Аграрлық-өнеркәсіптік кешен

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 19:49, реферат

Описание

Аграрлық-өнеркәсіптік кешен (Аграрнопромышленный комплекс; лат. 'agrarius', және complexus — байланыс, үйлестіру)
1. іс-әрекеті өзара тікелей немесе жанама байланысты, халықтың азық-түлік қажеттіктерін қанағаттаңдыруға бағытталған салалардың (кәсіпорындардың) жиынтығы.

Работа состоит из  1 файл

Аграрлық.docx

— 147.28 Кб (Скачать документ)

Аграрлық-өнеркәсіптік кешен


 

Аграрлық-өнеркәсіптік кешен (Аграрнопромышленный комплекс; лат. 'agrarius', және complexus — байланыс, үйлестіру) 
1. іс-әрекеті өзара тікелей немесе жанама байланысты, халықтың азық-түлік қажеттіктерін қанағаттаңдыруға бағытталған салалардың (кәсіпорындардың) жиынтығы. Аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің мынадай негізгі үш саласы бар:

а) ауыл шаруашылығына, тамақ  өнеркәсібіне және ішінара жеңіл  өнеркөсіпке қызмет көрсетуге және күрделі құрылысқа арналған өндіріс  құралдарын өндіру;

ә) ауыл шаруашылығының өзі;

б) ауыл шаруашылығы өнімдерін даярлау, тасу, сақтау, ұқсату және тұтынушыларға жеткізу салалары;

2. егіншілік және мал шаруашылығы өнімдерін сол өнімдерді ұқсатумен үйлестіріп, шаруашылықты жүргізуді қамтамасыз ететін салалармен (мысалы, минерал тыңайтқыштар өндірісі) бірлесе қызмет атқаратын шаруашылық бірлестігі (көсіпорындар тобы). Косіпорын қалдықтары ауыл шаруашылығының дамуына, ал ауыл шаруашылығы қалыптаса бастаған кешен шегіндегі кәсіпорындардың дамуына жәрдемін тигізетін болғандықтан, жаңа байланыс — ресурстық-энергетикалық байланыстың пайда болуы Аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің маңызын арттыра түсті.[1]

Биотехникалық революция қоғамдық өндірістегі құрылымдық өзгерістермен және қоғамдағы жаңа әлеуметтік құбылыстармен байланысты жүріп отырады. Осылардың арасында себепті-салдарлы байланыс болады: бір процесс келесінің дамуын ынталандырады және керісінше, осы байланыстағы ең маңызды жағдай - азық-түлік өндірісінде жаңа қоғамдық еңбек бөлінісінің пайда болуы. Ұзақ мерзім бойы азық-түлікпен қамтамасыз ету аграрлық еңбектің қызметі болып келген еді. Ал бүгінгі заманда осы қызметті өнеркәсіптік еңбек атқарады.

Ауыл шаруашылық шикізаттарынан азық және басқа тауарлар өндірісінің жаңа жүйесі бойынша біріншілік өнім өндіруі тек аграрлық өндіріс қызметіне жататын болды. Ал осы өнімнің аз бөлшегі (1/4) тұтынушыға таза түрде жетеді, көбі (3/4) — техникалық өңдеуден өтеді. Ауыл шаруашылық өндірісі оңашаланған өзін-өзі ұдайы өндіретін жүйеден жаңа ұдайы өндірістік жүйенің буынына айналады.

Сонымен, жаңа қоғамдық еңбек  бөлінісінің арқасында, аграрлық өндіріс қоғамдық, капиталдың ұдайы өндірісінің жалпы жүйесіне кіреді және ол осы жүйенің даму зандарына сәйкес дамитын болады.

Осымен қатар, аграрлық өндіріс, көбінесе тұтыну заттарын өндіретін саладан, көбінесе, өндіріс құралдарын (шикізат өндейтін өнеркәсіп үшін) өндіретін салаға айналады.

Азық және ауыл шаруашылық шикізатынан тауарлардың бірнеше түрін өндіретін салалардың жиынтығы жататын ұлттық өндіріс аумағында экономиканың ерекше сферасы қалыптасады. Ол аграрлық-өнеркәсіптік кешен (АӨК) деп аталды. АӨК-нің құрылымын құратындар:

біріншілік және түпкі  өнім өндіретін сфера (өсімдік өсірушілік,

мал өсірушілік және осылардың  өнімдерін өндейтін өнеркәсіп салалары);

ресурс құратын сфера (АӨК-ің барлық сферасына еңбек

құралдарын жасайтын өнеркәсіп  салалары және кадрлар дайындайтын  жүйе);

АӨК-тің өндірістік инфрақұрылымы,

тауар және ақша айналымы және информациялық қамту жүйесі.

АӨК жабық өзін-өзі ұдайы  өндіретін жүйе болып қызмет етеді.

Азық-түлік шаруашылығын, немесе, азық-түлік кешенін жеке бөліп қараған жөн. Осыған АӨК-ің азық-түлік бөлімі және балық, орман шаруашылығы, минералдық су өндірісі, ішетін су дайындау және тұрғындарды сумен қамту, тамақ тұзы өндірісі және т.б. жатады.

Ауыл шаруашылық өндірістің машиналық стадияға ауысуымен байланысты, аграрлық еңбек аграрлық-өнеркәсіптік еңбекке айналады, ал аграрлық өндірістің өзі — аграрлық-өнеркәсіптік өндіріске айналады. Осыны бүгін жаңа типті жиынтық жұмыскер жүргізеді.

Аграрлық-өнеркәсіптік өндірістің өзіне тән жаңа біріншілік буыны  болады. Сапа жағынан қарағанда оның биологиялық, материалдық-техникалық және ғылыми базасы бөтен болады. Ал ірі және ұсақ өндіріс үшін осы  базаның дәрежесі бірдей болады. Бұл  жағдаймен фермерлік шаруашылық құрғанда есептесу керек. Жаңа жағдайларда  ұтылмау үшін, тапсырма беруші ірі  фирмалардың қажеттігімен есептесе отырып, шаруалар өз шаруашылығын мамандандыруға мәжбүр болады. Ал осы қадам оның еркіндігін шектетеді, ол экономикалық, технологиялық және ғылыми тәуелсіздігінен  айрылады. Өндірілетін өнімге, пайдаланған  тұқымға, гербицидке, тыңайтқыштарға, жанармайға, арендаға алынған техникаға, техникалық, агрономиялық, ветеринарлықжәне басқа түрлі қызметтерге бағаны тапсырма беруші белгілейді. Бірсыпыра елдерде, шаруалар өздерінің мүдделерін қорғайтын кооперативтер құрып отыр. Осыған қарамастан, шаруалар мекен-жайының аграрлық өндірістің біріншілік буыны болуы жоққа шығып келеді.

АӨК қалыптасуы және егіншіліктің өнеркәсіптік агрономияға айналуы, капиталдың ауыл шаруашылығына тартылуына жол ашып отыр, ірі капитал АӨК-ің барлық төрт сферасын қамтыған агробизнес жүйесі қалыптасып отыр. Мұнда басты  рөлді қаржы өнеркәсіп топтары  атқарады. Агробизнес жүйесі арқылы, капиталдың жалпы айналысына, еңбектік жеке меншікке негізделген шаруашылық қожалықтары тартылып отыр.

Фермерліктің мәселелері шиеленісіп келеді. Шаруашылық қожалықтарынан өзгеше, фермерлік ауыл шарушылықтар жалдамалы еңбек қолдануға негізделеді. Бұлар ауыл шаруашылығыныңкапитализациялануының бірінші кезеңінде пайда болған. Еңбек бөлінісі, өндірістің мамандануы, аграрлық өндірістің аграрлық өнеркәсіптікке айналуы, қатал бәсекелестік, бәсекелестік қабілеті бар шаруашылықтың көлемінің өсуі — осының барлығы фермерлік шаруашылықтардың шұғыл дифференциялануын тудырады. Бұлардың көбі жалдамалы еңбекті қолданудан бас тартып, шаруашылық қожалықтарымен қосылды, немесе, мүлде жойылды.

 

Аграрлық  ғылымға арқа сүйеуде

 

Бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық өсуін қамтамасыз етуге бағытталған  мемлекеттік аграрлық азық-түлік  бағдарламасының іске асырылуы тамақ  өнімдерінің негізгі түрлері  бойынша елдің азық-түлік қауіпсіздігін  қамтамасыз ету, бәсекеге қабілетті  агроөнеркәсіптік өндірісті дамыту үшін қажетті жағдайлар туғызғаны  мәлім. Алайда, құрылымдық-технологиялық жаңғырту қарқынының төмендігі, нарықтық инфрақұрылымның жеткіліксіздігі, ауыл шаруашылығы өндірісінің ұсақ тауарлығы, білікті кадрлардың тапшылығы құлашты кеңге серметпей келгені де аян.

 

Осы орайда экономиканың аграрлық секторын сапалы жаңа даму деңгейіне көтеруді көздейтін ауыл шаруашылығы ғылымы алдында тың да жауапты міндеттер тұрған еді. Бұл міндеттер аясында азық-түлік және қайта өңдеу өнеркәсіптері салаларын, ауыл шаруашылығын механикаландыруды, агроөнеркәсіп кешен экономикасын дамытудың және ауылдық аумақтарды дамытудың басымды бағыттарын ғылыми зерттеулермен қамту қарастырылған. Атап айтқанда, аграрлық ғылымның әлеуетін арттыру үшін Ауыл шаруашылығы министрлігінің 25 ғылыми ұйымын біріктіру жолымен «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы құрылып, қазіргі таңда бұл мекеме аграрлық ғылымның институционалдық және өндірістік инфрақұрылымын дамыту жөнінде жұмыс жүргізуде. Сондай-ақ агротехнологиялар трансферті мен коммерцияландыру орталығы жасақталып, ол бірқатар инновациялық жобаларды жүзеге асыруды бастап та кетті.

 

Мұның нәтижесінде ғылыми әзірлемелерді ауыл шаруашылығы өндірісіне енгізу жұмыстары жандана түсті. Мәселен, Ақмола облысында отандық селекциялы бидай сорттарының үлесі соңғы 4 жылдың ішінде 70%-ға дейін ұлғайтылды. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығының селекционерлері шығарған «Ақмола-2» және «Астана» сорттары үстіміздегі жылы 4 млн.га жуық алаңға егілді. Мақта шаруашылығы ғылыми зеттеу институты сұрыптаған дақыл сорттары егіс алаңының 75%-ын алып отыр. Жалпы ауыл шаруашылығы дақылдарының отандық сорттары егілген алаң шамамен 8 млн.га құрайды, астық дақылдарын өсірудің ең төменгі және нөлдік қор сақтау технологияларын қолдану 10 млн. гектарға дейін ұлғайтылды. Бұл нәтижелер ауыл шаруашылығы зерттеулерін тәжірибеде қолданудың және өндіріске жүйелі енгізудің арқасында мүмкін болды.

 

Сонымен бірге ғылыми институттардың қажеттілігі үшін зертханалар, селекциялық жылыжайлар салынуда, ауыл шаруашылығы техникалары жаңғыртылып, сатып алынуда. Білімді тарату жүйелері де құрылуда – ғылыми институттар жанында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге арналған ғылыми-тәжірибелік семинарларды өткізу үшін білім беру сыныптары жүйесі ашылып жатыр. Агроөнеркәсіптік кешен үшін кадрлар даярлауды 18 мамандық бойынша 15 жоғарғы оқу орны және 25 мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білім беретін 168 ауылдық оқу орны жүзеге асыруда.

 

Агроөнеркәсіп кешен нысандарын өтеусіз негізде ақпараттық қамтамасыз ету «ҚазАгроМаркетинг» арнайы ұйымының 161 ауылдық ақпараттық-кеңестік орталықтары арқылы жүргізілуде. Ақпаратты ұсынудың түрлі арналары қалыптастырылған– мәліметтер арнайы газет, электрондық таратылым, жеке кеңестер, шаруашылықтарға кеңестік қызмет көрсету арқылы таратылады. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы тауарларын жылжыту және агроөнеркәсіп кешен саласындағы жаңа технологияларды тарату мақсатында жыл сайын республикалық «Қараөткел» жәрменкесі өткізілуде. Сонымен қатар «электрондық үкімет» құру аясында Ауыл шаруашылығы министрлігі «ҚазАгроМаркетинг» АҚ арқылы кешенді басқарудың «e-Agriculture» бірыңғай автоматтандырылған жүйесін қалыптастырды. Қазіргі уақытта министрлік «электрондық үкімет» порталы арқылы өнімдер мен шикізаттарды дайындауды, сақтауды, қайта өңдеу мен өткізуді жүзеге асыратын өндіріс нысандарына, сондай-ақ ветеринарлық препараттарды, азықтар мен азықтық қоспаларды өндіретін ұйымдарға түрлі анықтамалар беру сияқты электрондық қызмет түрлерін көрсетуде.

 

Аграрлық  өнеркәсіп кешеніндегі экономикалық саясатты талдау орталығы

«Аграрлық өнеркәсіп кешеніндегі экономикалық саясатты талдау орталығы» ЖШС аграрлық өнеркәсіп кешені экономикасы саласында ғылыми және талдамалық зерттеулер жүргізеді.

Негізгі миссиясы  - жоғары кәсіби ақпарат-талдама және консультация қызметтерін көрсету арқылы Қазақстанның АӨК дамытуға ықпал ету.

Аграрлық өнеркәсіп кешеніндегі экономикалық саясатты талдау орталығы «ҚазАгроИнновация» АҚ еншілес ұйымы ретінде 2009 жылы құрылған.

Ғылыми әлеуеті

Талдау орталығының базасында Германия Федеративтік Республикасының  «GFA Consulting» компаниясымен бірлесіп «Қазақстандық-Германдық аграрлық-саяси диалог» деген жоба іске асырылуда.  Қазақстандық тараптың саяси, экономикалық және Қазақстан Республикасының заңнамаcы  жобаларын әзірлеуінде неміс әріптестердің қолдау көрсетуі «Аграрлық-саяси диалог» деген  жобаның ең негізгі ынтымақтастық саласы болып табылады. Талдау орталығы тұрақты негізде мыналармен бірлесіп зерттеу жұмыстарын жүргізеді:

Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы ( ФАО);

Экономикалық ынтымақтастық  және даму ұйымы (ЭЫДҰ);

Аргентина Ұлттық агротехнологиялар институты INTA;

Иоганн Фон Тюнен Институты (Германия Ауыл аумақтары, орман және балық шаруашылығы жөніндегі федералдық ғылыми-зерттеу институты);

«Agribenchmark» экономистердің, фермерлер мен консультанттардың халықаралық зерттеу орталығы;

IAMO Орталық және Шығыс  Еуропа аграрлық даму институты және т.б.  

 

"Ауыл шаруашылығы ғылымын басымдылық ретінде дамыту қажет. Өндірістің тиімділігін және өнімнің сапасын арттыру - қолданбалы аграрлық зерттеулерді дамыту және пайдалы дәрежелеріне, бар технологиядарды бейімдеу, әрі жаңа технологиялардың өндірушілеріне жеткізілуіне байланысты болады".

Қазақстан Республикасының  Президенті

Н. Ә. Назарбаев 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиет


  1. ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Экология және табиғат қорғау/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5

 

  1. ↑ С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А Жанандаров Экономикалық теория. Оқу құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. — Астана: 2002. ISBN 9965-408-99-8

 

 

  1. http://www.agroinnovations.kz/kz/company/do/acepas

 

  1. kk.wikipedia.org/wiki/Аграрлық-өнеркәсіптік_кешен

Информация о работе Аграрлық-өнеркәсіптік кешен