Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2011 в 23:03, доклад
Отбасы – мемлекеттің іргетасы. Отбасы – қоғамның бастапқы бөлшегі, алғашқы ошағы. Бірге өмір сүріп, бала өсіруді мақсат етіп, екі адам шағын қоғамды құрады. Отбасының қызметтері көп: жеке, әлеуметтік, экономикалық т.б. Отбасының негізгі қызметі – баланы әлеуметтендіру, яғни қоғамда өмір сүруге жан-жақты дайындау. Әлеуметтендіру – қоғамда қалыптасқан мәдени-әдептілік нормаларға, әлеуметтік құндылықтарға сәйкес және заңмен бекітілген тәртіп аясындағы барлық ережелерді сақтап, қоғамның басқа мүшелерімен ынтымақтастықта өмір сүруге, қызмет етуге үйрету.
Отбасы
және отбасы тәрбиесінің
бала дамуында алатын
орны
Отбасы – мемлекеттің іргетасы. Отбасы – қоғамның бастапқы бөлшегі, алғашқы ошағы. Бірге өмір сүріп, бала өсіруді мақсат етіп, екі адам шағын қоғамды құрады. Отбасының қызметтері көп: жеке, әлеуметтік, экономикалық т.б. Отбасының негізгі қызметі – баланы әлеуметтендіру, яғни қоғамда өмір сүруге жан-жақты дайындау. Әлеуметтендіру – қоғамда қалыптасқан мәдени-әдептілік нормаларға, әлеуметтік құндылықтарға сәйкес және заңмен бекітілген тәртіп аясындағы барлық ережелерді сақтап, қоғамның басқа мүшелерімен ынтымақтастықта өмір сүруге, қызмет етуге үйрету. Ұжымдаса іс-әрекет жасауға бейімдеудің басты шарты – кез келген әлеуметтік жағдаяттарда қоғам мүшелерінің өзінің тұлғалық қажеттілігін/қызығушылығын қанағаттандырумен қатар өзгелердің құқықтары мен мүддесін ескеруге міндетті болуы. Жағдаяттық дауларды шешу барысында қоғам мүшелері өз ой-пікірін дәлелдеп, көзқарасын білдіреді, адамдармен араласып, тіл табысуға үйренеді, адамдар ұжымдасып, іс-әрекет жасауға бейімделеді.
Адамның әлеуметтенуіне орта мен әлеуметтендіретін дәуір ықпал етеді. Ғалымдардың айтуынша, адамның әлеуметтенуі мен дамуы «әлеуметтік ортада әлеуметтік нормаларды меңгеру мен ынтымақтастық іс-әрекетте жүзеге асады».
Баланы әлеуметтендіруде отбасы рөлі ерекше. Қазақи жанұя – отбасылық қарым-қатынасқа зор мән беретін, отбасына ерекше сеніммен қарайтын дағдылы отбасылар, әулеттер қатарына жатады (Күнәнің ең зоры – Құдайға серік қосу, кісі өлтіру, ата-ананы ренжіту, өтірік куәгер болу; Ерлі-зайыптыларды татуластыру үшін айтылған өтірік кешірімді; Адам ақылымен сымбатты, ұрпағымен қымбатты).
Қазақ отбасының әрбір мүшесінің орны бөлек. Халық ауыз әдебиеті қорындағы мақал-мәтелдерге сүйене отырып, қазақи жанұя құндылықтарын шығарып көрелік.
Ата – елдің бірлігін, болашағын ойлайтын дана қария: Аталы сөз – баталы сөз; Халықтың қартын сыйлауы – елінің салтын сыйлауы. Әже – әке-шешенің анасы. Қазақ әжесін ақ жаулықты, алақаны алтын, аяулы, ардақты, мейірімді жан дейді. Ол – жанұя бірлігін сақтаушы, балалардың тәрбиешісі, ақылшысы.
Қазақ отбасында ата-ана орны ерекше: Ақ жүрек әке – күншуақ, ақ жүрек ана – ақбұлақ; Әкем – асқар тауым; Әкеден артық орман жоқ, әкеден артық қорған жоқ, әкеден артық дана жоқ, әкеден артық пана жоқ; Анаңның алдында асқар тау да аласа; Әке сөзі – парыз, ана сүті – қарыз; Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді.
Қазақ халқы – ырымшыл, думаншыл халық. Баланың дүниеге келген күнінен бастап, ержеткен ұлы мен бойжеткен қызы қосылып, оларды отау етіп шығарғанға дейін ата-ана баласының жастық шақтарына қарай той жасаумен болған. Олар: шілдехана, қырқынан шығару, бесік той, тұсау кесу, ашамайға (кішкентай балаға арналған атқа) мінгізу ырымдары және т.б. Қазақ отбасында бала – ең үлкен құндылық: Бала – бауыр етің; Балалы үй – базар, баласыз үй – мазар.
Қазақтың түсінігі бойынша, ұл бала – өмірдің жалғасы: Әке – бәйтерек, бала – жапырақ; Атадан ұл қалса – өзі қалғаны, қыз қалса – ізі қалғаны; Ұл өссе – ұрпақ, қыз өссе - ырыс.
«Қыз бала – қонақ» дейді қазақ. Ол болашақ жар, ана. Сондықтан жанұядағы адамдар қыз баланы мәпелеп, аялап, сыйлап жүреді. Оң жағына отырғызу тіркесінің шығуы қыз баланы құрметтеуден болса керек.
Ата-аналардың басты міндеттері – баланың денсаулығын сақтау, тәрбие және білім беру. Осы ұстанымдарды келесі аңыздан байқауға болады.
Осы аңыздағы
ойды М.Жұмабаевтың сөзімен
Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең үлкен мәнге ие орта.
Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғашқы рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларды игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі.
Отбасы-
оқыту мен тәрбие жұмысындағы
мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі
жөнінде мектеппен тығыз
Отбасы тәрбиесі-бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата- аналардың борышы. Оған дәлел: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерлерінің, жас натуралистер станцияларының, ғылыми- техникалық және көркемдік шығармашылық үйірмелерінің жүйесін кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу; отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаторийлердің, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру.
Отбасында басты мәселелердің бірі- баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу- әрекеті бос уақытын ұйымдастыру жатады.
Отбасы, барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы отбасының өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі – ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы.
Балалардың отбасынбағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады. Ол отбасы мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйелмендік, тұрмыстық өмір. Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешкандай да түрі алмастыра алмайды.
Отбасы
– болашақ азаматтың
Отбасы тәрбиесінің қоғамдық және мемлекеттік тәрбиеге қарағанда артықшылығы басым. Алайда, қазіргі қоғамдық өмірде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және демографиялық өзгерістер отбасына белгілі бір қиыншылықтар туғызады.
Ата-аналардың
білім деңгейіне байланысты да
отбасында ерекшеліктер орын
алады. Мысалы:ата-аналардың
Қоғамда
жүріп жатқан тұрғындардың
Жастайынан осындай ортада өскен балалардың арасына торығушылар, қаңғыбастар ,”қызықты”әсерді іздеушілер өсіп шығады.
Қазіргі
кезде отбасының “уақталу”
Отбасы мүшелерінің келуі, туылған бала санының азаюы да отбасы дамуының ерекшелігін құрайды. Қалалық отбасында бір-екі бала ғана тәрбиеленеді. Бала туудың азаюының себептері сан алуан және өте күрделі; олар ата-аналардың жұмысбастылығын; мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз етілмеуі;бала тәрбиесіне шығынның көп жұмсалуы; әйел ананың шамадан тыс жұмысбастылығы; отбасының қолайсыз тұрғын үйі; тұрмыстық жағдайы; ата-аналардың “өзі үшін өмір сүруге”ұмтылған тоғышарлық ұмтылысы және т.б.Бала туудың азаюы- шағын отбасындағы тәрбие әдістерін жасау деген және педагогикалық проблеманы алуға тосады.
Қазіргі
отбасы ажырасу санының едәуір
артуымен сипатталады.
Бір
балалы отбасы көпшілікпен
Нарық
қатынастарының дамуы нәтижесінде
отбасында айтарлықтай
Информация о работе Отбасы және отбасы тәрбиесінің бала дамуында алатын орны