Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 16:58, реферат
Акционерлік қоғамның негізгі қызмет түрлерінің қысқаша сипаттамасы,
акционерлік қоғамның бəсекелесі болып табылатын ұйымдар туралы мəлімет.
Эмитент қызметінің негізгі түрлері кондитерлік бұйым өндіру жəне оны сату. Компания
бизнесі дəстүрлі дəмді ұмытпай, заман талаптарына сай келетін жоғары сапалы кондитерлік
бұйымдармен Қазақстан халқын жəне басқа да мемлекет елдерін барынша қанағаттандыруға
бағытталған
Акционерлік қоғам қызметінің сипаттамасы
21. Акционерлік қоғамның негізгі қызмет түрлерінің қысқаша сипаттамасы,
акционерлік қоғамның бəсекелесі болып табылатын ұйымдар туралы мəлімет.
Эмитент қызметінің негізгі түрлері кондитерлік бұйым өндіру жəне оны сату. Компания
бизнесі дəстүрлі дəмді ұмытпай, заман талаптарына сай келетін жоғары сапалы кондитерлік
бұйымдармен Қазақстан халқын жəне басқа да мемлекет елдерін барынша қанағаттандыруға
бағытталған. Эмитенттің өнімнің əмбебап портфелі бар жəне кондитерлік бұйымдардың көптеген
түрін шығарады. Компанияның өнім номенклатурасына 12 топтың: кəмпит, карамель, мармелад,
драже, шоколад, зефир, ирис, печенье, вафли, какао-ұнтағы жəне шалафабрикатардың 230 көп
түрі кіреді, бұл тəттілер қай тұтынушының болсын көңілінен шығады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда кондитерлік бұйымдардың негізгі өндірушілері: «Рахат» АҚ,
«Баян Сұлу» АҚ, «Қарағанды кəмпиттері», «Хамле» ЖШС жəне бірнеше шағын мекемелер
еліміздегі кондитерлік өнімнің жалпы көлемінің 52% шығарады.
Эмитенттің кондитерлік бұйымдарды шығарудағы басты ішкі бəсекелестері:
· «Баян Сұлу» АҚ - Қостанай қаласында орналасқан. Кондитерлік бұйымдардың 200 жуық
түрін өндіреді. 2007 жылы 6 айда өндіріс көлемі 13,8 мың тоннаны құрады да нарықта 10
% үлеске ие болды. «Баян Сұлу» АҚ-ның Қазақстанның əр өңіріне кең тараған өкілдіктері
бар.
· «Қарағанды кəмпиттері» АҚ – Қарағанды қаласында орналасқан. Кондитерлік
бұйымдардың 200 жуық түрін өндіреді. 2007 жылы 6 айда өндіріс көлемі 4,9 мың
тоннаны құрады да нарықта 4 % үлеске ие болды. «Қарағанды кəмпитерін» АҚ-да
Қазақстанның əр өңірінде кең тараған өкілдіктері бар.
· Басқа өндірушілер 2007 жылы 6 айда нарықта 15% үлеске ие болды.
· Шетелдік өндірушілер біздің нарықта 2007 жылы 6 айда нарықта 30,7 % үлеске ие,
оның ішінде:
· Украина 33 мың тонна кондитерлік бұйымдар əкеледі де нарықтың жалпы үлесінің 26 %
құрайды. Украиндық өндірушілердің Қазақстандағы негізгі өкілдері: «Рошен» - Киев қ.,
«АВК» - Донецк қ., «Бисквит» - Харьков қ., «Киев- Конти» - Киев қ.
· Ресей 2007 жылы 6 айда Қазақстанға 22,6 мың тонна кондитерлік бұйымдар əкелген, ол
нарықтың 18 % үлесін құраған. Негізгі ірі жеткізушілер: «Красный октябрь»,
«Бабаевский», «Рот Фронт» - Москва қ., «Алтай» - Барнаул қ., «Конфил» - Волгоград қ.,
«Южуралкондитер» - Челябинск қ., «Сладко» - Екатеринбург қ., жəне басқалары.
· Алыс шетелден 2007 жылы 6 айда 4,7 мың тонна кондитерлік бұйымдар əкелініп, олар
нарықтың жалпы үлесінің 4 % құрады.
22. Акционерлік қоғам қызметінің негізгі түрлері бойынша сату түсімділігіне (жұмыс,
қызмет көрсету) позитивті жəне негативті əсер ететін факторлар17
Позитивті факторлар;
· Республикада экономикалық ахуалдың түгелдей тұрақтануы;
· Халықтың төлеу қабілеттілігінің артуы;
· Шығарылатын өнімнің жоғары сапалылығын жəне басқа да тұтынушылық қасиеттерін
жақсартуға ден қою;
· Танымал тауар маркасы;
· Өткізудің икемді қалыптасқан жүйесі.
Негативті факторлар:
· Өңірлердегі өмір деңгейі жəне халықтың сатып алу қабілеттіліг і
диспропорцияларының сақталуы;
· Шетелдік өнім тарапынан қатты бағалық бəсекелестігі;
· Кəсіпорынның өндірістік жəне қаржылық əрекетін əлемдік нарық коньюктурасына
тəуелді ететін жергілікті шикізат базасының жоқтығы мен дамымау салдарынан
шетелдік шикізат үлесінің көп болуы;
· Отандық өндірушілерді мемлекеттік қорғау мен қолдау жүйесінің тиімсіздігі.
24. Сатылған өнімнің (атқарылған жұмыс, көрсетілген қызмет) көлемі соңғы екі жылда
немесе акционерлік қоғамның нақты əрекет ету кезеңінде.
Соңғы екі жылда немесе акционерлік қоғамның нақты əрекет ету кезеңінде сатылған
өнім (атқарылған жұмыс, көрсетілген қызмет) көлемінің өзгеру сараптамасы
«Рахат» АҚ 1992 жылы Алматы кондитер фабрикасының базасында құрылған, ол
Қазақстандағы ең көне кондитерлік кəсіпорын болып табылып өз тарихын сонау 1942 жылдан
санап бастайды. «Рахат» АҚ шығаратын өнімнің жоғары тұтынушылық қасиетін Қазақстанда
өнімді тұтыну көлемінің жыл сайынғы өсуі растайды. Өнімнің, осы саладағы ғылыми-техникалық
жетістіктер деңгейіне сəйкес екенін тамақ өнеркəсібінің түрлі майталман мамандары берген
сараптамалық бағалары растайды. №15 кестеде «Рахат» АҚ өнімін аяқталған 2 жыл мен 2007
жылдың 10 айында сату көлемінің серпілісі берілген.
Эмитент өткізген өнімнің көлемі
№ | Көрсеткіштер атауы | 2005ж | 2006 ж |
1 | Сату көлемі, тонна | 51 312 | 56 986 |
2 | Алдыңғы кезеңге қарағандағы өсу екпіні, % |
120,5 | 111,1 |
3 | Сату көлемі, мың теңге | 11 492 71 | 13 547 886 |
4 | Алдыңғы кезеңге қарағандағы өсу екпіні, % |
127,4 | 117,9 |
5 | Алдыңғы кезеңге қарағандағы өсу екпіні, мың теңг |
2 470 78 | 2 055 167 |
Эмитенттің сатылған өнімінің көлемі 2007 жылғы 10 айда 48 587 тоннаны құрайды, өткен
жылдың осы кезеңінде өсу деңгейі 106,4 %. Сату көлемі ақшалай 12 071 822 теңге, алдыңғы
кезеңдегі өсу деңгейі 115,4 %.
25. Өз өнімін (жұмыс, көрсетілетін қызмет) сатуды ұйымдастыру бойынша қоғамның іс-
əрекеті.
Эмитенттің пайдаланатын өнімінің жалпы құнының бес жəне одан да көп пайызын
құрайтын негізгі тұтынушылары туралы мəліме.
№ | Тұтынушының атауы | Сату өңірлері | Сатудың жалпы көлемінің Салыстырмалы салмағы, % | Сату көлемі, мың теңг |
1 | «ТД Рахат-Шымкент» ЖШС | Шымкент қ. | 19,0 | 2293800 |
2 | «Рахат-Караганда» ЖШС | Қарағанды қ. | 7,0 | 840100 |
3 | «Рахат-Астана» ЖШС | Астана қ. | 6,5 | 788900 |
26. Акционерлік қоғам қызметіне əсер ететін факторлар:
1) маусымдық сипаты бар қызмет түрлері, олардың акционерлік қоғамның жалпы
кірісіндегі үлесі.
Маусымдылық Эмитенттің қызмет барысында айқын сипат алмайды да белгілі бір кезеңдерде
көрінеді. Сатылған өнімнің ең көп көлемі жаңа жылдық мереке күндеріне тұспа-тұс келеді.
Желтоқсандағы сатудың жоғарғы шегі барлық жылдарда да дəстүрлі, жаңа жылдық мерекелердің
алдындағы жеке дара сұраныстардың өсуіне байланысты.
Сатудың келесі жоғарғы шегі көктем мерекелеріне: 8 наурыз, Наурызға сəйкес келеді. Жаз
басталысымен жекелеген кондитерлік өнімдерге деген сұраныс төмендейді, мысалы шоколадтан
жасалғандарға, бірақ карамелдерге сұраныс арта түседі, демек кондитерлік бұйымдардың
сатылуында маусымдық ассортимент қозғалысы болады.
Сондықтан, Эмитент қызметіндегі маусымдылық шамалы көрінеді, бұл ретте тұтынудың екі
жоғарғы шегін –қысқы, жазғы деп белгілеуге болады.
2) Сатылатын өнімнің жалпы көлеміндегі акционерлік қоғамға жеткізілетін
(көрсетілетін) шикізаттағы (жұмыс, көрсетілетін қызмет) импорттың үлесі жəне
акционерлік қоғам экспортқа шығаратын өнімнің (жұмыс, қызмет көрсету) үлесі.
тəуекел факторлары.
· Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарқында немесе биржадан тыс
нарықта акция бағасына əсер ететін, сондай-ақ қоғам акциясының бағасына əсер ететін өнім
бағасының өзгеру тəуекелдері.
Эмитент операцияны ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында іске асырады.
Эмитент биржадан тыс нарықта белсенді айналуды ұйымдастырмайтандықтан бұл жағдайда
акциялар бағасының өзгеруі өте үлкен болмайды. Эмитент пен басқа компаниялар арасындағы
бағаның өзгеруіне қатысты, онда бұл жағдайда қаржылық-шаруашылық қызметі жақсарған
жағдайда Эмитент акциясының инвестициялық қызықтырушылығы жоғарылайды. Эмитенттің
қаржылық-шаруашылық жағдайы нашарлағанда акциялар екінші рынокта белсенді айналымда
болмағандықтан курстық динамика нарыққа кері əсерін тигізбейді.
Эмитент акциясына əсерін тигізетін нарық көлемі мен нарықтағы өнім құнының
өзгеруімен байланысты тəуекел.
Бұл тəуекел Эмитент табысының деңгейі мен сомасын төмендетуіне қызмет ететін
Эмитенттің операциялық қызметі нəтижесінде генерацияланады. Бұндай тəуекелдің болуына
себепкер: Эмитенттің-кəсіпорынның өндірістік күш-қуатының төмендеуі, оның өнімін е
сұраныстың төмендеуі, бəсекелестік көбейген жағдайда жəне осыған ұқсас жағдайларда өнімнің
сату деңгейі төмендеуі. Эмитент табысы мен қаржылық-шаруашылық жағдайы төмендеуі22
нəтижесінде Эмитент акциясының нарықтық бағасының төмендеу қауіпі бар.
«Рахат» АҚ өзінің қызметіне пайдаланатын шикізаттар мен қызметтер бағасының (арнайы
ішкі жəне сыртқы нарықта) өзгеруіне, оның «Рахат» АҚ қызметіне тигізетін əсеріне жəне бағалы
қағаз бойынша міндеттерді орындауға байланысты тəуекелдер.
«Рахат» АҚ өзінің қызметіне пайдаланатын шикізаттар мен қызметтер бағасының өзгеруі
тұтас компанияның қаржылық-шаруашылық нəтижесіне кері əсерін тигізуі мүмкін. «Рахат» АҚ
жеткізушілері өнімдері бағасының бірден құбылуы «Рахат» АҚ өнімі бағасының өзгеруіне жəне
тұтас компанияның қызметіне, сондай-ақ Эмитенттің бағалы қағаздар бойынша өзінің қызметін
орындауда кері əсерін тигізуі мүмкін. Талдап сату бағасының бірден көтерілуі халықтың сатып
алу қабілеттелігі төмендетеді, осыған сəйкес қаржылық-шаруашылық қызметі жəне Эмитенттің
бағалы қағаздар бойынша өзінің қызметін орындауы нашарлайды. Қазіргі уақытта бұл тəуекелді
болмашы деп қарастыруға болады.
l Инфляция, құнсыздану жəне банктің пайыздық мөлшерлемелері себепші болған
тəуекел.
Эмитент қаржы тəуекеліне оның ішінде инфляциялық тəуекел, берілетін ақшаның
пайыздық мөлшерлемесінің өзгеру тəуекеліне душар. Оның болуы жəне қаржылық-шаруашылық
қызметі деңгейіне əсерін Эмитент бағалайды жəне болашақ жетілдіру жоспарларын əзірлеуде
ескереді.
Эмитент компаниялардың өзара байланысына жəне компанияның қаржылық-шаруашылық
қызметіне кері əсерін тигізетін пайыздық мөлшерлемелердің өзгеруі тəуекеліне душар.
Эмитент қызметінің нəтижесіне инфляция деңгейінің əсері. Компанияның негізгі өнімі
кондитерлік өнімдер, көбінде баға деңгейі инфляциялық кезеңдерге байланысты өзгереді.
Қазақстан экономикасы үшін қазір жоғары инфляция сипатты. Егерде АҚШ долларына теңгенің
нақты курсы көтерліп, инфляция деңгейі құнсыздану деңгейінен асып кетсе, Эмитент бірнеше
долларлық шығындарға кезігуі мүмкін, мысалы: шикізат сатып алу (қант, сірне, сүт,
қоюландырылған сүт) жəне жұмыскерлерге еңбекақы төлеу. Бұл шығын Қазақстанда жалпы
бағаның өсуімен ерекшеленіп, қаржылық қызмет нəтижелеріне кері əсерін тигізуі мүмкін,
нақтырақ айтқанда компанияның операциялық табысының шығыны мен төмендеуі мүмкін.
Қазақстандағы құнсыздану деңгейімен салыстырғанда инфляция деңгейінің жоғары болуы
Эмитент шығынының жоғарылауына жəне операциялық маржаның төмендеуіне əкеледі.
Инфляция деңгейі, пайыздық мөлшерлеме немесе валюталық курс өсімі жоғарылаған
жағдайда компания шығыны өндірілетін өнім бағасын көтеруі мүмкін. Компанияның төлеу
қабілеттілігі төмендеген жағдайда компания қызметкерлер төлемін жəне шикізат сатып алуды
тоқтатады.
Қазақстан Республикасында ашық экономика түрінде капиталдың жоғары икемділігімен
жəне Қазақстан Республикасының толқыған ақша айырбастау бағам саясаты бірінші кезект е
Информация о работе Акционерлік қоғам қызметінің сипаттамасы