмесі немесе дубликаты] - үкімет органдары, оның шетелдердегі өкілдері мен сенімді тұлғалары жүзеге асыратын мемлекеттің сыртқы саяси міндеттерін іске асыру әрекеттері. Дипломатияны, көбіне, ресми қарым-қатынас жасау арқылы мемлекеттің сыртқы саяси мақсаттары мен мүдделерін іске асыратын мемлекеттік іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде қарастырады.
Дипломатия - [ лат. duplicata- билеуші шығарған үкімнің түпнұсқасы мұрағатта сақталған көшірмесі немесе дубликаты] - үкімет органдары, оның шетелдердегі
өкілдері мен сенімді тұлғалары жүзеге
асыратын мемлекеттің сыртқы саяси міндеттерін
іске асыру әрекеттері. Дипломатияны,
көбіне, ресми қарым-қатынас жасау арқылы
мемлекеттің сыртқы саяси мақсаттары
мен мүдделерін іске асыратын мемлекеттік
іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде қарастырады. Дипломатия - сыртқы
саясатты жүргізуге арналған аса маңызды
құрал, үйлесімді құрамдас бөлік. Нақты
айтқанда, дипломатия мемлекеттің
сыртқы саяси және халықаралық қатынастарды
жүзеге асырушы тәжірибелік тәсілдер,
құралдар мен әдістерінің жиынтығы болып
табылады. Бейбіт жағдайда бұл құрал аса
жоғары мәнге ие болады және басқа да сыртқы
саяси құралдардың көпшілігі оған бағынышты.
Көптеген елдерде дипломатия мемлекеттердің бейбіт жағдайда бірлесіп, тыныш өмір сүруінің ғылымы немесе әдістемесі жайлы теориясы деп, мемлекеттер
арасындағы достықты нығайтуға, әріптестікті
орнатуға, олардың арасындағы қандай да
бір қайшылықтарды бейбіт реттеудің саяси
амалдары мен әдістері жөніндегі ғылым
ретінде қарастырылады. Дипломатия тарихы, дипломатиялық құқық, дипломатиялық қызмет, дипломатиялық хаттама осы ғылымның салалары болып
табылады. Кей жағдайларда дипломатияны
келіссөздермен байланыстырады, яғни, дипломатия - халықаралық қатынастарды келіс
Дипломатияның құпиялылығы, жасырындығы о бастан-ақ оның ажырамас бөлігі болды. Жаңа заманда авторлар құпиялылық сияқты дипломатиялық әдістерге бұрынғыдай мән бермейтін қазіргі дипломатияның "құнсыздануы" жайлы айтуда. Қазіргі кезде "екіжақты дипломатия" және "көпжақты дипломатия" түрлері кеңінен таралған.
Экономикалық дипломатия
Жариялық немесе халықтық дипломатия
Белгілі ғалымдар С.Б. Крылов пен В.Н. Дурденевский алғашқылардың бірі болып дипломатияда болып жатқан процестерге ғылыми ізденіс жасаудың құқықтық негізін салды. Атап айтсақ, олар дипломатиялық корпус, дипломатиялық өкілдік, дипломатиялық иммунитет пен артықшылықтардың таралатын салалары, дипломатиялық корпус дуаейні институты және т.б. зерттеді.
Дипломатиялық қызметті дербес зерттеу пәні ретінде қарастыруға елеулі үлес қосқан 1961 жылы БҰҰ жетекшілігімен өткен Вена дипломатиялық конференциясы болды. Бұл халықаралық форумның қорытынды құжаты – “Дипломатиялық қарым-қатынастар туралы Вена конвенциясы” дипломатиялық қызмет мәселелері жөніндегі ғылыми жұмыстардың негізіне айналды. Вена конференциясының қорытындылары бойынша ғалымдар осы мәселенің заңдық қырларын қамтитын бірқатар маңызды жұмыстар дайындады.
Ғалымдар дипломатияны келіссөз жүргізу процесі ұғымымен өзара байланыста қарастыратынын айта кету керек. Мысалы, Г. Никольсонның “Дипломатия”, Э. Сатоудың “Дипломатиялық тәжірибе бойынша нұсқаулық” және т.б. ғылыми еңбектерде дипломатия келіссөз жүргізу процесімен тікелей байланыста қаралған. Г. Никольсон жазғанындай, дипломатия – бұл “келіссөздер арқылы халықаралық қатынастарды жүргізу; бұл қатынастарды реттеудің тәсілі және оны елшілер жүргізеді; дипломаттың жұмысы немесе өнері”. Берілген анықтама дипломатия мен келіссөздер теориясы бойынша жүргізілген көптеген зерттеулердің негізінде жатыр. Алайда дипломатияны тек қана келіссөздер жүргізуге теңеу дұрыс емес. Дипломатия саласынан консулдық жұмыстың елеулі бөлігі, сонымен қатар, кеңес беру және өзге де елшілік қызмет түрлері тыс қалады.
Қазіргі кезде саясаттануда жалпы танылған анықтама батыстық зерттеуші Дж. Берриджге тиесілі. Оның жазбалары бойынша “дипломатия дегеніміз халықаралық істерді көбінесе келіссөздер арқылы, сонымен қатар тікелей немесе жанама түрде келіссөздер жасауды білдіретін өзге де бейбіт құралдардың көмегімен (ақпарат жинау, ақ ниет, кең пейілдік таныту сияқты) жүргізуге келіп саяды” .
Дипломатияны саяси институт ретінде қарастыратын байсалды еңбектердің бірі – зерттеуші Т.В. Зонованың монографиясы болып табылады. Бұл оқымысты салыстырмалы және жүйелі талдау әдістерін қолдана отырып, заманауи дипломатияның моделін жасауға тырысқан. Яғни, қазіргі заманғы дипломатияның мәнін секуляризацияның тереңдеуі, халықаралық қатынастар саласындағы антикалық теориялардың қайта жаңғыруы, жаңа үлгідегі мемлекеттердің туындауы сияқты процестердің біте қайнасуынан шыққан тарихи категория деп түсіндіреді. Автор дипломатиялық жүйені ғаламдану ретінде сипаттайды. Мұндай теориялық тәсіл дипломатиялық қызметтің болашағына көз жүгіртуге мүмкіндік береді. Автордың тұжырымы бойынша, тұрақты даму, діни және ұлттық қарама-қайшылықтарды шешудің даңғыл жолы ғаламдық диалогты ұйымдастыру арқылы жүреді, ал олардың өзегінде әділеттілік, адам құқығы, толеранттық пен мәдениеттілік сияқты жалпы адамзаттық құндылықтар жатуы тиіс. Осынау өмірлік маңызы бар диалогты көз жетер болашақта орнату мен ұстап тұру үшін ауадай қажет тиімді құрал тек дипломатия болып табылады .
ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап бұрыннан көп қырлы саналатын дипломатия тіптен жан-жақты болып кетті. Егер де бұрындары ол негізінен түрлі конгрестер ауқымындағы (мысалы, 1648 жылғы Вестфаль, 1698-1699 жылдардағы Карловиц, 1856 жылғы Париж, 1914-1915 жылдардағы Вена конгрестері) келіссөздер процесімен байланысты болса, бүгінгі таңда көп жақты дипломатия түрлі аумақта өте береді:
- халықаралық әмбебап (БҰҰ) және аймақтық (ТМД, ЕҚЫҰ, ШЫҰ және т.б.) ұйымдар ауқымында;
- қандай да бір мәселені шешу шешу үшін құрылған немесе шақырылған конференциялар, комиссиялар ауқымында (мысалы, Вьетнам жөніндегі Париж конференциясы, Оңтүстік-Батыс Африкадағы жанжалды реттеу жөніндегі біріккен комиссия);
- жоғары деңгейдегі көптарапты кездесулер;
- елшіліктердің біріккен қызметтері
Мамандардың айтуынша, қазіргі әлемнің динамизмі дипломатияның ақпараттық-коммуникативтік қызметін де едәуір өзгертті, оның мәні тараптарды ресми ұстаныммен таныстыру мен пікір алмасуға келіп саяды.
Бүгін де дипломатия өзінің классикалық қызмет түрлерінен айнымай атқарып келеді. Дипломатияның басты міндеттерінің бірі ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету, сыртқы саяси бағытты жүзеге асыру. Бұл міндет ұлттық мемлекеттер туындағалы бері дипломатияның мойнына жүктелген. Сол сияқты, осынау маңызды қызмет Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын жүргізу барысынды да алдыңғы қатарда тұр.
Пайдаланған әдебиеттер: