Агроөнеркасип кешені

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 15:40, курсовая работа

Описание

Агроөнеркәсіптік кешен Қазақстан Республикасы экономикасының ең негізгі салаларының бірі болып табылады. Ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң басқа салалардан айырмашылығы және оның ерекшелiгi - ауыл шаруашылығы тек өндiрiс саласы ғана емес, халқының ауқымды тобының өмiр сүру аясы да болып табылады, Қазақстанның агроөнеркәсiптiк мамандануын тереңдету хақында зерделеп ойлануға жетелейдi. Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында агроөнеркәсіптіккешеннің барлық салаларын қайта құрудың ауыр жолын бастан кешті. Осы уақыт аралығында агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындары жекешелендіру, кейін қаржылық оңалту, сондай-ақ дәрменсіз шаруашылықтардың банкроттығы үрдістерін өтті.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Word (3).doc

— 142.50 Кб (Скачать документ)

 

       Агроөнеркәсіптік кешен Қазақстан Республикасы экономикасының ең негізгі салаларының бірі болып табылады. Ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң басқа салалардан айырмашылығы және оның ерекшелiгi - ауыл шаруашылығы тек өндiрiс саласы ғана емес, халқының ауқымды тобының өмiр сүру аясы да болып табылады, Қазақстанның агроөнеркәсiптiк мамандануын тереңдету хақында зерделеп ойлануға жетелейдi. Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында агроөнеркәсіптіккешеннің барлық салаларын қайта құрудың ауыр жолын бастан кешті. Осы уақыт аралығында агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындары жекешелендіру, кейін қаржылық оңалту, сондай-ақ дәрменсіз шаруашылықтардың банкроттығы үрдістерін өтті.

        Ауыл шаруашылығы саласының өтпелі  кезеңіндегі құлдырауы Қазақстанда  басқа елдермен салыстырғанда ертерек еңсерілді. 1999  жылдан бастап аграрлық сектор тұрақты қарқынмен дамып келеді. Бұған біршама деңгейде жүргізіліп жатқан аграрлық саясат пен тиісті қаржылық қолдау агроөнеркәсіптік кешенді қолдау көлемі өткен онжылдықта ғана іс жүзінде 20 есеге ұлғайып, 2010 жылы 235,5 млрд. теңгені құрады, оның 20%-ы дерлік немесе 44,4 млрд.теңгесі субсидияның үлесінде. 2011 жылы агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау көлемі 223,4 млрд. теңгені, оның ішінде субсидиялар – 33,9 млрд. теңгені құрады. Соңғы жылдары аграрлық саланы мемлекеттік қолдау тетіктері айтарлықтай өзгертіліп, оларға ынталандырушы бағыт берілді. Осының арқасында, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар ұлғаюда. Осылайша, егер 2000 жылы саланың негізгі капиталына инвестиция көлемі 8,2 млрд. теңгені құраса, 2010 жылы 83,5 млрд. теңгені құрады немесе 2000 жылға қарағанда 10 есе артты. Несие беру бағдарламалары шеңбе-рінде ауылшаруашылық тауарларын өндіру-шілердің қажеттіліктеріне бағдарланған егіс жұмыстарын жүргізуге, ауылдық тұтыну кооперативтеріне жеңілдетілген несие беру, ауылшаруашылық техникасы мен техно-логиялық жабдық лизингі, ауылдық несие серіктестіктері жүйесі, шағын несие беру, астық қолхаттары және оларды кепілдік ретінде пайдалану секілді қаржы құрал-дарының жүйесі қалыптасты. Оларды іске асыруға жетекшілік ету бүгінде құрамына жеті мамандандырылған ұйым кіретін «ҚазАгро» ұлттық холдингіне  беріліп отыр. «ҚазАгро» ұлттық холдингі АҚ- ның қызмет ету кезеңінде аграрлық салаға барлығы 762,3 млрд.теңге жұмсалды, оның ішінде бюджеттік қаражат 22,5% (171,2  млрд.теңге), өз қаражаты – 18,3 % (139,6 млрд.теңге), тартылған қаражат – 36,5% (278,1 млрд.теңге), Ұлттық қордың  қаражаты 22,7% (173,4 млрд.теңге) құрайды. Ұлттық холдинг агроөнеркәсіптік кешенді несиелендіруге 500 млрд.теңгеге жуық қаражат жұмсады. Осының барлығы белгілі жетістіктерге қол жеткізуге және ішкі рыноктағы жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берді

          Қазақстанда ауыл жұрты 44 пайызды құрайды. Ауыл жұртының көптiгiнен  аудандардың көпшiлiгiнде жұмыссыздық дендедi, ал мұның өзi ауылдағы еңбек рыноктарын әлсiретедi, сөйтiп оны елдегi ең төмен деңгейге дейiн арзандатады. Агроөндiрiстi реформалау үдерiсi, оны нарық соқпағына көшiру, ауыл шаруашылығы әлеуетiнiң өсуiн бағалау үшiн маркетингтiк стратегияны қолдану ауыл халқының шамадан тыс көптiгi проблемасының бетiн ашты. Iшкi нарық сыйымдылығы елде өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы өнiмдерiн теңдестiрiлген тұтыну үшiн жеткiлiксiз. Оларды өндiруден алынатын табыстар ауыл тұрғындарының тiршiлiгiн қамтамасыз етудiң ең төменгi стандарттарын қамтамасыз етпейдi. Есептеулер көрсеткендей, ең төменгi өмiр сүру мөлшерiне тең орташа жан басылық деңгейге жету үшiн ауыл халқының саны 5,6 млн. адамды құрауға тиiс, яғни  900 мың адамды босатып шығару қажет, ал ҚР бойынша жан басына шаққандағы орташа ақшалай табыстың 7,7 мың теңгеге тең деңгейiнде ауыл халқының саны 2 есеге дерлiк қысқарып, 3,5 млн. адамды құрауға тиiс. Аграрлық сектор ауа райы ахуалы бойынша қолайлы соңғы жылдарға қарамастан экономиканың жоғары тәуекелдi және пайдасы төмен саласы болып қалып отыр.

          Агроөнеркәсіп кешені инвестиция тартуда тәуекелі мол сала ретінде сипатталатыны белгілі. Осыған байланысты Қазақстанда біртұтас астық холдингін құру астық саласын құрылымдап, астық рыногын реттеудегі мәселелер жүйелі әдіс-тәсілдерді қажет етеді. Бұл істе ең алдымен экспорт инфрақұрылымы мен көлік логистикасын дамыту, астық сатылымын ұйымдастыру істері күн тәртібіне қойылып отыр. Мұның барлығы өз кезегінде ауылшаруашылық құрылымдарының қаржылық жағдайына септесетіндігі түсінікті.

Мемлекет басшысы 2012жылдың 27қаңтарында өткен кеңейтілген_отырыста егін алқаптарын әртараптандыру жөнінде сөз қозғаған болатын. Бұл іс қалай жалғасын таппақ?

        – Ауыл шаруашылығының дамуы үшін егіс алқаптары құрылымдарын әртараптандыру мәселесі маңызды стратегиялық мәнге ие. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыра отырып біз бидайдың дара дақыл егісінен алшақтамақпыз. Оның үлесі бүгінгі күні республика бойынша ғылыми негізделген 45-50 пайыздың орнына 65-66 пайызға дейін жетсе, егін егетін негізгі аймақтар – Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында 78 пайызды құрап отыр.

Көзделген мақсаттарға  жету үшін облыстарға ауылшаруашылық дақылдарының егіс алқаптарының көлемдері бойынша индикативті көрсеткіштер жеткізіліп, кейін Ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыс және аудан әкімдері арасында, сондай-ақ аудан әкімдері мен ауылшаруашылық тауар өндірушілер арасында меморандумдар жасалатын болады.

          Ауылшаруашылық дақылдарының егістік алқаптарын әртараптандыруға кедергі келтіріп отырған негізгі проблеманың бірі – астықты және майлы дақылдардың тұқымын сақтау үшін олардың биологиялық ерекшеліктерін ескеретін арнайы сыйымдылықтар санының жетіспеушілігі. Осыған сәйкес арнайы сыйымдылықтардың санын көбейту жоспарлануда. Атап айтқанда, Ауыл шаруашылығы министрлігі «ҚазАгро» ұлттық холдингімен бірлесе отырып экспорттық бағытта және егін егетін негізгі аймақтарда орналастырылатын астық сақтау сыйымдылықтарын 1 миллион тоннаға дейін кеңейту мәселесін пысықтауда.

         Астықты артық өндіру сату кезінде көптеген қиындықтарды туындататыны белгілі. Осы жағдайды ескере келе, 2013 жылдан бастап бидайды және басқа да дәнді дақылдарды өндіруге бөлінетін субсидияларды мемлекеттік қолдаудың жаңа тетіктері енгізілмек. Осы тетіктер бойынша лизингілік бағдарламаларды арзандатуға, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге маусымдық жұмыстарды жүргізуге берілетін несиелерді кепілдендіруге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін кепілді сатып алуға қайта бағдарлау көзделуде.

          Соңғы жылдары аграрлық саланы мемлекеттік қолдау тетіктері айтарлықтай өзгертіліп, оларға ынталандырушы бағыт берілді. Осының арқасында, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар ұлғаюда.

           Оларды іске асыруға жетекшілік ету бүгінде құрамына жеті мамандандырылған ұйым кіретін «ҚазАгро» ұлттық холдингіне  беріліп отыр. «ҚазАгро» ұлттық холдингі АҚ- ның қызмет ету кезеңінде аграрлық салаға барлығы 762,3 млрд.теңге жұмсалды, оның ішінде бюджеттік қаражат 22,5% (171,2  млрд.теңге), өз қаражаты – 18,3 % (139,6 млрд.теңге), тартылған қаражат – 36,5% (278,1 млрд.теңге), Ұлттық қордың  қаражаты 22,7% (173,4 млрд.теңге) құрайды. Ұлттық холдинг агроөнеркәсіптік кешенді несиелендіруге 500 млрд.теңгеге жуық қаражат жұмсады. Осының барлығы белгілі жетістіктерге қол жеткізуге және ішкі рыноктағы жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берді

          ҚазАқпарат - 2012 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша «ҚазАгро» холдингі» АҚ республиканың агроөнеркәсіптік кешенін (АӨК) дамытуға және қолдауға бағыттаған инвестициясының жалпы көлемі 106,5 млрд. теңгені құрады.Оның 25 пайызынан астамы немесе 28 млрд. теңгесі ауылшаруашылық өнімдерін сатып алуға, 78 млрд. теңге көлеміндегі қалған қаражат - АӨК субъектілері мен тұрғындарды несиелеуге жұмсалды. Бұл туралы аталмыш холдингтің баспасөз қызметінен хабарланды.

         Баспасөз хабарламасының мәліметінше,  АӨК-ді және тұрғындарды несиелеуге  бағытталған 78 млрд. теңге сомасы  өткен жылдың тиісті кезеңінің  деңгейінен 15 пайызға артқан. Негізінде көрсеткіштің өсімі мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісін несиелеу көлемінің 3,2 есеге артуына байланысты (3,3 млрд. теңгеден 10,7 млрд. теңгеге дейін). Сондай-ақ, 2012 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша холдингтің еншілес компаниясы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 8 млрд.101 млн.теңге сомасына 127 несие серіктестіктерін несиелендірген. Қарыз алушылары 246 бірлік ауылшаруашылық техникасын, 145 бірлік топырақ өңдейтін ауылшаруашылық жабдықтарын, 40 мың бас мал (ірі қара мал (ІҚМ), ұсақ малдар, жылқы, түйе, шошқа) сатып алды.Сонымен қатар, ауылдық жерлердегі ауылшаруашылығына жатпайтын қызмет түрлерін дамытуға қолдау көрсету шеңберінде жылдың басынан бастап 47,8 млн.теңге сомасына 5 қарыз алушы қаржыландырылды. Осындай қолдаулар ауылдық жерлердегі инфрақұрылымды дамыту мақсатында 2007 жылдан бастап көрсетілетіні жайлы айта кету қажет.

          Агроөнеркәсіпті дамытудың жаңа бағдарламасы ұсынылды. Ауылшаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков жаңа бағдарламасын таныстырды. Министрдің айтуынша, Қазақстан Кедендік одақтағы әріптестері Ресей мен Беларусь еліне қарағанда саланы қаржыландыру жағынан артта келеді. Мәселен, Беларусь елінде агроөнеркәсіптік кешенді өндірушілерге өнімнің жалпы құнының 18%-ын, ал Ресейде 8%-ын мемлекет қаржыландырады. Ал бізде ол бар болғаны 3,5% ғана. Бұған дейінгі бағдарламаларға қарағанда жаңа жоба агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Айта кету керек, жобаны жүзеге асыру үшін мемлекет бюджетінен 3 миллиард теңге бөлінеді

          Мемлекет дағдарыстың барлық шараларын жасауда. Дағдарысқа қарсы бағдарламаның бес бағытына байланысты – қаржы секторы, құрылыс саласы, шағын және орта бизнес, агроөнеркәсіп кешені, инновациялық-индустриялық даму – Президент Үкіметке тапсырыстарында келесі мәселелерге ерекше көңіл аударды: отандық өнім өндірушілерді қолдау қажеттігіне, оларға мемлекеттік сатып алуда басымдық беруіне; Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік кәсіпорындардағы жұмыссыздықтың өсуіне және жұмыс орындарының қысқаруын болдырмауына; ауыл шаруашылық шикізаттарын өндірушілердің қаржы айналымына мұқтаждығын жедел қамтамасыз етуіне; үлестік құрылыс проблемасын шешу жөніндегі жұмысты күшейтуіне; шағын және орта кәсіпкерлікке тексеріс жасауға жарияланған мораторийға қарамастан, ағымдағы жағдайда бюджеттің кіріс бөлігін орындауына; Республикалық және жергілікті бюджеттердің мейлінше үнемделуіне Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға 280 миллиард теңге, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға 120 миллиард теңге бөлінді. Ел экономикасын әртараптандыруға 600 миллиард теңге бөлінді.

 

Агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі міндеті:

 
Еңбек өнімділігін көтеруді, елдің  азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және агроөнеркәсіптік кешендердің  экспорттық әлеуетін күшейту.Өсімдік шаруашылығы саласы.

 
Соңғы үш жыл ішінде (2008-2010 жылдар) республикада астық өндірісінің орташа жылдық көлемі 16,2 млн. тонн құрады.

Қазақстан әлемде ірі астық экспорттаушы алғашқы ондыққа кіреді. Қазақстан астығы әлемнің 70-тен астам еліне жеткізіледі. Қазақстандық астықты импорттаушы негізгі мемлекекеттер ТМД, Таяу Шығыс, Солтүстік Африка және Еуропалық одақ елдері болып есептеледі. Соныме бірге Қазақстан бау-бақша өнімдерін, сұйық май, жеміс-жидек, жүзім, қант қызылшасын және картоп өндіреді.Мал шаруашылығы саласы.Мал шаруашылығы аграрлық экономикалық сектордың негізгі саласы болып есептеледі.Мол жайылым жерлер мен табиғи-климаттық жағдайдың қолайлы болуы мал шаруашылығының қанат жаюуына жақсы негіз жасап отыр. 
Мал шаруашылығы саласында жүргізілген мемлекеттік саясаттың нәтижесінде малдар мен құстардың барлық түрлерін көбейюі, олардың өнімділігін арттыруға бағытталған тұрақты даму байқалуда. 
2010 жылы өндірілген таза салмақты ет көлемі 937,4 т мың. тонн, сүт -5 381,2 мың. тонн, жұмыртқа – 3 720,3 млн. дана және жүн - 37,6 мың. тонн. құрады.Азық-түлік және қайта өңдеу өнеркәсіптері.Елдің азық-түлік және қайта өңдеу өнеркәсіптері (ет, сүт, балық, жарма-ұн тартатын диірмен және құрама азық, май өнімдері, қант) экономиканың стратегиялық салаларының бірі болып табылады,яғни елдегі тұрғындарды сапалы азық-түлікпен және оның сандық мөлшерімен қамтамасыз етеді.

 
        Қазақстан Ресрубликасының Статистика агенттігінің (ары қарай-Агенттік) деректеріне қарағанда, 01.01.12ж жағдайда азық-түлік өнімдерін шығаратын шамамен 2,1 мың кәсіпорын жұмыс істейді. 2011 жылы кәсіпорын салалары өнеркәсіптік өндірістегі республикалық көлемнің 7% құрады және 22% - өңдеуші өнеркәсіпке кірді.

 
2011 жылы азық-түлік өнімдерінің өндірістілік көлемі қаражаттық жағдайда 673,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2009 жылға қарағанда 12,9% көп.

 
Есептік кезеңдердегі сусындарды өндіру көлемі 137,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 25% жоғары.

 
Агенттіктің деректері бойынша, осы салада шамамен 70 мың адам жұмыспен қамтылған, жұмыс істейтіндердің 18% өңдеуші өндірістерде және 9,7% кәсіпорындарда жұмыс жасайды. 2011 жылы негізгі капиталдағы инвестиция 50,0 млрд. теңгені құрады.

 
Қазақстанның негізгі экспорттық позициясы – астық және оның өңделген өнімдері, күріш, ет, май және кондитерлік өнімдер.

2010 жылғы агроөнеркәсіптік кешендер өнімдерінің импорты, млн. долл. АҚШ

Тірі жануарлар  және жануарлардан дайындалған өнімдер

584,7

Өсімдік өнімдерінен  дайындалған азық-түлік

533,2

Дайын азық-түлік  өнімдері, алкоголді және алкоголсіз сусындар және уксус, темекі және оны  алмастырушы өнімдер

1 704,1


Дереккөзі: ҚР Статистика агенттігі

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар 

 
2011 жылы 1 қаңтарда балық және орман шаруашылығы, ауыл шаруашлығы өнімдерін өндіру бойынша 161 ірі және 647 орташа кәсіпорындар тіркелді.

Ұсынылған өндірістік аймақтар

 
Аграрлық индустрия елдің орталығында, солтүстігінде, оңтүстігі мен шығысында дамитын болады.

 
Агроөнеркәсіп кешені мен балық  шаруашылығының өңдеу кәсіпорындарын орналастыру шикізат көздеріне  де, ірі қалалардың өткізу нарықтарына  да бағдарланатын болады. Астана мен Алматы қалаларының айналасында азық-түлік белдеулерін қалыптастыру басымдыққа ие болады. Агроөнеркәсіп кешенінің астық пен етті тереңдете өңдеуге бағытталған негізгі өндірістері негізінен солтүстік өңірлерде орналастырылатын болады.

 

Салалық мамандану орталықтары: Петропавл, Қостанай, Көкшетау, Шымкент, Тараз, Талдықорған, Алматы, Қызылорда, Атырау.

 

Агроөнеркәсіп кешені инвестиция тартуда тәуекелі мол сала ретінде сипатталатыны белгілі. Осыған байланысты Қазақстанда біртұтас астық холдингін құру астық саласын құрылымдап, астық рыногын реттеудегі мәселелер жүйелі әдіс-тәсілдерді қажет етеді. Бұл істе ең алдымен экспорт инфрақұрылымы мен көлік логистикасын дамыту, астық сатылымын ұйымдастыру істері күн тәртібіне қойылып отыр. Мұның барлығы өз кезегінде ауылшаруашылық құрылымдарының қаржылық жағдайына септесетіндігі түсінікті.

Информация о работе Агроөнеркасип кешені