Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 17:28, реферат
Жұмыстың мақсатына мыналар жатады: түсімдеріне өнімдерді өткізуден алынған түсім тауарлы – материалдық қорларды жеткізуден және қызмет көрсетуден түскен авнстар: түрлі сипатта сыйақы төленген дивиденттер мен рояльтилердің проценттері басқа да және өткізуден тыс табыстар басқа түсімдер.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 АҚША АҒЫМДАРЫН ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Акша ағымдары туралы жалпы түсінік, мәні және мазмұны............................4
1.2 Ақша ағымдарының экономикадағы рөлі...........................................................6
2 АҚША АҒЫМДАРЫН ЖОСПАРЛАУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫ ІСКЕ АСЫРУ
2.1 Ақша ағымдарын жоспарлаудағы негізгі мәселелер.........................................8
2.2 Компаниядағы ақша ағымдарының қазіргі жағдайындағы басқару жолдарын жетілдіру....................12
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................17
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................18
2.Банктегі халық салымдарында
облигацияларда жинақталған
2 АҚША АҒЫМДАРЫН ЖОСПАРЛАУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫ ІСКЕ АСЫРУ
2.1 Ақша ағымдарын
жоспарлаудың негізгі
Ақша ағымындағы шығындардың құрамы әртүрлі және өнімдердің өзіндік құнына жатқызу әдісіне өндірістік көлеміне байланысты жіктеледі.
Қаржы менеджментінде ақша ағымдағы шығындарды басқару өндіріс әрекетінің нәтижесіне қатаң байланыстылықта қаралады.
Ақша ағымдағы шығындардың құрамын құрылымын және көлемін жоспарлауға шешім қабылдау үшін төмендегі мәліметтерді қолданады:
- өнімдердің нақтылы өзіндік құны және алған пайда туралы мәліметтер;
- болатын шығындар және табыс туралы ақпарат.
Егерде өндіріс көлемімен оны сатудың айырмашылығы жоспарланбаса, онда шығын көлемі туралы шешім қабылдауға өткен кезеңдегі мәліметтерді пайдалануғаболады. Өндіріс бағдарламасы біршама өзгерсе онда шығындарға нақтылап талдау жасалынады. Олардың өндірілген көлемі оның бағасы еңбек ақысы және басқа факторлардың олардың тиімділігіне әсерін бағалайды.
Осы жағдайларға қарай қаржы менеджментінде кәсіпорынның барлық ақша ағымдағы шығындары төмендегіше бөлінеді:
- шартты-өзгермелі;
- шартты-тұрақты;
- аралас.
Шартты-өзгермелі шығындар өндірілген өнімдердің көлеміне байланысты және өндіріс көлемінің өзгеруіне тікелей пропорционалды өзгереді. Өндіріс көлемінің өсуіне байланысты олар ұлғаяды және керісінше өндіріс көлемінің азаюына байланысты кемиді. Атап кететін жай өзгермелі шығынның өнімдердің бірлігіне қатынасы тұрақты шамада болады.
Шартты-өзгермелі шығындар өндірістік және өндірістік емес сипатта болады.Өндірістікке қатысты өзгермелі - өзгермелі шығындарға жататындар: шикізаттар және материалдарды сатып алу, технологиялық жанармай және энергия өндірістегі жұмысшылардың негізгі еңбекақысы және т.б.
Өндіріске жатпайтын шартты - өзгермелі шығындарға жататындар: транспорт шығыны, сатуға кеткен сауда комиссиялық жинау және басқадай шығындар, әлбетте олар сатылған өнімдерден түскен түсімнің көлеміне байланысты болады.
Тұрақты шығындардың үлесінің өсуі өндірістік тұтқаның әсер ету күшін оннан аса көбейтеді. Осыған байланысты келесі қорытынды туады:
- өндірістік тұтқаның әсер ету күші кәсіпорынның активтерінің құрылымына және айналымынан тыс активтердің үлесіне байланысты. Неғұрлым негізгі қордың құны көп болса соғұрлым тұрақты шығындардың үлесі көп болады;
- тұрақты шығындардың үлес салмағының жоғары болуы ақша ағымдағы шығындарды басқарылу шекарасын тарылтады;
- неғұрлым өндіріс
тұтқасының әсер ету күші көп
болса соғұрлым кәсіпкерлік
Ағымдағы шығындарды тиімді басқару рентабельділіктің шегін анықтаусыз мүмкін емес.
Нарықтық экономикада кәсіпкерлікпен айналысу процесінде шаруашылықпен айналысушы субъектілер өндірісті ұйымдарға және өнімдерді сатуға әртүрлі шығындар шығарады.
Кәсіпорынның барлық шығындарын олардың экономикалық мағынасына, жұмсалған мақсатына қарай үш топқа бөлінеді:
Ағымдағы шығындар өнімдерді өндірумен және оларды сатумен байланысты. Олар кәсіпорынның барлық шығындарының ішінде үлесі ең көбі және ол шығындар негізінен өндіріс процесінде ішкі заттарды және материалдарды, негізгі өндірістік қорларды, жанар және жағар майларды, энергияны, еңбек ақы және т.б. пайдаланумен байланысты.
Жобаның таза ағымдық құндылығының көлемін анықтайтын негізгі факторларының бірі, сөзсіз, инвестицияның, өндірістің немесе сатудың «физикалық » көлемдерінде көрінетін қызмет ауқымы болып табылады. Бұдан осы сипатына орай айрықшаланатын жобаларды салыстыруға арналған бұл әдісті қолдануға шектеудің қойылуы шығады: NPV үлкен мәні капитал салымының едәуір тиімді вариантына әрдайым сәйкес келе бермейді.
NPV есептеуге қажетті ақпараттарды толық түсіну үшін әдеттегі ақша ағымдарын қарастырайық;
Әдеттегі кіріс ақшалай ағымдары:
Әдеттегі шығарылатын ақша ағымдары:
Жоғарыда айтылғандай, нәтижелік ақша ағымдары инвесторлар үшін инвестицияланған ақша сомасын қайтаруға және табыс әкелуге бағытталған.
Инвестициялық жобаның бұл бөлімінің көлемді және еңбек сыйымдылығы жоғары. Бұл мәселені түпкілікті қарастыруға жекелеген тауарлар арналады. Қаржылық талдаудың өзара байланысты мәселелер кешенін қарастырайық. Инвестициялық жобалаудың қаржылық бөлімінің жалпы нұсқасы қарапайым тізбекке негізделген;
1.Кәсіпорынның қызметінің соңғы 3 жыл ішіндегі қаржылық жағдайына талдау жасау;
2.Инвестициялық жобаны дайындау кезеңіндегі кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасау;
3.Негізгі өнім өндірісінің залалсыздығына талдау жасау;
4.Инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысындағы пайда мен ақша ағымдарын болжамдау;
5.Инвестициялық жобаның тиімділік бағасы;
Кәсіпорынның бұдан бұрынғы қызметі мен ағымдағы жағдайына қаржылық талдау жасау әдетте кәсіпорынның пайдалылығы мен оның басқару тиімділігін, несие қабілеттілігін, өтемпаздығын көрсететін негізгі қаржылық коэффициенттерінің интерпретациясы мен есептеулеріне келтіріледі. Әдетте бұл қиындық туғызбайды. Қаржылық бөлімде кәсіпорынның өткен жылдарындағы негізгі қаржылық есебін беру және негізгі көрсеткіштерді салыстыру аса қажет. Егер инвестициялық жоба батыстық стратегиялық инвесторды тарту үшін дайындалса, онда қаржылық есепті беруін инвесторды тартқан батыс мемлекеттің форматтарына келтіру керек.
Шығынсыздықты талдау негізгі өнімдерді шығару мен өткізудің өзіндік құн құрылымын талдау бойынша жүйелік жұмыстарды және барлық шығынның айнымалылар ( өндіріс көлемі мен сату көлемінің өзгеруіне орай өзгереді ) мен түрақтыға өндіріс көлемі өзгеруіне байланысты өзгермейтін бөлінуін қамтиды. Шығынсыздықты талдаудың негізгі мақсаты – шығынсыздық нүктесін анықтау, яғни пайданың нольдік мәніне сәйкес келетін тауар көлемін сату. Шығынсыздықты талдаудың маңыздылығы нақты немесе жоспарланған пайданы инвестициялық жоба процесінде шығынсыздық нүктесі мен кәсіпорынның пайданы алып келетін іскерлігі сенімінің кейінгі бағасымен салыстыруына негізделген.
Жобаның қаржы бөлімінің неғұрлым жауапкершілігі мол бөлігі оның инвестициялық бөлігі болып табылады, ол мыналарды қамтиды:
Жобаның іске асуы мерзімінде оның өтімділігін бағалау мәселесі әдістемелік тұрғыдан өте қиын. Жобаны іске асыру нәтижесінде пайда болатын ақша ағымының көлемі, « ақшаның құны уақыт өтуіне қарай » деген қағиданы есепке ала отырып, сомалық инвестиция шамасын жабуы керек.
Бұл принцип бойынша: « Доллардың қазіргі құны бір жылдан
кейінгі алынған доллардың құнынан үлкен », яғни бір жыл кейін алынған әрбір жаңа ақша ағымы бір жыл ерте алынған оған көлемі тең ақша ағымынан төмен мәнге ие. Ақша ағымының уақыттық мәнділігін өлшейтін сипаттамасы ретінде инвестициялық жобаны іске асыру нәтижесінде алынған ақша ағымын инвестициялаудан түскен түсімнің нормасы көрінеді.
Сонымен, инвестициядан туындайтын жалпы ақшалай ағым жоғарыда көрсетілген қаржылық феноменді есепке ала отырып, оның (инвестицияның ) шамасын жабатын болса, жоба қаржылық критерийлер тұрғысынан қабылданады.
Жобаның өтімділігін бағалау кезіндегі инфляцияны есепке алу мәселесі қарама – қайшылықты болып келеді. Әрине, уақытта өріс алған ақша ағымдарын ақшаның сатып алушылық қабілетінің өзгеруіне байланысты қайта санау керек. Сонымен қатар инвестициялық жобаның тиімділігі туралы соңғы қорытынды инфляциялық әсерді ескерусіз жасалуы мүмкін. Бұл ақша ағымы базасында инфляциялық жоба тиімділігінің негізгі көрсеткіші анықталады.
2.2 Компаниялардың ақша ағымдарының қазіргі жағдайындағы қалыптасуы мен басқаруы
Өзгермелі экономикалық жағдайда бәсекеге қабілеттілікті құру және оны ұстап тұру үшін соңғы жылдары тұтынушыларға бағытталған бизнес концепциясы қарқынды дамуда.
Жалпы алғанда қазіргі кезеңдегі фирмалардың бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ету әдістеріне қатысты төмендегідей негізгі қорытындылар жасауға болады:
Компанияның ақша ағымдары ашық жүйе ретінде қарастырылады.
Компанияның жетістікке жетуі оның дер кезіндегі сыртқы әлеуметтік – экономикалық ортаға жылдам бейімделуінде. Компанияның ақша ағымдарының назарынан тыс қалдырмауы тиіс сыртқы жағжайларға: күшейген жаһандануы ушыққан бәсекелестікті, шикізаттар мен материалдар бағасының жоғарылығын, бұйымның өмірлік кезеңдетінің қысқаруын жатқызуға болады.
Осы мүмкіндіктерді қаншалықты іске асыра алуды білу және олардың қоршаған ортаға қаншалықты қажет болатынын түсіну – бүгінгі күннің басты талабы. Жетістікті компаниялардың ақша ағымдары сыртқы қоршамға бейімделіп қана қоймай, мүмкіндіктері жоғары дәрежеде сәйкес келетіндей өзінің айналасында осындай орта қалыптастыру үшін белсенді әрекет етеді.
Ешқандайда компанияның ақша ағымдары нарықта тауарларының барлық коммерциялық қасиеттері мен жылжыту құралдары бойынша бәсекелестерінен асып түсе алмайды. Олардың ішінен артықшылық беретіндерін талдау және нарық жағжайының даму тенденциясына көбірек сәйкес келетін және кәсіпорын қызметінің күшті жақтарын ең жақсы жолмен қолдана алатын стратегияны жасау қажет. Казіргі күні экономикалық ғылымда қойылған мақсаттарға сәйкес стратегиялардың екі түрін: портфельдік және бәсекелестік деп бөледі.
Портфельді стратегия компанияның жалпы іс - әрекетін және жекелеген қызмет аумақтарындағы бәсекелестік артықшылықтарын анықтап, және сол алынған бәсекелік артықшылықтарды ары қарай бәсекелік стратегиялар шегінде кешенді қолдануды қамтамасыз етеді. Компания шетелдік өндірушілердің болат құю қондырғыларын техникалық жетілдірулеріне және қысқа мерзімді шетелдік бәсекелестердің жаңа технологиялар күшімен төмен баға орнатуына мән бермеуінің нәтижесінде банкроттыққа ұшырады.
Мысал ретінде диверсификацияны алуға болады. Әдетте глобальді компаниялар өз сату көлемдері мен пайдаларындағы өзгерістерді бақылап отырады. Осы мақсатта шетелдік нарықтарды іздей бастайды. Осылайша құлдыраушы бір елде сату көлемі азайғанда экономикалық өрлеп жатқан басқа бір елде сату көлемі көтеріледі.