Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2011 в 18:23, реферат
Тиімді басқаруды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік сектордың борышы және жеке сектордың сыртқы борышы бойынша жүйелік мониторинг жүзеге асырылады.
Борышты басқарудың негізгі проблемаларының бірі мемлекеттің басым қатысуы бар ұйымның сыртқы борышын басқаруға және жеке сектордың сыртқы борышын реттеуге жауапты мемлекеттік органдар арасында ақпаратпен алмасудың жұмыс істейтін жүйесінің жоқтығы болып табылады.
4.2. Ұлттық заңнаманы жетілдіру
Интернет саласындағы
нормативтік құқықтық актілерді
әзірлеудің басты мақсаты: қазақстандық
қолданушылар, коммерциялық емес ұйымдар,
билік және басқару органдары
мүддесіне орай Қазақстан Республикасында
Интернеттің дамуы үшін тұрақты
және тиімді қолданылатын нормативтік
базаны құру; Интернет дамуының техникалық,
технологиялық және ұйымдық-құқықтық
аспектілерін реттейтін халықаралық нормаларды
әзірлеу және қабылдауда Интернет желісінің
қазақстандық сегментінің операторлары
мен мемлекеттің қатысуы үшін жағдайларды
қамтамасыз ету; қазақстандық азаматтар
мен ұйымдардың, қоғамдық мүдделердің
(оның ішінде Қазақстанның экономикалық
және әлеуметтік дамуы бойынша мүдделерді
қоса), Қазақстан Республикасының мемлекеттік
мүдделердің, аймақтық және жергілікті
құрылымдардың Интернетпен байланысты
қатынастардағы құқықтары мен заңдық
мүдделерін қорғауда мемлекеттік кепілдікті
бекіту.
Интернет саласындағы нормативтік құқықтық
актілерді әзірлеу кезінде Интернеттің
ғаламдық ақпараттық желі ретіндегі қызметі
мен құрылу ерекшелігінен туындайтын
келесі қағидаттарды ұстанған жөн:
1) Интернет құқықтық реттеудің объектісі
не субъектісі болмайды. Интернет операторлары
мен қолданушыларының өзара қатынастары,
Интернет арқылы ақпарат беру және қызмет
көрсетуге байланысты мемлекеттік органдар
және жеке тұлғалардың қатынастары құқықтық
қатынастардың реттеу пәні болып табылады
(пәндік реттеу қағидаты).
2) Интернетпен байланысты құқықтық қатынастар
«экстра-ұлттық» мазмұнда болады. Мұндай
қарым-қатынастарға басқа елдердің заңнамасын
есепке алмай және байланыстырмай жергілікті
құқықтық нормаларды қолдану тиімді болмайды.
Бұл Интернеттің құқықтық нормаларын
халықаралық-құқықтық деңгейде әзірлеу
кезінде әмбебап халықаралық келісімдерді
(сәйкес нормаларды қазақстандық заңнамаға
көшіру арқылы) түзу және орындау (құқықтың
халықаралық деңгейінің басымдылығы)
жолымен басым назар аударуды талап етеді);
3) Интернетке байланысты нормативтік
мәселелердің басым көпшілігі мемлекеттік-құқықтық
реттеусіз, «интернет-қоғамдастыққа»
қатысушылардың өзара ұйымдық әрекеті
әрі Интернетте қолданылатын ережелерді
алгоритмдеу және автоматтандыру деңгейінде
(реттеудің заңды емес әдістерін қолдану)
шешімін табуы;
4) Интернеттің ғаламдық ақпарат ресурстарына
шексіз қосылудың қол жетімдігі ретінде
әлеуметтік маңыздылығы Интернетте тұлға,
қоғам және мемлекеттің заңдық мүдделерімен
маңызды құқықтарын қамтитын аспектілерді
реттейтін нормалар мен ережелердің заңдық
(құқықтық) бекітілуін қажет етеді (мысалы,
азаматтардың жеке өмірін қорғау, қоғамдық
ізгіліктің бұзылуымен күрес, мемлекеттік
ақпарат қауіпсіздігі саласындағы мүдделерін
қорғау, құқық қорғауды сақтау) (реттеудің
саналы жеткілікті қағидаты);
5) Интернетпен байланысты құқықтық қатынастардың
әртүрлілігімен жан-жақтылығы сәйкес
құқықтық базаны әзірлегенде, жеке «арнайы»
нормативтік құқықтық реттеумен шектелуге
рұқсат бермейді. Интернет желісінің ерекше
жұмыс істеуімен байланысты жаңа құқықтық
нормаларды әзірлеумен қатар, қолданыстағы
қазақстандық заңнамаға, оның Интернет
қызметіне қатысты қарым-қатынастарда
тікелей қолдану мүмкіндігін қамтамасыз
ету мақсатында (кешенді әдіс қағидаты)
қажетті өзгерістер (бірқатар жағдайда
маңызды өзгерістер) енгізу қажет.
Қазнеттің заңнамалық базасының қазіргі
жай-күйі және жоғарыда аталған қағидаттарын
ескере отырып, оны дамыту және өзгерту
қажеттілігі Интернет саласындағы мемлекеттік
заңнаманы ішінде дамытудың екі негізгі
бағытын білдіреді:
1) Қазнеттің жұмыс істеуі мен даму ерекшеліктерін
ескеретін нормативтік құқықтық актілерді
жетілдіру;
2) қолданыстағы заңнамалық актілердің
мазмұнын өзгертпей Интернетке қатысты
бөлігінде тікелей қолдану (немесе түсіндіру)
тетіктерін құру.
Ұлттық интернет сегментінің жалпы әлемдік
тенденциялардан қалып кетпеуін болдырмау
және осы салада Қазақстан Республикасының
мемлекеттік мүдделерін қорғауды қамтамасыз
ету үшін тез арада нормативтік реттеуді
талап ететін негізгі мәселелер қатарына
мыналарды жатқызу керек:
1) Қазақстандық тұтынушылардың Интернет
желісіне және оған сәйкес желі ақпараттық
ресурстарға еркін қол жеткізуін, сонымен
қатар кедергісіз ақпараттық алмасу, оның
ішінде халықаралық алмасуды да қамтамасыз
ету керек;
2) Интернетте орналастыратын және Интернетте
ұсынылатын алмасу құралдары арқылы берілетін
ақпараттың құқықтық жүйесін анықтау;
3) Интернетте іске асатын қоғамға қауіпті
әрекеттерді болдырмау (оның ішінде, балағатты
және ұятсыз ақпараттарды тарату, қоғамға
қарсы үндеулер), сонымен бірге осындай
құқық бұзушы адамдарды тиімді анықтау
және жазалау үшін нормативті жағдайлар
құру;
4) Интернетте орналастыратын зияткерлік
меншік объектілерінің авторлық және
басқа да ерекше құқықтарын қорғау;
5) жеке деректерді қорғау, атап айтқанда
өздері арасында өзара іс-қимыл үдерісінде
және Интернетте қызмет көрсету операторлары
арасында жиналатын Интернет тұтынушылары
туралы деректерді қорғау;
6) Интернетте электрондық құжат айналымы
үшін нормативті жағдайлар құру, Интернеттің
адрестік кеңістігін пайдалану қағидаттары
мен тәртібін орнату, ақпараттық өнімдерге,
көрсету құралдары және ақпаратты тасымалдауда
ақпараттың авторлығын растау;
7) электрондық коммерция үшін нормативті
базаны қамтамасыз ету, Интернетте жасалған
келісімдердің заңды күшін мойындау.
Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу
кезінде, ең алдымен мемлекет, қоғам және
жеке тұлға мүдделерінің балансын басшылыққа
алу қажет.
Интернет желісінің ұлттық сегментінің
нормативтік құқықтық базасын құру үдерісінің
қатысушылары болып өз құзыретінің шегіндегі
мемлекеттік биліктің тиісті органдары
және интернет желісінің операторлары
мен тұтынушыларының мемлекеттік емес
қоғамдық бірлестіктері бола алады, ол
қоғамдық қажеттілік шеңберінен шығатын
интернет проблемасын шешуге «интернет
- қоғамдастықты» тартудың жалпы әлемдік
үрдістерін көрсетеді.
Қазнеттің нормативтік құқықтық базасын
құру кезінде, қолданыстағы нормативтік
құқықтық актілердің және тәжірибелік
пайдалануды біріздендіруді қамтамасыз
ету үшін басқа мемлекеттердегі тиісті
заңнамалық актілерді қабылдау тәжірибесін
максимальды деңгейде ескеру қажет, сондай-ақ
халықаралық келісімдер деңгейінде тиісті
нормаларды әзірлеуге белсенді қатысу
қажет.
4.3. Қазнеттің инфрақұрылымын дамыту
Қазнет ақпараттық
инфрақұрылымын дамыту - үлкен қаржылық
инвестицияны талап ететін ІТ-өнімдер
өндіретін өндіріс саласын құру, ақпараттық
коммуникациялық технологиялардың дамуын
қажет ететін күрделі үдеріс. Инфрақұрылымды
қалыптастыру үдерісіне мемлекеттің билік
органдары сияқты ірі коммерциялық ұйымдарда
тартылуы тиіс.
Интернетке қол жетімділік қызметінің
сапасын жақсарту ақпараттық ресурстар
инфрақұрылымын дамытудағы қазіргімен
салыстырғанда қолдаушылар санын ғана
емес клиенттер және инвесторлардың санын
арттырады. Интернетке қосылу қол жетімдігі
Қазнетке жергілікті ақпараттық инфрақұрылымдардың
тартылуын және қысқа мерзімде еліміздің
экономикалық өсуінің осы маңызды сегменттерінің
бірін кеңейттіреді.
Барлық ақпараттық ресурстардың іске
қосылған инфрақұрылымы, оның ішінде ақпараттық
технологияның қолданыстағы инфрақұрылымы,
Қазнет бәсекелеске қабілетті нарығына
және дамытуға ықпал етеді.
Ақпараттық инфрақұрылым, технологиялар
және жүйелер Қазнет бірыңғай ақпараттық
кеңістігін құруды қамтамасыз етеді. Қазнет
ақпараттық инфрақұрылымын жетілдірудің
басты міндет - ақпараттандырудың техникалық
базасын қамтамасыз ету, Интернетте ақпараттық
қызметтер саласының жоғары-технологиясын
құру.
Қазнет ақпараттық инфрақұрылымының маңызды
құрамдас бөлігі оның телекоммуникациялық
ортасы - деректерді беру үшін байланыс
линиясы кешені, көлік желісін қалыптастыратын
аппараттық және бағдарламалық құралдардың
кешені болып табылады.
Қазақстан тұрғындарына Интернет қызметтері
мен қызмет көрсетудің толық кешенін ұсынуды
қамтамасыз ететін, (облыстық, қалалық
және аудандық деңгейлер үшін) сыртқы
ғаламдық телекоммуникация желісіне және
ғаламдық жүйелерге шығатын телекоммуникациялық
ортаның әрі қарай дамуын қамтамасыз ету
керек.
Осы міндетті шешу үшін Қазнеттің ақпараттық
инфрақұрылымын дамыту мынадай бағыттар
бойынша жүзеге асырылуы тиіс:
1) Интернет желісіне қосылған компьютерлік
құралдарды пайдаланудың коммерциялық
емес және басқа да Интернет желісіне
қосу қызметтерін ұсынатын мемлекеттік
және қоғамдық орталықтардың инфрақұрылымын
құру және қолдау арқылы Интернет желісіне
қосудың қызметтеріне жалпы және тең қол
жетімділігін қамтамасыз ету;
2) осы Тұжырымдама ережелерінің негізінде
мемлекеттік ақпараттық және телекоммуникациялық
жүйелер мен желісін дамытудың бағдарламалары
мен жобаларын іске асыру, олардың мемлекеттік
ақпараттық жүйелер мен өзара іс-қимылы
мен үйлесімділігін қамтамасыз ету;
3) корпоративтік желілер мен коммерциялық
жүйелерді құруды және дамытуды ынталандыру;
4) телекоммуникациялық желілерді автоматтандыру
және ыңғайландыру, олардың жұмыс істеуінің
қауіпсіздігі мен орнықтылығын арттыру.
4.4. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін дамыту, оны ұйымдастыруды жетілдіру
Кез келген мемлекеттің
ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету
үшін ақпараттық қауіпсіздік өзекті
проблема екендігін халықаралық
тәжірибе растайды. Әлемдегі бір де бір
мемлекетте Интернетте және электрондық
төлемдерде киберқылмыстың - вирустардың
таралуы, жағымсыз хабарлар (бұдан әрі
- спам), ерсі ақпараттар, қарақшылық, алаяқтық
негізгі түрлеріне қарсы тұрақты иммунитеті
жоқ.
Ақпараттық қауіпсіздікті қорғау ұлттық
заңнаманың шығарылған ақпараттың зияткерлік
меншігін қорғау, Интернет арқылы таралатын
компьютерлік вирустардың, қорлау және
ерсі ақпараттардың, қоғамға қарсы үндеулердің,
спам, ақпаратқа рұқсатсыз қолжеткізуді
жібермеудің, Интернетті пайдалануға
қолданылатын қорғау құралдарын пайдаланудың
тәртібін белгілеу, сондай-ақ мұндай құқық
бұзушылық жасаушы тұлғаларды тиімді
анықтау және жазалау үшін нормативтік
шарттар жасаусыз мүмкін емес.
Бірыңғай ақпараттық кеңістікте құқықтық
қамтамасыз етумен қатар субъектілердің
ақпараттық өзара әрекет етуі ақпаратты
қорғаудың ұйымдастырушылық және техникалық
шараларын қабылдауды талап етеді. Бұл
шаралар мыналарды қарастырады:
1) ақпараттың тарап кетуінің, жоғалуының,
жасандылығының алдын алу;
2) жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің
ақпараттық қауіпсіздігі қауіп-қатерінің
алдын алу;
3) ақпаратты жою, модификациялау, бұрмалау,
көшіру, шектеу бойынша қолданылатын іс-әрекеттердің
алдын алу;
4) жеке меншік объектісі ретінде ақпараттың
және құжаттаманың құқықтық режимін қамтамасыз
ету, ақпараттық ресурстар және ақпараттық
жүйелерге заңсыз араласудың басқа түрлерінің
алдын алу;
5) азаматтардың ақпараттық жүйедегі бар
дербес деректерінің құпиялылығын және
жеке құпиясын сақтаудың конституциялық
құқығын қорғау;
6) құжатталған ақпараттың жасырындылығын
және құпиялылығын сақтау;
7) ақпараттық үдерістерде және ақпараттық
жүйелерді, ақпараттық технологиялар
мен құралдарды шығару және қолдануды
әзірлеу кезінде иелік етуші субъектілердің
құқығын қамтамасыз ету;
8) Қазнетке қатысушы ұйымдардың ақпараттық
қауіпсіздігі және ақпараттық-аналитикалық
қамтамасыз ету проблемалары бойынша
ақпараттық-анықтама қорын құру;
9) сыртқы теріс әсерден Қазнеттің ақпараттық
кеңістігін қорғау;
10) Интернетті құқыққа қарсы мақсаттарда
пайдалану фактілерін анықтау мақсатында
Қазнеттің ақпараттық кеңістігінің мониторингін
жүзеге асыру.
Бірыңғай ақпараттық кеңістіктегі субъектілердің
өзара іс-әрекет етуін ұйымдастыру ережесі
заңдардың орындалуын, мемлекеттік және
коммерциялық құпияның сақталуын қамтамасыз
етуі қажет. Бұл ережелер заңдармен реттелуі
қажет.
Бірыңғай ақпараттық кеңістікте аппараттық-бағдарламалық
құралдар электрондық өңдеу, сақтау және
қабылдау-хабар беру кезіндегі барлық
оқиғаларды қандай сатысында болса да
хаттамалауды және ақпаратты қорғауды
қамтамасыз етуі қажет.
Бұдан басқа, киберқылмыспен күресудің
табысты кепілі ақпараттық қауіпсіздік
саласында қызмет етуші мемлекеттік органдар
мен бизнестің серіктестігі, халықаралық
ұйымдардың киберқауіпсіздік жүйесіндегі
нормативтік, технологиялық және ұйымдастыру
инфрақұрылымын дамыту ісі болып табылады.
4.5. Қазнетті дамыту мониторингі және бағалау
Қазнеттің бірыңғай
ақпараттық кеңістігін қалыптастыру қолданыстағы
ақпараттандыру деңгейі базасында және
оны ескеру арқылы жүріп жатыр. Бұл үдерісті
мемлекет бастаған және тек негізгі өндіруші
күштердің ғана емес, сонымен бірге азаматтық
қоғамның барлық топтарының мүддесі үшін
болатын қоғамдық қатынастарды жаңалау
үдерісі ретінде қарастыруға болады. Осындай
жаңалаудың ұйымдастырушылық мақсаты
оның тұрақты өту механизмін құруында
болады, елдің экономикалық және әлеуметтік
қажеттіліктеріне, тұлға, қоғам және мемлекеттің
сұраныстарына сәйкестенуі. Осындай механизмді
құрудың негізгі принциптері ретінде
мыналарды бөліп көрсетуге болады:
1) проблемаларды шешудің таңдалатын нұсқаларын
ғылыми негіздеу және тәуекелдерді бағалау;
2) қабылданған нұсқаларды модельді және
экспериментальды түрде пысықтау;
3) оларды практика жүзінде енгізу барысында
мүмкін болатын талдау және бағалау;
4) кең түрде қоғамдық талқылау жүргізу
және осы талқылаудан алынған нәтижелерді
талдап қорыту;
5) қабылданған шешімдерді тәжірибеде
жүзеге асыруда эволюциялық жолды қолдану.
Барлық осы қағидаттарға ғылыми әдістер
арқылы ахуалға кешенді талдау жасау,
жұмыстарды кеңістіктік-уақыттық жоспарлау
және орындалу үдерісі кезінде қадағалау
және үйлестіруді жүзеге асыруға мүмкіндігі
бар бағдарламаның басқару жүйесін қалыптастыру
жауап береді.
Мониторингтің міндеті Қазнеттің ақпараттық
кеңістігін қалыптастыру және дамыту
барысын мемлекеттік реттеу саясатын
әзірлеу үшін және даму басымдықтарын
айқындау үшін, сондай-ақ осыған байланысты
нақты проблемалар мәнінің мониторингі
барысында анықталған барабар белгілі
бір аумақтарды іріктеп, мемлекеттік қолдау
үшін сенімді және объективті негіз құрудан
тұрады.
Қазнеттің бірыңғай ақпараттық кеңістігіне
мемлекеттік есепке алу және қозғалысты
көрсеткіштеу органдары қажетті және
жеткілікті статистикалық кешендерді,
оның ішінде салалық көрсеткіштер мен
мониторинг индикаторларын, ақпараттық
қызметтердің тізбесін айқындауда шешуші
рөл атқаруы және ашық ақпаратқа қол жеткізуді
жан-жақты дамытуы әрі кеңейтуі, берілетін
ақпараттың өзектілігі, сенімділігі мен
қол жетімділігі үшін күресуі тиіс.
4.6. Қазақстанның
ғаламдық ақпараттық желілер
мен
жүйелерді құру мен пайдалану үдерістеріне
қатысуы
Қазнеттің бірыңғай
ақпараттық кеңістігі интернеттің әлемдік
ақпараттық кеңістігінің елеулі құрамдас
бөлігі болуы тиіс. Ол Қазақстан Республикасының
ақпараттандыру саласында басқа елдермен
және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын
талап етеді.
Бұл ретте, мыналарды көздеу қажет:
1) озық елдердің ұйымдастыру және техникалық
тәжірибесін пайдалану;
2) отандық ақпарат ресурстарын қалыптастыру
үшін шетелдік ақпаратты пайдалану;
3) отандық ақпарат ресурстарының экспортын
ұйымдастыру;
4) Қазақстанның заңды және жеке тұлғаларының
әлемнің дамыған елдерінің ақпараттық
ресурстарына қол жеткізу мүмкіндігін
қамтамасыз ету;
5) байланыс және телекоммуникацияның
халықаралық жүйесіндегі өздерінің құралдарында
пайдаланушыларды қамтамасыз ету үшін
байланыс және телекоммуникацияның протоколын,
ақпаратты ұсынудың нысанын реттейтін
халықаралық стандарттарды енгізу;
6) әлемдік ақпараттық кеңістікті қалыптастыру,
жаңа ақпараттық технологиялар құру және
әлемдік бірлесіп жұмыс жасаудың қолданбалы
бағыттарын ақпараттандырумен байланысты
(банктік ақпараттардың, ғылыми-техникалық
ақпараттардың әлемдік жүйесін құру және
пайдалану) Қазақстан Республикасының
халықаралық бағдарламалар мен жобаларды
толық құқығы бар мүшесі ретінде қатысуын
қамтамасыз ету;
7) ақпараттық ресурстар, ақпараттық технологиялар
құралдары, телекоммуникация және байланыс
жүйелері, ақпараттандыру жүйелерін құру
және дамыту саласында заңдық, құқықтық
және нормативтік реттеумен байланысты
құжаттарды дайындау барысында халықаралық
ұйымдардың жұмысына қатысуды қамтамасыз
ету;
8) Қазнеттің бірыңғай ақпараттық кеңістігінің
орнықты дамуын қамтамасыз ететін жаңа
ақпараттық технологиялар құралдарын
сатып алуға шетелдік фирмалармен контрактіге
отыру мүмкіндіктері;
9) жаңа ақпараттық технологиялар құралдарын
жасап шығаратын бірлескен кәсіпорындар
құру және лицензиялар сатып алу.
Халықаралық ынтымақтастық барысында
барлық жұмыстарды - екіжақты және көпжақты
келісімдер жасаудан бастап атқарушы
биліктің мемлекеттік және өңірлік органдарына
арналған ақпараттық технологиялар құралдарын
сатып алуға дейін ақпараттық сүйемелдеуді
жүзеге асыру орынды.
5. Күтілетін нәтижелер
Қазнеттің бірыңғай
ақпараттық кеңістігі өзінің қарқынды
даму кезеңінде тұр. Бұл маңызды
бағыттың жетістігі үдеріске қатысушылардың
бірлескен күш-жігеріне, осы Тұжырымдаманың
міндеттері мен бағыттарын іске асыруға
байланысты.
Тұжырымдаманы іске асыру:
1) Қазақстанның ақпараттық және технологиялар
саласындағы экономикалық, өнеркәсіптік,
зияткерлік және кадрлық әлеуетін тиімді
пайдалануға;
2) ақпараттық сала мен аяның Қазақстан
өңірлерімен келісілген дамуын қамтамасыз
етуге;
3) Қазақстан Республикасында ақпараттық
теңсіздік проблемасын шешу үшін алғы
шарттар жасауға;
4) мемлекет қызметінің әртүрлі салаларында
Интернеттің ғаламдық ақпарат желісінің
ұлттық сегментін дамытудың мемлекеттік
саясатының басымдық бағыттарын құруға;
5) Қазнет ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік
билік және басқару органдарының халықты
саяси, әлеуметтік-экономикалық өмір туралы
үнемі хабардар етудің жаңа мүмкіндіктерін
ашуға;
6) Қазнеттің құқықтық және ұйымдық тетіктерін,
заңнаманы жетілдіру жолымен олардың
ақпараттық құқықтары мен міндеттерін
іске асыру кезінде саяси және қоғамдық
өмірдегі барлық субъектілердің өзара
қарым-қатынасын тиімді реттеуге;
7) Қазнеттің бірыңғай ақпараттық кеңестігін
құру үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Қойылған міндеттерді дәйекті және жүйелі
шешу Қазақстанның Интернет кеңістігін
жаңғыртады, қазіргі әлемнің ғаламдық
қатеріне барабар жауап беруге және Қазнеттің
жаңа, сапалы деңгейге шығуына жағдай
жасайды. Бір мезгілде әлемдік ақпараттық
кеңістігінде Қазақстан Республикасының
имиджін жылжытудың түйінді міндеттері
шешілетін болады.
Информация о работе Ақпаратпен алмасу. Құқықтық қамтамасыз ету