Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2012 в 07:36, реферат
Ежелгі Шығыс адамды ертедегі дүние аясынан алып шыққан ұлы мәдениеттер отаны болды. Ертедегі дүниеден шыға отырып, Шығыс адамның дүниеге қатынасының мифологиялық тәсілін жеңе алмады. Бірақ ежелгі шығыс мәдениеттерінің әлемі – бұл табиғат апаттарының ғана емес, озбыр мемлекет қуатының құдайдай көрінуі. Ежелгі шығыс мәдениетінің негізі адамның дербестігі мен еркіндігін мойындамайтын абсолютті бірлік идеалы болып табылады. Мемлекеттің бұл типі қатаң біріктіру қажеттілігінен туды, ол нақты табиғат жағдайларына жауап болды. Осы мемлекет – шығыс озбырлығы зор төрешілдік аппаратпен басқарылады, оның бірлігі қол астына қарайтын адамдардың өмірі мен өліміне абсолютті билік етуге ие билеушімен бейнеленеді. Мемлекеттің мұндай типі Ежелгі Шығыс елдері Египет, Месопотамия, Үнді, Қытайға тән.
Ежелгі Шығыс адамды ертедегі
дүние аясынан алып шыққан
ұлы мәдениеттер отаны болды.
Ертедегі дүниеден шыға отырып,
Шығыс адамның дүниеге
Билік жүргізуші
діннің ауысуы VII ғасырға жатады,
онда Иранды арабтар жаулап
алып, жаңа сенім – ислам діні
тарады.
Ежелгі Қытай тұрғындары
өзіндік материалдық және рухани мәдениет
құрды. Олар өмірді құдай жаратқанына,
дүниеде барлығы қозғалыста болып, екі
қарама-қарсы космостық күштер – Жарық
пен Түнек қақтығысқанда өзгеретіндігіне
сенді. Осы кезеңде (б.з. дейінгі ІІ мыңжылдық)
қытайлықтарға табиғатқа табыну тән болды,
олар тау, жер, өзен, күн, ай, жаңбыр, жел
рухтарына табынды.
Сәл кейінірек патша билігіне бас иді.
Патша аспанның ұлы болып саналды, яғни
Құдайдың жердегі өкілі болып табылды.
Қытайда ата-бабаларға табыну күшті болды.
Ежелгі Қытай этносы типінің ерекшелігі
рухани өмірде әлеуметтік этика мен әкімшілік
практика басты роль атқарғандығы болды.
Дұрыс пікірдегі қытай өмір мен өлім проблемалары
туралы ойланған жоқ, о дүниедегі шатты
өмір немесе қайғы-қасіреттен құтылу үшін
емес, өмір үшін тіршілік етті. Дін емес,
салттық этика дәстүрлі қытай мәдениетінің
бейнесін қалыптастырды.
Басқару жүйесі мен қоғамдық салттық нормаларда
іске асырылған рухани мәдениет типі дүниеге
көзқарас жиынтығының жалпы ұтымды бөлігі
болды, әлеуметтік және табиғи тәртіп
бірлігі, тұрмыс толықтығы мен жеткіліктілігі,
табиғи өзі жетілетін тәртіп ретінде табиғи
тәртіпті мойындау негіз болды. Ақыл-парасат
міндеті оны өзгерту және бұзу емес, жалпы
Жолмен (Дао) жүру болып табылады. Бұл идея
ұлы қытай данасы, мыңдаған жылдар өтсе
де құнын жоймаған діни-мифологиялық жүйені
жасаушы Конфуций еңбегінде көрсетілген
(Кун-Фу-Цзы, б.з. дейінгі 551-479 ж.ж.). «Билеуші
билеуші болады, бодан бодан болып қалады,
әке - әке, ұл – ұл болады». Конфуций негізгі
рақымшылдар адалдық, тыңдау, ата-ана мен
үлкенді құрметтеу деп санады. Ата бабаға
табыну, ежелгі дәстүрлерді, жораларды
сақтау (қытай рәсімі) Конфуций бойынша
– идеал қоғамды қалыптастыру негізі.
Осы қоғамды құру үшін әрбір адам өзіне
талап қойып, барлық ережелер мен канондарды
сақтау керек. Сонымен конфуцийлік дін
емес, моральдық-саяси доктрина болып
табылады. Ол қытай мәдениетін бейнелеп,
қытай тұрмыс салтының негізі бола отырып,
әкімшілік жүйе мен әлеуметтік және экономикалық
процестерді реттеу функциясын атқарады.
Даосизмді жасаушы Лао-Цзы – «Қарт дана»
(аңыз бойынша ол 200 жыл өмір сүрген) болып
саналады. Оның пікірінше барлығы әбігершілік.
Даоның ізімен жүру керек (сөзбе-сөз аударғанда
жол), адам Жердің ізімен жүреді, Жер Аспанның,
Аспан Даоның, ал Дао табиғидың ізімен
жүреді. Философиялық даосизм адам заттардың
табиғи тәртібін өзгерте алмайды деп санайды,
сондықтан адамның еншісі - оқиғалардың
табиғи барысын сырттан бақылап, Даоға
қол жеткізу. Даосизмді жақтаушылар белсенді
әрекеттен бас тартуды насихаттап, «әрекетсіздік»
теориясын ұсынады. Олар әлем адам сияқты
тоқтаусыз өзгерістер процесі деп санады,
сондықтан тану мүмкін емес. Басты шарты
– жолды бұзбау, әлемдік ырғақпен қарама-қайшылыққа
келмеу, дүниеге қосылу, оны тыңдай білу.
Қытайдың барлық діни жүйелерінің ортақтығы
бар: барлығына үлкендер мен ата бабаларды
құрметтеу, отбасыны тыңдау, «әрекетсіздік»
идеясы, шындыққа сырттан қарау қатынасы
тән болды. Адамның тұлға ретінде өзіндік
құндылығы болған жоқ, қоғам «тұлға –
мемлекеттік пен ұжымдық алдында ештеңе
емес» деген принцип бойынша өмір сүрді.
Ежелгі Қытайдың рухани өмірі туралы қазіргі
түсініктер жазба көздерге негізделген.
Б.з. дейінгі XV ғасырда Қытайда 2000 аса иероглифтен
тұратын иероглифтік жазудың дамыған
жүйесі болды, б.з. ІІІ ғасырында олар 18
мыңға жетті. Б.з. дейінгі І мыңжылдықтың
басына жататын «Әндер кітабы» мен «Өзгерістер
кітабы» әдебиеттің ежелгі ескерткіші
болып саналады.
Қытайлар ұзақ уақыт жібекке табиғи бояулармен
жазды, біздің заманымызда тушь пен қағазды
ойлап тапты. Қолданбалы өнер де дамыды:
қола айналарды жасау, нефрит пен сүйекке
ою жасау, керамика, б.з. IV ғ. Қытайдан шет
жерлерге де белгілі болған фарфор ойлап
шығарылды, алуан лакты бұйымдар пайда
болды.
Қытай сәулеті қызықты да ерекше. Ел біртұтас
орталықтандырылған мемлекетке біріккен
уақыт (б.з. дейінгі 221-207 ж.ж.) Ұлы қытай
қабырғасының негізгі бөлігін салумен
есте қалды, ол біздің заманымызға дейін
жартылай сақталып қалды.
Сәулеттегі табыстарға математиканың
дамуы себепкер болды. Б.з. дейінгі V ғасырда
қытайлықтар тікбұрышты үшбұрыштың қасиеттерін
білді. Олар тарихта бірінші рет теріс
сандар ұғымын енгізді, б.з. дейінгі ІІІ
ғасырда магнитті аспап, компостың алғашқы
түрін, су диірменін ойлап тапты, астрономия
дамыды. Олар жылды 12 айға, айды 4 аптаға
бөлді. Б.з. дейінгі V ғ. 800 шыраққа жұлдыздар
гороскопы жасалды, олар аспан күмбезін
28 шоқжұлдызға бөлді. Б.з. дейінгі 28 жылы
қытайлықтар адамзат тарихында бірінші
рет күндегі дақтарды суреттеп берді,
астроном Чжан Хэн әлемдегі алғашқы айналатын
жұлдыз глобусын жасады.
Медицина едәуір табысқа жетті. Б.з. дейінгі
ІІ мыңжылдықта қытайлықтарға екі ондық
музыкалық аспаптар белгілі болды: барабан,
дабыл, сыбызғы, металл қоңыраулар, ішекті
шертпелі аспаптар, үрмелі – бамбуктен,
балшықтан жасалған және басқалар. Б.з.
дейінгі бірінші мыңжылдықта арнайы сарай
маңындағы музыкалық қызмет құрылады,
сонымен мәдениеттің барлық сфералары
реттеуге бағынып, мемлекеттің билігінде
болды.
Ежелгі Үндістан – адамзат өркениетінің
жоғары деңгейдегі мәдениетінің ежелгі
ошақтарының бірі.
Үнді мәдениеті мен ғылымы б.з. дейінгі
IV –IIғ.ғ. – б.з. VІІІ ғ. өркендеді. Осы кезеңде
есептеудің ондық жүйесі, цифрлерді жазу
түрі (кейінірек өзгертілген түрде араб
цифрі деп аталған) жасалды. Квадрат және
куб түбірлерді шығару, “р” санын есептеу
(3.1416…), арифметикалық және геометриялық
прогрессиялар, тригонометрия мен алгебра
негіздері белгілі болған. Астрономдар
жылды 12 айға бөлген, әр айда 30 күннен болған,
жылдар 6 маусымға бөлінді. Әр бес жыл сайын
13-інші ай қосылып отырды. Жер шарының
әр алуан ендіктерінде күн мен түн ұзақтығының
айырмашылығы белгілі болды. Ежелгі үнді
астрономдары Жердің шар тәрізді екендігін
білді, оның өз осінің бойымен айналатындығын
болжады. Химияны білу қышқылдар, бояулар,
дәрілер, иіс су, цемент, тұздар жасауға,
металдарды білу сынаптан күрделі аппараттар
дайындауға мүмкіндік берді.
Б.з. дейінгі ІІ мыңжылдықтың аяғы - І мыңжылдықтың
басынан бізге ежелгі үнді діни әдебиеті
–Веда ескерткіштері жеткен. Шамамен
б.з. дейінгі 800 жылы пайда болған упанишадтар
индоарийцтердің діни түсініктерінің
дамуында келесі қадам болып табылады.
Эпикалық әдебиеттің негізгі ескерткіштері
“Махабхарата” мен “Рамаяна” болды,
олар б.з. бірінші ғасырларында санскритте
жазылған, бірақ олар б.з. дейінгі IV ғасырда
пайда болған.
Үндістанның ежелгі тарихының көптеген
құпиясы ашылмаған. Алайда б.з. дейінгі
ІІ мыңжылдықта шыққан ескі әдебиет көздерінде
құл иелену қатынастарының дамуы туралы
айтылады. Үндістанның б.з. дейінгі VI ғасырдағы
қоғамдық-мемлекеттік құрылысын бейнелейтін
«Ману заңдарында» қоғамдық еңбек бөлінісі,
билеу мен бағынышты болу қатынастары
жазылған.
Әлеуметтік шығу тегімен және сипатымен
ескерілген ежелгі үнді қоғамын қатты
дифференциация тұйық қоғамдық топтарды
қалыптастырумен аяқталды: сословиелер
бойынша – варналар (брахмандар, кшатрийлер,
вайшьилер, шудралар), кәсіптік қызметі
бойынша – касталар (олар 3,5 мың). Брахмандар
атақты абыздар руының өкілдері болды,
олар құдайлармен байланыс жасап, мемлекетті
басқарды. Кшатрийлер деп әскери ақсүйектердің
өкілдерін атаған. Қос варна қоғамның
пұрсатты тобын құрады. Еңбекші халық
вайшьилер мен шудралар варнасына кірді.
Вайшьилер шаруашылық қызметпен шұғылданды:
егіншілікпен, қолөнермен, саудамен. Шудралардың
үлесі – басқа касталардың мүшелеріне
қалтықсыз қызмет ету. Олар құқықсыз болды
және жеке меншігі болған жоқ.
Дін қоғамдық теңсіздікті ақтау үшін пайдаланылды.
Құдайлар иерархиясы қаланды. Олардың
ішінде жоғарғылары – Брахма (Ғаламды
жасаушы), Вишну (оны сақтаушы), Шива (оны
бұзушы).
Б.з. дейінгі VI ғ. дамыған құл иеленуші
қоғамның идеологиясы буддизм болады.
Оның негізін қалаушы – Будда б.з. дейінгі
563 ж. туды. Ол Шакья-Муни патша руынан шыққан
ханзада болды, оның шын аты – Сиддхартха
Гаутама. Гаутама өз ілімінің мәнін төрт
игілікті шындықта айтқан. 1. Өмір мәні
қайғы-қасірет көру. 2. Қайғы-қасірет көру
себебі, көзі - өмір сүруді көксеу: ләззат
алуды, билік жүргізуді көксеу, тілек тілеу,
құштарлық. 3. Қайғы-қасіреттен құтылу
үшін тілек пен құштарлықты түп тамырымен
жұлып алып, одан құтылу керек. 4. Ол үшін
алдымен көзін ашатын, одан соң нирванаға
әкелетін сегіз сатыдан тұратын өзін-өзі
қайта құру жолы бар. Нирвана – бұл ішкі
күй, онда барлық сезім мен құштарлық жоғалып,
онымен бірге адамға ашылатын әлем есігі
де жабылады. «Нирвана» сөзі «сөну», «өшу»
деген мағынаны береді. Іштен сөну адамды
қайғы-қасірет шегуші «меннен» және барлық
тірі жандарды жаңа өзгерістерге тартатын
өмірге құштарлықтан босатады. Сонымен
карма билігі үзіліп, данышпан абсолютті
тыныштықтың шат-шадыман бос кеңістігінде
соңына дейін жоғалып кетеді. Көзін ашу
- өмірмен кез-келген байланысты толық
үзетін соңғы нирвананың бастауы. Түсінбеген
бақылаушы үшін нирванаға жету болмыстың
жоқтығы, өлім ретінде (шат-шадыман өлім
болса да) қабылданады. Алайда нирванаға
кірушінің көзқарасы жағынан – бұл күйде
өмір мен өлім, «мен» және «мен еместің»,
жақсылық пен зұлымдықтың арасында айырмашылық
жоқ, тек осындай ішкі көзқарас қана буддист
үшін мәні бар.
Буддизмнің универсальдығы мен иілімділігі
оның әлемге алуан бағыттарда тарауына
мүмкіндік берді (ламаизм, дзен-буддизм,
тантризм және т.б.). Буддизмнің Батыста
ізбасарлары аз емес: кейде адамдар бөтен
мәдениет жолдарында өзінің рухани проблемаларын
жеңіл шешуге болады деген үмітте болады.
Қытай – көне тарихтың, мәдениеттің,
философияның елі мен жері. Мамандар
Қытай өркениетінің басталуын ся
дәуіріне, яғни б.д.д. III – II мыңжылдықтың
саясына жатқызады. Б.д.д. XVII-XIIғ.ғ. Шан-Инь
мемлекетінде қола мәдениеті дамиды, шаруашылықтың
құлдық қоғамдық түрі жетілді. Шан-Инь
дәуірінде Қытайда алғаш жазу пайда болған.
Ежелгі Қытай тілінің грамматикасы қалыптаса
бастаған. Шан-Инь қоғамының саяси билігі
ван топтары арқылы жүргізілді. Ван шаруашылық
мәселесіне де, әскери, діни билікте де
ең жоғарғы басшы болды. Ванның билігін
шандықтар дәріптеп, оны тәңірге теңеген.
«Шан-ди» деген титулға ие болған ван өзін
«Мен-адамдардың арасындағы ерекше жаратылыспын.
Жалғызбын» деп жариялады. Шан — жер кіндігінің
Ұлы қаласы, Қытай — жердің Ұлы орталығы
деген уағыздар таралды.
Өте көне дәуірде, аспан мен жер де болмаған
заманда, әлем түрсіз хаосқа ұқсаған. Сол
түрсіз тұңғиықта, делінген мифте, екі
рух (немесе екі құдай) – инь және ян пайда
болды да, дүниені реттейді. Кейіннен ян
рухы аспанды, инь рухы жерді басқаратын
болды.
Ян – еркек бастамасы, күн нұрындай жарық,
ашық бекем және күшті. Ян жалпы жағымды
нәрсенің бастамасы.
Инь - әйел бастамасы, аймен байланысты,
сондықтан көлеңкелі, күңгірт және әлсіз.
Екі бастама өзара байланыста болған,
сол үйлесімділіктің нәтижесінен күллі
мәнді нәрселер туындайды. Дүниеге деген
осы қосжақты көзқарас кейінгі чжоу дәуіріндегі
философиялық тексте усин бағдарламасымен
толықтырылды. Усин бағдарламасы бес алғашқы
элементтердің немесе бес субстанцияның
– оттың – судың – жердің – металдың
- ағаштың өзара байланысымен өзара алмасуына
негізделеді, соған сүйенеді.
Қытайдың көне текстері – философиялық
толғаныстың шежіресіндей. Көне текстерде
«Өзгерістер кітабында» («И цзин»), «Өлеңдер
кітабында» (Ши цзин»), «Тарих кітабында»
(Шу цзин») және т.б. ертедегі мифтер мен
рухани қайнар көздерге толы шығармалар
болып табылады.
Көне Қытай философиясындағы негізі
мектептер
Конфуцийшілдік – адамды әлеуметтік өмірдің
өзекті мәселесі деп қарастыраты ежелгі
философиялық мектеп.
Конфуций (Кун- Фу-Цзы) – б.з.д. 551-479 жылдары
өмір сүрген. Оның негізгі шығармасы –
«Лун Юй» - «Сұхбаттар мен пікірлер», ол
6 кітаптан тұрады. Ескіні елеп, жаңаға
жақындау - қытайдың көне дәстүрі. Ескіні
дәріптеу конфуций дәуірінде өзіндік
мақсатқа айналады. Конфуций ілімінің
түп тамыры адам және қоғам мәселесіне
тіреледі.
Адам табиғаты Конфуций философиясында
басты мәселелердің қатарына жатады. «Аспан
адамға нені сыйласа, ол адамның табиғатын
құрайды». Табиғат — адамның алғашқы қасиеті.
Адам өмірге немен келсе, сол бастама оның
табиғатын құрайды.
Бірақ адамның табиғатын тек табиғатпен
салыстыру шеңберінде анықталынбайды.
Адам мәнісі - табиғилықтан тыс, әлеуметтік
- мәдени жетістік. «Адамның бәрі де байлық
пен беделге ұмтылады. Адамның бәрі де
кедейлік пен жамандықты жек көреді» —
дейді ұлы Ұстаз. Екі қасиет те адамның
табиғатына тән ерекшелік. Адамға үнемі
тыныштық бермейтін төрт ұмтылысты Конфуций
тізіп өтеді. Олар — жасын ұзартпақ, даңққа
ұмтылған, қоғамда орнын таппақ, байлыққа
деген ұмтылыс. Осы атақты нәрсеге жеткендер,
рухтан тартынады, күштен сескенеді, адамнан
қорқады, жазадан қауіптенеді. Бәрінен
жоғары тұрған қасиет – «адамды сүйе білушілік»
(жэнь). Ұлы Ұстаз адамды сүйе білудің жолы
мен жөнін (дао) талдайды. Дао Конфуций
үшін адамды шынайы жолға салатын, адамға
оң ықпал ете отырып, оны басқаруға кажетті
бүкіл идеялардың, амал-әрекет пен қағидалардың
жиьнтығы. Адамның табиғатын үш тұрғыдан
саралайды: қайырымды ер (цзюнь-цзы), шағын
адам (сяо-жэнь), адамсүйгіштік (жэнь). Адамсүйгіштік-тің
мәнісі - өз олқылығын жеңіп, сөзі мен іс-әрекетінде
дұрыс жолға түсуде. Даоның осы идеясы
«вэнь» термині арқылы жеткізіледі. Түптеп
келгенде «вэнь» - сөз бен білімділік арқылы
жеткізуге болатын рухани мәдениет. «Вэньге»
ниет қойған адам күнделікті өмірде көптеген
қиыншылыққа ұшырайды. Асыл да ақылды
жандарға жалған мен жаман ортада тіршілік
жасау жеңіл болмайды. Бірақ ұлысты ұстаз
болу үшін, дейді Конфуций мына қасиеттерді
игеру шарт: 1) өзінше ұстаздыққа жету;
2) ұстаздыққа ылайық биязы болу; 3) ұстаздыққа
іштей бейімділігі; 4) адамдармен тіл табыса
білуі; 5) өз өсиетіне берік болуы; 6) өз
уәжінде тұру; 7) ұстаздың даралығы; 8) ұстаздың
еркін тәуелсіздігі; 9) жұмыстағы мінез
- құлықтың ұстамдылығы; 10) ұстаз ниетінің
адалдығы; 11) ұстаз жанының мейірімділігі;
12) ұстаздың ақылдыны айқындап, таланттыны
қолдай білуі; 13) жолдасқа деген сенімділігі;
14) ұстаздық талапты орындауы; 15) ұстаздың
қарым-қатынастағы тартымдылығы; 16) ұстаздың
құрметтеуі және төзімділігі.
Даосизм - қоршаған дүниенің құрылымы
мен тіршілігінің негізін түсіндіру және
адам, табиғат пен ғарыштың игілікке апаратын
жолын табу мәселесін қарастырады.
Даосизмнің негізін б.з.д. VI ғ. соңы - б.з.д.
V ғ. басында өмір сүрген Лао Цзы (Қарт ұстаз)
салды. Даосизмнің қайнар көзі - «Дао-Дэ-
цзин» деп аталатын философиялық трактатта
көрсетілген. «Дао» - «жол, алғашқы бастама,
алғашқы түпнегіз» деген мағынаны білдіреді.
Дао-заттардың табиғи өсу, өнуімен бірге,
әлемнің негізін құрайды. Бүкіл әлем Дао
заңына бағынады. Даосизм философиясының
негізгі мәселесі - ұлы Дао туралы, жалпылама
Заң және Абсолют туралы ілім. Даоны ешкім
жасаған жоқ, бірақ бәрі де содан тараған.
Дао барлық жерде, әрқашан, әр уақытта,
шексіз өз үстемдігін жүргізеді. Оны сезім
арқылы көруге, естуге болмайды. Дао табиғаттың,
қоғамның, адам мінезі мен ойының табиғи,
бірақ көрінбейтін заңы. Оның бастамасы
да, аяғы да жоқ. Сондықтан ол атаусыз.
Ол уақыт пен кеңістіктен тәуелсіз, солай
бола тұра, жарық дүниедегі барлық нәрсенің
негізі мен бастамасы, аты мен түрі. Дао
сансыз заттарды жасаса да, әрекетсіз
күйін сақтайды; бос қуыс сияқты, бірақ
мәңгі, таусылмайды, оларды әруақытта
реттейді.
Ұлы аспанда Даоның ықпалында. Өмірдің
мәні де, мақсаты да, оны танып білу, соның
тәртібіне еру, сонымен жарасу. Даоны тану
дегеніміз табиғаттың заңын ұғыну және
сол тәртіпке үйлесе білу.
Легизм – (латынша заң дегенді білдіреді)
– фацзя мектебінің заң туралы ілімі,
ерте қытайдағы саяси-этикалық ілім, адамды,
қоғамды және мемлекетті басқару туралы
көзқарастар. Легизм Чжоу династиясының
билігі ыдырай бастағанда қалыптасады.
Легизмнің көрнекті өкілдері – Гуань
Чжун (б.д.д. 645), Шан Ян (б.д.д. 390-338), Хань
Фэй цзы (280-233 шамасы). Легистер байырғы
рулық қатынастарды, оның тірегі – ақсүйектік
тұқым қуалаушылықты сынады. Олар елді
басқарудың рулық дәстүрі мен рәсімдерін
қабылдамады. Осыған орай бастапқы Конфуций
ілімімен тай-таласта қалыптасты. Конфуцийдың
этикалық талаптарын «ойын» сөзге жатқызды.
Конфуций басқару идеясын жэнь және ли
принципіне сүйеніп жалғастырса, легистер
оның орнына заңға (фа) сүйенген мемлекеттік
реформаны жасады, басқару теориясын ұсынды.
ГуаньЧжун: «Заңдар – халықтың әкесі де,
шешесі де... Билеуші мен шонжар да, мәртебелі
мен төменгілер де, байлар мен кедейлер
де – бәрі де заңға бағыну керек.
Батыс және орталық Еуропа мәдениеті тарихындағы орта ғасырлық мәдениеттен жаңа заман мәдениетіне өту дәуірі екі ұлы мәдени қозғалысты — Қайта жаңғыру дәуірі мен Реформацияны қамтиды. «Ренессанс» деген атпен белгілі болған Қайта жаңғыру дәуірі ақсүйектік сипатта болса, ал Реформация қозғалысы — діни бағытта жүзеге асырылды. Қайта жаңғыру идеялары бұқара халықтың арасынан гөрі, қоғамның үстемдік етуші таптарының арасында кеңінен тараса, ал Реформация идеялары бүкіл халық тарапынан кең қолдау тапты. Қайта жаңғыру дәуірі мен Реформацияның өзара қарым-қатынастары әрі күрделі, әрі бір қалыпты емес, бірақ соған қарамастан бұл мәдени төңкерістер жаңа заманның жаршысы, адамзат баласының мәдениет саласындағы жарқын кезеңдерінің бірі болды.
Қайта жаңғыру мәдениеті (Ренессанс) деп аталатын алғашқы буржуазиялық мәдениет — XIV ғ. аяғында XV ғ. басында Еуропада, оның ішінде Италияда қалыптасты. Бұл мәдедіни төңкеріс Венециядан басталып, бүкіл Италияны қамтыды. Қайта жаңғыру дәуірін Еуропаның көптеген мемлекеттері, атап айтқанда: Франция, Испания, Нидерланды, Польша, Чехия, Венгрия, Англия, Балқан елдері жөне т.б. бастарынан кешірді. Бұл кезеңде итальян қоғамы Грекия мен Римнің көне мәдениетіне ерекше мән беріп, көне мөдени мұраларды жаңғыртумен қызу айналыса бастады. Түңғыш рет Еуропа діни идеялар негізінде емес, жалпы адамзаттық гуманистік идеялар рухында бірігуге мүмкіндік алды. Бұл дәуір адамзат тарихындағы сыңдарлы заман болды. Еуропа бастан кешірген бұл өтпелі кезең - қоғамдық-саяси және мәдени өмірде елеулі орын алды.