2012 жылдың 9 айында мемлекеттік бюджеттің атқарылу қорытындылары туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 17:07, реферат

Описание

Мемлекеттік бюджеттің атқарылуының негізгі қорытындылары туралы баяндауға рұқсат етіңіздер. 2012 жылдың 9 айында мемлекеттік бюджетке 4 568,2 млрд.теңге немесе жоспардың 95,5%-ы түсті. Республикалық бюджетке – 3 832,6 млрд.теңге түсті немесе 94,2%, оның ішінде салық түсімдері - 2 104,8 млрд.теңге немесе 88,3%, салықтық емес түсімдер – 223,6 млрд.теңге немесе 110,2%, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 1,0 млрд.теңге немесе 32,4% және трансферттер түсімдері - 1 480,2 млрд.теңге немесе 101,1% түсті. 1-слайд

Работа состоит из  1 файл

доклад_итоги_9_мес_2012_каз.doc

— 69.50 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

«2012 жылдың 9 айында мемлекеттік бюджеттің

атқарылу қорытындылары  туралы» мәселе жөніндегі отырысында Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б.Б. Жәмішевтің

сөйлейтін сөзі

Құрметті  Серік Нығметұлы, әріптестер!

 

Мемлекеттік бюджеттің атқарылуының негізгі қорытындылары туралы баяндауға рұқсат етіңіздер.                 2012 жылдың 9 айында мемлекеттік бюджетке 4 568,2 млрд.теңге немесе жоспардың 95,5%-ы түсті. Республикалық бюджетке – 3 832,6 млрд.теңге түсті немесе 94,2%, оның ішінде салық түсімдері - 2 104,8 млрд.теңге немесе 88,3%, салықтық емес түсімдер – 223,6 млрд.теңге немесе 110,2%, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 1,0 млрд.теңге немесе 32,4% және трансферттер түсімдері - 1 480,2 млрд.теңге немесе 101,1% түсті. 1-слайд

Республикалық бюджетке 279,3 млрд.теңгеге салықтар түгел түскен жоқ, негізінен корпоративтік табыс салығы бойынша (77,7%), ішкі өндіріс тауарларына қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша (67,1%) және табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдер бойынша (88,5%) жоспарды толық орындамау себебінен болып отыр. 2-слайд 

Корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша жоспардың орындалмауына өндіру, қайта өңдеу және ілеспе салаларда минералдық шикізатқа әлемдік бағалар мен нақты көлемдерінің индекстерін төмендету нәтижесінде мұнай емес сектордың жалпы қосылған құнының өсуінің 2011 жылға жоспарда көзделген 31,1% орнына 15,9% -ға дейін төмендеуі әсер етті. Нәтижесінде аванстық төлемдер 2011 жылға қарағанда 2012 жылы 124 млрд. теңгеге азайтылды, оның ішінде 11 тау-кен компаниялары бойынша 68,2 млрд. теңгеге немесе 36,9%-ға азайтылды. 

Нәтиже ретінде: алдағы төлемдер есебінен есепке алуға немесе 2012 жылы қайтарылуға жататын 2011 жылғы 92,6 млрд. теңгеге ұсынылған декларациялардың азайтылуы. Азайтуға негізгі есептеулерді «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в.» (82,1 млрд.теңге) мердігер компаниялары жүргізген болатын, өйткені Реттеу туралы келісімнің ережелеріне сәйкес тіркелген активтердің амортизациясының екі есе нормасын қолдану нәтижесінде 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы шегерімдер 2 есеге ұлғайтылды.

Бұдан басқа, «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в.» қатысу үлесін сату бойынша жүргізілген мәміленің нәтижесінде жаңадан құрылған «Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімдегі үлесті басқару компаниясы» ЖШС (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) Салық кодексіне сәйкес 2012 жылы аванстық төлемдерді төлеуден босатылды, нәтижесінде жете түспеу сомасы шамамен 90 млрд. теңгені құрайтын болады.

Ішкі өндіріс тауарларына  ҚҚС (қосылған құн салығы) түсімінің төмендеуі бюджеттен ҚҚС (қосылған құн салығын) қайтарудың өсуіне байланысты. Өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі қайтару сомасымен салыстырғанда өсу қарқыны 168,6%-ды құрады.

ҚҚС (қосылған құн салығы)  өтеу сомасының ұлғаюы 2012 жылғы 21 мамырда Қазақстан Республикасы Үкіметі, Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі және Қашаған жобасына (Аджип NCOC) қатысушылары қол қойған Реттеу туралы келісімге, оған сәйкес 2012 жылдың аяғына дейін 2009-2011 жылғы 3 тоқсандағы кезеңге 100,7 млрд.теңге мөлшерінде (қайтарылуға жататын жалпы сомасы 191 млрд.теңгеден) ҚҚС (қосылған құн салығы) Келісімде көрсетілген кестеге сәйкес қайтарылатын болады және республикалық мониторингіде тұрған кәсіпорындар бойынша ҚҚС (қосылған құн салығы) қайтару сомасының 28,0 млрд. теңгеге ұлғаюына байланысты.

Бұл ретте, ағымдағы жылғы 9 айда импортқа ҚҚС (қосылған құн салығы) 514,8 млрд.теңге сомасында түскенін атап өту керек, бұл жоспардан 1,3 млрд. теңгеге көп. Жылдың қорытындылары бойынша импортқа ҚҚС (қосылған құн салығы) түсімі (17,3 млрд. теңгеге) және халықаралық сауда-саттыққа салықтар (15,6 млрд. теңгеге) импорт көлемінің ұлғаюы есебінен жоспарды артығымен орындау күтіліп отырғанын атап өткен жқн. Осылай, 2012 жылғы қаңтар-шілдеде өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда импорттың өсуі бекітілген бюджетке есептеулерде қабылданған 15,6%-ға қарағанда 25,1% құрады. 

Табиғи ресурстарды пайдаланудан түскен түсімдер бойынша азаю минералдық шикізатқа әлемдік бағаның төмендеуімен және өндіру көлемінің төмендеуімен түсіндіріледі. Осылай, 2011 жылдың 1-інші жартыжылдығымен салыстырғанда 2012 жылдың 8 айында баға уран бойынша 19,1%-ға, мыс - 19,7%-ға, алюминий - 27,2%-ға, қорғасын - 26,6%-ға және мырыш бойынша - 21,1%-ға төмендеді. 

Салықтық емес түсімдер 20,8 млрд.теңгеге, көбінесе 13,5 млрд.теңге сомасында жоспарланбаған айыппұлдар, 3,8 млрд. теңге сомасында сот шешімі бойынша тәркіленген мүлікті сатудан түскен түсімдер есебінен артығымен орындалды.

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша жоспар мемлекеттік материалдық резервті жаңғырту тәртібінде шығарылған материалдық құндылықтарды сатып алушылардың болмауына байланысты мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сатудан түскен түсімдердің (жоспардағы 2 900,0 млн. теңгенің орнына іс жүзіндегі түсімдер 763,7 млн. теңгені құрады немесе 26,3 %) болмауы есебінен орындалмай қалды.

Түсімдер жоспарының орындалмауымен қалыптасқан жағдайды ескере отырып, жылдың аяғына дейін республикалық бюджеттің түсімдері 4 854,4 млрд.теңгеге немесе 92,7%-ға орындалатын болады.

 Осыған байланысты, макроэкономикалық параметрлерді нақтылауды ескере отырып, Қаржы министрлігі қазіргі уақытта республикалық бюджетті нақтылау бойынша заң жобасын енгізеді, оның шеңберінде республикалық бюджеттің түсімдер жоспарын шамамен 382 млрд.теңгеге қысқартуды ұсынады. 3-слайд

Бересі туралы. Кеңейтілген Үкімет отырысында айтылған Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау үшін Қаржы министрлігі бересіні қысқарту бойынша шаралар кешенін қабылдауда, олардың нәтижесінде жылдың басымен салыстырғанда (224,2 млрд.теңге) бересі сомасы 136,7 млрд.теңгеге немесе 61%-ға азайтылды және 87,5 млрд. теңгені құрады. 4-слайд

Біздің болжамымыз бойынша 2012 жылдың соңына дейін бересі 83,0 млрд. теңгеге дейін азайтылады, 42,5 млрд. теңге салық төлеушілердің салықтық тексерулер нәтижелері бойынша қалыптасқан үмітсіз бересіге келуіне байланысты, ал қалған 40,5 млрд. теңге мынадай бересілерден қалыптасады:

- халықаралық  төрелік сотында талқылау жүріп  жатқан (16,7 млрд. теңге «Қазполұнай» ЖШС және «Тоқынмұнайгаз» ЖШС);

- проблемалық  құрылыс компаниялары бойынша (18,2 млрд. теңге);

- жұмыс істемейтін шетелдік компаниялардың филиалдары бойынша (2,0 млрд. теңге):

- жүргізілген  салықтық тексеру актілерін ескере  отырып, ағымдағы есептеулер (3,6 млрд. теңге).  

Ұлттық қордың активтері 2012 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 9 335,9 млрд.теңгені құрады. 2012 жылдың 9 айында Ұлттық қор 2 726,8 млрд.теңгеге толықтырылды, оның ішінде 110,0 млрд.теңге инвестициялық кіріс болып табылады. Салықтардың түрлері бойынша Ұлттық қорға түсімдер 5-слайдта келтірілген.

Мемлекеттік бюджеттің шығыстары есепті кезеңде 4 910,0  млрд. теңгені немесе жоспардың 96,1 %-ын құрады. Республикалық бюджеттен бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға 4 292,1 млрд. теңге немесе жоспарға 98 %-ы бөлінді. 6-слайд  

Республикалық бюджеттің іс жүзінде атқарылуының жоспардан артта қалуы 88,9 млрд.теңгені құрады, олардың ішінде:

-  10,3 млрд. теңге – мемлекеттік сатып алу, еңбекақы төлеу қоры бойынша үнем, бағамдық айырмашылық;

- 3,0 млрд.теңге – мемлекеттік сатып алу бойынша өткізілмеген конкурстар;

- 45,3 млрд.теңге шарттар жасасу рәсімдерін жүргізудің ұзақтығынан, өнім берушілердің тауарларды жеткізу фактісі бойынша төлемінен, төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың ұсынылмауынан, мердігерлердің орындалған жұмыс актісін ұсынбағандығынан;

- 30,3 млрд. теңге – қаражатты жоспарлаудың негізсіздігінен, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің уақтылы қабылданбауынан, іссапарлар мерзімдерінің өзгертілуінен болды. 7-слайд

Республикалық бюджетті атқару бойынша жүргізілген талдауға сәйкес ағымдағы жылдың аяғына дейін бюджеттік бағдарламалар 5 779,4 млрд.теңгеге немесе жоспардың 96,1%-ы орындалатын болады. Пайдаланылмай қалған қаражат қалдығы 237,3 млрд.теңгені құрайтын болады. 8-слайд

2012 жылдың 9 айында  республикалық бюджеттен өңірлерге 654,4 млрд. теңге сомаға нысаналы трансферттер бөлінген болатын, оның 595,9 млрд.теңгесі немесе 91,1 %-ы игерілді.       9-слайд

Есепті кезеңнің қорытындылары бойынша нысаналы трансферт қаражаттарын игеру бойынша артта қалу жергілікті деңгейде 58,5 млрд.теңгені құрады.

 

АНЫҚТАМАЛЫҚ РЕТІНДЕ: толық игермеудің ең көп көлемі мына бюджеттер бойынша: Астана қаласы – 11,7 млрд.теңге, Жамбыл облысы – 6,4 млрд.теңге, Павлодар – 5,2 млрд.теңге, Атырау – 4,9 млрд.теңге, Маңғыстау – 4,7  млрд.теңге, Ақмола және Қызылорда облыстары -4,3 млрд.теңгеден.


Жергілікті  атқарушы органдардың деректері  бойынша жылдың аяғына дейін атқарылуға күтілетін сома 847,6 млрд. теңгені құрайтын болады немесе жергілікті деңгейдегі нысаналы трансферттер қаражатының артта қалуы 41,5 млрд. теңгені құрайтын болады.

Республикалық бюджет қаражатын игеруге байланысты жағдайды ескере отырып, Бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне және, тиісінше, Жергілікті атқару органдарына міндеттемелер қабылдау бойынша тиісті шаралар қолдануды және бюджет қаражатын игеру бойынша жұмысты күшейтуді тапсыру қажет деп санаймын. Бюджеттік тәртіпті күшейту және нысаналы трансферттердің жүйелі игерілмеуін жою (2009 ж.-14,7 млрд. теңге;     2010 ж.-25,1 млрд. теңге; 2011 ж.-38,7 млрд. теңге) мақсатында бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне бұрын алынған нысаналы трансферттер игерілген жағдайда ғана нысаналы трансферттерді қаржыландыруға қаражат аудару бөлігінде толықтырулар енгізу бойынша мәселе қаралып отыр.

Мемлекеттік бюджет тапшылығы тоғыз айдың қорытындысы бойынша 341,8  млрд. теңге сомасында қалыптасты. Республикалық бюджет бойынша тапшылық 459,4 млрд. теңгені құрады, оны толықтыруға ішкі қаржыландыру есебінен 441,6 млрд. теңге және сыртқы қаржыландыру есебінен 17,8 млрд. теңге бағытталды. 10-слайд

Тұжырымдай келе Қаржылық бақылау қорытындыларына тоқталып өтуге рұқсат етіңіздер. Осылай, 2012 жылдың 9 айында 4 831 бақылау іс-шарасы өткізілді.

Бақылау іс-шараларының  қорытындысы бойынша нақты ескертулер мен ұсынымдарды дайындау нәтижесінде бақылау объектілерінің нұсқамаларының орындалуы олардың жалпы санынан 95,7%-ды құрады.

Құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдау үшін  733 бақылау материалы жіберілді.

Жіберілген  бұзушылықтары үшін тексерілген бақылау объектілерінің 4 137 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бюджет заңнамасын және мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзушылықтарға жол бергендері үшін 676 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бұл ретте салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 81,8 млрд. теңгені құрады, олардың ішінде 54,3 млн. теңге бюджетке түсті. 11-слайд

Назарларыңызға  рахмет!




Информация о работе 2012 жылдың 9 айында мемлекеттік бюджеттің атқарылу қорытындылары туралы