Аралас экономика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2011 в 12:34, реферат

Описание

ХХ ғасырдың барысындағы аралас экономика түсінігі туралы көзқарастар, конвергенция теориясы эволюциясынан басқалары сапалық өзгеріске ұшырамайды. 80-жылдарда да негізінен аралас экокномиканы « мемлекет пен жеке сектордың есепке негізделген некеге отырулары» деп анықтады. Мұндай көзқарас Ф. Марш, Э.Шонфилд, Э.Рол, М.Пестон, М.Фламан және басқа қазіргі батыс экономистеріне тән.

Работа состоит из  1 файл

uek.docx

— 22.24 Кб (Скачать документ)

ХХ ғасырдың барысындағы аралас экономика түсінігі туралы көзқарастар, конвергенция теориясы эволюциясынан басқалары сапалық өзгеріске ұшырамайды. 80-жылдарда да негізінен аралас экокномиканы « мемлекет пен жеке сектордың есепке негізделген некеге отырулары» деп анықтады. Мұндай көзқарас Ф. Марш, Э.Шонфилд, Э.Рол, М.Пестон, М.Фламан және басқа қазіргі батыс экономистеріне тән.

  Бұлардың ой-пікірлерінде аралас экономиканың өмір сүру кезеңдері туралы алшақтық бар. Айталық Э.Шонфилдің айтуынша, аралас экономика үстіміздегі ғасырдың 30-шы жылдарында пайда болса, Э.Ролдың айтуынша, Ұлыбританияда 200 жылдай өмір сүрген. Мұндай алшақтықтың себебі аралас экономиканың анықтамасын, оның мәнін терең аша алмайды.

  Бұрынғы КСРО-ның қазіргі экономистерінің теориялық еңбектерінде: «бұл проблеманы түсінуде үш негізі бағыт анықталады. Біразы аралас экономиканы көп укладтықпен теңестіреді. Екіншілері аралас қоғамды «формацияға жатпайтын қоғамның типі» деп қарайды. Ең соңында, үшіншілері бұл қоғамның сипатын өтпелі типке жатқызады». Көзқарастарының әртүрлілігі аралас экономика анықтамасының анық еместігінде жатыр. Алған үш бағыттың мәндік салмағы өтпелі кезеңге ауысқан және ол «аралас» сөзінен де туындайды. Нәтижесінде осы ұғымның мәндік мазмұнын анықтауға бір нәрсе басқамен араласуы тиіс және ол процесс белглілі бір уақытта деген ой аспанында қалықтайды.

  Шынында, алдымен мына сұраққа жауап беруіміз керек: экономика не себептен аралас болады? Немен араласады және бұл араласу қайда апарады? Аралас экономика неден басталып қалыптасады? Әрбір зерттеуші өз қөздегенің табады. Осы жағынан мына сөздердің жаны бар: «Мынадай түсінікке қарамай проблемалық ситуацияны бағалағанда және теорияны таңдағанда құнды пікірлер объективті экономикалық зерттеулерден анық бөлінуі тиіс».

  Экономика әлемінде қоғамдық өндірістің тауарлы және ұжымдық түрлері араласуын тұйықтайды. Экономика дүниесін тек қана жеке меншіктіден емес, тек жеке-дара кәсіпкерден емес, сонымен қатар ұжымдық меншіктен тұрып, олардың түрлілігін қосады.

  Экономикалық өмірде әртүрлі меншік түрлері пайда болуының басты себебі- мануфактуралық қоғамдық еңбек бөлінісімен байланысты.

  Нәтижесінде қоғамдық өндіріс машинаға сүйеніп өз бойында қарама-қарсы екі тенденцияны қосады, кәсіпорындар иен өндіріс салаларының оқшаулануы және өзара байланыстылығы. Тауарлы өндірістегі ұжымдық қатынастарды немесе ұжымдық өндірістегі тауарлы қатынастарды қоғамдық өндірістің бір түрінен екіншісіне ауысатын өтпелі жағдайын білдіреді. Қоғамдық өндірістің бұл өтпелі жағдайы нарықтық қатынас дамуының жаңа сатысы- аралас экономика көрсетеді.

  Тауарлы өндіріс аралас экономика, өйткені мұнда ұжымдық өндіріс қалыптасады, біреуінің заңдылықтары басқасына айналады. Аралас экономиканың тауарлы өндіріс болуы- ұжымдық аралас экономиканың қалыптасу кезендерін білдіреді. Аралас экономика қызметінің ерекшелігі, тауарлы өндіріс заңдылықтарына негізделген ұжымдық өндірістің заңдылықтарының әрекеті сипатымен байланысты. Экономикалық қатынастар дамуының табиғи-тарихи процесі меншіктің түрлі формаларының басын қосады. Шаруашылықты жүргізудің бір тәсілі табиғи жолмен басқасына ауысып отырады. Бұл пароцесс Дж. Гэлбрейттің мына ойында көрініс тапқан: «Екі жүйе нарыққа ауысты. Жоспарлаудың бір түрлерінің конвергенцияға бағыт ұстағаны айқын байқалады». Мұнда автор капитализм мен социолизм айтып отыр, бірақ ол шындыққа сәйкес келмейді. Бұл идеяға атап өтетін жай, қайсыбір процестердің мұндай ойға итермелегені.

Аралас экономика — экономиканың мемлекеттік, кооперативтік жеке меншік нысандарына негізделген шаруашылықты жүргізу жүйесі. Әлемде Аралас экономиканың бірнеше типі қалыптасқан:

өнеркәсібі дамыған АҚШ, Ұлыбритания, ФРГ, Жапония, Франция сияқты елдер постиндустриалдық Аралас экономикаға ауысуда;

Шығыс Еуропа және ТМД елдері мемл. қоғамдық құрылыстан постсоциалистік аралас қоғамға ауысуда. Бұл елдердегі түрлі нұсқадағы нарықтық экономикаға ауысу оның даму дәрежесін әр түрлі қалыптастырып отыр;

Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде жаңа индустриялық Аралас экономиканың даму процесі жүруде және олардағы капитал нарығында мемл. бақылаудың икемді формалары, өнеркәсіптің жаңа салалары дамып өркендеуде;

Үндістандағы нарықтық өзгерістер Аралас экономикада өзіндік ұлттық ерекшеліктер болатындығын көрсетті. Бұл елде инвестициялық жоспарлау мен оны ұтымды орналастыру арқылы мемл. меншіктің алуан түрлі нысандары пайда болуда. Бірақ капитал нарығы мен мемл. кәсіпорындар бәсекелестігінің нашар дамуы ойдағыдай тиімділікке жеткізе қойған жоқ.

Латын Америкасы елдерінде жекешелендіру қарқынына қарамастан мемлекеттік экономикаға араласуы, макротұрақтандыру тиімділігін өсіріп, белсенді әлеуметтік саясат жүргізу үстемдік алуда. 

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына негізделіп, олардың өзара қарым-қатынасы мен ықпалдасуына негізделеді. Елдің әлеум.-экон. дамуын жеке меншік пен мемлекеттік меншік арасындағы қарым-қатынас, кәсіпорындарды мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру процестері жеделдетеді. Дамыған елдерде көп нысанды Аралас экономика сипаты басым және онда жеке меншік, мемлекеттік меншік нысандарымен қатар муниципиалдық, кооперативтік, жалгерлік меншік түрлері де дамыған. Аталған Аралас экономика түрлері аймақтық, ұлттық және жергілікті жағдайларды, халықтың әр түрлі әлеум. топтарының мүмкіндіктері мен мүдделерін ескеру үшін аса маңызды. Мұндай меншік түрлерінің Қазақстанда қалыптасып дамуы ел ерекшеліктері мен үрдістеріне сай нарықтық экономиканы байытып, оның икемділігін бірте-бірте арттыруда.Қазақстанда жарғылық капиталы біріккен кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар да бар. Соның әсерінен шетелдік және мемлекетаралық меншік түрлері дамуда. Аралас экономиканың басты мақсаты — өндіріс пен байналыс жүйесінде, ғылыми-техникалық, инвестициялық және сервистік салаларда дүние жүзі қауымдастық құрылымына ену. Аралас экономиканың экономикалық стратегиясына кәсіпкерлік пен жеке адамдардың еңбек белсенділігін арттыру және ынталандыру жатады. Қазақстан үшін басты стратегиялық бағытқа ел Президенті Н. НазарбаевтыңҚазақстан — 2030” Қазақстан халқына жолдауында көрсетілгендей,

Информация о работе Аралас экономика