Әлеуметтік жұмыскердің студенттік кезеңдегі өзіндік сана-сазімінің қалыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 16:01, курсовая работа

Описание

Әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша кадрларды дайындау Қазақстанда егемендіктің алғашқы жылдарында қолға алына бастады. Қазірде мемлекетіміздің алдыңғы мақсаттарының бірі – әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы мамандар тапшылығын жою, халықтың көмекке мұқтаж әлеуметтік топтарын мемлекеттік көмек түрлерімен қамсыздандыру, әлеуметтік қолдау және сақтандыру шараларын ұйымдастыру болып табылады.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................3
Әлеуметтік жұмыскерлерді дайындаудың әлемдік үлгілері және
олардың студенттік кезеңдегі өзін-өзі қалыптастыру барысының сипаты
Еуропа елдеріндегі әлеуметтік жұмыскерлерді дайындаудың алғашқы бастамалары және сипаттамасы...........................................................4
Америка елдеріндегі әлеуметтік жұмыс бойынша студенттерді дайындау жүйесі..........................................................................................8
Ресейдегі әлеуметтік жұмыскерлерді оқыту бағдарламаларының құрылымдары мен ерекшеліктері...............................................................9
Әлеуметтік жұмыскерлердің студенттік кезеңнің педагогикалық процесінде кәсіби – жеке дамуы және оқытылатын пәндердің өтілу мақсаты.......................................................................................................14
Студенттік кезеңде әлеуметтік жұмыскерлердің этикалық сапаларды тану арқылы өзіндік сана-сезімін қалыптастыруы.....................18

Әлеуметтік жұмыскерлерді дайындаудың практикасында қолданылатын оқыту технологияларының болашақ маманның өзіндік дамуындағы маңыздылығы
Кредитік оқыту технологиясының әлеуметтік жұмыскерлерді дайындаудағы тиімділігі...........................................................................20
Жаңадан енгізіліп отырған модульдік және инновациялық технологиялардың студенттердің дамуы мен қалыптасуындағы ролі..............................................................................................................22
Оқыту технологияларының қайсысының студенттерге қолайлылығын зерттеу жұмысын жүргізу арқылы анықтау..............................23

Қорытынды.......................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиетттер............................................................................26

Работа состоит из  1 файл

Отарова Шолпан.docx

— 74.00 Кб (Скачать документ)

 Қосымша түрде оқытулар  мемлекеттің қоғамдық өмірінің  белгілі бір көрінісінің тасымалдаушысы  болып табылатын әлеуметтік жұмыс  бойынша мамандардың кәсіби оқыту  жүйесіндегі өзгерістермен таныс  болу керектігін айқындайды. Кәсіби және жоғары білім берудің мемлекеттік стандарттарында әлеуметтік жұмыс бойынша білім алатын мамандарға көптеген талаптар қойылады. Бұл болашақ әлеуметтік жұмыскерді дайындау процесіндегі пәндердің сипатына байланысты. Студенттерге оқытылатын пәндердің теориялық құрылымы болашақ маманның адамдарды, түрлі қоғамдық топтарды (балалар, жасөспірімдер, ересек әйелдер мен ерлер, қарттар) кешенді танып үйренуіне мүмкіндік беретіндей бағытта жасалынады. Сондықтан оқу жоспарына «Әлеуметтану», «Геронтология», «Психология», «Жасерекшелік педагогикасы» енгізіледі. Сонымен бірге пәнаралық сипатқа ие психолого-педагогикалық, экономико-демографиялық, әлеуметтік-құқықтық, медико-әлеуметтік бағыттарды да курстар жүргізілуі тиіс. Осы мақсатта келесі пәндер блогы енгізіледі:

  • «Статистика»
  • «Денсаулықтың медико-әлеуметтік негіздері»
  • «Әлеуметтік демография»
  • «Әлеуметтік экология»
  • «Жастармен әлеуметтік жұмыс»
  • «Отбасымен әлеуметтік жұмыс»

Оқу жоспарының негізін әлеуметтік жұмыскерлердің бойындағы кәсіби және мәдени дағдыла мен білімді қалыптастырушы жалпыкәсіби пәндер құрайды:

    • «Кондуктивті педагогика»
    • «Превентивті педагогика және психология негіздері»
    • «Отбасы тану»
    • «Бос уақыттағы мәдени іс-әрекет»
    • «Виктимология»
    • «Әлеуметтік жұмыс технологиясы»
    • «Әлеуметтік жұмыс мамандығына кіріспе»
    • «Коммуникативті мәдениет»
    • «Педагогикалық психология»
    • « Зерттеу әдістері»
    • «Әлеуметтік жұмыс этикасы»
    • «Әлеуметтік жұмыс теориясы»
    • «Әлеуметтік жұмыс тарихы»
    • «Әлеуметтік қызмет экономикасы»

Әлеуметтік жұмыскер үшін қоғамның әлеуметтік структурасын, саяси құрылымды, билік жүйесін білу маңызды. Сондықтан студенттерге дайындық барысында келесі жалпы гуманитарлық профильді пәндер кешені оқытылады:

  • Философия
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Мәдениеттану

Әлеуметтік жұмыстың басқа  да ғылымдармен арақатынасы, оның пәнаралық  сипатын, сонымен қатар, әлеуметтану, психология, психиатрия, сияқты білімнің аралас жақтарынан айырмашылығын көрсетеді. Мысалы, әлеуметтану қоғамды, спецификалық топтардың – отбасыны, балаларды, еркектерді, әйелдерді, девиантты тәртіптегі және кәрі жастағы тұлғаларды зерттейді. Әлеуметтану аясындағы таным  әлеуметтік қызметкерге әлеуметтік мәселелерді зерттеуге мүмкіндік  береді, сұхбаттасу қасиетін иеленуді қамтамасыз етеді. Мұндай қасиет қандайда бір мәселесі бар адаммен қалай  сөйлесуді, оның ашылуын, сенуін және өзін қауіпсіз сезінуін білуді білдіреді. Әлеуметтік қызметкер ақпаратты жинап және оны талдап, әрі қарай әрекет жоспарын жасайды, ол осылай мәселенің шешілуін қамтамасыз етеді. Осылай, әлеуметтануды  білу, әлеуметтік жұмыс үшін қажет, бірақ ол оны ауыстыра алмайды. Сондықтанда  осы екі түсініктің араласуы тұрмыстық  санада дұрыс түсіндірілмейді. Әлеуметтанудан басқа, әлеуметтік қызметкер басқа  да пәндердің материалдарын пайдаланады, мәселен психологияның. Бұл пән  әлеуметтік жұмыс пен тығыз байланысты. Психологтар  жеке тұлғаларды зерттейді, олардың даму механизмдерін түсінуге тырысады, адамдық тәртібіне және психикасына әсер ететін маңызды  факторларды шығаруға, сонымен қатар  ұжымның психологиясын зерттеуге  тырысады. Әлеуметтік жұмыс пен психология арасындағы айырмашылықты адамның арасындағы және олардың қоршаған ортамен қатынасына байланысты мамандықтан көруге болады. Сондықтан да әлеуметтік қызметкер адамдардың мәселесін бағалау үшін және қажетті араласудың  жоспарын жүзеге асыру үшін әлеуметтану мен психологияның білімін пайдалану керек.Сонымен қатар, әлеуметтік қызметкер, психологтар сияқты жеке тұлғаға ғана көңіл бөлмейді немесе әлеуметтанушылар сияқты әлеуметтік ортаға ғана көңіл бөлмейді. Олар қандай да бір мәселенің түрлі аспектілерін зерттеп, олардың құрастырылған шешімін шығаруға әсерін тигізеді. Әлеуметтік білім жүйесіндегі әлеуметтік жұмыстың орны туралы сұраққа жауап беру үшін, объектісі не қоғам, не адам, не олардың қарым- қатынасының аясы болып табылатын жеке ғылымдармен әлеуметтік жұмыстың арақатынасын қарастыру қажет. Философия табиғаттың, қоғамның және ойлаудың дамуының жалпы заңдары туралы ғылым ретінде, әлеуметтік жұмыстың әдістемелік негізінде шығады. Философия адамдардың әлемге танымдық, әлеуметтік- саяси, адамгершілік және эстетикалық қатынасын, адамдардың басқа адамдарға және олардың өзінің өмір сүруіне, қызметінің нысанына және қорғануына, бірігуіне жақындасуын зерттейді. Құқықтық пәндерге ерекше назар аудару керек. Топчий Л.В. айтып кеткендей: «Әлеуметтік жұмыскерге құқықтық мәдениет қажет. Оның жұмысында клиенттің мәселесін жеке өміріне араласпай және жакындарымен қарым-қатынас жасамай шешуіне тура келеді. Әлеуметтік жұмыскерге облыстық, қалалық, аудандық жергілікті басқару органдарымен және ұйымдармен жұмыс істеу процесінде  отбасы мен жеке адам өміріне қатысты заңдар мен  заңдық актілер  қажет  болып  табылады.»                                     Адам бойындағы ерекше қасиеттің бірі – өзін-өзі оқыту, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамыту. Белгілі бір кәсіби деңгейге ие бола отырып адам өзін-өзі тани түседі, яғни бағытын анықтайды, шығармашылық аясы кеңейе түседі. Осылайша, студенттік кезеңде білім алушы кәсіби білім мен дағдыларды ғана үйреніп қоймай, университет табалдырығында жүріп, жеке өмірлік позициясын, сапа мен қасиеттерін және дұрыс қарым-қатынас жасай алуды қалыптастырады. Болашақ әлеуметтік жұмыскердің маман ретінде дамуы мен қалыптасуы жеке тұлғалық қызығушылықтарымен ұштасып жатыр. Осыған орай К.А. Абульханова – Славская тұлғаның таңдаған мамандығына идентификациясының, яғни сәйкестігінің 4 этапқа бөліп қарастырады.

  1. Бірінші жағдайда мамандық қызық өмірлік сабақ ретінде көрінеді. Негізгі таңдау субъективті тұрғыда жүргізіледі.
  2. Екінші нұсқа бойынша өзін кәсіби идентификациялау басымдылыққа ие. Жеке тұлғаның бойындағы қасиеттері мамандықтық объективті талаптарына сәйкесінше өзгереді.
  3. Үшінші этапта кәсіби қызмет өзін-өзі дамытудың әдісі, жеке сапаларды, мүмкіндіктерді қалыптастырудың әдісі ретінде қарастырылады.
  4. Кәсіби идентификацияның төртінші типінде тікелей шығармашылыққа негізделеді.

Әлеуметтік жұмыскердің  студенттік кезеңдегі  негізгі қалыптасу  аспектілері:

  • Кәсіби және жеке тұлғалық шынайы қызметке кіріспе
  • Функционалды-рөлдік дайындықты дамыту
  • Кәсіби-тұлғалық бағдарлауды, мотивация, сапа, нәтижелілік пен қызмет сәттілігіне жетелейтін жеке қасиеттерді теру мен қалыптастыру
  • Кәсіби танымды дамыту мен қалыптастыру және өзін-өзі тану
  • Әлеуметтік жұмыскердің кәсібилігі мен компетенттілігі жайлы, тұлғаның мамандыққа бейімделуі жайлы және кәсіби қызметте сәттілік алып келетін факторлар жайлы түсінікке ие болу.

Аталған міндеттерге жетудегі әлеуметтік жұмыскердің студенттік кезеңінің тетіктерін тұрақтандыру үшін түрлі формалар мен әдістер қолданылады. Олар лекция, диалог, дискуссия, анкета, тесттер қолдану арқылы немесе дөңгелек үстелдер мен ойындар жүргізу арқылы орындалып отырады. Мұндағы негізгі мақсаттар:

  • Өзін-өзі тануды және басқаларды тани білуді дамыту
  • Өмірлік жоспарларды қалыптастыру, әрекетті мотивациялау, құндылықтарды бағдарлау
  • Өмірлік жағдайларда эмоционалды тұрақтылықты дамыту, өзін-өзі бақылау
  • Өмірлік қиындықтар мен мәселелерге шешім таба білуді дамыту.

Әлеуметтік жұмыс бойынша  маман өз қызметі барысында түрлі  функционалдық позицияларға қатысады. Алғашқы және негізгісі – міндеті  клиенттерге қажетті көмекті  ұйымдастыру болып табылатын  практикалық позиция. Дегенмен, жеке қызметке қарым-қатынас позициясы да әлеуметтік жұмыскерге анализ жасау мен бағалауда маңызды болып табылады.          Әлеуметтік жұмыскерлердің студенттік кезеңдегі өзіндік сана сезімінің қалыптасуындағы оқутышылардың орны маңызды. Жоғары оқу орындарындағы оқытушыларға сипаттама бергенде студенттердің негізгі талаптары: өзін-өзі бақылау, студенттері мен ұжымдастарына тең қарым-қатынаста болу, өзарасында және студенттермен психологиялық барьера құрмау, кәсіби компетенттілік, коммуникативтілік, оптимистілік. Студенттер бірінші дәрістерден бастап-ақ оқытушыларды педагогикалық біліктіктеріне байланысты қабылдайды және бөледі. Студенттердің арасында жүргізілген статистикалық сауалнама нәтижесіне байланысты студенттердің 58% оқытушыларды сыртқы қабілетіне қарай қабылдаса, 31% бірінші дәрістен алған әсерін айтады (тілі, эмоция, қызықтыра алуы, материалды түсіндіре алуы), 11% студенттерге қарым – қатынасына қарай бағалайды.

1.5 Студенттік  кезеңде әлеуметтік жұмыскерлердің этикалық сапаларды тану арқылы өзіндік сана-сезімін қалыптастыруы        

Әлеуметтік жұмыс өз негізінде  нормативтік қызмет екенін көрсетеді. Ол тікелей  әдет-ғұрыптық құндылықтармен және әлеуметтік нормалармен, әлеуметтік мақұлданған немесе мақұлданбаған, «жақсы» немесе «жаман», агрессивті немесе заңды мақұлдайтын адамның мінезімен тығыз байланысты. Көмек көрсету ортасы клиентке өзінің бостандығы мен тұтастығын ұйымдастыруға және  этикалық таңдау мен бағалы шешімдер қабылдауға  бағытталған. Құндылықты бағыттар жеке адам мен қоғамның қалыптасуында маңызды роль атқарады. Құндылықтар – әлем мен адамға деген қарым-қатынастың жолдары. Олар бағалы субъекті мен бағаланатын объектінің арасындағы байланысты көрсетеді. Әлеуметтік жұмыстағы координаттардың құндылықты жүйесі кез келген ұғынылған практиканың құрылысындағы негізгі мәселесі болып табылады: тек сонда ғана бақыланған фактілер белгілі бір мәнге ие бола алады, және тек солай ғана әлеуметтік іс-әрекеттер мақсаттанған қызметке орай қалыптастырылады. Әлеуметтік жұмыскер клиентке және оның проблемаларына қатысты ғылыми әділдік принциптерін басқара отырып, сыртқы бақылаушының бейтарап орнын ала алмайды. Ол  өзара әрекеттесу жағдайына кіріктірілген. Әлеуметтік жұмыстың нәтижелілігі жұмыскер мен клиенттің өзара мақсаттық қалып пен мақсатқа жетудің жолындағы бірігуіне байланысты. Әлеуметтік жұмыс ұғымы мен категориясының кілті ретінде «әлеуметтік тұрмыс халі» және «әлеуметтік жүйе» болады. Олар өзінің құндылықтарына сай нормалары бар қоғамның тіршілік әрекетін тұспалдайды. Әлеуметтік жүйенің бұзылуын қоғамдық құндылықтардың лауазымдық сатысы тарапынан бұзылуы ретінде қарастыруға болады. Әлеуметтік жүйенің жақсаруы – әлеуметтік нормаларға сәйкес дамуды айтады. Әлеуметтік жұмыс аймағындағы профессионалдың теориялық моделі өзіне адамгершілік- этикалық сапалар, әлеуметтік жұмыскердің  этикалық кодексіндегі  адекваттық талаптар, өзін-өзі дамыту, қоғамның өзгеруіндегі шығармашылық қатынастар сияқты факторларды қалыптастырады.  Отандық және шетел әдебиеттерінде әлеуметтік жұмыскердің кәсіби- этикалық сапалары туралы маманның жеке типологиясы  қарастырылған.                                                                          Әлеуметтік жұмыстың этикалық принциптері демократиялық қоғамның негізгі құндылықтарымен анықталады.  У. Фридлендер және Р.Эпттің айтуынша бұл:

  1. Әрбір индивидтің шығармашылық мүмкіндіктері мен адамгершілігі, құндылықтарға деген мықты сенімі
  2. Әрбіреуінің өз сенімі мен көзқарасына құқығы бар екеніне сенуі
  3. Әр адамның тұрақты қоғамдағы өз таңдауын жасап және соған орай ауыспалы және даму негізінде әрекет етуіне сенуі.

 

 

 

 

 

 

2.Әлеуметтік жұмыскерлерді дайындаудың практикасында қолданылатын оқыту технологияларының болашақ маманның өзіндік дамуындағы маңыздылығы

2.1 Кредитік  оқыту технологиясының әлеуметтік  жұмыскерлерді дайындаудағы тиімділігі

 

   Әлеуметтік жұмыскерлерді даярлау және қайта даярлауды кең жүйеде күшейту қажеттілігі объективті болып келеді. Бірақ, қазіргі уақытта жұмыс жасап жатқан жоғарғы оқу орнының күшімен әлеуметтік жұмыс мамандарының тапшылығын он жыл ішінде ғана ликвидациялауға болады. Сонымен қатар, әлеуметтік жұмыс курсына жататын пән жүйесіндегі білімді тез жетілдіру кадрларды жүйелі түрде кәсіби қайта даярлау және біліктілігін жоғарлату қажет екенін ескертеді.   Осы заманға сай әлеуметтік жұмыскер өз саласын жақсы меңгерген, психологиялық мән жайды, өмірдің тіршілік әрекетін заңды игерген дәрігерлік – психологиялық құзіреттілік ықыласпен көмектесетін, мейірімді, жоғарғы өнегелі қасиеттері бар болуы керек. Қазіргі кезде бірде – бір дамыған мемлекет әлеуметтік жұмыскерлерсіз болған емес. Әлеуметтік жұмыскерлер кез – келген мұқтаж болған адамға түйінді мәселесін шешуге көмектеседі. Оларға қарт адамдар, мүгедектер, маскүнемдер,нашақорлар, СПИД пен ауыратындар жатады. Олар тек қана әлеуметтік жағынан көмек көрсетіп қана қоймай, заңды түрде көмектесуге ат салысады.

Әлеуметтік жұмыскерлерді  даярлауға келесідей талаптар қойылады:

      • гуманизм принциптері және адамгершілік көріністері ретінде әлеуметтік жұмысқа үйренушілердің ақылдары мен сезімдерінің еркін болуына ыңғайлы жағдай жасау
      • оқыту процесінің шығармашылық процессін күшейту, оның салдары ретінде оқушының тұлғасының күшеюі
      • оқушыны профессионалдық «адам-адам» адам қызметіне кірісіп бейімделуіне даярлау
      • өзіндік реттелу, өзіндік басқару мен өзіндік ұйымдастыру тәсілдерін үйренуге жағдай жасау
      • әрбір оқушының позитивті тұлғалық «мен-концепциясы» мен болашақ ісінің профессионалдық бейнесін өзін өзі реттеу негіздемесі ретінде қалыптастыру
      • оқу тобын тұлғаның жан дүниесін қалыптастырушы фактор ретінде құрастыру

 

Қазіргі білім беру технологияларын  оқыту жүйесіне енгізудің басты нәтижесі – тұлғаның қойылған нәтижеге жету үшін білім, білік, дағдылар қалыптасқан негізгі құзыреттіліктер, әлеуметтік дағдылар негізінде ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыру дайындығынан көрінетін құзырлылық болып табылады. Осыған орай білім беру технологияларының құзыреттілікке бағытталуын жүзеге асырудағы негізгі бағыттарды көрсетуге болады, олар:

Информация о работе Әлеуметтік жұмыскердің студенттік кезеңдегі өзіндік сана-сазімінің қалыптасуы