Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Октября 2011 в 20:39, реферат
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауына қойған біздің мемлекеттің кең ауқымды мақсаты – тәуелсіз гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды орнату үшін шекті ұзақ мерзімді басымдықтарды жүзеге асыру керек:
1. Ұлттық қауіпсіздік;
2. Ішкі саяси тұратылық және қоғамның үйлесімі;
3. Шетелдік инвестициялар мен ішкі жиналымдардың жоғарғы деңгейімен бірге ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өркендеу;
4. Республика азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты;
5. Энергетикалық ресурстар;
6. Инфрақұрылым;
7. Көлік пен байланыс;
8. Кәсіби мемлекет.
Осынау басымдықтарды іске асыру мемлекеттен орасан зор қаржылық ресурстарды жұмылдыру мен тиімді қолдануды талап етеді, ал ол өз кезегіндегі барлық қаржылық жүйені одан әрі реформалауды көздейді.
Қазақстандық бюджет республиканың стратегиялық басымдықтарын жүзеге асырудың негізгі құралы болып келеді, өйткені ол елдің ең маңызды қаржы ағымдарының қозғалысын реттейді. Келешек көкжиектегі салықтық-бюджеттік аяны реформалаудың негізгі бағыттарына салықтық әкімгерлеуді жақсарту және бюджеттік бағдарламау тәсілдерін өндіру кіреді.
Үкімет 2003 жылға дейін салық реформасын жалғастыру және салықтық әкімгерудің тиімділігін арттыру есебінен салық түсімдерін ішкі жалпы өнім көлеміне шаққанда 14-15 пайызға өсіруді көзеп отыр:
1. Салық органдарын міндеттілік дәйектері бойынша жаңарту;
2. Салық төлеушілерді есепке алудың біртұтас ұлттық жүйесін құру;
3. Салық қызметтерін компьютерлеу;
4. Салық мағлұмдамаларының ықшамдалған нысандарын жақсарту және өндіру, Әділет министрлігі, кеден және Салық комитеттері арасындағы ақпаратты тиімділікпен, ретімен ұйымдастыру, кенді пайдалану мен мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі келісім-шарттарда салықтық сараптау жүйесін енгізу, оларды орындау мониторингі, шаруашылық субъектілеріне кешенді салықтық тексерулер жүргізу жөнінде нұсқаунамаларды жасақтау.
Бұл жерде акциз туралы айта кету жөн. Акциз, қалыптасқан қағида бойынша, тұрғындарға арналған және мемлекеттің монополиясы болып табылатын тапшы, жоғары рентабедьді тауарлар мен өнімдерге салынады. Мемлекет акциз салығы сұраным мен ұсынымды реттеуге, сонымен бірге мемлекеттік бюджетті толықыру үшін пайдаланады.
Акциз салығы, салыстырмалы түрде азғантай тауар түрлеріне салынады. Саналмаған тауарлар бойынша акциз нарығын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті бекітеді, олар республиканың бүкіл территориясында бірыңғай болады және календарлық жыл бойы өзгертуге жатпайды.
Кіріспе 3
І бөлім. Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі акциз салығының экономикалық мәні
1.1 Қазақстан Республикасы салық жүйесі 5
1.2 Акциз салығының экономикалық мәні 13
1.3 Акциз салығын салуда шетел тәжірибесі 15
ІІ бөлім. Акцизделетін қызмет түрлерін есептеу және рәсімдеу тәртібі
2.1 Акцизделетін қызмет түрлеріне салық салу 19
2.2 Акцизделетін қызмет түрлерін есептеу және рәсімдеу әдісі 25
ІІІ бөлім. Акциз салығын салуда кездесетін мәселелер мен шешу жолдары
3.1 Акциз салығының мемлекеттік бюджеттің қалыптасуындағы
алатын орны. 29
3.2 Акциз салығын салуда кездесетін мәселелер мен
шешу жолдары 33
Қорытынды 36
Қолданылған әдебиеттер 37
АҚШ-тың саясаткер және қоғам қайраткері Бенжамин Франклин айтқандай: "Өмірде екі қағида даусыз ол өлім мен салық". Ал акциз салықтың бір түрі болғандықтан, оның болуы өмір талабы.
Еуропа
елдерінің акциз салығы бойынша ұқсастықтарын
еліміздегі салық жүйесімен іздеп көрейік.
Бұны мен келесі тарауда ашып көрсетуге
тырысамын.
Жоғарыда айтылып кеткенді схема түрінде көрсететін болсақ.
Елдер | |||||
Акцизделетінтауарлартізімі | Ұлыбритания | Германия | Италия | Испания | Франция |
1. Алкоголь
өнімі
2. Жанар май 3. Темекі бұйымдары 4. Автомобиль құралдары |
1. Алкоголь өнімі
2. Темкі бұйымдары 3. Кофе 4. Бензин 5. Мазут |
1. Алкоголь өнімі
2. Темекі 3. Бензин 4. Сыра 5. Сіріңке 6. Банан 7. Құрылыс материалдары 8. Электр энергиясы |
1. Аклоголь өнімі
2. Темекі 3. Бензин 4. Автомобиль |
1. Алкоголь өнімі
2. Темекі бұйымдары 3. Сіріңке 4. Бағалы металдан жасалған бұйымдар 5. Қант 6. Шоколад 7. Сыра 8. Минерал суы 9. Автомобиль |
Бұл елдерді салыстыратын болсақ, ұқсастықтарымен айырмашылықтарды көреміз. Салыстырған 5 елдің ішінде Италия мен Францияның акцизделетін тауарлар түрлерінің көп екенін көріп отырмыз. Әдеттегі тауарлар түрімен қатар, сіріңке, банан, шоколад, минерал суы секілді спецификалық тауар түрлері қосылған. Бұған әртүрлі себеп болуы мүмкін. Егерде Франция мен Италияда ол сіріңке, банан секілді тауарлар болса, Германия мен Испанияда ол алкоголь өнімі, бензин. Қалай дегенменде акциз салығы бұл елдердің салық жүйелеріндегі алатын орны ерекше. Өйткені акциз жоғары рентабельді тауарлар қызмет түрлеріне салынады, ал бұл дегеніміз әрқашан бюджетке бірқалыпты түсімдерінің түсімі.
ІІ бөлім. Акцизделетін қызмет түрлерін есептеу және рәсімдеу тәртібі
2.1
Акцизделетін қызмет
түрлеріне салық
салу
Салық төлеуші салық заңдарына сәйкес салық міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті. Салық салудың айқындылығы принципі Қазақстан Республикасының салықтары және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері айқын болуға тиіс. Салық салу айқындығы салық төлеушінің салық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңдарына белгілеу мүмкіндігін білдіреді. Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Бұл жерде салық салу объектілерін айту жөн.
Салық салу объектісі мыналар:
Мыналарға:
Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, барлық жағдайларда акцизделетін тауарларды сатып алушыға тиеп жөнелту күні операция жасалған күн болып табылады.
Тауар өндіруші өзі өндірген акцизделетін тауарларды өзінің құрылымдық бөлімшелер желісі арқылы өткізген жағдайда тауарларды құрылымдық бөлімшелерге тиеп жөнелткен күн операция жасалған күн болып табылады.
Акцизделетін тауарлар, акциз алымы маркалары жоғалған жағдайда акцизделетін тауарлар, акциз алымы маркалары жоғалған күн операция жасалған күн болып табылады.
Салық базасы.
Тұрлаулы акциз ставкасы белгіленген акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы өндірілген, өткізілген заттай нысандағы акцизделетін тауарлар көлемі ретінде белгіленеді.
Адваторлық акциз ставкалары белгіленген акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы өндіруші осы тауарды акциздер мен қосылған құн салығын енгізбей беретін бағалар бойынша анықталатын өндірілген, өткізілген акцизделетін тауарлар құны ретінде белгіленеді.
Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезіндегі салық базасы лотереяны ұйымдастырушы органында лотерея билеттерін сатуға шығаруды тіркелген кезде жүлде қорына жатқызылатын сома алып тасталған, оған акциз сомасы қосылмай мәлімделген түсім сомасы ретінде анықталады және шығарылым тіркелгеннен кейін ол өзгертілмеуге тиіс.
Түрлі ставкалар белгіленген жағдайда спирттің барлық түріне салық салу ерекшеліктері.
Салық Кодексінің 258-бабының 3-тармағына сәйкес спирттің барлық түріне әр түрлі акциз ставкалары белгіленген жағдайда, салық базасы сол бір ставкамен салық салынатын операциялар бойынша жеке-жеке анықталады.
Алкоголь өнімін өндірушілер базалық ставкадан төмен акцизбен сатып алған спиртті алкоголь өнімін өндіруден басқа мақсатқа пайдаланған кезде осы спирт бойынша акциз сомасы алкоголь өнімін өндірушісі болып табылмайтын тұлғаларға сатылатын спирттің барлық түрлері үшін белгіленген акциздің базалық ставкасы бойынша қайта есептеліп, бюджетке төленуі тиіс. Қайта есептеу мен салық төлеуді спиртті алушы жүргізеді.
Осы баптың 2-тармағының ережелері емдік фармацевтік дәрі-дәрмек өндіру және медициналық қызмет көрсету үшін алынған спирт мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдайда да қолданылады. Осы спирт бойынша акцизсіз алған мемлекеттік медициналық мекемелер акциз төлеушілер болып табылады.
Акцизделетін тауарлардың бүлінуі, жоғалуы
Төтенше оқиғалар салдарынан болған жағдайларды қоспағанда, өндірілген акцизделетін тауарлар бүлінген, жоғалған кезде акциз толық мөлшерде төленеді.
Осы ереже одан әрі өткізу үшін сатып алынған бензин, дизель отыны бүлінген, жоғалған жағдайда да қолданылады.
Осы баптың мақсаты үшін акцизделетін өнімнің бүлінуі, жоғалуы болып осы Кодекстің 237-бабының 2-тармағында сипатталған оқиғалар ұғылады.
Акциз алымы маркаларының бүлінуі, жоғалуы.
Осы
баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе,
акциз алымы маркалары
Осы
Кодекстің 549-бабына сәйкес алкоголь өнімін
таңбалауға арналған акциз алымының
бүлінген немесе жоғалған маркалары
бойынша акцизді есептеу
Маркада
сауыттың көлемі белгіленбеген жағдайда
акциз алымының бүлінген немесе жоғалған
маркалары бойынша акцизді
Акциз алымы маркалары бүлінген, жоғалған кезде мынадай жағдайларда:
Қазақстан
Республикасының аумағында
Егер
сатып алу – сату шарты бойынша
сатып алушы аталған
Көтерге өткізу саласына одан әрі өткізу үшін құрылымдық бөлімшелерге бензин мен дизель отынын тиеп жөнелту де жатқызылады. Бензин мен дизель отынын өндіруші:
Бензин мен дизель отынын бөлшек саудада өткізу саласына осы баптың 1-тармағында аталған берушілер жүзеге асыратын мынадай:
Акцизделетін тауарларды экспортқа өткізу кезінде салық салудан босатудың негізділігін растау үшін салық төлеуші тіркелген орны бойынша салық органына алпыс жұмыс күннің ішінде міндетті түрде мына құжаттарды:
Акцизделетін тауарларды экспорт режимінде магистралдық құбыр жүйесімен немесе электр берілісі желілерімен не толық емес мерзімдік декларациялау рәсімін қолдана отырып әкеткен жағдайда кеден рәсімдеуін жүргізген кеден органының белгілері соғылған толық кедендік жүк декларациясы экспортты куәландыру болып табылады.
Қазақстан Республикасының кеден шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгісі соғылған тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелерін табыс етеді.
Акцизделетін тауарларды экспорт режимінде магистралдық құбыр жүйесімен немесе электр берілісі желілерімен не толық емес мерзімдік декларациялау рәсімін қолдана отырып әкеткен жағдайда тауарға ілеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі табыс етіледі.
Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасында ашылған шоттарында акцизделетін тауарлар өткізуден түскен нақты түсімді растайтын төлем құжаттары мен банк көшірмесін табыс етеді.
Қазақстан Республикасы акцизделетін тауарлар экспортын акцизден босатуды көздейтін халықаралық шарттар жасасқан Тәуелсіз Мемлекеттер Достығына қатысушы мемлекеттерге акцизделетін тауарлар экспортталған кезде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан экспорт режимінде әкетілген акцизделетін тауарларды импорттаған елде рәсімделген кедендік жүк декларациясының көшірмесі қосымша табыс етіледі.