Қаржы мен қаржы саясатының мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 22:41, лекция

Описание

1.Қаржының мазмұны мен мәні.
2.Қаржының әлеуметтік-экономикалық процестерді басқарудағы ролі.
3.Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны мен мәні.

Работа состоит из  1 файл

Силлабусы Қаржыны басқару (2).doc

— 497.00 Кб (Скачать документ)

қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындарында кірістер мен шығыстардың теңгерімділігі;

қаржы резервтерін жасау;

қаржы механизмінің дүрыс  қүрылуын қамтамасыз ету;

салық жүйесін үтымды қүру арқылы экономикалық және әлеуметтік дамудың маңызды бағыттарына  қаржы ресурстарын шоғырландыру;

негізгі қаржы ресурстарын мемлекет қарамағына жүмылдыру, оларды мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында тиімді бөлу;

          қаржы және кредит- ақша саясатының  тепе-тендігі.

Қаржы саясатының тиімділігін  қамтамасыз ететін жалпы қағидаттарға мыналар жатады :

объективті экономикалық заңдардың іс-әрекетін есепке алу;

нақты тарихи жағдайларды  есепке алу;

өткен жылдардың өзіндік  тәжірибесін және дүниежүзілік тәжірибені есепке алу.

Қаржы саясаты нақты  шаруашылық өмірде қаржы механизмі  арқылы іске асырылады. Ол қаржыны үйымдастыру, жоспарлау, және басқару турлерінің нысандарының, түтқаларының және әдістерінің жүйесі болып табылады..

Негізгі терминдер :

Қаржы

Қаржы ресурстары

Қаржы қорлары

Қаржы саясаты

Қаржы стратегиясы

Қаржы тактикасы 

Қаржы механизмі

 

Әдебиеттер :

Ілиясов Қ. Қ., Қүлпыбаев  С. Қаржы: Оқулық – Алматы: 2003.-448 бет.

Смагулова Р. Қаржы нарқы : Оқулық – Алматы : 2001- 108 бет.

Финансы в вопросах и  ответах : Учеб. Пособие Под. Ред. д.э.н . проф. Иванова,

д.э.н . проф. В.В. Ковалева М: 2003 – 272 с.

1.Бақылау сұақтары :

1.Қаржы дегеніміз не, ол қашан, қалай өріс алған  ?

2.Қаржының экономикалық  категория болу себебі неге  байланысты ?

3.Қаржының өзгеше белгілері қандай ?

4.Қаржының объективті  қажеттігі неде ?

5.Қаржы қандай функцияларды  орындайды ?

6.Қаржының қоғамдық  дамудағы ролі қандай ?

7.Қаржы саясаты дегеніміз  не ?

8.Мемлекеттің қаржы  саясатының мазмүны, міндеттері  қандай ?

9.Қаржы саясатын жүргізудің  қағидаттары қандай  ?

Тақырып 1. Қаржы  нарығының инфрақүрылымы және оның негізгі элементтері

1Қаржы нарығы, делдалдары  түралы түсінік.

2.Қаржы нарығы және  оның қүрылымы.

3.Қор биржалары және  олардың қаржы нарығындағы ролі

1.Қаржы нарығының  ерекшеліктері неде?

Қаржы нарығы – бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория  ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа нарықтармен  байланысты

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайындағы қаржы нарығы қаржы ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың, ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысына ұтымды ұйымдастырудың айырықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар нарығы, сондай-ақ несие нарығы түрінде де іс-әрекет етеді. Қаржы нарығы экономиканың түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында ақшаны қайта бөлуді барлық әр түрлі нысанда реттейтін нарықтық қатынастардың бүкіл жиынтығын біріктіретін неғұрлым жалпы ұғым болып табылады. 

Экономикалық әдебиеттерде және шаруашылық практикада қаржы нарығы ұғымы ақша, валюта, кредит, капитал нарықтарын қоса отырып кеңінен түсіндіріледі. Бұл қаржыны жалпы ақша мен құн категорияларына бара-бар категория ретінде қарастыратын практикамен, негізінен дүниежүзілік практикамен байланысты, өйткені экономикалық ресурстардың кез келген түрі меншіктің титулдары болып табылатын ақшамен немесе тиісті бағалы қағаздармен, басқа құжаттармен ортақтастырылуы мүмкін.

2.Қаржы нарығының  құрылымы қандай ?

Қаржы нарығы ақша нарығын, несие капиталы нарығын және қор нарығын қамтиды. Ал қор нарығы өз алдына  бағалы қағаздар нарығын және туынды бағалы қағаздар нарығын қамтитын болады

Ақша нарығы дегеніміз  қолм-қол ақша ғана емес, қолма –қолсыз  төлем қаражаттарының  нарығы

Несие  нарығы несие  бойынша банктердің несие операцияларымен байланысты .

Ақша мен несие нарықтары, әдеттегідей,  айналым активтерінің қозғалысына қызмет етеді.

Капитал нарығында қоғамдық өндіріс қатысушыларының орташа және ұзақ мерзімді қорланымдарының  қозғалысы жүзеге асырылады 

Қаржы нарығында сатып  алу –сатудың объектісі айрықшалықты тауарлар-ақша және бағалы (ақша) қағаздар болып табылады.Сондықтан онда бағалы қағаздардың қозғалысімен ортақтастырылатын экономиқалық  қатынастар болып  табылатын бағалы қағаздар нарығы  маңызды орын  алады . Қор құндылықтарының-бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздар айналысымен байланысты болғандықтан оны қор нарығы деп те атайды .”Қор  нарығы “ термині  бастапқыда бағалы қағаздармен мәміле жасалынатын және ресімделінетін мекеменің – қор биржасының атымен байланысты .

Функционалдық тұрғыдан қаржы нарығы – бұл шаруашылық  жүргізуші субъектілердің, банктердің, мемлекеттің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыруды және қайта бөлуді қамтамассыз ететін нарықтық  қатынастардың жүйесі . Бұл нарықтың жұмыс істеуі көптеген экономиқалық  әсіресе инвестициялық процесстерді  тәртіпке келтіріп, олардың тиімділігін арттыруға  мүмкімдік береді.

3.Қаржы нарығының  жұмыс істеуінің қандай шарттары  бар ?

Қаржы нарыңыныің жұмыс  істеу шарттарына мыналар жатады :

  1) реттеліген тауар нарығының болуы, яғни кез келген түрлердегі және арналымдағы тауарлар мен қызмет көрсетулер бойынша сұраным мен ұсынымның теңгерімдігі;

  2) Ұлттық (орталық)  банк тарапынан ақша айналысын  қалыпты реттеп отыру: бұған  қолма – қол және қолма –  қолсыз айналым бойынша эмиссияға бақылау жатады;

  3) несие нарығының  жандырылуы, оның толық коммерциялануы, яғни ресурстарын еркін нарыққа  орналастыру; несие ресурстарының  қозғалысы орталық банктің пайыздық  есептік мөлшерлемесін, коммерциялық  банктердің міндетті резервтерінің нормасын, ашық ақша нарығында операциялар жүргізуді белгілеу арқылы реттелінеді.

     Кез келген  субъектінің қаржы ресурстарына  қажеттілігі және оны қанағаттандырудың  нақты көздерімен тура келмеуі  қаржы нарығының жұмыс істеуінің  негізгі алғышарттарына мыналар жатады:

    1) бәсекені  дамыту мен монополизмді шектеу  мақсатындағы материалдық өндіріс  сферасының бастапқы шаруашылық  буындарының – меншіктің барлық  нысандары кәсіпорындарының, соның  ішінде мемлекеттік сектордың  да кең дербестігі;

    2) қаржы ресурстарын қайта бөлудегі мемлекет рөлінің қысқаруы: өндірістік күрделі жұмсалымдарды орталықтан қаржыландырудың, қаражаттарды кәсіпорындар арасында ішкі ведомстволық қайта бөлудің азаюы;

    3) шаруашылық  жүргізуші субъектілер мен халықтың  бағалы қағаздарға және басқа активтерге инвестицияланатын ақшалай табыстарының өсуі;

    4) бюджет тапшылықтарын  қаржыландыру үшін несие қорын  пайдалануды тоқтату; распубликалық,  сондай –ақ жергілікті бюджеттердің  тапшылықтары мемлекеттік қарыздарды  шығару арқылы жабылуы тиіс.

4.Қаржы нарығының  маңызы неде ?

    Қаржы нарығының  маңызы  бос ақша қаражаттарын алу және оларды қайта бөлу есебінен ұдайы өндіріс процесіне ықпал етумен ғана айқындалып қоймайды.

Оның жұмыс істеу  әкімшіл - әміршіл экономикаға тән  «сатылас»  әдістің орнына «деңгейлес» қозғалысы бойынша ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді. Деңгейлес қозғалыс кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында қаржы ресурстарын өтеусіз қайта бөлу түрінде төте байланыстар іс- әрекет етеді. Бұл қаражаттарды маңызды сфералар мен объектілерге жедел аудару есебінен кәсіпорындардың, салалардың және экономиканың қаржылық жағдайын тұрақтандырады.

   Қаржы нарығы  бағалы қағаздардың бағасын белгілеу  жолымен бизнестің нақтылы құнын  бағалауға мүмкіндік береді: тиімді  жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілерде олардың неғұрлым жоғары бағасы белгіленеді.

    Қаржы нарығының  болуы инфляцияны тежейді, өйткені  бюджет тапшылығын жабу үшін  үкімет ақша эмиссисын пайдаланбайды,  рынокте еркін жүретін, бағасы  сұраным мен ұсыным арқылы анықталатын құнды қағаздар шығарады.

     Экономикалық  реформа процесінде қаржы рыногінің  қалыптасып, жұмыс істеуі экономиканың  дағдарысын тудыратын және оның  инфляциясымен қосарланатын қарама- қайшылықтарға және қиыншылықтарға  кезігеді.

   Инфляция бағалы қағаздарға айтарлықтай шектеу жасайды- олар қысқа мерзімді немесе құны жоғалмай жеңіл өтетіндей болуы тиіс. Бағаның өнімі өсіп отырған жағдайында инвесторлар қаражаттарды өтімі аз бағалы қағаздарға ұзақ мерзімге салуға бармайды. Инфляция кезінде ұзақ мерзімді инвестициялар үшін жылжымайтын дүние – мүлікке, таурларға, еркін айырбасталымды бағалы қағаздарға жұмсау неғұрлым тартымды болып табылады.

    Қаржы нарығының  дамуы халықтың көпшілік бөлігінің  тұрмыс деңгейінің төмендігінен  тежелеп отыр, мұның өзі жеке инвесторлардың санын азайтады. Кәсіпорындардың төлеуге созылмалы қабілетсіздігі жағдайында олардың қаражаттарды бағалы қағаздарға салуы екі талай. Ақша қаражаттарының тапшылығы қысқа мерзімді кредиттер мен депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің өсуіне жеткізеді, мұның тәтижесінде бағалы қағаздардың табыстылығы банктердің ақша – кредит операциялары жөніндегі мұндай табыстылықпен бәсекелесе алмайды.

   Қаржы нарығыныің  жұмыс істеуінің маңызды факторы  сонымен қатар саяси тұрақтылық  болып табылады, ал бағалы қағаздардың айналысы бірқатар елдердің экономикалық кеңістігін қамтуы мүмкін. ТМД елдерінің саяси болмыстары не ол, не бұл кәсіпорынның рентабелдігіне қатысты ұзақ мерзімді болжамының мүмкіндігін жоққа шығарады және солай болған соң бағалы қағаздарды сатып алу ықыласын шектейді

     Қаржы нарығының  жандануы корпоративтік бағалы  қағаздарды – экономиканың нақты  секторы кәсіпорындарының акциялары  мен облигацияларын шығару және  олардың айналысын жандандыру  кезінде мүмкін. Қазақстанда соңғы  уақытқа дейін қаржы рыногінің бұл сегменті жақсы дамымады, бұл жалпы экономикалық әлуетті тежейді.

    Инвестициялық  институттар, қор биржалары, биржадан  тыс сауда, депозит мекемелері  түріндегі құрамды элементтерді  қамтитын ұлттық қор жүйесін  қалыптастыру бір мезгілде басқа нарықтық құрылымдардың, ең алдымен әр түрлі тұрпаттағы акционерлік қоғамдардың қалыптасуымен, бұл жүйенің қызметін мемлекеттің экономикадағы оң құрылым жасаушы рөлі кезіндегі сенімді заңнаналық қамтамасыз ету жағдайында жүргізілуі тиіс.

5Ќаржы ќўралдары дегеніміз не?

Жалпы кењ маѓынада ќаржы  ќўралдары – бўл ќаржы активтерін молайтатын немесе кљлемін ўлѓайтатын кез- келген шартты айтамыз. Мысалы, «  А » кђсіпорны « Б » кђсіпорнына  тљлем мерзімін ўзартумен ( комерциялыќ  несие ) тауар жіберді, нђтижесінде « А » кђсіпорныныњ дебиторлыќ ќарызы љсті, ал « Б » кђсіпорныныњ кредиторлыќ ќарызы сол сомада љседі.

Ќаржы ќўралдары 2 топќа  бљлінеді:

  1. Бастапќы
  2. Кейінгі

Бастапќы ќаржы ќўралдарына  вексельдер, несиелер, заемдар, облигациялар, акциялар жђне т.б. ќўнды ќаѓаздар жатады.

Кейінгі ќаржы ќўралдары ( туынды ќўралдар немесе деривативтер ) – бўл ќаржы опицондары, фьючерстер, форвардтыќ келісімдер жђне своптар.

6.Ќаржы институттары ќаржы нарыѓында ќандай ќызмет атќарады?

Ќаржы институттарын 2 топќа  бљлуге болады: бірінші топ – депозит типіндегі несиелік ўйымдарѓа байланысты ќаржы делдалдары ( комерциялыќ банктер, жинаќ институттары жђне несиелік одаќтар ), саќтандыру компаниялары, зейнетаќы ќоры, ќаржылыќ жђне инвестициялыќ компаниялары жђне хеджингтік ќорлар; екінші топ – ќаржы нарыѓыныњ функцияларын ќамтамасыз ететін ўйымдар, соныњ ішінде инвестициялыќ банктер, ќор жђне валюта биржалары.

7.Ќаржы делдалдарына ќандай ќаржы институттары жатады жђне дамыѓан елдер экономикаларында олардыњ алатын рљлі.

Ќаржы делдалдары міндеттемелердіњ шот есебінен ресурстыќ базасын ќўрайды жђне ол ќаржыларѓа баѓалы ќаѓаздарды сатып алып, ссудаларды ўсынады.

Ќаржылыќ делдалдар  уаќытша бос ќаражаттары бар  тўлѓалармен аќшалай аќшалай  ќаражаттарѓа мўќтаж тўлѓалар арасындаѓы ара ќатынасты ўйымдастыруѓа маманданады, осы буында ђлемніњ дамыѓан елдеріндегі ќаржылыќ жџйелер ењ алдымен инвистициялыќ маќсаттарѓа ќолданылатын кџрделі ќаржылыќ ресурстарына ьаѓытталѓан.

Информация о работе Қаржы мен қаржы саясатының мәні