Ақша айналымы туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2012 в 18:36, реферат

Описание

Шаруашылықтағы тауарларды өткiзуде, сондай-ақ тауарлы емес төлемдердi және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететiн қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысын – ақша айналымы деп атайды. Егер айналымдағы ақша көлемi шаруашылық қызмет етуiне қажеттi ақша массасынан артық болса, онда қоғамда ақшаның құнсыздануы етек алып, ол өз кезегiнде экономикалық активтiлiктi төмендетiп, экономиканы дағдарысқа алып келедi.

Работа состоит из  1 файл

реферат.doc

— 95.50 Кб (Скачать документ)

КІРІСПЕ

 

   Шаруашылықтағы  тауарларды өткiзуде, сондай-ақ тауарлы  емес төлемдердi және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететiн қолма-қол  және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысын – ақша айналымы деп атайды.  Егер айналымдағы ақша көлемi шаруашылық қызмет етуiне қажеттi ақша массасынан артық болса, онда қоғамда ақшаның құнсыздануы етек алып, ол өз кезегiнде экономикалық активтiлiктi төмендетiп, экономиканы дағдарысқа алып келедi. Сондықтан, ақшаның мәнiн, оның айналыс заңын, ақша айналысына қажеттi ақша массасының көлемiн анықтау және ақша массасын құраушы ақша агрегаттарының құрамдарын талдап, оны ұлттық экономика тұрғысында тиiмдi пайдалану жолдарын анықтау менiң бұл тақырыпты орындауымдағы мақсатым мен міндеттерім болып табылады.  

      Осы ақша айналысының тұрақтылығын, бірқалыпты айналысын реттеуге мүмкіндік беретін  ақща түрі және экономикалық шаруашылықтардың үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында пайда болатын қызметтер мен  өнімдердің ақысын кешіктіріп төлеуге  мүмкіндік беретін айналыс құралдары несиелік ақшалардың маңызы зор балып табылады.

1 Ақша айналымы  туралы түсінік

     Көптеген  шетел басылымдарында ақша айналымы деген ұғым кездеспейді. 90-жылдардың  орта шеніне дейін ТМД мүше елдерінің  басылымдарында «ақша айналымы»  және «ақша айналысы» деген ұғымдарға анықтама беріліп, олар бір-бірінен дәл ажыратылды. Ақша айналымы деп қолма-қол ақша мен қолма-қол емес ақшаның қозғалысын білдіретін кең ұғым айтылды. Экономиканың әр үлгісінде бұл ұғымдарға әр түрлі көзқарастар қалыптасып отырды. Ал жоспарлы орталықтандырылған  экономика жағдайында ақша айналымының ерекшеліктері:

  • Қолма-қол ақша да, қолма-қол емес ақша да кәсіпорындардың шығаратын өнімдерін алдын-ала бөлу қызметін атқараы. Барлық қоғамдық өнім өндіріс құралдары мен тұтыну заттары түрінде, яғни бірінші жағдайда материалдық техникалық жабдықтау жүйесі арқылы, ал екігші жағдайда қоғам мүшелерінің табысына (жалақы, зейнетақы) сәйкес мемлекеттік сауда жүйесі арқылы бөлінеді.
  • Мемлекет заңымен ақша айналымын: қолма қол ақша және қолма-қол емес ақшаға бөліп, ақша айналымының қай түрі қандай бөлу жүйесіне қызмет атқаратынын белгілейді. Сөйтіп қолма-қол ақша қозғалысы халықтың ақшалай табысын бөлуді көрсетсе, ал қолма-қол емес ақша қозғалысы өндіріс құрал-жабдықтарын бөлуді көрсетеді;
  • Ақша айналымы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің объектісі ретінде директивалық заңдармен реттелді;
  • Ақша айналымы біртектес мемлекеттік меншік формасына қызмет көрсетті.
  • Ақша айналымының алғашқы және қорытынды кезеңдері мемлекеттік банкте шоғырланып, оған мемлекеттік банк бақылау жүргізген.
  • Қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша белгілерін тек мемлекеттік банк монополды құқықпен шығарды.
  • Мемлекеттік жүйелер алдын-ала өнімге баға белгілеумен және көрсетілген қызметтерге тарифтер белгілеумен де шұғылданды.

КСРО  негізінде құрылған ТМД елдерінің нарықтық қатынастарға өту кезеңінде жүргізілген іс шараларынан кейін (бағаны босату, мүлікті мемлекет иелігінен алу) ақша айналымында айтарлықтай өзгерістер пайда болды. Шын мәнінде ақша айналысы – ақша айналымының тек бір бөлігі, атап айтқанда қолма-қол ақша айналымы.

            Нарықтық экономика үлгісі жағдайында  ақша айналымына тән ерекшеліктер:

  • Ақша айналымы негізінен шаруашылықтағы нарықтық қатынастарға қызмет жасайды, ол бөлу қатынастарының тек аз ғана бөлігін қамтиды.
  • Қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша айналымдарын заңмен ажырату жойылды;
  • Ақша айналымы мемлекеттің, коммерциялық банктердің, заңды және жеке тұлғалардың жоспарлы болжауының объектісі болып табылды;
  • Ақша айналымы әр түрлі меншік формасы жағдайында жүреді;
  • Ақша айналымының алғашқы және қорытынды кезеңдері орталықтанбаған, яғни олар әр түрлі коммерциялық және мемлекеттік банктерде шоғырланған.
  • Қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша айналымы бір-бірімен тығыз байланыста жүреді.
  • Қолма-қол ақша эмиссиясын орталық банк жүргізіп, қолма-қол емес ақша белгілерін коммерциялық банктер шығарады. /6, 25-30б/

     Сонымен, ақша айналымы деп қолма-қол және қолма-қол емес түрінде үзіліссіз қозғалыста жүретін ақша белгілерін айтады. Бұл анықтама ақша айналымының қазіргі мазмұнына сай келеді, себебі ақша айналымында тек қана ақша белгілері жүреді.

      Ал  металл ақша жүйесінде әрі тауар  әрі ақша айналымы олардың құны айналымы ретінде олардың құны айналымда  жүреді. Себебі, металл монетаның (алтын  немесе күміс) өз құны өзінде көрсетілген (номинал) құнына сәйкес келгендіктен ақша құнының қозғалысы тауар құнының қозғалысымен бір уақытта жүрді. Сондықтан құн айналымы тауар айналымы мен ақша айналымын біріктірді.

      Қазіргі ақша айналымын құн айналымы деп  айтуға болмайды. Оған себеп – қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша белгілерінің өз құны көрсетілген құнымен салыстырғанда өте төмен, тіпті жоқ деуге болады. Демек қазір құн айналымы деп тек тауар айналымын айтуға толық негіз бар.

      Айналыста жүретін тек қолма-қол ақша, ол ақша айналымының бір бөлігі. Демек ақша айналысы деген белгілі бір мезгілде қолма-қол ақшамен өтелген барлық төлемдер сомасына тен ақша айналымының бөлігі. Ал ақша айналымы деген қолма-қол ақша мен қолма –қол емес ақша белгілерінің тауар айналымын және тауарсыз төлемдер мен шаруашылықтың есеп айырысуын қамтамасыз ететін ақшаның қызметі. Сонымен ақша айналымы екі бөліктен: қолма-қол ақша айналысы және қолма-қол емес ақша айналымынан тұрады. 

     Ақша  айналысы мен ақша айналымы арасында шек жойылды. Тауар айналысы процесiндегi қолма – қол ақша қозғалысы және төлемақыны жүзеге асыру кезiнде қызмет көрсету, сонымен бiрге кәсiпорындар мен қаржы несие мекемелерiнiң арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы – ақша айналысы деп аталады.

     Ақшаның өмiр сүруiндегi  объективтiк  қажеттiлiк ол  тауар өндiрiсi мен тауар айналысының болуына негiзделедi. Кез келген  тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады.  Тауар және  ақша бiр-бiрiнен бөлiнбейдi. Ақша айналысы  болмаса, онда  тауар айналысы да  болмайды.

     Ақша  айналысы - шаруашылықтағы тауарларды өткiзуде, сондай-ақ тауарлы емес төлемдердi және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететiн қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы.

     Ақша  айналысының объективтiк негiзiнде  де тауар өндiрiсi жатады. Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз формаларының көмегiмен тауарлар айналысы, сондай-ақ несиелiк және жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады.  Ақша айналысы шаруашылықтағы тауарларды өткiзуге, сондай-ақ тауарлы емес төлемдердi және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететiн қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы.

     Ақша  белгiлерi әр түрлi жағдайда қамтамасыз етiледi. Қолма-қол ақша тұтыну заттары  және қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етiлсе,  қолма- қолсыз ақшалар – бөлуге арналған өндiрiс құралдарының жиынтығымен қамтамасыз етiледi.

     Бiрақ  ақша айналысы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл екi процесс бiр-бiрiнен  жекешеленiп жүредi. Тауарлар, оларды сатып алғанан кейiн, айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналыста әрқашан жүредi.  Айналыста жүре отырып ақша әрi айналыс құралы, әрi төлем құралы функцияларын атқарады. Сонымен,  тауарды сатудан түскен ақша қарызды өтеуге жұмсалуы мүмкiн. Өз кезегiнде, қарызды төлеуге түскен ақшалар тауарлар алу үшiн қолданылуы мүмкiн.

     Жалпы ақша айналысының көлемi тауар бағаларының  соммасынан әрдайым  артық болады. Ақшаның қызмет көрсетуi тек сатып  алу – сатумен шектелмейтiнi түсiндiрiледi.  Ақша еңбекақы, зейнетақы төлеу үшiн, бюджетке төлемдер аудару үшiн, банктен  қарыз алу үшiн және т.б. мақсаттар үшiн қолданылады. /1, 38-41б/

     Ақша  айналысың реттеудiң маңызды элементi – қолма-қол ақшаның қолдану  аясын азайту болып келедi. Бұл  мәселе бiздiң елiмiзде кәсiпорындар арасындағы есеп айырысулардан қолма-қол  ақшаның шектеу, есеп айырысу чектерiн ендiру арқылы ғана шешiледi.

     Бұл екеуi өзара тығыз байланыста, сондықтан  оларды бөлу қажет емес. Ақша өз айналысында  қолма – қолдан қолма қолсыз ақшаға (және керiсiнше) өтедi.  Мысалы, кәсiпорынның бөлшек саудасынан түскен түсiм банкке түскеннен соң оның есеп айырысу шотында қолма-қолсыз ақша қаражатарына айналады да, ол бұдан өз жiктеулерiне ақша аударуы мүмкiн.

     Сонымен,  бүкiл ақша айналымы: қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар болып бөлiнедi.  Сондай-ақ:

  • өнiмдi өндiру және сату процесiн, яғни тауарлы сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы;
  • тауалы емес сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы ;
  • ақша айналысы бiрнеше тарихи кезеңдерден өттi және металл,  қағаз, несие ақшалар көмегiмен жүзеге асырылады.

   Сонымен қатар ақша айналысында оның металл, қағаз және несиелiк ақшалар айналысының түрлерiне байланысты олардың қызмет етуi де әр түрлi.

2 Ақша айналысы  және оның заңы

     Айналыстағы ақшаның саны К.Маркстiң ашқан  ақша айналысының заңымен реттеледi. Айналысқа қажеттi ақша саны – айналыстағы ақша саны мен сатуға арналған тауарлар массасы және атауы бiр ақша бiрлiктерiнiң айналыс жылдамдығы арасындағы белгiлi бiр сәйкестiктiң болуын талап етедi.  Айналысқа қажеттi ақша санының формуласы төмендегiдей:

     Монетаристер  деп аталатын,  ағылшын классикалық экономика мектебiнiң ғалымдары, келесiдей тепе-теңдiктi белгiледi:

PY = TV+DV1

мұндағы:  P – бағаның жалпы деңгейi;

                Y - өндiрiс көлемi;

                T – ақша белгiлерiнiң саны;

                D – депозиттер;

                V және V1 – ақшаның және депозиттiң айалыс жылдамдығы.

      Ақша  айналысы заңы – құн заңының айналыс аясындағы көрiнiсi. Ол тауар – ақша қатынастары болатын барлық қоғамдық формацияларға тән. Айналыстағы ақшаның саны К. Маркс ашқан ақша айналысы заңымен реттеледi. Тауар айналысына қызмет ету үшiн қажеттi ақша мөлшерi екi факторға: бiрiншiден, бiр кезеңде, сатылуға тиiс тауарлар бағасының қосындысына, екiншiден ақша айналысының жылдамдығына байланысты өзгередi. Ақша айналысы заңы мына формуламен өрнектеледi: 

M = P * Y / V

      Мұндағы:

            М – ақша мөлшерi;

            Р – тауарлар бағасы;

            Y - өнiм көлемi;

            V – ақшаның айналым  жылдамдығы.

     Ақша  айналысы заңының  мәнi – ақшаның айналыс құралы қызметiн орындауы үшiн қажеттi ақша мөлшерi сатылуға тиiс тауарлар бағасының көбейтiндiсiн бiр аттас ақша өлшемiнiң айналым санына ( айналым жылдамдығы) бөлгенге теңесуi керек.

     Ақша  тек айналыс құралы ғана емес, сонымен  бiрге төлем құралы қызметiн де атқаратындықтан айналысқа қажеттi ақша мөлшерi де несиеге сатқан тауарлар сомасына байланысты азаяды. Қарыз мiндеттемелерiнiң бiразы қолма-қол ақшасыз есеп айырысқанда өтеледi, яғни олар қарыз талаптары мен мiндеттемелерiн өзара есептеу жолымен де өтеледi. Сөйтiп несиенiң даму дәрежесi ақша мөлшерiне керi әсерiн тигiзедi: тауардың неғұрлым көп бөлiгi несиеге сатылса, соғұрлым аз ақша мөлшерi қажет.

      Сөйтiп  айналысқа қажеттi ақша мөлшерi өндiрiстiң  даму жағдайларына әсер ететiн көптеген факторларға: айналыстағы тауар  мөлшерiне, тауарлар мен қызмет бағасының  деңгейiне және т.б. байланысты өзгередi. Айналысқа қажеттi ақша мөлшерi ақша айналысының жылдамдығына керi пропорционалды өзгередi. Ал ақша айналысына әсер ететiн факторлар мыналар:

  1. Несиенiң даму деңгейi, егер тауардың көп бөлiгi несиеге сатылса, айналысқа сонша мөлшерде кем ақша қажет;
  2. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың дамуы;
  3. Ақша айналысы санының өсуi.

     Айналысқа ақша екi түрде шығарылады немесе эмиссияланады: қолма-қол ақша, банктiк айналымдағы  ақша түрi, яғни банктегi шоттарға жазылған сома. Екi деңгейлi банк жүйесiнде ақшаның  бiрiншi түрiн, яғни қолма-қол ақшаны монополиялы құқықпен Орталық банк эмиссиялайды да, қолма-қол емес ақша белгiлерiн коммрциялық банктер жүйесi шығарады.

     Ақша  айналымының екі жағының (қолма-қол  ақша мен қолма-қол емес ақша) бірлігі, олардың бір формасының екіншісіне алмасуы жалпы ақша массасының құрамын анықтауды қажет етеді. Себебі, ақша масасы ақша айналымының сандық көрсеткіші. Белгілі бір мерзім аралығында және белгілі бір күнде ақша айналымындағы сандық өзгерістерді талдау үшін, сол сияқты ақша массасының көлемін және оның өсу қарқынын реттейтін іс-шаралар жүргізу үшін әр түрлі көрсеткіштер (ақша агрегаттары) қолданылады.

     Өнеркәсiбi өркендеген мемлекеттерде ақша жиыны  құрамын анықтау үшiн негiзгi ақша агрегаттарының төмендегi жиынтығын  пайдаланады:

Информация о работе Ақша айналымы туралы түсінік