Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 04:38, реферат
Бабам қазақ бала тәрбиесіне қашан да бей-жай қарамаған. Баланы ертеңгі ел қорғайтын ер, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кеңдікке тәрбиелейтін болған. Бір ғана «баланы жастан» деген сөздің астарынан қазақтың бала тәрбиесіне қаншалықты көңіл бөлгенін аңғаруға болады. Баласы есейіп 14-15 жасқа келгенде атқа мінгізіп алыстағы аузы дуалы ақсақал қарттарға сәлем беріп кел деп жіберетін болған, ондағы мақсат: көпті көрген көне көз қазыналы қарттардан тарихта болған жайларды, бабалар ерлігін тыңдап, кең байтақ жерімізді батыр бабаларымыз ерлікпен қорғағанын, дарқан даламыздың бүгінгі және кейінгі ұрпаққа аманат екенін саналы түрде санасына сіңіріп отырған. Міне, бұл ер тәрбиесі.
Ағайынды – ер тірегі
Бабам қазақ бала тәрбиесіне қашан да бей-жай қарамаған. Баланы ертеңгі ел қорғайтын ер, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кеңдікке тәрбиелейтін болған. Бір ғана «баланы жастан» деген сөздің астарынан қазақтың бала тәрбиесіне қаншалықты көңіл бөлгенін аңғаруға болады. Баласы есейіп 14-15 жасқа келгенде атқа мінгізіп алыстағы аузы дуалы ақсақал қарттарға сәлем беріп кел деп жіберетін болған, ондағы мақсат: көпті көрген көне көз қазыналы қарттардан тарихта болған жайларды, бабалар ерлігін тыңдап, кең байтақ жерімізді батыр бабаларымыз ерлікпен қорғағанын, дарқан даламыздың бүгінгі және кейінгі ұрпаққа аманат екенін саналы түрде санасына сіңіріп отырған. Міне, бұл ер тәрбиесі.
Аға – бір әке-шешеден туған (немесе бір рудағы ағайын-туыстың) жасы үлкен жігіт. Ағаның жөні де, жолы да үлкен деп есептеледі. Жасы кішілер аға алдында әдеп сақтап отырғаны жөн. Олар жұмыс істеп жатса, жастар: «Мен істейін», – деп қол ұшын беруі керек. Аға – жасы кішілер үшін айбар, қорған, сүйеніш әрі мақтаныш.
Іні – бірге туған ағайынды адамдардың ер жынысты жасы кішісі. Оның жасы кіші болғандықтан жолы да кіші болады. Ол аға, апа алдында кішілік міндетін түсінуге, мойындауға тиіс. Ағайындылар бас қосқанда жеңіл-желпі жұмысты іні атқаруға тиіс. Іні – аға мен апаның ізбасары, сүйеніші, қоланаты, сенімі, үміті. Ескере жүретін бір жай – інінің баласы ағаға бала болады, ал сол балалар інінің апасына іні болып қала береді.
Әке – ұрпақ иесі, панасы, айбары, үй басшысы және асыраушысы және тәрбиешісі. Жеті атадан санағанда екінші ұрпақ. Ол тек бір отбасы ғана емес, ауыл, ру қамқоршысы, үлкен-кішіге бірдей азамат, ел ағасы ретінде көрінеді.
Әр отбасы – жеке мемлекет. Бұл мемлекеттің іргетасын қалаушы, оны басқарушы, отағасы – әке. Отбасының рухани, материалдық жағынан құлдырамай, мықты болуы әкеге байланысты. Ұлы күш пен сабырлықтың иесі болып табылатын – әке. Әке өсиеті мен тәлім-тәрбиесінің маңызы ерекше. Қанша дегенмен, жүрегі жұмсақ аналарымыз кейде тым еркелетіп жібергенде, әкенің салмақты сөзі ауадай қажет болып жатады.
Әке – әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Отбасындағы бала тәрбиесінде әкенің орны ерекше. Әке үйі барлық балалары үшін «үлкен үй», «қара шаңырақ» деген киелі ұғымдармен сыйлы да құрметті. Әке тәрбиесі арқылы, ұл мен қыз балалардың өздеріне тән мінез-құлықтарын ерекше сергектікпен қалыптастыратындығы да анық. Әсіресе, ұл бала үйдегі де, сырттағы да ер адамға қажет тағылымдарды, көбінесе әкесінен үйренуге ұмтылады. Сондықтан да, әке тәрбиесі дұрыс та, мейірімді болу керек. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», – деп бекер айтпаса керек.
Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер-білімі ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: «Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой», – деп мадақтайды. Отбасында ұлдар әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өскен. Шығармашылықта, ақындықта танылған жас баланың тәрбиесіне аса назар аударылған. Ата өнерін ұрпағының қууы, оны мирас етуі қазақ отбасыларында жиі кездесетін дәстүр.
«Әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оны жақсы тәрбиелеуі» дей отырып, баласын оқытып, күнін көре алатындай мамандық иесі етіп қалдыру, балаларды жақсы көріп, оларға көңіл бөлу, үйленер жасқа келгенде баласын үйлендіру, баласына ат қою, баласын сау етіп өсіру – бұлар әкенің басты міндеттерінің бірі.
Кей уақытта бала әкесіз өсіп, анасының тәрбиесінде болады. Алайда, баланың жігіт болып өсуі немесе қызға тән кейбір қасиеттерін бойына жинап өсуі де осыдан. Баланың өмірінде болып жатқан әр түрлі жағдайлардың бәрі баланың ақыл-ой, санасына байланысты. Дегенмен, дұрыс бағытқа бағдарлау көп жағдайда әкеге байланысты. Ары қарай өмір теңізінде кез болар қиындыққа төтеп беру де, суға кету де осы бағыттың нәтижесін бермек.
Мақал-мәтелдер
Ағайын — ағайынның айнасы.
Ағайын
ала болса ауыздағысынан
Ағайын — алтау, ана — біреу.
Ағайын — ащы, мал — тұщы.
Ағайын бар болса көре алмайды,
жоқ болса бере алмайды.
Ағайын барында аузынды жалайды,
жоғында желкеңнен қарайды.
Ағайын бірде араз, бірде тату.
Ағайын бір өліде, бір тіріде керек.
Ағайынға карап бала өсер,
Қарағайға карап тал өсер.
Ағайынға менменсу ағат емей немене,
Ақылдылар айтқан сөз сағат емей немене.
Ағайында өкпе бар да кек жоқ.
Ағайынды алтау болса адам тимейді, тура жүрсең лебізің күймейді.
Ағайынды жамандап туғанды кайдан табасың?
Арғымақты жамандап тұлпарды қайдан табасың?
Ағайыңды өкпелеткеннің үні іриді,
Әйелін өкпелеткеннің дымы кұриды.
Ағайынды іске шақырма, асқа шақыр.
Ағайын жақында отырып тістескен, алыста отырып кісінескен.
Ағайын жауға керек,
Мал дауға керек.
Ағайын қадірін білмесең жалғыздық берсін сазанды.
Ағайынмен жауласпа — басың азаяды,
Көршіңмен дауласпа — асың азаяды.
Ағайынның аразы болса да азары болмайды.
Ағайынның азары болса да безері жоқ.
Ағайынның жаманы:
алдыңда жүріп бас болмайды, артыңнан еріп дос болмайды (Қаратау би Отарбайұлы).
Ағайынның қадірін жалалы болсаң білерсің,
Ата-анаңның кадірін балалы болсаң білерсің.
Ағайынның ұрысы — торқаның жыртысы.
Ағайын тату болса — ат көп,
Абысын тату болса — ас көп.
Ағайын-туған кімде жоқ, сыйласпаса жат жуық.
Ағайын-туғанның қызығы — алыс-беріс,
Құдалыктың қызығы — барып-келіс.
Ағайының бай болса,
Асағаның май болар.
Ағайының барда "дұшпаным жоқ" деме,
Абысының барда "күндесім жоқ" деме.
Ағайының көп болса қоғам бол, бірің оған, бірің бұған бол.
Ағайының көп болса
ұлы шерік қолмен тең.
Білімді туған жақсылар
аз да болса көппен тең (Ақтамберді).
Ағайыныңмен алыстан сыйлас.
Ақша қарда көп жүрсең көзің бір күн қарығар.
Ағайыннан шет жүрсең көңілің бір күн тарығар.
Алты малта ас болмас,
Өзіңмен туған жат болмас.
Алыстағыңа сиын,
Жақындағыңа сүйін.
Араласпаса ағайын жат.
"Артқы айылым берік болса атым тулап не етерсің?
Ағайында бірлік болса жатым маған не етерсің?"
Ат арқасына ер батса аяңшыл,
Ерге жаттың тізесі батса ағайыншыл.
Ат үйірін сағынса, артқы аяғын қағынар.
Ер үйірін сағынса, айыл-тұрман тағынар.
Ауыр жүкті бөлісу —ақ атанның парызы (Майқы би).
Бажаны бажа көрсе басы қышиды.
Бала белде, бауырды маған кім береді?
Балдыз — балдан шырын.
Бар қарындас жақында болмасын,
Жоқ қарындас алыста болмасын.
Бауыр шырын, бас тәтті,
Ағайынмен ішкен ас тәтті.
Бедері жоқ қамқадан бек тоқыған бөз жақсы.
Бейкемі жоқ туғаннан бек сөйлескен сөз жақсы.
Бетің қисық болса айнаға өкпелеме.
Ниетің қисық болса ағайынға өкпелеме.
Бөлемісің, бөлені көре тұра өлемісің.
Бір ауылда мың туысың болғанша,
Әр ауылда әр туысың болсын.
Бір көрген — біліс, екі көрген — таныс.
Емшек берген әрі жат, еңсе берген бері жат.
Енесі тепкен құлынның еті ауырмас.
Жайыңды білген карындас, ол қарындас һәм жолдас.
Жайынды білмес қарындас, өзі дұшпан, өзі қас (Шалкиіз).
Жақын жерден шөп жесе, жердің сәнін кетірер.
Ағайынның аразы елдің сәнін кетірер,
Абысынның аразы ауыл сәнін кетірер (Бұқар жырау).
Жаман ағайын күншіл,
Жақсы ағайын сыншыл.
Жаман ағайыннан жақсы жекжат артық.
Жаман болса туысың туыспай-ақ құрысын.
Жаман туғаның болғанша, жақсы жолдасың болсын.
Жаман туыс бір масыл арқалаған құммен тең, жақсылығың істеген елекке құйған сумен тең.
Жаман туыстан жақсы жолдас артық.
Жанашыры жоқ адам жал құйрықсыз атпен тең.
Жаныс кетсе орнына жаппас қалар.
Жездеге қараған жерге қарайды,
Жиенге қараған желге қарайды,
Күйеуге қараған күлге қарайды,
Бұл үшеуі жақсы болса — халқым күнге қарайды.
Өмілдірік, шаптартпа құйысқанға жетпейді.
Қанша жақын болса да туысқанға жетпейді.
Өткелім саяз деме, таяғынды салып бойлат.
Ісім макұл деме, ағайынға салып ойлат.
Сара жолдың кадірін адасқанда білерсің,
Қарындастың кадірін қарасқанда білерсің.
Сарт садағам, өзбек өз ағам.
Сұрастыра келе қарын бөле болдық
Таудың басын көр де қасына барма,
Туысқанның ықыласын көр де асына барма.
Тобылғылы шұбардан панасыз таудың несі артық?
Қадір білмес туғаннан құныңды білер дос артық.
Төркінге сенгеннің төбесі тесік.
Төркін десе қыз төзбейді,
Көкпек десе түйе төзбейді.
Төркініне келген қыз төрге секірер.
Төс айылдың батканын,
иесі білмес, ат білер.
Ер жігіттің қадірін,
ағайын емес, жат білер (Бұқар жырау).
Туасы жаман туғанын жамандайды.
Туғанмен туған табысар,
Тумағанға таудай пәле жабысар.
Туғаннан сала ма, тумағаннан сала ма?
Туғаным — туырлығым, қарыңдасым — казынам.
Туғаныңмен туыспасаң кең дүниеге сыйыспассың.
Тумағанның түбі шикі.
Тумаң бар, туысқандай болмайды,
Тұрман бар, құйысқандай болмайды.
Туысқан бар болсаң іздеседі, тіпті "сіз" деседі.
Жоқ болса қашады, тіпті артынды ашады
(Нақысбек шешен).
Туысқан өкпеге тепсе де өлімге қимайды.
Туысы бірге түспейді,
Түбі бірге кетпейді.
Туысы бірдің қонысы бір,
Туысы бірдің уысы бір.
Туысы жақын жақын емес, қонысы жақын жақын.
Тұз десе түйеде тағат жоқ,
Төркін десе қызда тағат жоқ.
Түбі бірге тебісер де табысар.
Түбі бірге түнекте де табысар.
Түбін білмеген түгін білмейді.
Тіріде сыйласпаған ағайын
құм құйылсын көзіңе (Махамбет).
У ішсең руыңмен.
Үйірінен айрылған айғыр ат болады,
Көңілді қалдырған ағайын жат болады.
"Ырылдарсың,
қаппассың, менен жақсы