Акция

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2013 в 15:23, реферат

Описание

Акция (нидер. aktіe , нем. aktіe, лат. aktіү - қарамағына беру, рұқсат беру) — акционерлік қоғамды немесе кәсіпорынды дамытуға қаржы салғанын куәландыратын және оның иесіне акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігін дивиденд түрінде алуына құқық беретін құнды қағаз.

Работа состоит из  1 файл

Акция.docx

— 34.90 Кб (Скачать документ)

 

Акция (нидер. aktіe , нем. aktіe, лат. aktіү - қарамағына беру, рұқсат беру) — акционерлік қоғамды немесе кәсіпорынды дамытуға қаржы салғанын куәландыратын және оның иесіне акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігін дивиденд түрінде алуына құқық беретін құнды қағаз. Акция айналым мерзімі белгіленбей-ақ шығарылады. Онда көрсетілген сома акцияның нақты бағасы болып табылады. Ал акция сатылатын және сатып алынатын құнды қағаз болғандықтан оның сатылу бағасы сатылу курсымен анықталады. Мысалы: акцияда 100 теңге деп көрсетілсе, бұл оның нақты бағасы, ал төленетін дивиденд пен несие капиталы процентінің деңгейіне байланысты ол 110-115 теңгеден сатылуы мүмкін. Акцияның бір акционерден екінші акционерге берілу тәсіліне қарай олар атаулы және ұсынбалы дейтін екі түрге бөлінеді. Атаулы акциялардың иелері міндетті түрде корпорация реестірінде тіркелуге тиісті. Ұсынбалы акцияларды корпорация тіркемейді. Корпорацияны басқаруға қатысу құқығына сәйкес акциялар жай және пайдалы болып бөлінеді. Жай акциялар акционерлік қоғамды басқаруға қатысуға құқық береді. Пайдалы акциялар басқаруға қатысу құқығын бермейді, әйтсе де олар тұрақты түрде белгіленген дивиденд түсіреді және пайданы бөлу немесе қоғамның жойылуы кезінде жай акциялармен салыстырғанда артықшылыққа ие болады. Кез келген заңдық немесе әлеуметтік маңызы бар әрекет; әлде бір мақсатқа (мысалы, саяси акция; дипломатиялық акция) қол жеткізу үшін қолданылатын іс-қимыл. Акционерлік қоғам капиталында оның иесінің үлестік қатысуы туралы куәлік ететін акционерлік қоғам шығаратын және қоғамның істерін басқаруға қатысуға, оның иесіне осы қоғамның пайдасының белгілі бір бөлігін дивиденд түрінде алуға және сонымен қатар, ол таратылғаннан соң қалған мүліктің тиісті бөлігін алуға құқық беретін құнды қағаздың бір түрі.

Акционерлік қоғам   Өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға. Акционерлік қоғамның акционерлері осы заң актілерінде көзделгеннен басқа жағдайларда, оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өзіне тиесілі акциялар құнынын шегінде, қоғамның қызметіне байланысты шығындар тәуекелін көтереді.Акционерлік қоғамның өз қатысушыларының мүлкінен оқшауланған мүлкі болады, өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауапты болады және өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасы бойынша осы мерзімге дейін Үкімет «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамына еншілес және тәуелді ұйымдардың құнды қағаздары акциялары пакетін саудаға шығару жөнінде бағдарлама дайындаған болатын. Осы мақсатта пайда болған «Халықтық IPO» бағдарламасы 2015 жылға дейін жүзеге асырылмақшы. Ол еліміздегі мейлінше ірі және тұрақты мемлекеттік компаниялар акцияларын қор рыногына кезең-кезеңімен шығарып тұрады. 
Үстіміздегі 2012 жылы «Халықтық IPO»-ға «ҚазТрансОйл» АҚ бірінші болып өтті. Келесі жылы тап осылайша «KEGOK», «Air Astana», «Қазтеңізкөлікфлот», «Самұрық-Энерго» және «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамдарының акциялары таратылады. Мұның арғы жағында, 2014-2015 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК», «Қазтеміртранс», «Қазатомөнеркәсіп», «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамдарына кезек келеді. 
Осыған байланысты Үкімет «Халықтық IPO» бағдарламасы бойынша акциялар сатып алуға ниетті кісілерге жасауға тура келетін төрт қадамды ұсынады.

Бірінші қадам – брокерлік компанияны таңдау. Бағдарлама бойынша акция сатып алуға тілек білдірген кез келген адам алдымен сол үдерістерді жүргізетін брокерлік компанияны таңдап алуы керек. Себебі, биржадағы бағалы қағаздар саудасын тек арнайы лицензиясы бар брокер арқылы ғана жүргізе алады. 
Осы жерде ескеретін бір жайт, брокер таңдаған кезде оны осы кезге дейін жинаған тәжірибесін, комиссиялық шамасын, клиенттерге арналған қосымша шарттарын таразы басына салып, ой елегінен өткізіп алғанның артықтығы жоқ. Әлбетте, бұрын мұндай іспен айналыспаған адамдарға ұсынылған барлық брокерлік компаниялардың шама-шарқы, бет-бейнесі бірдей болып көрінуі ықтимал. 
Сондықтан брокерлік компаниялардың тізімін Қазақстан қор биржасының сайтынан (www.kase) қарап алуға әбден болады. Тіпті алғашқы таңдауда қателесіп кеткен күннің өзінде, босқа үрейге берілудің қажеті жоқ. Акциядан үмітті кісінің кез келген уақытта брокерлік компанияны ауыстырып алуға мүмкіндігі бар. Мұның өзі ережеде қарастырылған. Ал инвестордың қаражаты мен бағалы қағаздары құжатсыз нысанда – Орталық депозитарийдегі есеп-шотта сақталады.

Екінші қадам – брокермен шарт жасасу. Акция сатып алудағы шешуші қадамның бірі алдын-ала таңдап алынған брокермен шарт жасасу болып табылады. Бұл үшін талапкерге жеке куәлік (паспорт) және СТН қажет. Солар арқылы ғана брокерлік қызмет көрсету туралы шарт жасасуға болады. Ал қазіргі брокерлік компаниялардың көпшілігі Алматы қаласында орналасқан. Дегенмен, бұл үшін де күні бұрын салды суға жіберудің қажеті жоқ. Жергілікті жерлерде брокерлік қызметті «Қазпошта» АҚ филиалдары көрсетеді. Демек, облыстарда тұратын тұрғындардың еліміздің кез келген аймағында бар пошта бөлімшелеріне барып, осы міндетті жүзеге асыруларына болады. Пошта бөлімшесі, сонымен қатар, өз тарапынан трансфер-агент болып табылып, басқа брокерлік компаниямен шарт жасасуға да көмектесе алады. Дәл осындай трансфер-агент лицензиясы сондай-ақ «Қазақстан Халық банкі» акционерлік қоғамында да бар. 
Бір ескеретін жайт, трансфер-агент бағалы қағаздар рыногына қатысушы болып табылады. Ол өзінің инвесторлары мен брокерлері болып саналатын өз клиенттері арасында құжаттарды (ақпараттарды) қабылдау мен тапсыру негізінде қызмет көрсетеді.

Үшінші қадам – Орталық депозитарийдегі есеп-шотқа ақша салу. Тиісті шарт жасалып болғаннан кейін брокер өзінің клиенті үшін Орталық депозитарийде есеп-шот ашады. Міне, акцияны сатып алуға талапты адам сосын осы есеп-шотқа өзінің қаржысын салуы керек. Мұны кез келген банк немесе «Қазпошта» АҚ бөлімшесі арқылы жүзеге асыруға болады. Теңгемен салынатын бұл ақшаның мөлшерін клиенттің өзі белгілейді. Соған орай акцияға да ие болады. Ал әрбір акцияның құны қанша тұратынын біз осының алдында хабарлаған болатынбыз.

Төртінші қадам – брокерге бұйрық беру. Орталық депозитарийдегі есеп-шотқа тиесілі сома түскеннен кейін клиент өзімен шарт жасасқан брокерге немесе трансфер-агентке акциялар сатып алу жөнінде бұйрық бере алады. Бұл бұйрықта сатып алынатын бағалы қағаздардың түрі, саны және бағасы көрсетіледі. Осындай мәліметтер келтірілген жазбаша үлгідегі бұйрыққа қол қойған клиент оны брокерге тапсырады. Акцияларды сатып алу жөніндегі мәміле толық аяқталғаннан кейін брокер немесе трансфер-агент оның нәтижесін клиентке хабарлауға тиіс. 
Инвесторлар шығындарын кім өтейді? Сонымен, «Халықтық ІРО» бағдарламасы бойынша акциялар сатып алу жөніндегі барлық шаруа бітті. Әйткенмен, клиенттің брокер немесе трансфер-агент алдындағы міндеттемесін өтеуі қалып тұр. Енді ол өзі үшін осыншалықты жұмысты атқарып берген делдал ұйымға тиісті комиссиялық төлемін төлеуі керек. Ал бұл мөлшер сатып алынған бағалы қағаздардың жалпы сомасына қарай есептеліп шығарылады. Сонымен қатар, әрбір брокерлік компанияның алатын комиссиялық төлемдерінің көлемдері де әртүрлі болып келетінін ескерген жөн. Айталық, бұл «Қазпошта» акционерлік қоғамында мәміле сомасының 0,05 пайызын құрайды. Бірақ ол айлық есептік көрсеткіштің (МРП) жартысынан кем болмауы тиіс. Қазіргі уақытта аталмыш көрсеткіш 809 (сегіз жүз тоғыз) теңге болып табылады. 
Енді осыны мысал жүзінде көрейік. Мәселен, клиент «Қазпошта» АҚ арқылы жалпы сомасы 500 000 (бес жүз мың) теңгеге акция сатып алды дейік. Брокер комиссияның ең төмен шамасын алады, яғни бүгінгі күнгі 809 теңгені діттейді. Егер талапкер акцияларды 2 000 000 (екі миллион) теңгеге сатып алған болса, онда брокерлік комиссия 1 000 (бір мың) теңгені құрайды.          Сол сияқты клиент «Халықтық ІРО» барысында сатып алған акцияларды биржада сатып жіберу туралы шешім қабылдаса, биржаның комиссиялық төлемін төлеуі керек. Оның шамасы да мәміле сомасына байланысты. Бір миллион теңгеден аз сомаға акция сатып алынған жағдайда биржалық алым 100 теңге болады, бір миллионнан үш миллионға дейін – 150 теңгені, үш миллионнан бес миллионға дейін – 200 теңгені, ал бес миллионнан жоғары болса, мәміле шамасының 0,01 пайызын құрайды. 
Брокер мен биржа комиссиясын инвесторлар акцияларды сатып алған кезде де, сатқан кезде де әрбір мәміледен төлейді. Сондықтан «Халықтық IPO» бағдарламасына қатысу және акцияларды сатып алу туралы шешімді жауапкершілікпен, жақсылап ойланып қабылдаған дұрыс. Бағалы қағаздарды инвестициялаудың өзі тәуекелмен пара-пар.«Халықтық IPO» – бұл бірегей Бағдарлама, ол Қазақстан азаматтарына ірі ұлттық компаниялар акцияларын сатып алуына, сондай-ақ олардың ықтимал пайдасының бір бөлігін алып қана қоймай, сонымен қатар олардың дамуына қатысуға да мүмкіндік береді.Өзінің жалпы түсінігінде мемлекеттің ұлттық байлығын олардың азаматтары арасында бөлу дегенді білдіреді. Көптеген дамыған батыс елдері, мысалы, Ұлыбритания осындай бағдарламаларды ойдағыдай өткізді.IPO (Initial Public Offering) – «алғашқы жария ұсыныс» деп аударылады. Бұл термин қаржы операциясын білдіреді, оның барысында компания алғаш рет кең жұртшылыққа өз акцияларын сатып алуды ұсынады.  Халықтық – акция ең алдымен жеке тұлғаларға – Қазақстан азаматтарына сатылады дегенді білдіреді.Бағдарламаға қатысу үшін барынша тұрақты компаниялар іріктелді, олардың басым көпшілігі өз табысын елдің ішіндегі қызметі есебінен қалыптастырады, яғни әлемдік нарықтардағы жағдайларға тәуелді емес.Қатысушы компаниялар – бұл тұрақты компаниялар, олардың акцияларының құны ұзақ мерзімді перспективада өседі. Бұл тұрақтылық инвесторларды тартады, өйткені оларға деген сұранысты ұстап тұрады, ал бұл бағаның да ұсталып тұратынын білдіреді.

 

2012 жылы «Халықтық IPO» Бағдарламасына «ҚазТрансОйл» АҚ қатысатын болады

 

2013 жылы –«KEGOC» АҚ, «Эйр Астана» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ, «Самұрык-Энерго» АҚ,

«Қазмортрансфлот» ҰТКК» АҚ

 

2014 жылы – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Қазтеміртранс» АҚ

 

2015 жылы – «Қазатомпром» АҚ, «ҚазМұнайГаз» АҚ

 

Қазақстан үшін «Халықтық IPO» – бұл экономиканы дамытуға халықтың ақшаларын тарту тәсілі.

 

Тартылған ақшаларды  ұлттық компаниялар өзінің одан әрі дамуына, қызметін жаңғыртуға және кеңейтуге салуы мүмкін. 

Одан басқа, «Халықтық IPO» қазақстандықтарды қор нарығының қызметіне тарта отырып, өздерінің қаржы сауаттылығын арттыруға ынталандырады. Халықтың белсенділігі ірі инвесторларды тартады, олар біздің нарығымызға үлкен ақшалар әкеледі. Бұл біздің экономикамыз үшін принципиалды маңызды. 

 

« Халықтық IPO» Бағдарламасы -  бұл Қазақстан азаматтарына өзінше инвестициялар

Бұл капиталды көбейтудің жаңа қаржылық құралы. Құралдардың әртүрлілігі өз қаржы жоспарларын іске асыру үшін көбірек мүмкіндіктер береді. 

Мысалы, қазіргі кезде халық жинақтарының үлкен бөлігі банктік депозиттерде сақталады. Депозиттер ақшаларды жақсы сақтайды, бірақ оның айтарлықтай көбейтілетіні туралы айтуға да тұрмайды. Акциялар неғұрлым жоғары тәуекелдерге байланысты, бірақ сонымен қатар олар неғұрлым жоғары пайда түсіруді қамтамасыз етуі мүмкін. Мысалы, депозиттер бойынша ең жоғары ставка шамамен 8-9% тең, ал акциялар құны туралы айтатын болсақ, «ENRC» АҚ акцияларының құны 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 қыркүйекті қоса алғандағы кезеңде 384% өсті. Яғни бірінші жағдайда әрбір салынған 1000 теңгеге біз 80-90 теңге аламыз, ал екінші жағдайда – 2840 теңге аламыз. Мысалы, ENRC шынымен нақты, сіз қор биржасының сайтынан (www.kase.kz) алынатын статистикамен таныса отырып бұған көз жеткізе аласыз. Алайда, акциялардың ықтимал жоғары табыстылығының кері жағы да бар – тәуекелдер. Мысалы, «КАМАЗ» ААҚ акцияларының бағасы 2011 жылдан бастап 2012 жылды қоса алғандағы кезеңде 46% төмендеп кетті. 

Осы екі мысал – қор нарығы оқиғаларының алуан түрлілігін құрайтын жеке жағдайлар. Оның ерекшелігі осы алуан түрлілікте. Сіз, бейнелі түрде айтқанда, балықты тұнық суда, тыныш айлақта аулай аласыз және бұл ретте шамалы, бірақ тұрақты түсіммен қанағаттанасыз, сондай-ақ үлкен табысты іздей отырып, залалдарға тап болу тәуекеліне бел байлап, ашық теңізге де шыға аласыз. Таңдау – бұл әр адамның жеке ісі және оның болғаны да жақсы. Атап айтқанда таңдауды қор нарығы ұсынады, ал «Халықтық IPO» - қор нарығымен танысу үшін жақсы бастама.  

 

    ҚазТрансОйл- Мұнай тасымалдау, мұнай және мұнай өнімдерінің экспорты мен импорты мәселелерінде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 2 сәуірдегі №461 қаулысымен мемлекет жарғылық қорына 100 пайыз қатысатын «ҚазТрансОйл» мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «ҚазТрансОйл» МТҰК» ЖАҚ) құрылды. 

2001 жылы «ҚазТрансОйл»  МТҰК» ЖАҚ акцияларының мемлекеттік  пакеті Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2001 жылғы 2 мамырдағы  №591 қаулысына сәйкес құрылған  «Мұнай және Газ көлігі» ұлттық  компаниясы» жабық акционерлік  қоғамының жарғылық қорына берілді. 

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2001 жылғы 22 маусымдағы №159 бұйрығына  сай «ҚазТрансОйл» МТҰК» ЖАҚ  «ҚазТрансОйл» жабық акционерлік  қоғамы (бұдан әрі – «ҚазТрансОйл»  ЖАҚ болып қайта аталды. 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 ақпандағы №811 Жарлығымен «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы»  мен «Мұнай және Газ көлігі» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік  қоғамдарының бірігу жолымен қайта  құрылуы негізінде «ҚазМұнайГаз»  ұлттық компаниясы» жабық акционерлік  қоғамы құрылды, ол «ҚазТрансОйл» ЖАҚ-тың  бірден-бір акционері. 

2004 жылғы 31 мамырда «ҚазТрансОйл»  ЖАҚ «ҚазТрансОйл» АҚ болып  қайта аталды.

жоғары

Компания міндеті

Қоғамның магистральды мұнай  құбырлары жүйесіне барлық жүк тасымалдаушының  тең қол жеткізуін қамтамасыз ете отырып, мұнайды іркіліссіз тасымалдау, ауыстырып құю және сақтау бойынша  сапалы, уақытылы және бағасы жөнінен  бәсекеге қабілетті тасымалдау қызметтерін  көрсету.

жоғары

Компания келешегі

«ҚазТрансОйл» АҚ – тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті және қазіргі  заманға сай әртараптандырылған мұнай құбыры инфрақұрылымы бар, табысты мұнай тасымалдау компаниясы.

 «ҚазТрансОйл» АҚ стратегиялық мақсаттары және даму міндеттері

1 Мақсат – Ағымдығы  және болашақ пайданы сақтап көбейту 

2 Мақсат – Шығындарды  оңтайландыру 

3 Мақсат – Капитал  салымдарының (инвестициялардың) тиімділігін арттыру 

4 Мақсат – Бар мұнай  құбырларының жүйесін дамыту және жаңа экспорттық мұнай құбырларын пайдалануға және олардың құрылысына қатысу. 

5 Мақсат – Тиімділігі жоғары мұнай құбыры компаниясын құру 

6 Мақсат – Еңбекті  ұйымдастырудың қазіргі бар жүйесін және кадрлар әлеуетін дамытуды жетілдіру 

7 Мақсат - Қоршаған ортаны сақтауды және өндірістің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Қызметтің негізгі түрлері

Бүгінгі таңда «ҚазТрансОйл»  АҚ магистральды мұнай құбырларының қуатты тармақталған жүйесі бар, олармен мұнай тасымалдауды және су жеткізуді қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының аса ірі мұнай тасымалдаушы компаниясы болып табылады. Сондай-ақ Қоғамның қызметінің негізгі түрлері – жылу энергиясын өндіру, беру және тарату, электр энергиясын беру және тарату, Қазақстан Республикасының тұтынушылары үшін таратушы құбырлармен табиғи газ тасымалдау, өзге заңды тұлғаларға тиесілі магистральды құбырларды пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету.

Информация о работе Акция