Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 09:03, доклад
Мақсаты: Ата-аналармен бірлесе отырып,баланың тұлғасын дамытуға бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыру
Отбасымен бірігіп балардың өмірін қорғау, денсаулығын сақтау үшін қолайлы жағдай жасау
Баланың тұлғалық әрекетінің дамуы үшін отбасымен бірге эмоционалды жағдай туғызу, психологиялық жағынан кедергісіз жетілуін қамтамасыз ету.
Отбасы мен балабақшының сабақтастығы және серіктестігі
Мақсаты: Ата-аналармен бірлесе отырып,баланың тұлғасын дамытуға бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыру
Отбасымен бірігіп балардың өмірін қорғау, денсаулығын сақтау үшін қолайлы жағдай жасау
Баланың тұлғалық әрекетінің дамуы үшін отбасымен бірге эмоционалды жағдай туғызу, психологиялық жағынан кедергісіз жетілуін қамтамасыз ету.
Отбасының тәрбиесін, әдептерін, дәстүрлерді сақтауын ескере отырып, балаларды әлеуметтік ортаға қарым-қатынас мәдениетімен таныстыруға ықпал жасау.
Қай заманда болмасын адамзат баласының алдында тұратын ұлы мақсат мұраттарының ең бастысы - өзінің өмірін, тәжірибесін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Себебі, ұрпақ тәрбиесі келешегін берік ететін басты фактор болып саналады.
Адамзат қоғамы даму тарихында қалыптасқан тәрбие мен оқыту, теориясы және практикасын дамыту саласындағы маңызы мен тәрбиелік мүмкіндіктері жайлы Я.А.Коменский, К.Д. Ушинский, В.Г.Белинский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, Н.Н.Хан, В.А.Сухомлинский,Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев,А.П.Сейтешов М.Ә.Құдайқұлов, А.А.Бейсенбаева, Қ.К.Жампейісова, Г.Т.Хайруллин, В.В.Трифоновтар маңызды педагогикалық ой пікірлер қалдырды.
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру – қазіргі білім беру және тәрбиелеудегі басты міндеттердің бірі.
Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру әлеуметтік құрылымның ең маңызды міндеттерінің біріне айналды. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» делінген.
Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы.
Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшамен байланыс арқылы одан әрі жалғасады.
«Жаста білген,басқа сіңген тәлімің,
өзің өлмей сүйегіңнен қала алмас», - деп классик жазушы айтқандай балалық шақтан бойына орныққан, ана сүтімен даритын, ұлттық сезім нышандары, сөз өнері оның болашақ шамшырағына айналып, рухани байлығын кеңейтеді.
Оны туған жерге, елге, халқына деген сүйіспеншілікке, патриоттыққа тәрбиелеу – аса жауапты міндеттердің бірі.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»дегендей бала тәрбиелеуде осындай міндеттерді іске асырушылар – балабақша мен отбасы.
Осы екі арнада жүргізілген тәлім тәрбие сабақтаса, ұштаса жүргізілгенде ғана мақсатымыз нәтижелі болмақ.
Отбасы тәрбиесіндегі ең маңызды мақсаттардың бірі – айналаны тану, сезіну,қабылдау, түсіне қарай таңдау, әсерлей білу, өзіне мақсат қоя білуге баулу. Өмірдегі, өнердегі, табиғаттағы тамаша көріністерден жан азығын алып әсерлене білуге үйрету. Білімге, білуге, құштарлыққа, әсемдікке, талғампаздыққа тәрбиелей отырып, баланы болашақ білім ордасы – мектепке дайындау.
Педагог ғалымдардың тұжырымдарына сүйенсек тұлғаның қалыптасу нәтижелілігі ең алдымен отбасындағы өнегеге байланысты екенін білеміз.
Отбасылық тәрбиелеудің басымдылығын тану дегеніміз – отбасы мен мектеп жасына дейінгі мекеменің жаңа қарым – қатынасын талап етеді.Бұл қарым-қатынастың жаңашылдығы «ынтымақтастық» және «өзара қарым-қатынас» деген түсініктермен анықталады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік стандартында: ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды топтардың педагогикалық процеске тарту мақсатында мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасының өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету қажеттілігін ұсынады.
Мектеп жасына дейінгі мекеменің отбасымен өзара қарым-қатынас барлық нысандары мен түрлерінің негізгі мақсаты балалар, ата-аналар, педагогтар арасында сенімділік қатынасты орнату, оларды бір командаға біріктіру, өздерінің проблемаларымен бөлісу және бірлесіп шешу қажеттілігіне тәрбиелеу.
Мектеп жасына дейінгі мекеме педагогтары мен ата-аналардың өзара сабақтастығы мен серіктестігін мынадай жұмыс бағытында іске асыруға болады:
- педагогикалық және
- іс-әрекеттің түрлі формалары (ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатысу, әртүрлі үйірмелер, клубтар) және қосымша қызмет көрсету;
- балалардың шығармашылық жоспарларын іске асыруға жағдай жасау;
- қалыптасу мен дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасу;
- әлеуметтік дамытушы орта қалыптастыруға көмек көрсету;
Кеңестер. Әдетте кеңестер жүйесі құрастырылады, олар жеке дара немесе ата-аналар топтарымен жүргізіледі. Топтық кеңестерге бірдей проблемалы немесе тәрбиелеуде бірдей табыстары бар әр түрлі топтың ата-аналарын шақырамыз.Ата-аналардың белгілі білімдерді, әдістерді меңгеруі, проблемалық мәселелерді шешуге көмек көрсету кеңестердің басты мақсаты болып табылады.Кейбір жас ата-аналарға семинар - практикумдардың маңызы зор. Бұл нышан оқытудың әдістері мнн тәсілдері туралы айтуға, кітапты қалай оқу керектігін көрсетуге, иллюстрациялы суреттерді көруге, оқығаны туралы әңгімелеуге, жазуға қолын жаттықтыруға мүмкіндік береді.Топтық жиналыстарды талқылауға 2-3 мәселені ұсынады бір сұрақты тәрбиеші дайындайды, басқа мәселелер бойынша ата-аналар немесе мамандардың біреуі дайындайды. «Балалардың кітапқа деген қызығушылығын қалай ояту керек?», «Теледидар балаларды тәрбиелеуде дос па әлде жау ма?» өткізуге болады.
Ата-анамен балабақша арасындағы тығыз қарым-қатынас, бірлік, ынтымақ жарасым тапқан жағдайда оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі болмақ.
Біздің мақсатымыз ХХІ ғасыр талабына сай жаңашыл, шығармашыл, мәдениетті, жан-жақты сауатты жеке тұлға тәрбиелеу.
Информация о работе Отбасы мен балабақшының сабақтастығы және серіктестігі