Талап ұғымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 11:50, курсовая работа

Описание

Талап қою азаматтық іс жүргізу құқығының ең бір күрделі де ауқымды бөлігі болып табылады. Талап ұғымы, оның түрлері, талап арыздың теориялық мәселесі, талаптың құрамдас бөліктерінің құқықтық мәселелерінің өзектілігі көптеген үдерісші-заңгер ғалымдардың ғылыми еңбектерінің объектісіне айналды. Талаптың элементтері мен түрлерінің сипаты мен ерекшелігіне қатысты қазақстандық та, ресейлік те ғалымдар қалам тартуда. Атап өтетін болсақ олар Ю.Г Басин, З.Х Баймолдина, З.К Абдулина, А.Ж Касенова, Т.Е Каудыров, Г.А Жайлин, және т.б. Ресейлік ғалымдарды атап өтсек:
-Осокина Г.А., Филиппов П.М., Чечот Д.М., Анисимова Л.И., Арапов Н.Т., Абрамов С.М., Башкатов Н., Безлипкин Т.Т.,

Содержание

Кіріспе

1. Талап ұғымы
2.Талап қою құқығының жалпы сипаттамасы
3.Талап қоюды қамтамасыз ету

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Талап ұғымы.doc

— 119.50 Кб (Скачать документ)

2. Талап қоюға қарсылық білдірілген  жағдайда талап қоюды қамтамасыз  етуде қабылданған шаралар шешім  заңды күшіне енгенге дейін  сақталады. Алайда, сот шешіммен бір мезгілде немесе өзінің қаулысынан кейін талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы ұйғарым шығаруы мүмкін. Талап қою қанағаттандырылған жағдайда оны қамтамасыз ету жөніндегі шаралар өз күшін сот шешімі орындалғанға дейін сақтайды.

3. Қаржы ұйымын қайта құрылымдау туралы істі қарайтын мамандандырылған қаржылық сот, қаржы ұйымын қайта құрылымдау туралы шешім қабылдаған жағдайда қаржы ұйымына және (немесе) оның мүлкіне қатысты қайта құрылымдауды жүргізу туралы шешім қабылдағанға дейін соттар қабылдаған талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жоюға міндетті.

Талап қоюды қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ұйғарымдарға шағымдану 

1. Талап қоюды қамтамасыз ету  мәселелері жөніндегі барлық  ұйғарымға жеке шағым берілуі  және наразылық келтірілуі мүмкін.

2. Егер талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарым шағым берген адамдарға хабарламай шығарылса, шағым беру мерзімі оған бұл ұйғарым белгілі болған күннен бастап есептеледі.

3. Талап қоюды қамтамасыз ету  туралы ұйғарымға жеке шағым  беру бұл ұйғарымның орындалуын  тоқтатпайды.

4. Талап қоюды қамтамасыз етудің  күшін жою туралы немесе талап  қоюды қамтамасыз етудің бір  түрін екінші түріне ауыстыру  туралы ұйғарымға жеке шағым  беру немесе наразылық келтіру  ұйғарымның орындалуын тоқтата  тұрады.Талап қоюды қамтамасыз етумен келтірілген залалдарды жауапкерге өтеу Сот талап қоюды қамтамасыз етуге жол бере отырып, талап қоюшыдан жауапкер үшін мүмкін болатын залалдарды қамтамасыз етуді талап етуі мүмкін. Жауапкер талап қоюда бас тартылған шешім заңды күшіне енгеннен кейін талап қоюшыға оның өтініші бойынша қабылданған оған талап қоюды қамтамасыз ету шараларымен келтірілген залалдарды өтеу туралы талап қоюға құқылы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Талап қою бойынша  іс жүргізу - cотқа талап арыз беру жолымен қозғалатын сот өндірісінің азаматтық түрі. Азаматтық істердің көпшілігі (азаматтық, отбасылық, еңбек және т.б. кұқықтық қатынастармен байланысты даулар бойынша) қуыным ісін жүргізу тәртібімен қарастырылады

 

Азаматтық іс бойынша талап өндірісі сотқа талап арыз беру жолымен  қозғалады.Талап өндіріснде материалдық  құқықтық қатынастардан туындайтын істер қаралып, шешіледі.Талаптық нысанда құқық қорғау келесі белгілер арқылы сипатталады:

- Заңмен бекітілген тәртіпте қаралуға жататын ,бір тараптың бұзылған немесе дауланған құқығынан туындайтын  материалдық құқықытық талаптың болуы;

-  субъективтік құқық туралы  даудың болуы;

- өздерінің құқықтары м ен мүдделерін қорғау үшін заңмен нақты өкілеттіктерге ие қарама-қарсы мүдделері бар тараптардың болуы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. азаматтық іс жүргізу кодексі
  2. Зейдер Н.Б. Гражданские процессуальные отношения. –Саратов: Саратовск. Гос.Универститет 1965. 57 бет
  3. Чечина Н.А. Гражданские процессуальные отношения. – Л: ЛГУ; 1962. 63 бет.
  4. Баймолдина З.Х. Гражданско-процессуальное право РК. Учебник. 2 том. Станции. Алматы 2001. 128-135 беттер.
  5. Гражданское процессуальное право РК: Учебник / Под ред. М.С. Шакарян.

 

 

 


Информация о работе Талап ұғымы