Ақша ағымдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2012 в 19:47, курсовая работа

Описание

Ақша ағымы – қаржылық жыл ішінде банктің табатын және
төлейтін ақшалай қаражаттар сомаларының арасындағы айырмасы болып табылады.
Ақшалай ағымның бағалануы көрінісі ең қолайлы және тиімді анализдік инвестициялық проектте жүреді. Көптеген ақшалай ағымдары 2 элементтен тұрады: қажетті инвестиция, ақша ағымдарының шыққан шығындармен байланысты.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 АҚША АҒЫМДАРЫН ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Акша ағымдары туралы жалпы түсінік, мәні және мазмұны.......................5
1.2 Ақша ағымдарының экономикадағы рөлі.....................................................10
2 АҚША АҒЫМДАРЫН ЖОСПАРЛАУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫ ІСКЕ АСЫРУ
2.1 Ақша ағымдарын жоспарлаудағы негізгі мәселелер...................................13
2.2 Компаниядағы ақша ағымдарының қазіргі жағдайындағы басқару жолдарын жетілдіру..............................................................................................20

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................28

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................30

Работа состоит из  1 файл

Ақша ағымдары.doc

— 198.00 Кб (Скачать документ)

Ағымдағы  шығындар  өнімдерді  өндірумен  және  оларды  сатумен  байланысты.  Олар  кәсіпорынның  барлық  шығындарының  ішінде  үлесі  ең  көбі  және  ол  шығындар  негізінен  өндіріс  процесінде  ішкі  заттарды  және  материалдарды,  негізгі  өндірістік  қорларды,  жанар  және  жағар  майларды,  энергияны,  еңбек  ақы  және  т.б.  пайдаланумен  байланысты.

Жобаның  таза  ағымдық  құндылығының  көлемін  анықтайтын  негізгі  факторларының  бірі,  сөзсіз,  инвестицияның,  өндірістің  немесе  сатудың  «физикалық »  көлемдерінде  көрінетін  қызмет  ауқымы  болып  табылады.  Бұдан  осы  сипатына  орай  айрықшаланатын  жобаларды  салыстыруға  арналған  бұл  әдісті  қолдануға  шектеудің  қойылуы  шығады:  NPV  үлкен  мәні  капитал  салымының  едәуір  тиімді  вариантына  әрдайым  сәйкес  келе  бермейді.

NPV  есептеуге  қажетті  ақпараттарды  толық  түсіну  үшін  әдеттегі  ақша  ағымдарын  қарастырайық;

Әдеттегі  кіріс  ақшалай  ағымдары:

-         қосымша  сатылу  көлемі  және  тауар  бағасының  көтерілуі;

-         жалпы  шығындардың  азаюы  (тауар  құнының  түсуі);

-         инвестициялық  жобаның  соңғы  жылының  аяғындағы  құрылғылар  құнының  қалдық  мәні  ( себебі  құрылғылар  сатылуы  немесе  басқа  жоба  үшін  қолданылуы  мүмкін );

-         инвестициялық  жобаның  соңғы  жылының  аяғындағы  айналым  құралдарының  босауы  ( дебиторлар  шоттарының  жабылуы,  тауар – материалдық  қорлар  қалдықтарын  сату  басқа  кәсіпорынның  акциялары  мен  облигацияларын  сату ).

Әдеттегі  шығарылатын  ақша  ағымдары:

-         инвестициялық  жобаның  алғашқы  жылдарындағы  бастапқы  инвестициялар;

-         инвестициялық  жобаның  алғашқы  жылдарындағы  бастапқы  айналымдық  құралдарға  деген  қажеттіліктің  артуы  (жаңа  клиенттер  тарту  үшін  дебиторлар  шоттарын  көбейту,  өндірісті  бастау  үшін  шикізат  пен  бөлшек  заттарды  алу);

-         құрылғыларды  жөндеу  және  техникалық  қамтамасыз  ету;

-         өндірістік  емес  қосымша  шығындар  (әлеуметтік,  экологиялық  және  т.б. ).

Жоғарыда  айтылғандай,  нәтижелік  ақша  ағымдары  инвесторлар  үшін  инвестицияланған  ақша  сомасын  қайтаруға  және  табыс  әкелуге  бағытталған.  Әр  ақша  сомасының  осы  екі  бөлікке  қалай  бөлінетінін  қарасырайық [10].

Мысал:

Кәсіпорынның  6340  $  тұратын  және  4  жыл  пайдалану  мерзімі  бар  нөлдік  қалдық  құнымен  жаңа  құрал – жабдық  алуға  ақша  жұмсауды  хабарлап  отыр.  Жабдықты  енгізу,  есептеу  бойынша,  әр  жыл  сайын  2000 $  кіріс  ақша  ағымын  қамтамасыз  етеді.  Кәсіпорынның  жетекшілері  жыл  сайынғы  2000  $  кіріс  ақша  ағымын  қамтамасыз  етеді.  Кәсіпорынның  жетекшілері  жыл  сайынғы  10  %  қайтарым  деңгейінен  кем  болмағанда  ғана  инвестициялар  жүргізуге  рұқсат  етеді.

Шешуі:

Ең  алдымен  қазіргі  кездегі  таза  мәнді  есептейік:

                              NPV   дәстүрлі  есеп.

              Кесте – 2        Көрсеткіштер

Көрсеткіш

 

Жылдар

 

Ақша сомасы, $

 

Дисконттау көрсеткіші

 

Нақты мәні

 

Бастапқы инвестиция

 

Ақшаның жылдық ағымы

Қазіргі              кезде

 

    (1-4)

 

(6340)

 

 

2000

1,0

 

 

3,170

(6340$)

 

 

6340$

Қайнар көзі: Әлжанова Н.Ш. Инвестициялық жобалау: Оқу құралы.-Алматы: қазақ университеті, 2006.160б.

 

 

Осылайша, NPV=0, жоба қабылданды.

Бұдан кейінгі талдау 1000 $ кірістік ағымды 2 бөлікке бөледі:

-         бастапқы инвестицияның кейбір бөлігін қайтару;

-         инвестицияны қолданудан қайтарым (инвестор табысы).

             Кесте - 3              Ақша ағымдарын тарату есебі,$

 

Жыл

Осы жылға қатысты инвестиция

 

Ақша ағымы

 

Инвестициядан   қайтарым

(2 графадан     10%)

Инсестицияны

қайтару (3гр.-4 гр.)

 

Жылдың

аяғын-ғы

 

   1

 

        2

 

     3

 

           4

 

         5

 

      6

 

1

2

3

4

 

6340

4974

3471,4

1818,54

Барлығы

2000

2000

2000

2000

 

    634

    497,4

    347,14

    181,854

 

   1366

   1502,6

   1652,86

   1818,146

   3170

4974

3471,4

1818,54

   0

 

Қайнар көзі:Әлжанова Н.Ш. Инвестициялық жобалау:Оқу құралы.-Алматы:қазақ университеті,2006.160б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                          Инвестициялық  жобаның  бұл  бөлімінің  көлемді  және  еңбек  сыйымдылығы  жоғары.  Бұл  мәселені  түпкілікті  қарастыруға  жекелеген  тауарлар  арналады.  Қаржылық  талдаудың  өзара  байланысты  мәселелер  кешенін  қарастырайық.  Инвестициялық  жобалаудың  қаржылық  бөлімінің  жалпы  нұсқасы  қарапайым  тізбекке  негізделген;

1.Кәсіпорынның  қызметінің  соңғы  3  жыл  ішіндегі  қаржылық  жағдайына  талдау  жасау;

2.Инвестициялық  жобаны  дайындау  кезеңіндегі  кәсіпорынның  қаржылық  жағдайына  талдау  жасау;

3.Негізгі  өнім  өндірісінің  залалсыздығына  талдау  жасау;

4.Инвестициялық  жобаны  жүзеге  асыру  барысындағы  пайда  мен  ақша  ағымдарын  болжамдау;

5.Инвестициялық  жобаның  тиімділік  бағасы;

Кәсіпорынның  бұдан  бұрынғы  қызметі  мен  ағымдағы  жағдайына  қаржылық  талдау  жасау  әдетте  кәсіпорынның  пайдалылығы  мен  оның  басқару  тиімділігін,  несие  қабілеттілігін,  өтемпаздығын  көрсететін  негізгі  қаржылық  коэффициенттерінің  интерпретациясы  мен  есептеулеріне  келтіріледі.  Әдетте  бұл  қиындық  туғызбайды.  Қаржылық  бөлімде  кәсіпорынның  өткен  жылдарындағы  негізгі  қаржылық  есебін  беру  және  негізгі  көрсеткіштерді  салыстыру  аса  қажет.  Егер  инвестициялық  жоба  батыстық стратегиялық  инвесторды  тарту  үшін  дайындалса,  онда  қаржылық  есепті  беруін  инвесторды  тартқан  батыс  мемлекеттің  форматтарына  келтіру  керек [11].

Шығынсыздықты  талдау  негізгі  өнімдерді  шығару  мен  өткізудің  өзіндік  құн  құрылымын  талдау  бойынша  жүйелік  жұмыстарды  және  барлық  шығынның  айнымалылар  ( өндіріс  көлемі  мен  сату  көлемінің  өзгеруіне  орай  өзгереді )  мен  түрақтыға   өндіріс  көлемі  өзгеруіне  байланысты  өзгермейтін  бөлінуін  қамтиды.  Шығынсыздықты  талдаудың  негізгі  мақсаты  –  шығынсыздық  нүктесін  анықтау,  яғни  пайданың  нольдік  мәніне  сәйкес  келетін  тауар  көлемін  сату.  Шығынсыздықты  талдаудың маңыздылығы нақты немесе жоспарланған пайданы  инвестициялық  жоба  процесінде  шығынсыздық  нүктесі  мен  кәсіпорынның  пайданы  алып  келетін  іскерлігі  сенімінің  кейінгі  бағасымен  салыстыруына  негізделген.

Жобаның  қаржы  бөлімінің  неғұрлым  жауапкершілігі  мол  бөлігі  оның  инвестициялық  бөлігі  болып  табылады,  ол  мыналарды  қамтиды:

-         жоба  бойынша  кәсіпорынның  инвестициялық  қажеттілігін  анықтау;

-         инвестициялық  қажеттілігінің  қайнар  көздерін  белгілеу  ( және  ары  қарайғы  ізденіс );

-         инвестициялық  жобаны  іске  асыру  үшін  тартылған  капиталдың  құнын  бағалау;

-         жобаның  іске  асуы  есебінен  түсетін  пайда  мен  ақша  ағымдарын  болжау;

-         жоба  көрсеткішінің  тиімділігінің  бағасы.

Жобаның  іске  асуы  мерзімінде  оның  өтімділігін  бағалау  мәселесі  әдістемелік  тұрғыдан  өте  қиын.  Жобаны  іске  асыру  нәтижесінде  пайда  болатын  ақша  ағымының  көлемі,  « ақшаның  құны  уақыт  өтуіне  қарай »  деген  қағиданы  есепке  ала  отырып,  сомалық  инвестиция  шамасын  жабуы  керек.

Бұл  принцип  бойынша:  « Доллардың  қазіргі  құны  бір  жылдан

кейінгі  алынған  доллардың  құнынан  үлкен »,  яғни  бір  жыл  кейін  алынған  әрбір  жаңа  ақша  ағымы  бір  жыл  ерте  алынған  оған  көлемі  тең  ақша  ағымынан  төмен  мәнге  ие.  Ақша  ағымының  уақыттық  мәнділігін  өлшейтін  сипаттамасы  ретінде  инвестициялық  жобаны  іске  асыру  нәтижесінде  алынған  ақша  ағымын  инвестициялаудан  түскен  түсімнің  нормасы  көрінеді.

                                          Сонымен,  инвестициядан  туындайтын  жалпы  ақшалай  ағым

жоғарыда  көрсетілген  қаржылық  феноменді  есепке  ала  отырып,  оның  ( инвестицияның )  шамасын  жабатын  болса,  жоба  қаржылық  критерийлер  тұрғысынан  қабылданады.

                                          Жобаның  өтімділігін  бағалау  кезіндегі  инфляцияны  есепке  алу  мәселесі  қарама – қайшылықты  болып  келеді.  Әрине,  уақытта  өріс  алған  ақша  ағымдарын  ақшаның  сатып  алушылық  қабілетінің  өзгеруіне  байланысты  қайта  санау  керек.  Сонымен  қатар  инвестициялық  жобаның  тиімділігі  туралы  соңғы  қорытынды  инфляциялық  әсерді  ескерусіз  жасалуы  мүмкін.  Бұл  ақша  ағымы  базасында  инфляциялық  жоба  тиімділігінің  негізгі  көрсеткіші  анықталады [12].

 

 

 

 

 

2.2 Компаниялардың  ақша  ағымдарының  қазіргі жағдайындағы      қалыптасуы мен басқаруы

 

Өзгермелі  экономикалық  жағдайда  бәсекеге  қабілеттілікті  құру  және  оны  ұстап  тұру  үшін  соңғы  жылдары  тұтынушыларға  бағытталған  бизнес  концепциясы  қарқынды  дамуда.

Жалпы  алғанда  қазіргі  кезеңдегі  фирмалардың  бәсекеге  қабілеттігін  қамтамасыз  ету  әдістеріне  қатысты  төмендегідей  негізгі  қорытындылар  жасауға  болады:

Информация о работе Ақша ағымдары