Ахмет Байтұрсыновтың педагогикаға ғылымына қосқан үлесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2011 в 21:17, реферат

Описание

Ахмет Байтұрсынов - қазақ мәдениетінің тарихында үлкен, бір дәуірді алып жатқан алып тұлға. Оның тарихи тағылымы мол, тәрбие туралы өзіне тән прогрессивтік ой-пікірі бар ұлы -ғалым. Қазақ философиясының (тіл білімі және әдебиет тану) негізін салушы педагог-ағартушы, мәдениет және қоғам қайраткері.

Работа состоит из  1 файл

Байтұрсыновтың ағартушылық қызметі.doc

— 42.00 Кб (Скачать документ)

    Ахмет Байтұрсыновтың педагогикаға ғылымына қосқан үлесі  (1873-1937)

    Ахмет Байтұрсынов - қазақ мәдениетінің тарихында  үлкен, бір дәуірді алып жатқан алып тұлға. Оның тарихи тағылымы мол, тәрбие туралы өзіне тән прогрессивтік  ой-пікірі бар ұлы -ғалым. Қазақ философиясының (тіл білімі және әдебиет тану) негізін салушы педагог-ағартушы, мәдениет және қоғам қайраткері.

    А. Байтұрсынов - алғашқы қазақ тілінің  авторы (1912). Сол кездің өзінде ол жүзеге асырған қазақ жазуы (''Жаңа емле ережесі'' айнала ортадан тиісті бағасын алды. Оған прогрессивтік зиялы қауым ерекше назар аударады. Ал, 1924 жылы, ол жаңа қазақ алфавиті ретінде қабылданып, оған ғалымының құрметіне - Байтұрсынов аты берілді. Ол өз заманында барлық түркі тілдес халықтардың ең жақсы үлгісі ретінде қабылданды. Сондай-ақ, біздің шетелдік отандастар күні бүгінге дейін Байтұрсынов графикасын пайдаланады. Байтұрсыновтың әдістемелік еңбектері қазіргі кездің өзінде үлкен беделмен қолданылады. Оның қазақтың тіл білімі және қазақ тілін оқыту методикасы өзінің сапалылығымен және ана тіліміздің ерекшелігін жинақтайтын оқулық негізі ретінде үлкен табыспен мектептер мен жоғары оқу орындарында о(қытылып, қолданылмалы қазақ тілінің қолтума оқулығына айналып отыр.

    Ол  өмірінің алғашқы жылдарын бала оқытудан бастайды. Ол жөнінде былай деп жырлайды.

    Адамдық диқаншысы - қырға шықтым,

    Көлі  жоқ, көгалы жоқ-құрға шықтым.

    Тұқымын, адамдықтың шаштым, ектім,

    Көңілін көтеруге бұл халықтың - деп бейқам жатқан халқын сауаттандырып, өнер - білімге, мәдениетке жетектеді.

    Бұл тұста 1890 жылдар үстінде Ахмет Байтұрсынов тәрізді оқыған, білім алған, мектеп бітірген, орысша сауат ашқан өзге де қазақ азаматтарының алғаш көріне бастаған кезі еді. 1896 жылы Байтұрсынов Омбыда жұмыс істеп отырып Ақмола, Семей оқу жүйесін басқарады. Сол жылдары ол Қазақ даласында бала оқыту жайы, оны қатты толғандырады. Осы кезеңде қазақтарды оқыту Ахметтің ой-түюінше өзгелердің емес, өзі тектес оқығандардың халық алдындағы парызы - деп түсінеді. Байтұрсыновтың осындай мақсаттарды көздеп, саяси-көзқарастарын шыңдай түсуі Қарқаралыда өмір сүрген 1896-1907 жылдар кезеңімен байланысты. Осы жылдары оның айналасына қазақ зиялылары топтала бастайды.

    Байтұрсынов 1907-1917 жылдар арасында Орынборға жер  аударылып сонда тұрған жылдарында ғылым, білімге бұрынғыдан да терең  үңіліп, қазақ балаларын оқытудың әдістерін, қазақ тілі мен әдебиеті, өнері, тарихы, мәдениеті туралы өрен ойлар айтып, бастауыш мектептерге арнап оқулықтар мен оқу құралдарын жаза бастайды. Халық мұраларын, ауыз әдебиетін - эпос, ертегі, жұмбақтар жинап бастыру ісімен айналысады, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылданады.

    Ахмет Байтұрсыновтың қазақ елінің жоғын  жоқтап, санасына сәуле құюға байланысты жасап жүрген еңбектері елге тарай  бастайды. 1913-18 жылдар арасында бейресми газет ''Қазақ'' газетінің редакторы болып жұмыс істеген жылдарында - газет бетінде халықты оқуға, білімге, өнерге, бостандыққа, теңдікке шақырған ойларын газет бетіне ашық жариялағанды.

    Қазақтарды  надандық шырмауынан шығарудың бірден-бір  жолы ғылым-білімге ұмтылу, оқу-ағарту жұмысымен айналысу деп түсінген Байтұрсынов бұл пікірін "Қазақ" газетін жариялауға ұдайы ұмтылыс жасаған. 1911 жылы Орынборда басылған ''Маса'' атты жинағы, халықты өз тағдыры үшін күреске шақырып, жұртшылықты шырт ұйқысынан оятқан дабылды еңбек -топтама туынды болған. Ахмет қалғыған халқын ең болмаса маса болып шағып оятайын, ойландырайын - деген мақсат көздейді.

    Сары  маса болып ызыңдаған өзі екенін, Ахмет Байтұрсынов, 1909 жылы Петербургте  басылған ''Қырық мысал'' атты еңбегінде ''Малшы мен Мысал'' туындысында  жасырмай ашық айтады. Онда мынадай шумақ-өлеңдер болған:

    Мысалы, қазақ малшы ұйықтап жатқан,

    Жыланды пәле дедік аңдып жатқан,

    Пәленің түрін көрген мен Сары маса,

    Халықты оянсын деп сөзбен шаққан.

    ''Айқап  журналы'' мен ''Қазақ'' газеті бетінде  көптен көтеріп жүрген, елдің санасын көтеруден бұрын, сауат ашар ''Әліп-би'' тіл құралын жазу үшін графика және қазақ тілінің дыбыстық жүйесін жасаумен Байтұрсынов 20 жылдар еркін айналысады. Ол әуел баста араб графикасына бейіл береді. Дәл осындай құралдың ересектер үшін де аса қажет екенін ескеріп ''Әліпбиді'' жазады, бұл оқулық 1924 жылы Орынборда, 1926 жылы Семейден басылып шыққан. Ал ''Тіл құралы'' 1914 жылдан бастап жариялана бастайды.

    Ахмет  Байтұрсыновтың  ағартушылық,  ғалымдық,   қайраткерлік,  ақындық  қасиеттерін  сараласаңыз - өзінен бұрынғы үш ғұламаның  Абайдың ақындығын, Ыбырай-дың ағартушылығын, Шоқанның ғалымдығын, оны бір өзі  таңдап алғандай. Байтұрсыновтың бойынан  осы үш қасиет бірдей табылған. өлеңін, ақындық шеберлігін Ахмет Абайша түрлеп, адам бойындағы надандықты шенейді, саналылыққа ел болып бірігуге шақырады.

    Бұл неткен жұрт ұйқышыл,

    Болсын  кедей, болсын бай,

    Жатыр бейқам жым-жырт жай -десе, енді бірде

    Шығармай  бір жеңнен қол, бір жерден сөз,

    Адалдық, алтыбақан, дертпен кірдік,

    Жан-жақты  жаратқанға күзеттіріп,

    Жақынмен  ырылдасып, иттей үрдік - деп сол  кездегі шындықты жырлайды.

    Абайдың бірден-бір өлеңін өткен уақыттың жайын ғана жырлайтын, кезеңдік дүние  деп қарай алмайтыны-мыз сияқты, Байтұрсынов туындыларының да шеңбері ауқымы уақытпен шектеліп қалған емес.

    Байтұрсынов өмір шындығын, тәрбие тағылымын мынадай  етіп келтіреді. Тықылдап, құр пысықтап сөйлейтін көп, Екіндеп ұшқыр  атта қарқындаған, Бос белбеу, босаң  туған бозбала көп,

    Киіздей шала басып қарпылмаған - деп сол  екі шумақ өлеңде - бүгінгі біздерге, жастарымызға арналып айтып тұрғандай  емес пе? Ахмет Байтұрсынов еңбек  тәрбиесін жырлаған, еңбек тағылымының  туын көтерген дана -адам.

    Ахмет Байтұрсынов еңбексіз, арзан істерді надан-дықты, мешеулікті, білімсіздікті өткір сынға алған.

    ''...Жаны  ашып, жаүан үшін қайғырма?

    Жаны  мол, жақыны мол, малдың құлы... десе, ол ''Жұртыма'' деген өлеңінде -Келгенде өзді-өзіңе мықтысыңдар, Қайтейін өзге десе көнгішсіңдер, Сықылды сынық  бұтақ төмендесең, Кім жұлмас оңайдағы жемісіңді.

    Ахмет үлкен аудармашы. Ол Крыловты аударған. ''Арыстан, киік үәм түлкі'' деген  мысал өлеңін былай тұжырымдайды. ''Кісіге таза жолдас табу қиын, Көбіне-ақ дос етеді мал мен бұйым, Досыңнан, дұшпаныңнан бірдей сақтан,

    Басыңда Сірә ''Ахмет болса миың'' - деп, өзіне  арнаған. Енді бірде: Ойлама шын достарым мол екен - деп, Сөзіне ере берме  жол екен - деп. Досыңды қиын іске қайрап тұрған,

    Білгейсің шын дұшпаның сол екен -деп, немесе ол ''Жұртыма'', ''Қара бұлтта'' деген

    өлеңдерінде қансып жатқан далаға жауудың орнына, қарабұлттың жауыны, теңізге жаууын орынды сынайды. Жаңбырсыз ''Даланы'' бейқам жатқан қазақ дейді. Ахмет өлеңі, аудармасы болсын, бәрін қазақ  өміріне әкеліп тірейді. Оянар ма екен, сабақ аларма екен, серпілер ме екен деумен болады.

    Қаршадайынан  елім - деп езіліп, халқым - деп қайғы  жеген Ахмет Байтұрсыновты - азап пен тозақтың бәрін басынан кешірген, ақыры қаратүнек надандықтың  құрбаны болған, оның өнер, білім, оқу-тәрбие, тарихи тағылымы ұрпақтан-ұрпаққа сақталып, ұлы адамның аты -әр адамның, бүкіл жұрттың жүрегінде мәңгі сақталары даусыз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Әдебиеттер

    Ақпанбек Г. Қазақтардың дүниетанымы. -Алматы, Қазақ университеті, 1989.

    Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991.

    3.Алмаханова Х. Жас өспірімдерге эстетикалық тәрбие беру.   /Методикалық нұсқау. А., 1990.

    4.Ақназарова Б. Класс жетекшісі. -А., Мектеп, 1973.

    5.Әбенбаев С. Оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беруді жетілдіру. -А., 1992. 

    6.Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. -А., 1999.

    7.Әбілова З. Этнопедагогика. -А., 1997.

    8.Әтемова Қ. Ата-аналар жиналысының мәні. Қаз. мем. 1-1996.

    9.Болдырев Н. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. -Алматы, 1987.       тарау.

    Болдырев Н. Класс жетекшісі. -А., Мектеп, 1980.

    Богословский В. т. б. Жалпы психология -А., Мектеп, 1980, 13 тарау.

    Безкаравайный С., Жұмабаев А. Мектепте өткізілетін тарихи-әдеби кештер. -А., Мектеп, 1968.

    Бержанов Қ. Тәрбие мен оқытудың бірлігі. -Алматы, 1973.

    Бабанский Ю. Педагогика. -Москва, 1988. 23-тарау.

    Батышев С. Научная организация учебно-воспитательного процесса. -М., 1975.

    Внутришкольное управление: Вопросы теории и практики. Под ред. Т. И. Шамовой.

    Елеманов С., Күктілеуов А. Жастарға арналған праволық білім беру негіздері. -А., 1985.

    Егембердиев Ж. Мектеп жұмыстарын жоспарлау /Методикалық ұсыныстар. -А., Мектеп, 1975.

    Жұмаханов Ә. Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. -А., 1985.

    20.Ильина Т. Педагогика, -М., 1984 жыл.

    21.Керімов Л. Праволық тәрбие жүйесі. (11-лекция). -А., 1991.

    22.Капралов Р. Класс жетекшісінің жұмысы. -А., 1983. 

Информация о работе Ахмет Байтұрсыновтың педагогикаға ғылымына қосқан үлесі