Әлеуметтік қауіптер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 07:55, реферат

Описание

Соңғы кезде елімізде секталардың арбауына түсіп, отбасынан айырылып, өмірмен ерте қоштасып жатқан жандар саны күрт өсуде. Қазақстандағы аталмыш ағымдардың дәстүрлі емес болып аталатын себебі, олардың мемлекет аумағында пайда болғанына ұзақ уақыт бола қойған жоқ және оларда дәстүрлі конфессияларға тән емес белгілер жеткілікті.

Работа состоит из  1 файл

Әлеуметтік қауіптер.docx

— 140.23 Кб (Скачать документ)

Әлеуметтік қауіптер.

Қазақстандағы қауіпті  секталар!!!


 

Соңғы кезде елімізде секталардың  арбауына түсіп, отбасынан айырылып, өмірмен ерте қоштасып жатқан жандар саны күрт өсуде. Қазақстандағы аталмыш ағымдардың дәстүрлі емес болып аталатын себебі, олардың мемлекет аумағында пайда болғанына ұзақ уақыт бола қойған жоқ және оларда дәстүрлі конфессияларға тән емес белгілер жеткілікті. Олар: 
 

 

«Бахаи» – Ирак пен Иранда ХІХ ғасырдың ортасында пайда болған, заманауи космополитикалық дін. Бахаизм ілімі мұсылмандық баббиттер тайпасының негізінде пайда болған. Іс жүзінде ислам мен бахаизм арасындағы алшақтықтың көп екендігі соншалық, «Бахаи» өз қауымдастығын жеке-дара ілім, әлемдегі ең ақиқи дін ретінде санайды. Барлық дәстүрлі емес культтер сияқты, «Бахаиге» де Батыс пен Шығыстың діни дәстүрлерін синтездеуге ұмтылыс сипаты тән. Сектаның символы тоғыз көрнекті діни ұйымды біріктіретін, тоғыз шолақты жұлдыз бейнеленген логотип болып табылады. 
 Елімізде «Бахаи» ағымындағы 3 культтік ғибадатхана, 19 діни бірлестік тіркелген. Оған құлшылық етушілердің саны шамамен Қазақстан бойынша 600 діндарды құрайды.

 
  «Иегова куәгерлері» – 1876 жылы АҚШ-та Чарльз Рассел негізін қалаған діни ағым. «Иегова куәгерлері» – протестанттық ілімнің бірі. Олар Кресті христиандықтың символы ретінде жоққа шығарады. Аталған конфессия Христі Құдай ретінде санамайды, оны Құдайдың ұлы деп таниды. Куәгерлер құдайдың дұрыс аты – Иегова, ол өзін осылай атаған деп, сол себепті оның ізбасарлары Құдай ретінде соған құлшылық етеді. Куәгерлердің айтуы бойынша, адам мәңгілік өмірге «Иегова куәгерлері» қауымдастығына кіру арқылы ғана ие болады.

  «Иегова куәгерлері» әскерде қызмет етуге қарсы. Иконаға, крестке және статуяларға тағзым етпейді, сондай-ақ қандай да бір халықты рухтандыратын мемлекеттік әнұрандардың орындалуын, туларды идолға табынудың жабық түрі санап, құрмет көрсетуді қажет деп есептемейді. Рождествоны, туған күндер мен басқа да мерекелерді атап өтпейді. 
«Иегова куәгерлері» ізбасарларының арасында әскери қызметін өтеуден бас тарту және бой тасалау фактілері де кездеседі.  
 Қазақстанда өткен жылғы есеп бойынша «Иегова куәгерлерінің» 76 қауымдастығы қызмет етеді. Олардың күрт өсуіне, Польша, Ресей мен Ұлыбританиядан келген миссионерлер ықпал етуде. Тек облыстардың, Алматы және Астана қалалық әділет департаменттерінің ресми деректері бойынша «Иегова куәгерлері» ізбасарларының саны 6000-нан асады. 
 

  «Кришнаны тану қоғамы» да дәстүрлі емес діни бірлестіктердің қатарына жатады. Басты қасиетті кітаптары «Бхават – Гита» және «Шримад – Бхагаватам» болып табылады. Ұйымда рухани өмірдің төрт кезеңі айқындалады: шәкірттік, отбасылық өмір, отбасылық өмірден тысқары, жарық дүниеден толықтай қол үзу. Бұл кезеңдер діндарлардың құлқына деген талаптарды айқындайды. Ерлі-зайыпты жұптар қызметшілер-тәлімгерлер тарапынан іріктеледі. Тәлімгерлер діндарлар монахтық өмірге қабілетті емес деп шешкенде ғана, некеге тұруына болады. Діндарлар ұдайы Кришна құдайының атын қосып храмдарда – ашрамдарда өтетін жиында құдайға құлшылық жасау керек. Құдайға құлшылық етудің ажырамас бөлігі прасадты (вегетариандық тұрғыда әзірленген тағам, алтарьдің қасына қоюға арналған) жеу болып табылады. Культтік дәстүрлер Қасиетті есімдерді           Кришна – санкританды таңертеңгілік және кешкі бірге шырқаудан тұрады. 
Қазіргі уақытта Олар жер мәселесі бойынша созылған жанжалдың нақты себептеріне жүгінбей, жағдайды жергілікті билік органдары тарапынан діни себептер бойынша қудалау және Қарасай ауданынан қауымдастықты мақсатты түрде аластату мағынасында көрсеткісі келеді.

 
  «Саентология шіркеуі» АҚШ-та 1954 жылы пайда болды. Негізін қалаушы – жазушы-фантаст Лафайет Рональд Хаббард. Өзінің діни ілімі бо-йынша саентология буддизм мен Хаббардтың жеке бақылауларының қосындысынан құралған.

Л.Р.Хаббард шығармаларының негізгі құрайтын бірінші кезекте «Дианетика»: жан саулығының заманауи ілімі», сондай-ақ, индуистік және буддистік мәтіндер болып саналады. Дианетика саентологтар тарапынан ақыл-ой туралы, жан саулығы туралы, зиянды әдеттер мен мінезден арылу технологиясы туралы ілім болып табылады. Хаббардтың айтуы бойынша, ол кез келген адамды аурудың барлық түрінен емдеуге мүмкіндігі бар. 
«Саентология шіркеуі» өзінің көптеген филиалдары арқылы экономикалық, саяси және қоғамда әлеуметтік ықпалға ие болуға ұмтылады. Саентология шіркеуінің басқа конфессиялардан өзекті ерекшелігі, ол тарапынан ұсынылған ресімдер мен әдіснаманың барлығы ақылы негізде. Әрбір курстың бағасы қомақты. Алғашқы кезде жаңадан келгендер үшін міндетті «Адам мүмкіндігінің оксфордттық тесті» ғана тегін өтеді (200 сауалдан тұратын сауалнама). Саентологиялық ресімдердің бағасы өңірге қарай, жергілікті халықтың төлем қабілетіне және басқа да жағдайларға қарай әртүрлі болып келеді. Ресімге алған төлемақы шіркеуге көмек ретіндегі мүшелік жарна, қайырмалдық деп аталады. Яғни, белгілі бір діни қызметке қатысты «ақша алуға құқығы бар» деген тәрізді. Егерде ақша төлемесеңіз, дін ретінде саентологияны игеру мүмкін емес.

Бүгінде «Саентология шіркеуі» ізбасарларының саны шамамен 5 000-ға жуықтайды. Саентологтардың өздерінің айтуы бойынша бүгінде 30 000-ға жуық қазақстандық саентологиямен танысып және оны өз өмірінде қолданады екен.

 
  «Ахмадие жамағаты». Ол 1889 жылы Үндістанда Кадианнан шыққан Хазрат Мырза Гулмом Ахмад тарапынан құрылған. Қауымдастық атауын Мухаммедтің екінші аты – Ахмедпен байланыстырады. Мұсылман-ахмадиеліктер өздерін ақиқи исламды қалпына келтірушілерміз деп санайды (Пәкістанда ахмадиеліктерге мұсылманбыз деп айтуға тыйым салынған). 
«Ахмадие» орталығы Лондонда орналасқан. Ахмадиелік қозғалыс Еуропа және ТМД елдері және Азияда барлығы шамамен 12 миллион адамды қамтиды. Олар Англияда, Германияда, Голландияда, Испанияда, Австралияда және басқа да мемлекеттерде 12 мыңнан аса мешіт тұрғызған. 
Қазақстанда «Ахмадие» қауымдастығы пәкіс-тандық пірадарлардың ықпалымен 1994 жылы Алматыда пайда болды. Қауымдастықтың толық атауы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Ахмадиелік мұсылман жамағаты». 
2008 жылдың 1 қаңтарына Қазақстанда 4 Ахмедиелік жамағат діни бірлестігі (Алматы облысы, Шығыс Қазақстан, Алматы және Шымкент қалалары) қызмет етеді. 
 «Алля-Аят» (Фархатшылар) культтік-мистикалық діни ағым. Ағымның негізін қалаушы – өзін құдай және «Жаратушы» деп жариялаған Алматы облысы Шонжы кентінің тұрғыны Фархат Абдуллаев. Ол қайтыс болғаннан кейін емдеу насихатымен оның зайыбы Нина (Қасиетті Нина, Нина Ана) айналысады. Бұл ағымның өкілдері дәстүрлі діндерді мойындамайды. Емдеу курсы Фархат атаның энергиясына қосылу арқылы басталады. Яғни, «Өмір формуласы» – «Алля Нина Ана Жаратушы Фархад ата, алля аят 37406810, алля Лязат Селеной, алля уйгур аят алля», мұнда «алля» – сәби (ұйғырша), «Селенная» – өмірге бастайды, сақтандырады, «Фархат ата» – Абдуллаевтың өзі, «Нина ана» – Фархаттың әйелі. Цифрлары: «37» – Фархаттың туған жылы, «40» – әйелінің туған жылы, олардың «6» баласы, отбасында – «8» адам, «10» – Жаратушының күші, «1» – оның өзі, «0» – күн.

Әрі қарай аталған формуланы  қайталай отырып, күн сайын көп  мәрте күн көзіне 3 минут бойы қарап тұру керек. Сондай-ақ, «емдік эткен шай» (тұз қосылған қарапайым шай) және «Звезда Селенной» (Новосибирск қаласында басылады, бағасы 300 бен 600 теңге аралығында) журналын оқу керек. 
Қозғалыс мүшелері «Алля-Аят» ағымының негізін қалаушы Ф.Абдуллаевтың тұлғасын пір тұтып, «Фархат Ата» деп атайды. Осылайша, «фархатшылар» қозғалысы Ф.Абдуллаевты құдай деңгейінде көреді, сондай-ақ оның зайыбы Нинаны қасиеттілер қатарына қосады.

  2000 жылдан бастап тек қана Солтүстік Қазақстан облысында «Алля Аят» әдістемесі бойынша «емдеумен» байланысты адамдар қайтыс болған екі факті тіркелген. Петропавл қаласының тұрғыны М.В.В. (1-ші типтегі қант диабетімен ауырады, инсулинге тәуелді) ағым мүшелерінің ықпалымен инсулин қабылдаудан бас тартқан, ақыр аяғында үш күннен кейін қайтыс болған. 
 Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасы бойынша құрылған мемлекеттік органдардың ведомствоаралық комиссиясы Алматы облысы Шонжы кентіне барып «Алля Аят» қызметін зерттеу барысында оның қызметін ел азаматтарының өміріне және еркіндігіне қатер төндіреді деп тану туралы ұсыныс жасады.

 
  «Ата жолы» (басқаша атауы «Ақ жол»). «Ақ жол» ұйым ретінде өзінің қызметін 1997 жылдың ақпанынан бастады. Ол кейінірек «Ата жолы» атауын алып, 2001 жылы Алматы қаласында коммерциялық ұйым ретінде (ЖШС) тіркеуден өтті. Ұйымдастырушысы – Қыдырәлі Тарыбаев. Қазақстан бойынша көптеген шәкірттері, рухани-танымдық «Ата жол» журналы, «Ата жолы әліппесі» брошюрасы және басқа да баспа өнімдері бар. 
Аталған ұйымның негізгі мақсаты белгілі бір сомаға қарапайым адамнан әулие жасау болып табылады. Емдеу курсына Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі әулиелі-әмбиелі жерлерді аралап, балалардың аруағымен сөйлесу кіреді. Адамға әулиелік және емшілік қасиетке ие екендігін және оның адамдарды емдеуге мүмкіндігі бар екендігін сендіріп бағады. Егерде ол аруақтардың айтқанына құлақ аспаса, ол бақытсыздыққа ұшырауы мүмкін дегенді санасына сіңіреді.

Елдің құқық қорғау органдары  «Ата жолы» «Алля Аят» ағымы сияқты ізбасарлардың міндетті қаржылық қорынан  құралатындығын айқындады. Қаржыландыру принциптері «қаржылық пирамидаларға ұқсас», өйткені ағымның әрбір мүшесі құрылымның деңгейін әрі қарай арттыру үшін өзімен бірге жаңа ізбасарларды тартуы тиіс. 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан құрылған сарапшы комиссияның 2008 жылғы 31 шілдедегі №201 бағалауына сәйкес, «Ата жолы»-ның «емін» халықтық медицинаға жатқызу мүмкін емес. Оның қызметінде адамдарды арбау мен санасына әсер ету (бүгінгі адамды өткенімен, бұрынғы бабаларымен байланыстыруға ұмтылыс, адамдардың эмоциялық жағдайын, жан қиналысын және көңіл ауанын пайдалану) жағдайлары кездеседі. «Ата жолына» қатысты даулы фактінің бірі Қостанайдың іргесіндегі мекен тұрғыны 48 жастағы Р.Б.Әлжанның өзіне қол жұмсауы болды. Туыстарының айтуы бойынша, ол «Ата жолы» сектасы қызметінің нәтижесінде уксус ішуге мәжбүр болған. 
Ведомствоаралық комиссия жүргізген «Ата жолы» қызметіне баға беру кезінде оның ізбасарлары негізінен республиканың 9 өңірінде шоғырланғаны белгілі болды. Шығыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл облыстарында, Астана және Алматы қалаларында орналасқан. 
«Шырақ жағу», «ақтық жабу», «бата шығару» сеанстарын өткізу уақытында «Ата жолы» қозғалысы тарапынан «ордаға» жақындарын, балаларын, күйеулері мен әйелдерін тартуға белсенді түрде насихат жүргізіледі.


Информация о работе Әлеуметтік қауіптер