Бейнелеу өнерін оқытудың мақсаттары мен міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 20:25, доклад

Описание

Егеменді Қазақстанының қазіргі даму бағыты жалпы білім беретін мектепте жас ұрпақты нарықтық заман талаптары мен мәдениеттің даму деңгейіне сай дайындауды қажет етеді. Жалпы білім беретін орта мектептерде барлық оқу пәндерін оқыту, жеке пәндердің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, еліміздің болашақ азаматтарын дайындау мен тәрбиелеу мақсатын қояды. Сондықтан бейнелеу өнері сабақтары, жас ұрпақтарды іс-әрекетке және іс-әрекет технологиясын түсінуге бағытталуы тиіс.

Работа состоит из  1 файл

Бейнелеу максатары мен миндеттери.doc

— 28.00 Кб (Скачать документ)

2.1 Бейнелеу өнерін оқытудың мақсаттары мен міндеттері

Егеменді Қазақстанының  қазіргі даму бағыты жалпы білім  беретін мектепте жас ұрпақты нарықтық заман талаптары мен мәдениеттің даму деңгейіне сай дайындауды қажет етеді. Жалпы білім беретін орта мектептерде барлық оқу пәндерін оқыту, жеке пәндердің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, еліміздің болашақ азаматтарын дайындау мен тәрбиелеу мақсатын қояды. Сондықтан бейнелеу өнері сабақтары, жас ұрпақтарды іс-әрекетке және іс-әрекет технологиясын түсінуге бағытталуы тиіс.

Еліміздің   перспективалық   бағыттарына   сәйкес   бейнелеу өнерінің   оқу курсы өзінің мақсатын мынанд ай құрылымда айқындайды:

  1. Еліміздің мемлекеттік, қоғамдық және шаруашылық өміріне белсене араласуына қабілетті, білімді, тәрбиелі азаматтарын дайындау;

2. Балалардың  дүниетанымын қалыптастыра отырып, олардың эстетикалық көзқарасына  дұрыс бағыт олардың эстетикалық  талғамын дамыту, эстетикалық тәрбие  беру.

3. Балаларға қоршаған  ортаны тануға жәрдемдесіп, олардың  байқампаздығын      дамыту, логикалық ойлауға үйрету, көргендерін саналы ой елегінен өткізе білуге үйрету.

4. Бейнелеу өнерінің адам  өміріндегі практикалық мәнін ашып көрсету, сурет өнерін еңбек қызметінде қолдана білуге үйрету.

5. Сурет өнерінің элементарлық  негізі туралы оқушыларға білім беру. (Бейнелеу өнерінің алғашқы дағдылары мен ептейліктерін меңгерту) бейнелеудің негізгі бейнелеу тәсілдерімен таныстыру. 

6. Оқушылардың шығармашылық қышеттерін дамыту, өмір шындығын эстетикалық қабылдауға дұрыс бағдар беру, кеңістікті ойлауын, образдық елестетуін және қиялын дамыту.

7. Мектеп оқушыларын әлемдік  және қазақ бейнелеу өнерінің  данықты шығармаларымен таныстыру.  Бейнелеу қызметіне деген сүйіспеншілігі  мен қызығушылығын қалыптастыру.

Осы айтылған мақсат міндеттерді  тереңірек таныстыратын болсақ олар мынандай бағыт бағдарларды қамтиды.

1.Бейнелеу өнерін орта  мектепте оқыту ең бірінші  жалпы білім, берушілік мақсаты  көздейді. Негізгі міндет адамның  ой өрісін кеңейту, қоғамның  жан -жақты білімді мүшесін  тәрбиелеу болып табылады.

Көпшілік қауым мектептегі  бейнелеу өнерін жалпы білім беретін  пән емес, ол арнаулы пән деп  қарастырады. Бұл дұрыс емес. Жалпы білім беретін мектеп математиктерді, химиктерді, ақындарды композиторларды дайындамайтыны сияқты суретшілерді де дайындамайды. Мұндай мамандар арнаулы оқу орындарында дайындалады. Жалпы білім беретін мектептегі әрбір пән жеке -жеке және бірлесе отырып оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал етуге тиіс.

Бейнелеу өнері адамның  дамуын өте бай мүмкіндік туғызады. Бұл істе әсіресе сурет салудың орны ерекше. Сурет салу заттардың формасын талдауға және оны ұқыпты бақылауға үйретеді, дүннені тануға жәрдемдеседі, ойлауға және эстетикалық дамуға көмектеседі. Сурет өнері көру есін, кеңістікті ойлауды дамытып, образды елестету қабілетін арттырады. Ол нақты есептеуге, табиғат әсемдігін тануға үйретеді, ойлау мен сезу икемділігін арттырады.

Бейнелеу өнерінің сабақтары  өздерінің оқу-тәрбие жұмыстары  бойынша да, түрлеріне байланысты да әр түрлі болып келеді. Мектеп бағдарламасында оқу сабақтарының төрт түрі қарастырылады, Олар: нұсқаға қарап сурет салу, сәндік сурет салу, тақырыптық сурет салу, өнер туралы әңгіме. Нұсқадан қарап сурет салу сурет және кескіндеме жұмыстарымен айналысуды көздейді, сәндік сурет салу – ою-өрнектерді көркем конструкциялау, ою-өрнек элементтерін құрастыру және т.б. жұмыстарын қарастырады.

Өнер туралы әңгімеде оқушылар кескіндеме, графика, мүсін, сәулет ескерткіштерімен және сәндік қолданбалы өнер шығармаларымен танысады. Бұл аталған әрбір сабақ жеке тұлғаның эстетикалық тәрбиесіне, шығармашылық қабілеттерінің дамуына, дүниетанымына, жан   жақты дамуына ықпал етеді.


Информация о работе Бейнелеу өнерін оқытудың мақсаттары мен міндеттері