Қытайдағы ұлттық революцияның басы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 13:28, реферат

Описание

1925 жылдың жазына қарай теңіз жағалаудағы қалалардағы қытай жұмысшыларының таптық күресі жаппай антиимпералистік толқуларға ұласты, ал толқулар Ұлттық революцияның басына айналды. Ақпанда басталған Шанхайдағы жапон тоқыма фабрикаларындағы ереуілдер мамыр айында одан әрі ұлғайды. ИК КПК экономикалық күресті жаппай антиимпералистік күреске айналдыруға шешім қабылдайды

Работа состоит из  1 файл

ұлттық революцияның басы қытай тарихы.docx

— 23.19 Кб (Скачать документ)
 
                                             Еуразиялық ұлттық университеті .

                                               Халықаралық қатынастар факультеті.

                                                    Шығыстану кафедрасы.

Ұлттық  революцияның басы
 
 
 
 
Астана  қ. 2011 жыл
 

 

   1925 жылдың жазына қарай теңіз жағалаудағы қалалардағы қытай жұмысшыларының таптық күресі жаппай антиимпералистік толқуларға ұласты, ал толқулар Ұлттық революцияның басына айналды. Ақпанда басталған Шанхайдағы жапон тоқыма фабрикаларындағы ереуілдер мамыр айында одан әрі ұлғайды. ИК КПК экономикалық күресті жаппай антиимпералистік күреске айналдыруға шешім қабылдайды. КПК- ның халықта ықпалын күшейту үшін  30 мамырда Шанхайда имперализмге қарсы ұрандармен студенттік шеруді ұйымдастыруды шешіледі. Бірақ Британдық полиция шеру қатысушыларын атып тастайды, бірақ бұл ереуіл одан әрі өрши түсті, репрессияға қарсы Шанхай ұлттық патриоттық сезімнің жарылысымен жауап берді.  Бұл ұлттық күресте коммунисттермен ұйымдастырылған Шанхай жұмысшы тобы үлкен рөл атқарды. 31 мамырда коммунисттер Шанхай кәсіподақтың Генсоветін жасады, председатель ретінде Ли Лисань сайланды. Генсовет іс жүзінде Шанхай еңбекшілердің күресті басқарудың ресми отанына айналды. Маусымның басында Генсовет басшылығымен 107 шетел кәсіпорындағы 130 мың жұмысшы ереуілге   шықты.

  Комуниcттердің  қол астында имперализмге қарсы күресте маңызды рөл атқарған  студенттердің біріккен одағы болды. Саудагерлердің біріккен одағы ереуілшілерге материалдық көмек те көрсетті. 7 маусымда жұмысшылар, студенттер, саудагерлер одақтары бірігіп, 17 пункттен тұратын ұлттық талаптардың бағдарламасын ұсынды. Бұл бағдарлама шетелдіктердің  саяси озбырлығын және қытайлардың қорлайтын жағдайын жоюға бағытталды. Шанхай буржуазиясы біріккен комитетке кіруге бас тартты, және 13 пунктан тұратын өз талаптар бағдарламасын ұсынды, бірақ күреске қатысты.

  Пекин үкіметі  , Дуан Цижуй Ұлттық күресті,  13 пунктан тұратын бағдарламаны қолдап, қаржы көмек көрсетті. Чжан Цзяолинь мен Сунь Чуаньфан да патриоттық қозғалысты қолдады. Импералистік орталықтардағы біріндегі күрес жағдайлары қиын болды. Ірі буржуазия жойылды, шілдеде орташа, кіші саудагерлер ереуілі тоқталды. Ереуілді жалғастырған жұмысшылардың жағдайы күрделенді. ЦК КПК Коминтерннің кеңесімен шілденің басында саяси ұрандарды, ереуіл күресін тоқтатуды шешеді.

   Шанхай оқиғаларында  біртұтас майдан идеясы іске  асырылды, КПК ның позициясы кіші  буржуазияға қарағанда дәйекті  болса, ал ірі буржуазияға келісімпаз  болды. Тактиканың екі жақтылығы  біртұтас майданда көрінген ұлт  азаттық қозғалыс әрекет күшінің  айқын емес түсінуін қамтыды.

 Шанхай оқиғалары  елдің оңтүстік аймағында жалғасын  тапты. Ағылшын колониясы Гонгконктағы қытай тұрғындарының реакция күші соншалық, коммунисттердің арқасында 19 маусымда жаппай ереуіл ұйымдастырылды. Олар Шанхай еңбекшілерінің 17 талаптарына қоса Гонконг жұмысшылары мен бүкіл қытайлықтардың мүдделерін қамтитын тағы 6 талапты қосты. 21 маусымда гонгконг ереуілшілдеріне Гуанчжоудағы Шамян ағылшын – француз концессисының жұмысшылары қосылды. Гуанчжоу көпестігінің негізгі бөлігі еруілшілдерді қолдады. Ағылшын тауарларының бойкоты басталды, студеттердің біріккен комитеті оқу орындарының еруілін жариялады. 23 маусымда ағылшын өкіметінің бұйрығымен атылған жаппай демонстрация ұйымдастырылды. Бірақ бұл қанды оқиғадан кеін ереуіл тоқтамай, одан әрі өршіді. Гонгконгта 250 мың қытай жұмысшылары ереуілге шықты . Бұл ұлттық әрекеттерінің негізгі ұйымдастырушылары Гоминьдан мен Гоминьдан үкіметімен біріккен комунистер болды. Үлкен саяси және материалдық көмек көрсеткен Гоминьдан үкіметі арқасында, ереуілшілер он алты ай шыдап, таоаптар бөлігінің қанағаттандырылуына қол жеткізді. Бұл орасан зор ереуіл ел көзінде Гоминьдан үкіметінің беделін көтерді.

Көтерілістер Пекинді  де қамтыды. Бірақ олар стихиялы түрде  болды және қарслықтан кейін тез  басылды. Дегенмен  шегініс  тапқан антиимпералистік күрес революцияның  дамуында үлкен рөл атқарды. “30 мамырдағы көтеріліс” басқаруды комунистер қолға алған, жаппай жұмысшылар көтерілісі болды. Бұл жұмысшылар арасында партияның беделін көтерді.

    “30 мамырдағы оқиғасы” үлкен халықаралық резонанс алды.  Халықаралық пролетариаттың материалдық көмегi ереуiл күресiнiң дамытуында нақтылы рөлдi ойнады. Жалпы ұлттық патриоттық  көтеріліс 1925 жылғы революцияның басы болды.

  Оңтүстік пен шығыс Қытайдағы ұлт азаттық күрес Солтүстіктің әскери саяси жағдайына әсер етті. Екі негізгі милитаристтік топтар фэнтяньдық Чжан Цзолинь мен чжийлік У Пэйфу бәсекелестігі жалғасты. Чжан Цзолинь позицияларының әлсіреуі Фэн Ютсен “ұлттық армияның”  жағдайының күшеюіне әкелді. Гоминьдан үкіметімен біріккен Фэн Ютсян армиясының әрекеттеріне солтүстік милитаристтер кедергі болды. Бұл жағдай 1925 жылы “ұлттық әскер”  әркеттеріне өткірленген милитарист күресі жағдай жасады. Генерал Сунь Чуаньфан  Шанхай мен Янцзы өзенінің төменгі ағысын басып алып, Чжан Цзолинь әскерін талқан Фэн Юйсян күштерін біріктірді 1925 жылы 26қарашада Фэн Юйсян әскері Пекинге кірді, 27 қарашада Го Сунлин Чжан Цзолинге соғыс жариялайды. Оңтүстік Манчжурияны басып, Чжан Цзолинге аттанды. Фэйтян топтарының жағдайы қиын болды. Жапон әскерлерінің кірісуі Чжан Цзолинді толық талқандаудан құтқарды. Фэнтяньдықтармен бірге жапондықтар Го Сунлин көтерілісен басты, бірінші “ұлттық армия”  Тяньзцинға шабуылын жалғастырып, 1925 жылы желтоқсанда оны азат етті. 1926 жылы Чжан Цзолинь мен У Пэйфу “ұлттық армияға”   қарсы күштерін біріктірді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Қытайдағы ұлттық революцияның басы