Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2011 в 22:42, реферат
Шариғатта қылмыстық құқық Жалпы және Ерекше бөлімдерге бөлінбейді. Жаза және қылмыстың түсініктері, қылмыстық жауаптылық, қылмыстарды қайталау сияқты сұрақтар арнайы түрде қарастырылмаған. Ал қылмыскерді жасырып отырған немесе қылмыс іздерін жасырған адамдар қылмысқа қатысушылар ретінде ескерілмеген.
Француз ғалымы Р. Шарл
мұсылман қылмыстық құқығында қылмыс
субъектісінің түсінігі терең зерттелгенін
жоғары бағалап, "Мұсылман құқығында
есі дұрыс, дін және азаматтық
құқық талап ететін дәрежеде өз қылмысы
үшін жауап бере алатын адам жасаған
қылмысы үшін толығымен жауапты
деп саналады. Адамның есінің дұрыс
болмауы жауапкершіліктен босататын
жағдай деп саналады” деп айтқан
[5, 43 б.]. Кеңес уақытындағы ғалым
М. Муллаев Р. Шарлдің осы ойына
қарсы пікір келтіріп, "Р. Шарлдің
бұл көзқарасы дұрыс емес еді.
Мұсылмандардың сот жүргізу сараптамалырында
қазылар ешқашан айыптының есі
дұрыстығының, оның кәмелетке жеткен-
Біз М. Муллаевтың бұл
пікірімен келіспейміз. Себебі шариғат
қылмыстық құқығындағы есі
Мұсылман қылмыстық құқығында ақылы кем, ақылын жоғалтқандар, нәрестелер, ойы төмен, қатты ұйқыдағы және мақау кісілер есі дұрыс еместердің есебіне кіргізілген.
Шариғатта кәмелетке жеткендікті білдіретін ең кіші жас қыздар үшін – 9 жас, ер балалар үшін – 12 жас, ал мұсылман құқығында жалпы кәмелетке толу жасы 15 деп белгіленген. Демек, 15 жасқа толып қылмыс жасаған адамды қылмыстық жауапкершілікке тартып, жазалау мүмкін болған. Бірақ түрлі діни қағидаларға сүйенген құқықтанушы ғалымдар 12 жастан 15 жасқа дейінгі аралықтарда қылмыс жасаған жасөспірімдерге тек жазалау түріндегі шараны қолдану туралы ойларды білдірген. Жалпы алғанда, мұсылман қылмыстық құқығында қоғамға қауіптілігі төмендеу болған қылмыстарға жеңіл жаза түрлері қолданылып, 18 рет ұру, ескерту, қоғамдық ортада ұялту, тағы да осы сияқты жаза шаралары қолданылған. Бірақ жоғарыда айтылғандай, жасөспірімдерге қатысты хадд, өш алу немесе айыппұл жазаларының орнына тек жазалау түріндегі шараларды пайдалануды мақсатқа жетуге дұрыс келеді деп санайтын кейбір құқықтанушы ғалымдардың ойларын кездестіруге болады. Баяндалған деректерге қорытынды жасасақ, онда мұсылман құқығындағы Ханафи мазхабының құқықтанушылары 15 жасқа толған және есі дұрыс адамдар қылмыстың субъектісі бола алады деп санаған [7, 123 б.].
Шариғаттағы қылмыстың субъективтік жағы. Қылмыстың субъективтік жағы дегеніміз, қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның психикалық сезімдерін білдіретін қылмыс құрамының ішкі жағының белгілері болып табылады. Әртүрлі қылмыстар әртүрлі ниетпен және мақсатпен жасалады, соған сәйкес кінә нысаны да әртүрлі болады. Сондықтан әр қылмысты саралауда кінә нысаны, қылмыс мақсаты мен ниеті анықталуы қажет. Осы түсініктердің барлығын қылмыстың субъективтік жағы біріктіреді. Қылмыстың субъективті жағының қажетті белгісі - кінә, яғни қасақаналық немесе абайсыздық, себеп және мақсат жатады. Демек, қылмыстың субьективтік жағы – бұл адамның істелетін қылмыс пен оның зардаптарына психикалық қатысы екендігі[8, 70 б.].
Мұсылман қылмыстық
құқығына қатысты бірқатар ғылыми-теориялық
шығармаларда қылмыстың субъективтік
жағын суреттейтін негізгі
Шариғатқа арналған теориялық қайнар көздерде ауыр кінәмен жасалған қылмыстарды дұрыс дәрежелеуге назар бөлінген. Бір кісі екінші кісіні өлтіру үшін оқ атса, оқ осы адамға және басқа адамға да тисе және осы жағдайда екі адамды да өлтірсе, онда бірінші адамды кек алу мақсатында, ал екінші адамды абайсызда өлтірген деп бағаланады және айыппұл төлеу жүктелген.
Ауыр айыпты қылмыстарға шариғатта тағы да бір келесі мысалды келтіруге болады. Адамға келтірілген екі жарақаттың біреуі кек алу үшін, басқасы кексіз (абайсызда) болса, сол жарақаттар кісінің өліміне себеп болса, онда айыптының жақындары жарты айыппұлдың ақысын, айыптының өзі өз қалтасынан қалған жарты айыппұлдың ақысын төлеген.
Қорытындылай айтқанда,
мұсылман қылмыстық құқық теориясында
да бір объектіге қарсы
Информация о работе Шариғат бойынша қылмыстың түрлері және оның құрамы