Ақша ағымдарын жоспарлаудағы негізгі мәселелер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2011 в 08:12, курсовая работа

Описание

Аталған проблемаларды шешу үшін қажетті компьютерлік, комуникациялық және басқа да техникалық жабдық сатып алуды жүзеге асыру ұйғарылып отыр. Бұл жобаны іске асыруға арналған болжамды шығыстар 55000 мың теңгені құрайды. Жобаны іске асыру мерзімі – 2006 – 2008 жылдар. Инвестициялық жобаны қаржыландыру көзі компанияның меншікті қаражаты болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 АҚША АҒЫМДАРЫН ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Акша ағымдары туралы жалпы түсінік, мәні және мазмұны.......................5
1.2 Ақша ағымдарының экономикадағы рөлі.....................................................10
2 АҚША АҒЫМДАРЫН ЖОСПАРЛАУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫ ІСКЕ АСЫРУ
2.1 Ақша ағымдарын жоспарлаудағы негізгі мәселелер...................................13
2.2 Компаниядағы ақша ағымдарының қазіргі жағдайындағы басқару жолдарын жетілдіру..............................................................................................20

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................28

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................30

Работа состоит из  1 файл

Акша агымдары.docx

— 52.66 Кб (Скачать документ)
  • компания  қызметінің  түрлі  аумақтарының  арасында  туындайтын  синергизм;
  • әрекет  түрлерінің  стратегиялық  икемділігі.

Мысал  ретінде  диверсификацияны  алуға  болады.  Әдетте  глобальді  компаниялар  өз  сату  көлемдері  мен  пайдаларындағы  өзгерістерді  бақылап  отырады.  Осы  мақсатта  шетелдік  нарықтарды  іздей  бастайды.  Осылайша  құлдыраушы  бір  елде  сату  көлемі  азайғанда  экономикалық  өрлеп  жатқан  басқа  бір  елде  сату  көлемі  көтеріледі.

                  Жалпы  алғанда  портфельдік  стратегияларының  негізгі  мақсаттары  инвестиция  салуды  қажет  ететін  бөлімшелерді  таңдау.

                  Компанияның  ақша  ағымын  алатын  болсақ  тауар  портфеліндегі  тауарлардың  қайсысына  қаржы  керек  немесе  инвестициялауды  тоқтату  керектігін  және  компанияның  жалпы  стратегиялық  бағытын  анықтау.

                  Портфельдік  стратегияларға  қосымша  бәсекелік  стратегиялар  компанияның  әр  қызмет  бөліміне  не  істеу  қажет  екенін  анықтайды.  Бәсекелік  стратигияны  ауық –  ауык  стратегиялық  шешімдермен  қаптап  отыру  қажет  стержень  ретінде  қарастыруға  болады.  Мұндай  шешімдерге:

  • саладағы  бәсекелестікті  таңдау;
  • мақсаттарды  анықтау;
  • бәсекелестік  стратегияларды  жасау  және  іске  асыру;
  • бәсекелестік  артықшылықты  ұстап  тұруды  жатқызуға  болады.

     Жоғарыда  аталған  компанияның  әрекеттері  өзара  байланысты  және  бір  – бірін  толықтырады.  Мысалы  әр  бір  стратегиялық  шешім  сала  туралы  ақпаратты  қажет  етеді.  Бәсекелестік  стратегияны  жасау  және  іске  асыру  компанияның  ақша  ағымдарының  нақты  алға  қойған  мақсатынсыз  жүзеге  асыру  қиын.  Нарықтағы  жайғасымды  ұстап  тұру  сол  стратегияларының  дер  кезінде  дұрыс  іске  асыруына  байланысты.  Бәсекелестіктің  сипаты  мен  деңгейін  анықтау  үшін  автор  компанияның  бәсекелестіктік  стратегияларын  жоспарлауға  қатысты  бәсекелестіктің  бес  күші  моделін  май  өнімдерін  өндіру  саласында  қарастырады.  Модельге  сәйкес  бәсекелестік  стратегияларды  құру  екі  кезеңнен  тұрады:  компания  әрекет  ететін  саланы  талдау  және  сол  саладағы  бәсекестер  жайғасымын  анықтау.  Бұлар:

                  1.жаңа  бәсекелестер  пайда  болу  қауіп – қатері;

                  2.алмастыру –  тауарлар  пайда  болу  қаупі;  

                  3.жинақтаушы  бұйымдар  жеткізушілерінің  саудаласу   қабілеттілігі;

                  4.тұтынушылардың  саудаласу  қабілеттілігі;

                  5.қазір  әрекет  етуші  бәсекелестердің  өзара   бақталасуы.

                  Салаға  жаңа  өндірістік  қуат  әкелетін  және  нарықтан  өз  үлесін  алғысы  келетін  жаңа  бәсекелес  компаниялардың  пайда  болуы  тауар  ұсынысын  көтереді  де  бағаға  қысым  көрсетеді.  Бәсекелестің  пайда  болуы  екі  факторға  байланысты:  сұраныстың  көбеюі  және  экономика  заңдылығына  сәйкес  бағаның  көтерілуі  жаңа  бәсекелестерді  шақыру  сигналы  бола  алады;  нарыққа ену  барьерлерінің  деңгейі  және  сол  нарықта  жұмыс  істеп  жатқан  компаниялардың  жаңа  бәсекелестерге  реакциясы [14].

                  Нарыққа  енуге  кедергі  келтіретін  барьерлері:

  • өндіріс  масштабы:  жаңа  енген  компанияның  ақша  ағымдары  бірден  көп  көлемді  өнім  шығаруы  керек,  сәйкесінше  үлкен  шығындарды  қажет  етеді.  Ал  нарықта  артық  тауар  көлемі  пайда  болып  бұрыннан  жұмыс істеп  жатқан  компанияларға  қауіп – қатер  туғызуы  мүмкін;
  • технология  мен  ноу – хауға  қол  жеткізе  алмау;
  • тәжірибе  оқыту  қисығының  эффектісі.  Өндіріс  шығындарын  азайту  сол  тауарларды  өндіру  тәжірибесіне  байланысты;
  • айтарлықтай  мөлшерде  капитал  салымын  қажет  етеді;
  • өткізу  арналарын  білмеу;
  • бақылаушы  органдар  іс – қимылдары;
  • тарифтік  және  тарифтік  емес  шектеулер  болуы  мүмкін.

     Қол  жетерлік  және  бәсекеге  қабілетті  тауар – субституттарының 

болуы  өнеркәсіптік  компаниялардың  ақша  ағымдарының

тұтынушыларды  сол  ұқсас  тауарларға  кетіп  қалмауы  үшін  ұстап  тұрарлық  жаңа  бағалық  ынталандырушылық  жылжыту  шараларын  ұйымдастыруды  талап  етеді.  Бірақ  жаңа  баға  төмендетуі  сәйкесінше  пайда  деңгейін  төмендетуге  ал  ынталандыру  немесе  жылжыту  шараларына  қосымша  шығын  қажет  етеді.  Ол  өз  кезегінде  бағаны  жоғарлатуға  әкеледі.  Яғни  екі  жақты  әсер  береді.  Ол  мәселені  шешу  үшін  өндіріс  шығындарын  азайтудың  жолдарын  іздестіру  қажет.

                  Алмастырушы  тауарлардың  пайда  болуы  тұтынушыларға  олардың  бағасын  ғана  емес  сонымен  қатар  сапалық  қасиеттерін  салыстыруға  итермелейді.  Алмастырушы  тауарлар  бағасының   төмен  болған  сайын,  тұтынушы  шығаратын  шығыны  азаяды,  яғни  алмастырушы – тауар  тарапынан  бәсекелестікке  әсері  күшейеді.

                  Тауар – алмастырушылардың  бәсекелестік  күштерінің  көрсеткіштері:  олардың  сату  көлемінің  өсу  қарқыны  оларды  нарықта  жылжыту  жолдары  пайда  деңгейлері.

                  Сары  май  өнімнің  субституты  ретінде  өсімдікті  – сүтті  майларды  қарастыра  аламыз.  Яғни  бұл  жерде  айталық  «Доброе»  тауар  маркасы  «МаслоДел»  компаниясының  басқа  тауары  «Жайлау»  жеңілдетілген 

сары  майымен  басқа  компаниясы  сары  майлармен  бәсекелесе  алса  сонымен  қатар  «Вита»  ЖШС – нің  «Масло  к  чаю»  тауар  маркасымен  бәсекелестікке  түседі.

                  Бәсекелестік  саясаттың  мақсатын  құра  отырып  компания  келесілерді  анықтауы  тиіс:

  • шығуы  мүмкін  нарық  масштабы;
  • нарықты  өңдеу  мөлшері;
  • стратегияның  алғашқы  мақсаты; 

          «ҚазМұнайГаз»  Ұлттық  компаниясы»   АҚ  ( бұдан  әрі – 

Компания)   ақша   ағымдарының  тігінен   ықпалдастырылған   құрылым,  мемлекеттің 100 %   үлесі   бар  мұнай  – газ   холдингі – Басқарушы  компиния  болып   табылады.

                  Компанияның  мақсатты  құрылымы  қызметтің  негізгі  бағыттарына:  мұнай  өңдеуге  және  өндіруге,  мұнай  мен  газ  тасымалдауға,  маркетинг  пен  өткізуге  шоғырландырылған.

                  Компания  Қазақстанда  және  шетелдерде  жұмыс  істейтін  130  еншілес,  бірлесіп  бақыланатын,  басқа  да  тәуелді  ұйымдарға  қатысады  немесе  акционер  болып  табылады.

                  2004  жылы  Қазақстан   Республикасы   бойынша  мұнай   мен  газ  конденсатын   өндіру  59  млн.  тоннадан  асты.

                  2004   жылы    Компанияның  ақша  ағымдарының   еншілес  ұйымы  «Барлау   және  өндіру»   8,9   млн.  тонна   мұнай   газ   конденсатын   өндірді,   бұл   2003   жылдың   деңгейінен   13 % - ға  асып  түсті.  Жоспарға  қосымша  584  мың   тонна  мұнай  алынды.  2005  жылы  мұнай  мен  газ   конденсатын  өндіру  9,3  млн.   тонна   көлемінде   бағаланады,  бұл   2004   жылдың   деңгейінен   404   тоннаға   артық.

                  Компания   ақша   ағымдарының   екі   негізгі  бағытта  мұнай  сатады:

экспорт  және  ішкі  рынок.  2004  жылы  мұнайды  экспортқа  шығару  шамамен  6,7  млн.  тоннаны,  ішкі  рыноққа  шығару  2,1  млн.  тоннаны  құрады.  2003  жылмен  салыстырғанда,  мұнайды  экспортқа  шығару  779  мың  тоннаға  өсті.  2005  жылы  экспортқа  шығару  шамамен  7,1  млн.  тоннаны,  ішкі  рынокқа – 2,1  млн.  тоннаны  құрайды.

                  Компанияның   еншілес   ұйымы   «Атырау  МӨЗ»   АҚ   (бұдан  әрі  «АМӨЗ»  АҚ)   2004   жылы   2,9   млн.   тонна  мұнай  өңдеді. 2004       

жылы  2419,6  мың  тонна  мұнай  өнімдері,  оның  ішінде

392,3мың   тонна  автобензин,  842,5  мың   тонна  дизель  отыны, 

938,7  мың  тонна  тауарлық  мазут,  219,9  мың  тонна  пеш   отыны,  20,7  мың  тонна   ТС – 1  отыны,  5,5  мың   тонна  сұйытылған  газ  шығарылды.

                  2003  жылы  «АМӨЗ»  АҚ – тағы  өңдеу  көлемі  2,9  млн.  тонна,  оның  ішінде  Компания  ресурстарынан  2,1  млн.  тонна  деңгейінде  күтіледі.

                  Мұнай  өнімдерін  сатуды  Компанияның  еншілес  ұйымы – «КазМұнайГаз  Сауда  үйі»  АҚ»  жүзеге  асырады.

         Компания   «АМӨЗ»   АҚ –  ты   қайта   жаңарту   жобасы   жөніндегі  зауыттың   қолданыстағы   қуаттарын   жаңғырту   мен   жаңартуға  бағытталған   жұмыстарды   жалғастырады.  Магистралдық    құбырлар  бойынша    («ҚазТрансОйл»   АҚ)   мұнай  тасымалдаудың   жалпы   көлемі  38,4   млн.   тоннаны   құрады,   бұл   жоспарланған  көлемнен  (35,5  млн.  тонна )  8 % - ға  артық  және  2003  жылмен  салыстырғанда  (34,2 млн.  тонна)  12 % - ға  артық.  Тасымалдау  көлемінің  өсуі  бірқатар  мұнай  өндіруші  компаниялардың  магистральдық   мұнай  құбырлары  жүйесіне  мұнай  беру  көлемінің  ұлғаюымен   негізделген.

          2005  жылы  мұнай  тасымалдау  көлемі  36,6  млн.  тонна

көлемінде  болады  деп  күтілуде,  2004  жылдың  деңгейімен

салыстырғанда  кему  1,8  млн.тоннаны  құрайды.

     

         2004  жылы  магистральдық  газ   құбырларымен  («Интергаз  Орталық   Азия»  АҚ)  газ  тасымалдаудың   жалпы  көлемі  жоспардағы  113,7  млрд.  м3  орнына  121,6  млрд.  м3 – ні  құрады,  жоспарға  қарағанда  өсу  107  % - ды   құрады,  бұл  2003  жылдың  деңгейінен  10,6 % - ға  (120,1  млрд.  текше   м.)  жоғары.

          Бұл  ретте  2004  жылы  ішкі  тасымалдау  5,1  млрд.  текше   м.,  халықаралық  транзит –  109,5 млрд.  текше  м.,  экспортқа   газ  тасымалдау – 6,97  млрд.  текше  м.  Құрады.

           2004  жылы  тасымалдау  көлемінің   ұлғаюы  ОАО

магистральдық  газ  құбырымен  өзбек  газын  тасымалдау  көлеиінің  ұлғаюымен  белгіленеді.

    1. жылы  ресей  және  өзбек  газының  халықаралық  транзиті

көлемінің  азаюына  байланысты  көліктік  қызметтер  көлемінің  4,8  млрд.  текше  м.- ге  (116,7  млрд.  текше  м.)  азаюы  күтілуде.

    Таратушы  газ  құбырлары  бойынша  тасымалданатын  газдың

Қазақстан   бойынша  сатылатын  газ  көлеміндегі  үлесі  («КазТрансГаз»  АҚ   Өңірлік  газ  тарату  желілері  үлесін  көрсетті)  60 % - ды   құрайды

    1. жылы  негізгі  капиталға  инвестициялардың  барлығы  107

млрд. теңге  сомасына  бағаланып  отыр,  оның  ішінде

меншікті  қаражат  есебінен – 77,7  млрд.  теңге,  қарыз  қаоажаты  есебінен – 27,9  млрд.  теңге,  мемлекеттік  бюджет  қаражаты  есебінен –  Амангелді  кен  орнын  игеру  жобасына  жіберілген  4 млрд.  теңге,  оның  ішінде  бұрынғы  шығындарды  өтнуге  3  млрд.  теңге.

           2004   жылы   негізгі  капиталға   инвестициялардың  барлығы  105,6  млрд.  теңгені,  оның  ішінде  өндіріске – 59,2  млрд.  теңгені   немесе   капитал  салымдарының  жалпы  көлнмінің  78,4 % -ын  құрады.  2002  жылғы  капитал  салымдарының  сомасы   2001  жылдың  осындай   көрсеткішінен  20,4  млрд.  теңгеге   жоғары.

            2005  жылы  Компанияның  ақша  ағымының  негізгі  капиталына  инвестициялардың  барлығы  142,9  млрд.  теңге  сомасына  бағаланып   отыр,  оның  ішінде  меншікті  қаражат  есебінен – 107,4 млрд . тенге,  қарыз  қаражаты  есебінен  – 35,5 млрд .теңге.

            2004 жылы  өнімді  сатудан  түскен  кіріс  476,9 млрд .теңгені  құрады,  бұл  жоспардан  20  % -ға  асып  түсті  және  2003  жылдың  деңгейінен  20 % - ға   жоғары.

                 Кірістердің   өсуі  мұнай  өндірудің  ұлғаюына,  2003  жылмен  салыстырғанда   мұнайдың  экспорттық  бағасының   өсуіне,  мұнайдың  жүк  айналымының   ұлғаюына,  мұнай  процессингінен  және  мұнай  өнімдерін  сатудан   түсетін  кірістердің,  мұнайды   сатудан  түсетін  кірістердің   ұлғаюына  байланысты [15].

Информация о работе Ақша ағымдарын жоспарлаудағы негізгі мәселелер