Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 17:08, реферат
Қоғамның әлеуметтік, саяси, экономикалық-мәдени өмірінде болып жатқан
өзгерістермен бірге, оның әрбір даму кезеңіне лайық қазақ тілін үйрету сапасын
арттырып отыру мәселесі мемлекеттік тілді оқытатын мамандардың жадынан
әсте шықпақ емес. Бүгінгі нарық заманында көптеген шетелдермен қарым-
қатынас жасап, біріккен өнеркәсіптердің құрылуы мемлекеттік тілдің де
Кәсіби тілдік қатынас құзіреттілігін қалыптастыру
Қоғамның әлеуметтік, саяси, экономикалық-мәдени өмірінде болып жатқан
өзгерістермен бірге, оның әрбір даму кезеңіне лайық қазақ тілін үйрету сапасын
арттырып отыру мәселесі мемлекеттік тілді оқытатын мамандардың жадынан
әсте шықпақ емес. Бүгінгі нарық заманында көптеген шетелдермен қарым-
қатынас жасап, біріккен өнеркәсіптердің құрылуы мемлекеттік тілдің де
жандануына әсерін тигізіп отыр. Қазақ елінде өмір сүріп жүрген әр ұлт
өкілдерінің өздері мекендеген елдің тілін қадірлеуі, меңгеруі мемлекеттік тіл
дәрежесінің өркендеуіне зор ықпалын тигізері сөзсіз.
Тіл сөйлеу кезінде адамзат қоғамының қарым-қатынас құралына айналды.
«Тіл қарым-қатынас құралы. Сондықтан оған тән белгілерді сөйлем
шекарасынан шығып, тыңдаушы, сөйлеуші жағдай, стиль сияқты уәждемелерді
қамти отырып, анықтауға болады» (1,24). Адамдар бірі-бірімен қарым-қатынас
жасау, тіл арқылы түсінісіп, ой-пікірлерін жеткізе білуі арқылы қатынасқа
түседі. Адам белгілі бір ортаға кіріп өмірдегі болып жатқан құбылыстар мен
әлеуметтік жағдайлар жөнінде өз пікірін, көзқарасын ортаға салу арқылы жеке
адамның сөйлеу әрекетін қалыптастырады.
Сөйлеу барысында адамдардың бірі тыңдаушы екіншісі баяндаушы рөлін
атқарады. Белгілі бір хабарды бір-біріне жеткізеді, дәлелдейді, ұсыныс
жасайды, қабылдайды, сұрақ қояды, әртүрлі әрекетке қатысты өз бағалаларын
береді.Тілдесім арқылы кәсіби бағытта мағлұмат алып, бір-бірімен тілдік
қатынасқа түседі. «Тілдің қарым-қатынас құралы қызметін жүзеге асыруға
қатысы бар барлық белгілер тіл білімінің құзіретіне кіреді»-дейді ғалым
С.С.Кибрик (2,3).
«Тілдік қатынас дегеніміз тіл арқылы байланыс, сөйлеу тілі арқылы
адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы; қоғамдық, ұлттық тіл арқылы
ұғынысуы, түсінісуі; яғни адамзаттың тіл арқылы қатынасқа түсуі тілдік
қатынас дегенді білдіреді» деп көрсетеді ғалым Ф.Ш.Оразбаева (3,7). Одан
білетініміз адамзаттың сөйлеу құралы адамның тілі, тілдік қатынас құралы
деген қоғамдық-әлеуметтік ұғым. Ал тілдік қатынасқа түсіп отырған адам
сөйлесім әрекетін құрайды. Біз қарастырып отырған жағдайда сөйлесім әрекеті
студенттердің арасында белгілі бір бағытқа қатысты болады.Техникалық
жоғары оқу орындарында көптеген мамандық саласына бағыттап тілді оқыту
үрдісі орын алған. Сондықтан мемлекеттік тілді оқытуда әр топтың ерекшелігі
ерекше. Себебі әр студент өз саласы бойынша кәсіби бағдарлы білім алады.
Мамандығына сай сөйлеуге, тілдесуге бір-бірімен ойын ашық жеткізуге 2
үйренеді. Қоғамда болып жатқан барлық жаңалықтардар хабардан болып, өзара
пікір таластыра алатын дәрежеге жетеді.
Қазақ тілін жоғары оқу орындарында үйретуде тілдің қатынас құралы
ретінде құзіреттілігін арттыру керек. Ол үшін тілді кәсіби бағытта
оқытатындықтан әр топтың ерекшелігіне қарай мәтіндерді, тапсырмаларды
ыңғайлап беру керек. Ол тапсырмалар студентті тілдік қатынасқа түсіріп қана
қоймай, оның ой-өрісін кеңейтіп, өмірге көзқарасына жағымды әсер етуі тиіс.
Бұл оқытушының алдында тұрған басты міндеттердің бірі.
Оқытушының оқу материалдарын бағдарламаға сүйене отырып,
шеберлікпен таңдап алуы және жобалауы, материалдың күрделілігін бағалауы
және оны нақты мақсатта, демек, белгілі бір мамандыққа сәйкес бейімдеуі
арқылы бекітіледі. Әр оқытушының ұйымдастырушылық шеберлігінің ең
жоғары деңгейде болуы және уақытты меңгеру шеберлігін өзінің жеке
белсенділігі мен студенттердің белсенділігін дұрыс құра білуінде байқалады.
Еліміздің экономикасына қомақты үлесін қосып отырған мұнай-газ
өнеркәсібі саласында еңбек етуге құштар жастар көп. Ондай мамандыққа
инженер-мұнайшылар дайындайтын жоғары оқу орнының бірі Қ.И.Сәтбаев
атындағы ұлттық техникалық университет. Бұл салада білім алып, маман
болуға құштар болып отырған студенттердің мемлекеттік тілді кәсіби бағытта
үйренуіне де ынтасы зор.
Мұнай-газ
мамандығында оқитын
әдістемелік кешені жасалды. Ол университеттің типтік бағдарламасына сай
кредиттік жүйеге лайық орындалды.
Осыған орай, кәсіби қазақ тілін коммуникативтік-танымдық бағытта үйрету
ерекше маңызды орын алады. Техникалық жоғары оқу орындарының
студенттеріне тілді қатысымдық тұрғыдан оның болашақ мамандығына
сәйкестендіріп оқыта отырып, танымдық белсенділігін арттыру шарт.
Коммуникативтік-танымдық бағыт дегенде студенттің сөйлем құрастырғандағы
білімін, сөздік қорын, кәсіби тілдегі қарым-қатынас құзіреттілігін
қалыптастыру керек. Бұл дегеніміз болашақ мамандардың кәсіби білім
деңгейінің жоғары болуы қажеттілігінен шығады.
Студенттің өз мамандығына сай тілді меңгеруінің нәтижелі болуы
танымдық белсенділігіне байланысты. Ол үшін оқытушы әр студентке кәсіби
бағытта орындалатын материалдарды көптеп дайындату қажет. Оқылым,
жазылым, тыңдалым, тілдесім әрекеттері студенттің кәсіби қатынастық
құзіреттілігін қалыптастыруда зор ықпал етеді. Өз мамандығына лайық
берілген тапсырмалар мен мәтіндер арқылы көптеген ақпараттар алады. Олар
тек ақпарат алып қоймайды, жазып үйренеді, жаңа сөздерді меңгереді, бір-
бірімен тілдесе алады. Кәсіби бағыттағы тілдік қарым-қатынас орнайды. Ол
студенттердің өз мамандығына лайықты тілді үйренуіне деген қызығушылығын
арттырады.
Тілді кәсіби бағытта үйретуде студенттің дағдысы мен біліктілігін
дамытып, тілдік қарым-қатынасқа еркін түсуі арналған жұмыс түрлерін беруге
болады. Мысалы, мәтін, Мұнай мен газ көздерінің пайда болуы
Мұнай грек халқының “Нафта” деген сөзінен шыққан. “Нафта”- жарып
шығарлық қасиеті бар деген мағынаны білдіреді. Кейбір ойпаттарда жер 3
қойнауын жарып шығып атқылап, кейде бұлақ болып ағып жататын “қара
май” немесе үзілмес от болып жанып тұратын таңғажайып жаратылыс
құбылыстары халыққа әр заманда “құдірет күші” деп танылды.
Византия мемлекетінің жауынгерлері өздерінің дұшпандарына қарсы
соғыстарда тарқатылған кендірді (пакля) ағаш басына орап, оны мұнайға
малып алып тұтатып, жау кемелеріне лақтыру арқылы жеңіске жетіп
отырған. Бұл оқиға “Грек оты” деген атпен қалды.
Информация о работе Кәсіби тілдік қатынас құзіреттілігін қалыптастыру