Мағжан Жұмабаев (1893-1938)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 18:11, реферат

Описание

Өмірбаян
Шолу
Мағжанның ақындығы хақында

Работа состоит из  1 файл

Мағжан Жұмабаев.docx

— 31.21 Кб (Скачать документ)

Мағжан Жұмабаев 
(1893-1938)

    Өмірбаян

    Шолу

    Мағжанның ақындығы хақында

 

    Жұмабаев  Мағжан Бекенұлы – қазақ әдебиетінің  көгіндегі ХХ ғасырдың басында жарқырай жанған жарық жұлдыздарының бірі, текті ақыны. Туған жері Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасында 1893 жылы маусымның 25-сі күні туған. Ақын 1938 жылы наурыздың 19-да тоталитаризмнің құрбаны болды.

    Сол кездегі дәстүр бойынша ауыл молдасынан сабақ алады. Бұдан соң әулетті әкесі Бекен Мағжанды Қызылжардағы Бегішов медресесіне оқуға береді. Мұсылмандық орташа дәрежелі білім беретін бұл медреседе бес жылдай оқып, Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һаям, Низами, Науаи дастандарын оқып үйренеді. Баспадан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып, “Атақты ақын, сөзі алтын, хакім Абайға” деген өлең жазды. 1910-1913 жылдары Уфа қаласындағы “Ғалия” медресесінде оқиды. Онда татар жазушысы Ғ. Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С.Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Б.Майлинмен танысады. Ибрагимовтің көмегімен 1912 жылы Қазақ қаласындағы Кәрімовтер баспасында “Шолпан” атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады. “Садақ” журналын шығаруға қатысады. 1913-1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды. “Бірлік” ұйымы жұмысына белсене араласып, “Балапан” қолжазба журналын шығаруға қатысады.

    Алаш  қайраткерлері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатовтармен байланыс орнатып, “Қазақ” газетіне өз өлеңдерін жариялайды. 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси жағдайға сай қоғамдық өмірге белсене араласып, Ақмола облыстық қазақ съезін өткізуді ұйымдастырушылардың қатарында болады. Осы жылы сәуірде Ақмола облыстық қазақ комитеті құрамына сайланады. Мәскеу қаласында өткен Бүкілресейлік мұсылман сьезіне қатысты. Бірінші жалпықазақ сьезінің шешімі бойынша Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттықа кандидат ретінде ұсынылды. “Алаш” партиясының Ақмола облысы комитетінің мүшесі болды. “Үш жүз” партиясы өкілдерінің жалған айыптауымен бір айға жуық абақтыға отырып шықты. Екінші жалпықазақ сьезіне делегат ретінде қатысып, онда оқу мәселесі бойынша құрылған комиссияға төрағалық етті. 1918-1919 жылдары Петропавл уездік земство басқармасында қызмет етті. 1919-1923 жылдары Ақмола губерниялық “Бостандық туы” газетінде, “Шолпан”, “Сана” журналдарында, “Ақжол” газетінде қызмет істеп жүріп, халық ағарту жұмысына белсене араласады. Сол кезеңде қалың қауымға таныс поэмасы “Батыр Баянды” жазып, жарыққа шығарды. 1923-1927 жылдары Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқиды. Онда орыс әдебиетін, Батыс Еуропа әдебиетін терең зерттеп, орыс мәдениет қайраткерлерімен жете танысып, көпшілігімен достық қарым-қатынаста болады. Мәскеуде оқып жүргенде оның шығармалары орынсыз сынға ұшырады. 1924 жылы 24 қарашада Мәскеу қаласындағы Шыңыс еңбекшілері коммунистік университетінде қазақ жастарының жерлестік ұйымында жиналыс өтіп, олар Мағжан Жұмабаевтың 1922 жылы қазанда, 1923 жылы Ташкентте басылып шыққан жыр жинақтарын талқыға салды. Онда ақын шығармаларын теріске шығаратын қаулы қабылданды. Бұл қаулы “Еңбекші қазақ” газетінің 1925 жылы 14 ақпандағы санында басылды. Орынсыз сыннан көңілі жабыққан ақын “Сәлем хат” деген өлеңін жазды. Ол “Тілші” газетінде жарияланды. “Еңбекші қазақ” газетінің 1924 жылы 19 желтоқсандағы санында Сәбит Мұқановтың “Сәлем хат жазған азамат Мағжан Жұмабайұлына” деген ескертпемен “Сәлемге сәлем” деген жауап өлеңі басылды. Жаңа құрылысқа, жаңа тұрмысқа қатысты нақтылы өлең жазбаса да, “уралап айқайламадың” деген кінәмен, тап күресіне белсене араласып, кедей сөзін сөйлемедің деген айыппен Мағжан Жұмабаев қатаң сынға алынды. М.Жұмабаев 1927-1929 жылдары Бурабайда, одан соң Қызылжарда оқытушылық қызметтер атқарды. 1929 жылы Мағжан Жұмабаев “Алқа” атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалып, 10 жыл айдауға кесілді. 1936 жылы М.Горький мен Е.Пешкованың араласуымен бостандық алып, Қазақстанға қайтады. Петропавл қаласында мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалім болып жұмыс істейді. Көп ұзамай қалалық оқу ісінің меңгерушісі оны саяси себептерге байланысты деген айыппен мұғалімдік қызметтен босатады. 1937 жылы наурызда М.Жұмабаев Алматыға келеді. Аударма ісімен айналысады. “Халық жауы” деп қайта сотталып, 1938 жылы наурыз айында ату жазасына кесіледі.

 

Шолу

    1912 жылы Қазан шаһарында М. Жұмабаевтың  “Шолпан” атты өлеңдер жинағы  жарық көрді. Осы жинағымен  ол қазақ поэзиясының көгінде Шолпандай таң жұлдыз боп жарқырады. Жас ақын тұңғыш “Жатыр...” өлеңінен бастап әлеуметтік тақырыпқа ден қойды, ағартушылық, ұлт-азаттық, демократияшыл көзқарас аясында толғанды. Абай поэзиясының өшпес маңызын бірден таныды, оны “хакім” деп атап, ұлы ақынның “мың жыл жүрсе дәмі кетпес” сөзін жаңа жағдайда ілгері дамытты, Батыс пен Шығыс рухани қазынасын синтездеу, тоғыстыру, сабақтастыру негізінде қазақ поэзиясын тақырып, түр мен мазмұн жағынан байытты. Мағжан Жұмабаев ел жайына, әлеуметтік мәселелерге ой жіберді (“Шын сорлы”) халқын өнер білімге шақырды (“Ләззат қайда”, “Жазғы таң”, “Сорлы қазақ”, “Өнер білім қайтсе табылар”, “Балалық шақ”, “Қазағым”, “Қарағым”, “Осы күнгі күй”, “Мен сорлы”). Бірқатар өлеңдерін әйел теңдігі тақырыбына арнады (“Жас келін”, “Зарлы сұлу”, “Сүйгеніме”, “Алданған сұлу”). Өз поэзиясының алғашқы қадамдарынан ақтық демі біткенге дейін Мағжан Жұмабаев ұлт-азаттық, ұлттық тақырыпта үзбей толғанды, оны өз поэзиясының өзегі етті. Ағартушылық реализмі өрістей келіп сыншыл реализімге ауысты, бүкіл халықты тап, топқа жіктемей баршасын түгел әлемдік мәдени жетістіктерге қол артығу үндеу табиғи түрде бұл тілекке кім қарсы, қоғам дамуына қандай күш кедергі деген сауалға ұласты, басты кедергі – отаршылдық деген шешімге келді. Бастапқы кезде бұл тақырып туған жердің табиғатын тамашалаудан барып қайран жердің ендігі күні не болды деген уайым-қайғыға ұласады, ақырын келіп кіндік қаны тамған нулы, сулы өлкені “ититіп” келіп тартып алып жаулап жатқан қара шекпенді отаршылдыққа қарсы наразылық оты болып тұтанады. (“Туған жерім – Сасықкөл”). Ақын халқымен бірге күйзелді, назалады, ашу-ызаға булықты, сөйтіп романтикалық әуенге бөленген жорық идеясы туды. (“Жарыма”, “Есімде... тек таң атсын”, “Жаралы жан”, “Мен жастарға сенемін” т.б.). Мағжан шығармаларындағы романтикалық сарын әсіресе оның символистік арнада жазған өлеңдерінен айқын көрінеді. Ол символизм болашақ пердесін ашатын жаңа мифология туғызды, келешек суретін салу саясатшылардың емес, ақындардың қолында деген қағидаға кәміл сенді (“От”, “Пайғамбар”, “Күншығыс”, “Жарлы жан”, “Айға” т.б.). Мағжан символизіміндегі ерекшелік – тарихи нақтылығында, ал мұның өзі реалистк нышандардың бірі екендігі мәлім. Бұл, біріншіден, шығарманы қай уақытта нендей оқиғаны жырлап отырғандығынан (“Бостандық” екіншіден, өлең, ұлтазаттығы тақырыбын дамытудан (“Жаралы жан”) айқын көрініс табады. Символизм арқылы қазақ өлеңінің нақышын байыту бағытында Мағжан салған олжаны айрықша атауға керек. Осы тәсіл негізінде ақын дыбыс-буынның соны үндестіктерін тауып, қазақ жырын күйше күмбірлетті (Шопы”). М. Жұмабаев поэзиясындағы құнарлы арнаның бірі – түрік тақырыбы. Мұнда реалистік һәм романтикалық сарындар астасып, бірге өріліп отырады. Түрік тақырыбы, сайып келгенде, ұлт-азаттық тақырыб айдынына құяды, отаршылдыққа қарсы жанқиярлық күреске қарап шыңдайды (“Орал тауы”, “Алыстағы бауырыма”, “Жер жүзінде”, “Қазақ тілі”, “Тез барам!”, “Түркістан”, “Тұраның бір сауында”, “Орал”). Сонымен бірге Мағжан Жұмабаев ақынның ұлт шеңберінде қалып қоймағанын баса айтуға тиістіміз. Мағжан қазақ, жалпы Кіндік Азия ақындарының арасынан суырылып шығып, тұранды, түрікті жырлағанда, сонау ғұннан басталатын түрік халықтарының ерлігін паш еткен. Жұмабаев қазақ лирикасының сыршылдығын тереңдетті, жүректің ең нәзік пернелерін сөйлетті, адамның небір тылсым сезімдеріне тіл бітіре білді. Бұл қасиет оның әсіресе махаббат лирикасына тән (“Сүй, жан, сәулем” т.б.). Жұмабаев әлемдік поэзияда экологиялық тақырыпты жырлаушылардың біріне жатады. (“Айда атыңды, Сәрсембай”, “Шойын жол”). Ол техникалық прогреске қарсы болған жоқ, ол оның ұлттық мәдени, рухани дәстүрлерді бұзуына қарсы еді. Ол табиғатты аялауға шақырды. Техниканың заттан айырылып қалмауға үндеді. Мағжан Жұмабаевтың ақын қазақ поэмасының баяндау стилін, шешендік мәнерін өзгерту қажет екендігін алғаш айтқандардың бірі болды. Ол қазақ поэмасын суреткерлік арнаға бұрды. Адам жанының, психологиялық әлемнің құпия сырларын, иірімдерін, даму диалектика сынасқан шеберлікпен кестелеп өрнектей білді. Мағжан поэмаларына лирикалық тереңдік пен эпикалық кең құлаштылық бірден тән. Жеке адам мен ұлт тағдырын драмалық сюжетте үйлестіріп, ширықтыруға жетісіп, көркемдік зор қуатты байламдарға, жинақтауларға қол артты. (“Батыр Баян”, “Оқжетпестің қиясында”, “Қойлыбайдың қобызы”, “Өтірік ертегі”, “Шын ертегі” поэмалары). Көп жылдар бойы Жұмабаевқа буржуазияшыл ұлтшыл деген айып тағылды. Оны қазақ даласындағы жаңалықтардың қас жауы етіп көтеруге тырысты. Шын мәнінде, ақын “кеңестік ағысты” жатсынған жоқ. Оған “Қызыл жалау” өлеңі, “Тоқсанның тобы” атты өлеңдер куә. Кеңес дәуірін түсінгісі келді, бірақ социалистік реализмнің таптық принциптерінен бойын аулақ ұстады. Халқын бөле жармады, байы, кедейін бір-біріне жауластырмады. Мағжан Жұмабаевтың исі қазақ езгіде, тепкіде деп есептеді. Сондықтан кеңес рәмізі – Қызыл жалау кедей шаруа қазақтікі ғана емес, ол барша қазақтікі деп есептеді. Кеңес жылдары Жұмабаев екі өлеңдер жинағын жариялады. Алғашқы 1922 ж. Қазанда, екіншісі – Ташкентте басылып шықты.

    Ақынның және бір пейіл қойып, ықыластана, беріле істеген қызмет – педагогика саласы. Мектеп оқушыларына, мұғалімдерге арнап “Педагогика” (1922, 1923, “Бастауыш мектеп ана тілін оқыту жөні” (1925) еңбектерін жариялады. Ол елде сауатсыздықты жою науқанына білек сыбанып араласты. Жұмабаевтың “Сауатты бол!” оқулығы әлденеше рет қайталанып басылды. Ақан сері, Базар жырау, Әбубәкір Диваев туралы зерттеу еңбектер жазып, ауыз әдебиеті үлгілерін жалғастырды. Мағжан Жұмабаев аударма саласына үлкен мән берді. И. Гете, Г. Гейне, Әбу Фирас, А.В. Кольцов, М.Ю. Лермонтов, А.А. Фет, И. И. Дмитриев, И.П. Мятлов, А.А. Блок өлеңдерін, А.М. Горький, В.В. Иванов, Д.Н. Мамин-Сибиряк, т.б. әңгімелерін, қазақ тіліне аударды.

Мағжанның ақындығы хақында

    Мағжан  – алдымен сыршыл ақын. Мағжан өзіндей “тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетін” үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес. Ол жүректің қобызын шерте біледі, оның жүрегінен жас пен қаны аралас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Мағжан не жазса да сырлы, көркем, сәнді жазады. Оқушының жүрегіне әсер ете алмайтын құрғақ өлеңді, жабайыжырды Мағжаннан таба алмайсыз. Ол табиғатты суреттей ме, әйелді жаза ма, тарихи адамдарды ала ма, ертегі айта ма, ұран сала ма – бәрінде де ақынның ойлағаны, сезгені, жүрегінің қайғыруы, жанның күйзелуі, көңілінің кірбеңі көрініп тұрады.

    Ауыз  толатын айбынды асқақ сөз Мағжаннан шығады. Оның сөздері жүректі қытықтап, жыбырлатып қана қоймайды, түбінен суырып, мейіріңді қандырады.

    Суретті, кестелі, көркем сөз Мағжаннан табылады, Мағжан ақынды ақындық жағынан сөзсіз суретші деп айтуға болады. Мағжанды Пушкинге теңеуге ауыз барады.

    ...ақындық  жүзінде Абайдан соңғы әдебиетке  жаңа түр кіргізіп, соңына шәкірт ерткен, мектеп (школ) ашқан күшті ақын Мағжан екенінде дау жоқ. Абайдаң соң өлең өлшеулерін түрлендірген тағы да Мағжан.

    Қазақ әдебиетіне Мағжанның кіргізген  жаңалығы аз емес: орыстың символизмін (бейнешілдігін) қазаққа аударды, өлеңді күйге (музыкаға) айналдырды, дыбыстан сурет туғызды, сөзге жан бітірді, жаңа өлшеулер шығарды. Романтизімді күшейтті, тілді ұстартты.

    Егер  де Мағжанның өленің әдебиет тарихының  көзімен қарасақ, Мағжан өлеңі қазақ  әдебиетіне жаңалық тудырады. Қазақ  әдебиетінде жаңа басталып келе жатқан сезімшілдік, романтизм, сыршылдық  дәуірінде Мағжанның “Ертегі”, “Қорқыт”, “Батыр Баян”, сықылды поэмалары әдебиетке зор күш беріп, іргелі орын алады.

    Мағжанның қай өлеңі болса да қазақ әдебиетінің  тарихынан қалайда сыбағалы орын алуы талассыз хақиқат. 

Жүсіпбек Аймауытов 

    Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да Абайда...

    Бұдан соң Мағжанды сүйемін. Европалығын, жарқырағын, әшекейін сүйемін. Қазақ  ақындарының қара қордалы ауылында туып, Европадағы мәдениет пен сұлулық  сарайына барып, жайлауы жарасқан арқа қызын көріп-сезгендей боламын. Мағжан – культурасы мол ақын. Сыртқы кестенің келісімділігі мен күйшілдігіне қарағанда, бұл бір заманның шегінен асқандай. Сезімі жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай, бірақ түбінде әдебиет таратушылары газетпен қосақталып, күндегі өмірінің тереңінен терген ақын ақын болмайды, заманынан басы озық, ілгерілеп кеткен ақын болады. Әдебиет - әдебиет үшін деген таңба айқын болмай, нәрлі әдебиет болуға жол жоқ. Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушыларының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі. Одан басқамыздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін. 

Мұхтар  Әуезов 

    ...Мағжан  Жұмабаевтың қазақ әдебиеті тарихында  оқшау тұратын ақындығы хақында  ой тебеткенде байқайтынымыз:  ол бұрыңғы әдеби сарыжұрт  дәстүрлерді сағалай беруден  сақтанды. Өзі басып өткен ізді  де қайтып шиырламауға тырысты... саясат айқайына айқай қосып, ел ішін таптық қанжоса қырғынға шақырып, тамағы қарлыққанша өзеуреп ұрандайтын үгіт дейтін өлеңге сырт берді.

    Есесіне, әлем әдебиеті жаңалықтарына көз  тікті. Әсіресе, өзіне тосын жаңалық  көрінген символизм ағымына бой ұрды. 

Шериаздан Елеукенов

Информация о работе Мағжан Жұмабаев (1893-1938)