Ақша айналысы және ақша жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 16:49, реферат

Описание

Көптеген шетел басылымдарында ақша айналымы деген ұғым кездеспейді. 90 – жылдардың орта шеңіне дейін ТМД – мүше елдердің басылымдарында «ақша айналысы» деген ұғымдарға анықтама беріліп, ол бір – біріне дәл ажыратылады. Ақша айналымы деп қолма – қол ақша мен қолма – қол емес ақшаның қозғалысын білдіретін кең ұғым айтылды. Экономиканың әр үлгісі бар ұғымдардың мәні мен құрылымын өзгеғртпей кейбір ерекшеліктер еңгізді.

Содержание

Кіріспе
1. Ақшаның қызметі 2.Ақша айналысын басқару
3.Металл ақша айналысы 4.Ақша жүйесі және оның даму кезеңдері 5.Несие ақшалары және олардың түрлері 6.Ақша айналысы заңы

Работа состоит из  1 файл

экономика Айдана.doc

— 109.50 Кб (Скачать документ)

     Әлемдік ақшалар. Әлемдік ақшалар ақшаның барлық қасиеттерін өзіне жұмылдыра отырып, ол қазыналық және төлем құралы қызметінің тұтастығы арқылы қаша формасының тікелей логикалық жалғасы болып табылады. К.Маркс былай жазған: «Өзінің түсінігі ғана емес, сонымен қатар әрекет әдісімен ақшалар қазына және жаппай төлем құралы ретінде әлемдік нарықта жалпы айрбас құралы, жалпыға ортақ тауар болып табылады». Осыған байланысты әлемдік ақшалардың табиғаты, экономикалық категория ретіндегі маңызы олардың қызметінде айқын көрініс табады, мұндағы ақшаның өзіндік ерекшелігі жаппай интернационалды тауар ретінде көрнеді. Халықаралық төлем құралы ол құнның ұлттық белгілері арқылы және ішкі ақша айналымына ұқсас қалыптасатын құнның айрықша интерноционалдық белгілері бойынша жүзеге асырылады.

2.Ақша айналысын басқару.

Ұлттық  банк – заңды төлем құралын, яғни банкноталарды шығаруға эмиссиондық құқы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банкінің эмиссияға шығаруы арқылы және банктерге сатып, қолма – қолсыз балама алу формасында болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі – теңге болып табылады.

     Ұлттық банк банкноталар мен монеталардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың дайындалуын қамтамасыз етеді, сақталу, жою және қолма – қол ақшаның инкассициялау тәртібін орнатады.

     Қазақстан Республикасында өз  күштерін енгізумен байланысты  ақша банкноталарын өндіру және коммерциялық банктерге инкассациялауға лицензия беру бойынша, қолма – қол ақшаның жағдайы 1996 жылға дейінгі кезеңмен салыстырғанда мүлдем өзгерді. Екінші деңгейдегі банктер корреспонденттік шоттағы қаражаттарының қалдығы шегіде қолма – қол ақша түрінде толықтыру алады, сонымен қатар, операциялық кассадағы қолма қол ақша қалдығына шек қойылмайды.

     Эмиссия – бұл мемлекеттің банкноталардың, монеталардың, бағалы қағаздардың шығарылуы. Ол қолма – қол түрінде де немесе қолма – қолсыз ақша түрінде де болуы мүмкін.

     Ақша бағасы – бұл Ұлттық банк шығаратын ақшалары. Оған айналымдағы қолма – қол ақшалар, міндетті және артық резервтер жатады. Міндетті резервтер – бекітілген нормативтерге сәйкес Ұлттық банктегі арнайы шотта кредит корреспонденттік шотында сақталуына міндетті банк дипозиттерінің бөлігі ( бұл Ұлттық банктің келісімі бойынша тек қана қаржылық тұрақты банктер мен қолданылатын резервтердің баламалы әдісі деп аталады). Ақша айналысының жылдамдығы экономикалық монетизация деңгейіне байланысты болады, ол ақша массасының жалпы ішкі өнімге қатынасымен анықталады. Айналыс жылдамдығы төмен болған сайын, монетизация деңгейі жоғарылайд

3.  Металл ақша айналысы

     Ақша өзінің материалдық – заттық құрылымы металл ақшалар және қазыналық билеттер (қағаз және несие ақшалар) болып екіге бөлінеді. Екінші қоғамдық еңбек бөлінісінің нәтижесі – егіншіліктен қолөнер кәсібі бөлініп шығуына байланысты тауар өндірісі қалыптасып, айырбас нақтылы үздіксіз құбылысқа айналғанда ақшаның рөлін орындайтын салмақты металл заттар жүре бастайды. Металл ақшаның пайда болуына байланысты ақша белгісінің салмағын өлшеу жүйесі де пайда болды. Алдымен белгілі бір массасы көрсетілген бірақ формасы жоқ металл сынықтарының орнына әр түрлі массалы металл кесектері айналымға түскен. Дегенмен, жаңа дәуірге дейінгі ХІІІ ғасырда кейбір елдерде массасы көрсетілген металл құймалар айналыста болыпты. Осыған байланысты қазіргі уақытта көптеген ақша өлшемінің атауы оның салмақ атауымен бірдей, мысалы, фунт стерлинг, ливр, марка- “жарты фунт” деген ұғым. Ал фунт – қадақ – орыстың бұрынғы 409 грамдық өлшеміне тең екен. Киев Русіндегі ақша өлшемі гривна күмістің фунты деген мағынаны көрсеткен, ал оның тең жартысы ( рубленая пополома) рубль деп аталған.

     Металл ақшаның алғашқы түрі – құйма металл, оның формасы да әр түрлі болған ( шыбық, сым, табақша және т.б.). Салмақты металл құймалары айырбаста алып жүруі және сақтауға өте ыңғайсыз болғандықтан, сауданы баяу жүреуіне әкеп соқтырған.

     Металл ақшалар толық құнды  және толық құны жоқ (немесе  кембағалы) ақша болып бөлінеді. Толық құнды ақша деп монета  көрсетілген құн (номиналы) монета  соғуға жұмсалған металдың құнына  тең ақшаны айтады. Ондай ақша  өзінің пайда болғанынан бастап  жалпы құн эквиваленті болды және ақшаның барлық қызметін атқарды. Толық құны жоқ ақша – монетада көрсетілген құн оны соғуға жұмсалған металдың құнынан жоғары болатын ақша. Ол толық құнды ақшаның ұсақ бөліктері ретінде кішігірім төлемдерді атқару үшін майда монета түрінде қолданылады. Оны билондық монета деп те атайды. Ақша айналысы шапшаң болғандықтан тез ысылып салмағын, соған байланысты құнын жоятындықтан майда ақшалар алтын монеталар қоспасынан (мыс – никель, мыс – мырыш ) және алюминийден соғылады.

     Ақша айналысында майда ақшаның үлес салмағы аз. Дегенмен майда ақшаны айналысқа түсіру мемлекетке пайдалы. Ол пайда монетадда көрсетілген құнмен оның құрамындағы металдың нарықтық бағасының айырмасына тең.

     Қарыз ақшалар. Олардың айналыс  заңдылықтары. Металл ақша айналысының объективті заңдылықтарын және капитализм тұсында тауар өндірісінің қарқынды дамуын айналымға қосымша ақшаның қажеттілігін арттырып ақшаның дербес құны жоқ ақша таңбаларымен айырбастап мүмкіндігін ашты. Қағаз ақшаның шығу мүмкіндігі мына себептерге байланысты болды:

  • Біріншіден, ақша құн өлшемі қызметін қолдағы алтын ақша емес, ойдағы ақша ретінде атқару ерекшелігіне;
  • Екіншіден, ақша айналыс құралы ретінде өз қызметін шапшаң, ілезде атқару ерекшелігіне, яғни тауар айырбасында ақша делдал болуына байланысты;
  • Бұл мүмкіндіктің іс – жүзіне айналу біраз себептерді қамтитын тарихи ұзақ процесс:
  • Монетаның табиғи ысылып тозуынан оның толық құны жойылып, құр ақша белгісіне айналуы. Мысалы, 1809 – 1829 жж. Еуропа елдерінде монетаның тозу себебінен 19 млн. фунт стерлинг монета айналыстан шығарылған;
  • Мемлекеттің және жеке адамдардың – жасанды ақша жасаушылардың монетаны бұзуы. Мемлекеттің металл ақшаны саналы түрде бұзуы – ол қазынаға қосымша табыс түсіру мақсатында монетаның асыл металл құрамын әдейі төмендетуі.Ақшаның құнсыздануы шаруаларды, кәсіпқойларды, ұсақ саудагерлерді көп шығынға душар етті. Олар патша өкіметіне өздерінің қарсылығын білдіріп, 1662 жылы 25 маусымында көтеріліске шықты. Тарихта ол “мыс бүлігі” деп аталды. Көтеріліс қатал жаншылып, мыс монетаны соғу тоқтатылды. Бүлінген 100 мыс копеектің орнына 1 күміс копеек айырбасталды.

4.Ақша жүйесі және оның даму кезеңдері.

     Әрбір мемлекеттің өзіне тән  ұлттық ақша жүйесі болады.Ақша  жүйесі - ол тарихи қалыптасқан және мемлекеттің заңдарымен бекітілген біртұтас ақша айналымы. Алғашқы ақша жүйесі ХVІ – ХVІІ ғғ. Капиталистік өндіріс бұл қалыптаса бастағанда пайда болды. Бірақ оның кейбір жекелеген элементтері одан да бұрын айналымда жүре бастады. Капиталистік өндірістің және тауар ақша айналысының қарқынды дамуы ақша жүйесіне өзгеріс енгізді.

     Ақша жүйесінің типі: ақша – ерекше тауар ретінде өсуіне, яғни жалпыға ортақ эквивалент болуына немесе ақша құн - өлшемі қызметін атқаруына байланысты қалыптасады. Сондықтан әлем тарихында ақша жүйесінің типтері кездеседі:

  • Металл ақша айналысы, бұл жүйеде ақша тауары, яғни толық құнды ақша айналыста жүреді және ол ақшаның барлық қызметтерін орындайды. Ал несие ақшалары металға айырбасталады;
  • Несие ақшалары және қағаз ақша айналысы, бұл жүйеде атына сай, айналыстан толық құнды ақша, яғни алтын біржолата ығыстырылып, айналыста тек ақша белгілері жүреді.

     Әрбір мемлекетте жалпыға ортақ  құн эквиваленті қабылданған  металға байланысты металл ақша  жүйесі: биметаллизм және монометаллизм  болып бөлінеді.

     Алғашқы капитал жинау кезінде (XVI – XVII ғғ.) биметаллизм ақша жүйесі пайда болып, одан әрі дамыды. Онда ақша айналысын толық құнды ақшалар қамтамасыз етті. Биметаллизм – ол мемлекет заңды түрде жалпыға ортақ мемлекет ролін алтын мен күміске бекітке ақша жүйесі. Бұл жүйеде алтын мен күміс тең құқықты ақша қос – металды валюта, онда екі металдан да кең көлемде монета соғылып, айналыста шектеусіз қатар жүрген.

     Биметаллизмнің үш түрі болған:

  1. Қатар жүретін валюта жүйесі-онда   алтын  мен  күміс  монеталардың

    арақатынасы стихиялы түрде металдың нарықтық бағасына байланысты бекітілген.

  1. Қос валюталы жүйе – онда металдардың санының арақатынасын мемлекет бекітіп, алтын мен күміс монеталар сол қатынаспен соғылды.
  2. “Қосалқы валюта жүйесі”- онда алтын мен күміс монеталар заңды төлем құралы деп саналғанмен іс жүзінде күміс монета алтынның белгісі ретінде жүреді.

     Монометаллизм – ол жалпы эквивалент ретінде тек бір ғана металл(не алтын, не күміс) қолданылатын ақша жүйесі.     Патшалық Ресейде күміс монометаллизм 1839 – 1843 жж. Жүргізілген ақша реформасының нәтижесінде енгізіліп, ақша өлшемі болып құрамында таза күмістің 4 мысқалы 21 бөлігі бар күміс рубль есептелді. Сонымен қатар айналысқакүміске еркін айырбасталатын несие ақшалары да шығарылды. Дегенмен күміс ақша елдің күйзеліске шығарған ақша айналысын түбегейлі ретке келтіре алмады. Себебі бұл кезде басыбайлы шаруашылық (крепостничество) құлдырап, мемлекет бюджетті мен сыртқы сауда балансының шаруашылығы елде жүргізілген  ақша реформасын нәтижелі ете алмады. Оған қоса, 1853 – 1856 жж. болған Қырым соғысының шығындарын өтеу мақсатында айналысқа қосымша несие ақшалары шығарылды, іс – жүзінде олар қарыз ақшаға айналды. Сөйтіп Ресейде күміс монометаллизм орнына алтын монометаллизмі келді.

     Бірінші дүниежүзілік соғыс бюджеттің тапшылығын арттырды. Оны жабу мақсатында айналысқа шығарған ақша массасы эмиссиялық банктің сақтаудағы қорынан асып кетті. Сондықтан кембағалы ақшаларды алтын монетаға еркін айырбастау мүмкіндігі жойылды. Осы кезде алтын монеталы ақша стандарт соғысқа қатынасқан елдердің барлығында және басқа да көптеген мемлекеттерде жойылды.Банкнотаны алтынға айырбастау тоқталып, алтынды шетелге шығаруға тиым салынды. Алтын монета айналыстан шығару қор жинау және байлық құру құралына айналды. Алтын монеталы стандарттың орнына алтын құймалы стандарт айналымға түсті.

     Алтын құймалы стандарт – оның  алтын монеталы стандарттан айырмашылығы  бұнда алтын монета айналымы  құймайды және оны еркін соғу  жойылды. Алтын құймалы стандартта  банкнотаның белгілі бір сомасы  алтын массасының белгілі бір салмағына айырбасталды.

5. Несие ақшалары және олардың түрлері. 

     Несие ақшалары – сатып алушының қарызды қайтаруда пайдаланатын (толық құнды ақшаның орнына жүретін) құнның қағаз белгісі немесе қарызды өтеудегі ақшаның төлем құралы қызметін атқаруы.

     Несие ақшалары да қағаздан  жасалады, бірақ оларды, әдетте, банктер  әр түрлі шаруашылық процестеріне  байланысты жүргізілетін несиелік  операцияларды орындағанда шығарады. Сөйтіп, қарыз бергенде банк қарыз  алушыға өзінің несие ақшасын беруі мүмкін, яғни қарызды пайдалану мерзімі өткеннен кейін берілген қаржы қарызды өтеу үшін банкке қайтарылуы керек. Қарыздың бір бөлігі банкке түскен қолма-қол ақшамен де өтеледі. Сонда несие ақшаларын айналымға шығару және оларды кейін қайтарып алу шаруашылық процестерге байланысты орындалатын несие операцияларының негізінде жүргізіледі.

     Банктің кассасынан қолма – қол ақша беру мен қарыз берудің арасындағы байланыс және банкке қолма – қол ақшаның түсуі мен қарыз берешегін өтеудің арасындағы байланыс әрбір жеке қарыз операциялардың: қарызды беру мен оны өтеу және банктің кассасына қолма – қол ақшаны беру мен кассаға ақша түсіру операциялардың жиынтық көлемінде көрінеді.

     Несие ақшалары өте ерте заманнан  пайдаланып келеді. Мысалы, төлем міндеттемесінің ең жай – түрі қолхат сауда келісімдерінде жаңа дәуірге дейінгі бір мың жылдықта Васионда пайда болған.

     Қазіргі несие ақшаларының эволциясы:  вексель, банкнота, чек, несие  карточкалары болып есептеледі.

     Вексель ХІІ ғ. Италияда алғашқыда халықаралық сауда, кейін ішкі сауда айналысында қолданылған. Вексель - төлем міндеттемесі, ол несиеге алған тауардың құнын төлем уақыты келгенде келісілген жерде өтеу қарыздардың сатушыға жазбаша түрде берген құжаты. Тауарлы төлем міндеттемесі коммерциялық вексель деп аталады.

     Сатып алушы кәсіпорының жабдықтаушы кәсіпорынға сатып алған тауар үшін ақшаны бірден төлемей оның орнына вексель жазып береді. Вексельдегі сома көрсетілген мерзімде, әдетте, 3 айдан аспай төленуі тиіс. Егер сатушыға көрсетілген мерзімнен бұрын ақша қажет болса, онда ол банкке төлем міндеттемесін қабылдауын және өзіне вексельде көрсетілген сомадан есептеу проценті шегерілгеннен қалған соманы төлеуін өтінеді. Банк вексельді қабылдаған жағдайда орнына қолма қол ақша төлейді. Сонда сатып алушы несие берушімен емес, банкпен есептеседі.

Информация о работе Ақша айналысы және ақша жүйесі