АҚШ экономикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 17:13, реферат

Описание

АҚШ экономикасы әлемнің ең ірі экономикасы. Әрбір экономикалық жүйеде кәсіпкерлер мен менеджерлер қызмет пен тауарды өндіріп, тарату үшін табиғи ресурстар, жұмыс күші мен технологияны біріктіреді. Осы элементтерді ұйымдастыру мен қолдану тәсілдері ұлттық мәдениет пен саяси мұраттарды көрсетеді. Құрама Штаттары көбіне «капиталистік шаруашылық» деген терминмен сипатталады.

Содержание

КІРІСПЕ
1 Экономиканың негізгі бөліктері 4
2 Тарихы 6
2.1 Отарлау 7
2.2 Жаңа ұлттық экономикасы 8
2.3 Оңтүстік пен батысқа қозғалыс 9
3 Аралас экономика: нарықтық рөлі 10
3.1 Нарықтың жалпы экономикаға әсері 10
3.2 Шектеулер тек әділетті заңдарға тәуелді 11
3.3 Аралас экономикадағы халықтың рөлі 11
4 Мемлекеттің экономикадағы рөлі 12
4.1 Реттеу мен бақылау 13
4.2 Тікелей қызмет көрсету 14
4.3 Тікелей көмек көрсету 14
5 Кедейлік пен теңсіздік 15
6 Үкіметінің кеңейуі 17
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ

Работа состоит из  1 файл

МАЗМҰНЫ.docx

— 19.66 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ

1 Экономиканың негізгі  бөліктері        4

2 Тарихы            6

2.1 Отарлау            7

2.2 Жаңа ұлттық экономикасы        8

2.3 Оңтүстік пен батысқа  қозғалыс        9

3 Аралас экономика: нарықтық  рөлі              10

3.1 Нарықтың жалпы экономикаға әсері              10

3.2 Шектеулер тек әділетті заңдарға тәуелді             11

3.3 Аралас экономикадағы халықтың рөлі             11

4 Мемлекеттің экономикадағы  рөлі               12

4.1 Реттеу мен бақылау                 13

4.2 Тікелей қызмет көрсету                14

4.3 Тікелей көмек көрсету                14

5 Кедейлік пен теңсіздік                15

6 Үкіметінің кеңейуі                 17

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 

АҚШ экономикасы әлемнің ең ірі экономикасы. Әрбір экономикалық жүйеде кәсіпкерлер мен менеджерлер қызмет пен тауарды өндіріп, тарату үшін табиғи ресурстар, жұмыс күші мен технологияны біріктіреді. Осы элементтерді ұйымдастыру мен қолдану тәсілдері ұлттық мәдениет пен саяси мұраттарды көрсетеді. Құрама Штаттары көбіне «капиталистік шаруашылық» деген терминмен сипатталады. 

Бұл терминді 19-шы ғасырда  неміс экономисі әрі әлеуметтік теоретигі Карл Маркс қолында  капиталы бар адамдардың шағын тобының  аса маңызды экономикалық шешімдерді қабылдау жүйесін сипаттау үшін енгізген. Маркс капиталистік экономикаға саяси жүйеде билігі көп социалистік экономиканы қарама-қарсы қойды. Маркс пен оның шәкірттері капиталистік жүйеде өз байлығын арттыруды мақсат еткен қуатты бизнесмендердің қолында билік шоғырланған дей отырып, социалистік шаруашылықта үкіметтің негізгі мақсаты - қоғамдық ресурстардың бірдей таралуы болып табылады дегенге сенді. Бұл категориялар тым қарапайымдылығына қарамастан олар үшін шындық элементтерін сақтап отыр, ал бүгінгі таңда олардың маңыздылығы тым әлсіз.

Маркс сипаттаған таза капитализм болса да, ол жоғалғаннан кейін АҚШ және басқа мемлекеттердің үкіметі биліктің шоғырлануына шектеу қойып, әрі заңсыз коммерциялық әрекеттерге байланысты әлеуметтік мәселелерді шешу үшін экономикаға араласа бастады. Мүмкін осыдан кейін Америка экономикасын үкімет пен жеке кәсіпкерліктің маңыздылығы қатар тұратын «аралас» экономика деп атау жөн болар. Американдықтар еркін кәсіпкерлікке деген сенімдері мен үкіметтік басқару арасындашекараны өткізу жөнінде пікірлері бір келкі болмаса да, олар ойлап тапқан аралас экономикасы өте табысты болып шықты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

Сонымен, үкімет бизнес пен қатар жекелей азаматтарға әртүрлі көмек көрсетеді. Ол студенттерге оқу үшін несие, кіші бизнес кәсіпорындарына техникалық көмек пен төмен пайызды несие бөледі. Үкімет демейтін кәсіпорындар кредиторлардан ипотекалық бекітпелерді сатып алып, оларды құнды қағазға айналдырады, оны инвесторлардың сатып алуға немесе сатып жіберуге мүмкіндігі бар, бүл шаралар үйлерді жалға беруді күшейтеді. Үкімет импортты шектейтін шет елдердің саудалық барьерлерін болдырмау үшін экспортта белсенді түрде алға жылжытады.

Бұл бағдарламалардың көпшілігі, Әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламасын  қоса алғанда, өз түбірін 1933-1945 жылдар аралығында АҚШ президенті қызметін атқарған Франклин Рузвельттің «Жаңа Бағыт» бағдарламасынан тамырландырылады. Рузвельт реформаларындағы негізгі түйін-кедейшілік адамгершілік азғындаудан емес, керісінше, әлеуметтік және экономикалық себептердің нәтижесі болып табылады деген сенім. Бұл көзқарас табысқа жету - Құдайдың рахымынан, жолдың болмауы - Құдайдың қахарынан деп түсінетін Көне Англияда қалыптасқан қоғамдық ұғымдарды теріске шығарды. Бұл америкалық әлеуметтік-экономикалық ақыл-ойдың маңызды өзгерісінің көрінісі еді. Дегенмен, әлеуметтік қамтамасыз ету төңірегіндегі мәселелерге қатысты пікірталастарда ескі көзқарастардың жаңғырығы бүгін де байқалып қалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

  1. “Қазақстан”:Ұлттық энцклопедия/Бас редактор: Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998ж. 

Информация о работе АҚШ экономикасы