Ақша несие саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 14:02, курсовая работа

Описание

Ақша-несие-бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субьектісі-Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу обьектілерінің экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.

Работа состоит из  1 файл

Ақша несие саясаты реферат.doc

— 92.00 Кб (Скачать документ)

      Осы айтылғанның барлығын Орталық банк коммерциялық банктердің несиелік мүмкіндіктерін реттеу мақсатында жүргізеді.Егер Орталық банк алдында сатып алған бағалы қағаздарын қайта сату көлемі жаңа партия көлемінен көп болса, банктердің несие ресурстарының мөлшері шектеледі және керісінше.Орталық банк ақша нарығы операцияларын қажеттілік пойда болуына немесе ақша-несие эмиссия көлемінің кеңеюіне байланысты жүйесіз жүргізеді.

 

 

І. Қазақстан Республикасы ақша-несие саясатының негізгі міндеттері

Ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін реттеу мақсатында мемлекеттің ақша-несие саласында қолданатын өзара байланысты шаралар жиынтығы.

Мемлекет өндірістік салаға тікелей әсер ете алмайды, ол кәсіпкерлік шешімдерге тек жанама реттеу арқылы әсер етеді. Сондықтан ақша-несие саясаты мемлекеттің өндіріске әсер етуінің тиімді әрі икемді әдісі болып табылады. Ақша-несие саясатының мақсаты – ұлттық шаруашылықтың тұрақты дамуы мен тепе-теңдікте болуын қамтамасыз ету.

Ақша-несие саясатының негізгі субъектісі – Орталық банк (Ұлттық Банк). Ол үкіметтік институт болмағанымен оның нұсқауларын орындайды. Алайда Ұлттық Банктің мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы рөлі мен маңызына көңіл аударатын болсақ, ол өз алдына дербес ұйым болып табылады. Сондықтан оның өздігінен шешім қабылдауға толық құқы бар.

Ұлттық банктің міндеттері екі бағытта атқарылады.

         Валюта жүиесінің бірқалыпты тұрақты дамуын қамтамасыз ету.

         Мемлекеттің мүддесін қамтамасыз ету үшін жеке коммерциялық банктердің несие қызметіне әсер ету.

Мемлекеттің ақша-несие саясатының мақсаттары:

-          өндіріс көлемін өсіру;

-          толық жұмысбастылық;

-          инфляцияны төмендету.

Мемлекеттің ақша-несие саясатының құралдары:

1.       Ашық нарықтағы операциялар. Ұлттық банктың ашық нарықта ақша массасының көлемін реттеу мақсатында мемлекеттің құнды қағаздарын сатуы және сатып алуы. Мұның мағынасы: Ұлттық банк ақша эмиссиясын тоқтату және банктердің несиелік мүмкіншіліктерін шектеу мақсатында, нарықта құнды қағаздарды сатып, бұл қағаздарды сатып алған банктердің резервтік шоттарынан белгілі бір соманы есептен шығару. Керісінше, ақша шығаруын және несиелерді беруді ынталандыру үшін Ұлттық банк құнды қағаздарды өзіне қайта сатып алып, оның құнын банктердің резервтік шотына аударады.

2.       Резервтік норманы өзгерту - ақша-несиені реттеуде қолданатын өте қатаң құрал. Ұлттық банк барлық банк мекемелердің міндетті резервті нормасын бір мезгілде өзгерту арқылы әрбір банктің резервінің көлеміне тікелей әсер ете алады. Міндетті резервтер – бұл әрбір коммерциялық банктер салымдардың бір бөлігін міндетті түрде сақтау қоры ретінде мемлекеттің Ұлттық банкте ұстауы қажет.

3.       Есептік ставкасын өзгерту - коммерциялық банктер Ұлттық банктен несие алғанда ақша көлемін реттеу мақсатымен бірінші дәрежедегі банк несиенің мөлшерлемесін жиі өзгертіп отырады. (пайыз мөлшерлемесін көтерсе коммерциялық банктер алатын несиелерін азайтуға мәжбүр болады, керісінше, төмендетсе – несие көлемі өседі) Осы жоғарыда келтірілген 3 құралдарды қолдану – мемлекеттің «арзан ақша саясаты» және «қымбат ақша саясаты» деп аталады. Қазақстанда осы келтірілген құралдармен қатар, ақша айналысын реттеу үшін басқа да тәсілдер қолданылады.

4.       Күрделі несиелік қаржының өсімін шектеу. Ұлттық банк коммерциялық банктердің несиелік қаражаттарының бөлінуін пайыздық норма арқылы шектеп отырады.

5.       Ерікті келісімдер бойынша Ұлттық банк коммерциялық банктермен өзара келісімге келеді.             

Қазақстан Республикасының ақша-несие жүйесі реформалаудың ұзақ та қиын жолынан өтті. Еліміздің егемендік алған алғашқы жылдарындағы қолайсыз макроэкономикалық жағдай (инфляцияның жоғары деңгейі, мемлекеттік бюджет тапшылығы, жоғары пайыз мөлшерлемесі, т.б.) тиімді ақша-несие саясатын құруға айтарлықтай кедергі жасады. Алайда уақыт өте келе бұл қиыншылықтарды жеңе отырып еліміздің қаржы жүйесіне оңтайлы өзгерістер енгізілді. Ғылыми әдебиеттерде көрсетілгендей, «Қазір шетелдік мамандардың бағалауы бойынша Қазақстанда ТМД елдерінің арасындағы ең үздік, бүгінгі заман талаптарына сай, жаңа банктік жүйе қалыптасты. Бұл реформалаудың маңызды жетістігі, өйткені рыноктық экономикаға өту кезеңінде Қазақстанның өзіндік дәстүрлі банктік мектебі болған жоқ».

Бүгінгі күні ақша-несие жүйесін одан әрі жетілдіру үрдісі жалғасуда және мемлекет алдында жаңа маңызды, ауқымы зор міндеттер тұр:

        Ақша-несие саясатының инфляциялық аргеттеу принципіне өту арқылы инфляция деңгейін төмен деңгейде (жылына 3-4 пайыз деңгейінде) ұстап тұру.

        Теңгенің шетел валютасына қатысты нақты бағамының өсуін тежеу арқылы әлемдік рынокта қазақстандық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін көтеру.

        Нақты секторды несиелеуді өсіру және оның ресурстық базасын кеңейту арқылы банктік жүйе мен сақтандыру рыногының тұрақты дамуын қамтамасыз ету.

        Қаржы рыногына қатысушылардың бақылау қызметтерін Ұлттық Банкке жұмылдыру арқылы олардың мемлекеттік реттеудегі қызметін жетілдіру.

Қазақстанның төлемдік жүйесін Еврокеңес стандарттарына жақындату арқылы ТМД елдері арасындағы жалпы төлемдік жүйені қалыптастыру. Мұнда Ұлттық банк электрондық ақшаларды енгізу мен дамытуды жоспарлайды.

 

     

ІІІ. Қазақстан Республикасының 2011 жылға арналған ақша-кредит саясаты 

 

     2011 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге және қалыптасып отырған макроэкономикалық алғышарттарға бара-бар жылдық инфляцияның төмен деңгейін ұстап тұруға бағытталған ақша-кредит саясатын жүзеге асыруды өз қызметінің басым бағыты деп айқындайды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақша-кредит саясатының негізгі мақсатын баға тұрақтылығы деп айқындағанына қарамастан, инфляциялық таргеттеу ұстанымдарына көшу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатының құралдары ретінде пайыздық ставкалардың тиімділігін көтеруге байланысты анағұрлым ұзақ болашаққа көшіріледі.

     Ақша-кредит саясаты құралдарының тиімділігін жетілдіру мен көтеру және  қабылданған шаралардың ақша нарығының жай-күйіне ықпалын бұдан әрі  күшейту бойынша   жұмыс жалғастырылады. Теңгенің айырбастау бағамы ауытқуының белгіленген дәлізінің қолданысы аяқталған соң, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқарылатын өзгермелі валюта бағамы режиміне көшеді. Бұл ұлттық валютаның тұрақтылығымен байланысты, оған әлемдік нарықтағы қазақстандық экспорттың негізгі позицияларына қолайлы баға конъюнктурасы және төлем балансының жай-күйі  ықпал етеді. Орта  мерзімді кезеңде теңгенің құнсыздануы үшін түбегейлі алғышарттар жоқ. Оған қоса, экономика дамуының 2 және 3 сценарийлерін іске асыру кезінде төлем балансының оң сальдосына байланысты ұлттық валютаның нығаю мүмкіндігі жоғары.

     Бұл ретте басқарылатын өзгермелі валюта бағамы режиміне көшу  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемеден босатпайды.  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шаралары үнемі өзгеріп отыратын әлемдік конъюнктура жағдайында отандық өндірістің  бәсекеге қабілеттілігіне теріс әсер етуі мүмкін ұлттық валютаның нақты бағамының біршама ауытқуларын  болдырмауға  бағытталады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі теңге бағамының икемділігін көтеру  мақсатында  валюталық нарықта  өзінің қатысуын бұдан әрі  төмендетуге талпынатын  болады.

     Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің пайыздық саясаты нарық ставкаларын қысқа мерзімді құралдардың ақша нарығында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ставкаларының дәлізі шеңберінде ұстап тұруға бағытталған. Бұл ретте пайыздық саясатты бұдан әрі іске асыру ставкалар дәлізін  тарылтуға бағытталатын  болады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің негізгі күш-жігері банктердің өтімділігін алып тастау жүзеге асырылатын ставкалар дәлізінің төменгі шекарасын (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылатын банктердің депозиттері бойынша ставкалар) анағұрлым икемді реттеуге шоғырландырылады. Оған қоса, ставкалар дәлізінің төменгі шекарасын өзгерту орта мерзімді кезеңге болжанатын инфляцияның динамикасымен айқындалады. Дәліздің ең жоғарғы шекарасы болып табылатын ресми қайта қаржыландыру ставкасы ақша нарығындағы ағымдағы жағдайды және инфляция  деңгейін ескере отырып айқындалатын болады.

     2011 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мерзімдері мен шарттарына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің операциялары бойынша ставкаларды саралау туралы мәселені қарайды.  Екінші деңгейдегі банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі қысқа мерзімді ноталары мен  депозиттері қаржы нарығындағы сыйақы ставкаларын реттеудің, сондай-ақ банктердің артық өтімділігін айықтырудың негізгі құралдары болып қалады. 

     Қысқа мерзімді ноталардың эмиссиясы мемлекеттік бағалы қағаздардың қайталама нарығын қолдауға, мерзімі 1 жылға дейінгі қаржы құралдары бойынша қисық кірістілікті қалыптастыруға бағытталады. 2011 жылы ақша нарығындағы өтімділік жағдайы түбегейлі өзгермейді. Осыған байланысты  қысқа мерзімді ноталардың айналыс мерзімін қазіргі деңгейде – 3 және 6 ай ретінде қалдыру болжанып отыр.

     Қажет болғанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банктердің  қысқа мерзімді өтімділігін қолдау үшін қайта қаржыландыру заемдарын береді.  Бұл операциялардың мерзімі қысқа болады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бұл ресурстарға сұраныстың өсуін күтпейді. Сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарымен операциялар жүргізу арқылы өтімділікті беру мүмкіндігі қарастырылады.  Банктердің өтімділігін реттеу  бойынша  құралдардың тиімділігін көтеру мақсатында Қазақстан қор биржасында автоматты РЕПО секторында банктермен тікелей және кері РЕПО операцияларын жүргізуді жаңарту мүмкіндігі қарастырылатын  болады.

     2011 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ең төменгі резервтік талаптар тетігін жетілдіру, оны қолданудың тиімділігін, негізінен резервтік активтердің құрамын өзгерту бөлігінде көтеру бойынша жұмысты бастайды. Банктің резервтік активтерінің базасынан шетел валютасындағы активтерді алып тастау мәселесі қаралатын болады. Орта мерзімді кезеңде (2012-2013 жылдары) резервтік активтер құрамынан банктердің кассаларындағы қолма-қол ақшаны алып тастау мәселесін қарау да жоспарланып отыр. Банктердің өтімділігімен жағдайдың елеулі нашарлауын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін төмендету мәселесін қарай алады. Барлық сценарийлік нұсқалар бойынша инфляция бойынша мақсатқа 6-8% шегінде қол жеткізу ақша-кредит саясатының тиісті шараларымен қамтамасыз етілетін  болады. Инфляциялық қысымның күшеюіне әкелуі мүмкін артық ақша  ұсынысының  ұлғаюы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің айықтыру операцияларының өсуімен қатар жүретін болады. 

     Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясаты қалыптасып отырған макроэкономикалық жағдайға бара-бар болады. Экономикадағы ақша ұсынысы экономиканың өсуіне сәйкес келетін деңгейде сақталады. Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясаты банк секторындағы өтімділікті икемді реттеу арқылы кредиттік белсенділікті қайта қалпын келтіру проблемаларын шешу үшін жағдайлар жасайтын болады. Сонымен қатар бұл шаралардың тиімділігі банк секторындағы құрылымдық қайта құруларға байланысты болады.

     Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясаты, оның ішінде валюта саясаты ықтимал экономикалық пайдаларды да, теріс салдарларды да және Бірыңғай экономикалық кеңістік келісімдері шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудан туындайтын Қазақстан Республикасының экономикасы үшін тәуекелдерді ескеретін болады.

Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясаты Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамдарының орындалуына ықпал ететін болады.

Экономика дамуының анағұрлым қолайлы сценарийлерін (2 және 3 сценарийлер) 2011 жылы  іске асырған жағдайда ақша-кредит саясаты кейінгі жылдары осы  құжатпен белгіленген  негізгі бағыттар шеңберінде жүзеге асырылатын болады. Ақша-кредит саясатының және төлем балансының негізгі өлшемдері, оның ішінде ақша-кредит саясатының кейінгі жылдарға арналған шаралары 2011 жылдың  нәтижелері бойынша нақтыланатын болады. 

 

9

 



Информация о работе Ақша несие саясаты