Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2011 в 14:27, реферат
іл қисыны дегеніміз – асыл сөздің асыл болатын заңдарын, шарттарын танытатын ғылым, лебіз ғылымның мақсаты – асыл сөздерің асыл болатын заңдарын білдіріп, түрлерін танытып, тіл жөніндегі, әдебиет туралы өнерпаздарын шығарған сөздерінің үлгі-өнегелерімен таныстырып, сөзден шеберлер не жасағандығын, не жасауға болатындығын көрсету» деген Ахмет Байтұрсыновтың («Тіл қисыны, яки лұғат қисыны») еңбегін оқып қарасақ, тілге шебер, сөзге шешен болудың жолын үйретіп-ақ тұрған жоқ па?!
Анамның
тілі – ардақтым
менің
Қазақ тілін ардақтаған ел асыл,
Асыл елге абырой боп қонасын.
Қазақ тілін жақсы білсен ең жарқын,
Жолдасыңмен сырласқандай боласын...
(Қадыр
Мырзалиев)
«Тіл қисыны дегеніміз – асыл сөздің асыл болатын заңдарын, шарттарын танытатын ғылым, лебіз ғылымның мақсаты – асыл сөздерің асыл болатын заңдарын білдіріп, түрлерін танытып, тіл жөніндегі, әдебиет туралы өнерпаздарын шығарған сөздерінің үлгі-өнегелерімен таныстырып, сөзден шеберлер не жасағандығын, не жасауға болатындығын көрсету» деген Ахмет Байтұрсыновтың («Тіл қисыны, яки лұғат қисыны») еңбегін оқып қарасақ, тілге шебер, сөзге шешен болудың жолын үйретіп-ақ тұрған жоқ па?!
Тілге
бай болу, ана тілінің шебер
тілмәрі болу бірден жасалмақ емес.
Данышпан Абай адамның адам болуы, естілікке
ұшталуы, тілге бай, кәсіпке мойынсұнуы,
дағдыны дамытуы жайында
Жас ұрпақ, қазіргі жеткіншек ана тілін білмейді, қадірлемейді демейік, оларға үйретейік, біздер үйренейік.
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін,
- деген Әбділда Тәжібаев сияқты дарынды ақынның тілің бай болса, сен де байсың, тілің өссе, сен де биіктейсің, білім – ғылымның барлық саласын білесің, меңгересің деген ой қорытындысын көруге болады.
Менің жанымда, сонау жылдарда қазақтың сүт бетіне шығар қаймағын да, дана – білімпазын да, тілге бай шешенін де, елге ақыл айтар көсемін де айдауға салып, қыр асырып, елден – жерден бездірген тоталитарлық заман кезінде Қытай кетіп, одан Түркия асып, не керек, көрмегенді көріп, соңғы Тәуелсіз Қазақстан болғанда туған жеріне оралған ағаның Ғалымбек деген баласы отырады. Сол Ғалымбек шетелде жүрсе қазақ сөздерін біздегі кейбір балалардан артық та біледі, таза да сөйлейді. Себебін де, қазақша шебер жолын да айтып берді. «Бізге үйде де, түзде де өз ана тілімізде сөйлеу керектігін» ата-анамыз ескертіп, оны қатаң бақылап отырады.
Орта жолда бұзып тастап оқ құзғын,
Құлап жаттым құшағанда көк мұздың.
Қасіретімді қазақ тілі қанат қып,
Төрт бұрышты дүниеге жеткіздім.
Сол тіліммен дүниені ақтадым,
Таптым бүкіл
Қазақ тілі уыз сүті анамның,
Қазақ тілі аманаты атаның, - деп бізге үйретті.
Ата-әжелеріміз ана тілі ата-бабаларымыздың, Қазақстандағы ағайын-тұған, туыстарымыздың тілі, оны құрметтеу керектігін үнемі ескертіп отырды. Біздің бәріміз де қазақ тілінде сөйлесеміз. Біз басқа Қытай, Түрік тілін де білеміз, бірақ орыс тілін шала білеміз,- деп маған жан сырын айтты. Сонда біз Қазақстанда тұрамыз, неге біздің кейбір бала достарымыз қазақша таза да шешен сөйлеуге шорқақ деген ой мазалады.
Өзіміздің
аулада бірге ойнап жүрген қара домалақ
бауырларымызбен сөйлескенде
Қазіргі кезде жастарымыз шетелге кетуді бір арман деп ойлайды. Ағылшын, француз, неміс тілдерін жақсы білсек, шетелде жүруге мүмкіндік болар еді дейді. Дұрыс-ақ, шетел тілін білген жақсы. «Екі тілдің мәдениетін бойға сіңіру ол адамды кең тынысты етеді... Екі тілді білу – екі екені тел емгендей, екіжақты егіз нәр қасиет, қуат бітіреді... Дегенмен де, ана тілі мен әдебиетін сүйіңдер» деген ғой (М.Ауэзов, 19-том, 411-412-бет).
Әр адамға өз анасынан басқа да,
Болу керек құдіреті төрт ана:
Туған жері – түп қазығы, айбыны,
Туған тілі – сатылмайтын байлығы.
Туған дәстүрі, салт-санасы – тірегі,
Тағдырына шуақ шашар үнемі
Және туған тарихы,
Еске алуға қаншама,
Ауыр әрі қасиетті болса да, - деп ақын айтқандай, ана тілі дүниені танудың басты құралы, ақыл – ой дамуның базасы екенін ұмытпасақ екен.