Ақша несие туралы түсінік. Мағынасы мен мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 20:20, реферат

Описание

Ақша мемлекет пайда болмастан көп бүрын қодданысқа енді және ол тауардың әр түрлі болатындығын білдірді. Бұл айырбас қатынастарының дамуының нәтижесі еді. Сөйтіп, ақша өзінің тауар ретіндегі сапасын біртіндеп жоғалтып, оның құнының баламасына көшті. Мемлекет өзінің каржы қызметі саласында өзіне дейінгі қолданылған акшаны пайдаланды. Қазақстан Республикасы өзінің төл теңгесін шығарғанға дейін кеңесетік (кейін ресейлік) сомдарды қодданды. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы 1993 жылғы 12 карашадағы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен енгізілді. Жарлықта ұлттық валютаны 1993 жылдың 15 карашасынан бастап енгізу көзделді.

Работа состоит из  1 файл

акша несие рурсовой.doc

— 275.50 Кб (Скачать документ)

Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі — ақша нарығының жалпы жағдайына, несиелер бойынша сұраныс пен ұсыныс көлеміне байланысты белгіленеді және Ұлттың банктің коммерциялың вексельдерді қайта есепке алу операцияларында қолданылады. Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлеме жылдың пайыздың мөлшерлеме болып табылады және ол айналыс мерзімі алты айлың вексельдерді қайта есептеуде қолданылады.

РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелері — жылдың пайыздық, мөлшерлемелер, ішкі қаржы нарығының жағдайына байланысты белгіленеді және мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргізуде қолданылады. РЕПО-ның мақсатты мөлшерлемесінен ауытқу жағдайында ақшалай қаражаттарды орналастыру немесе тарту жолымен РЕПО нарығындағы сыйақы мөлшерлемелерді реттеу арқылы сыйақы мөлшерлемелердің елеулі ауытқуын болдырмау.

«Овернайт» заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі — Ұлттың банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы корреспонденттік шоттары бойынша есеп айырысуды дебеттік қалдықпен аяқтауы барысында бір түнге берілетін заемдары бойынша крлданылады.

Күндізгі заемдар бойынша сыйақы мөлшерлемелері — Ұлттың банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы теңгеде ашқан корреспонденттік шоттары бойынша төлем жүргізуге немесе ақшалай аударымдар жасауға ңажетті ақша қаражаттары уақытша болмаған не жетіспеген жағдайларда займдар бойынша қолданылады.

Ұлттың банктің ресми  сыйақы мөлшерлемелерін төмендегідей 1-кестемен беруге болады.

 

    1. Ұлттың банктің ресми сыйақы мөлшерлемелері

пайыздар, кезеңнің соңына

Сыйақы мөлшерлемесінің түрлері

2004

2005

2006

1

Қайта қаржыландыру

14

9

7,5

2

Есептік (дисконттық)

12,5

8

8

3

Овернайт зайымдары бойынша

20

12

9

4

РЕПО операциялары бойынша,

оның ішінде:

овернайт

1 жұма

2 жұма

 

 

-

6,5

5,5

 

 

5

5

5,5

 

 

5,5

5,5

5,5


Сандық мәліметтер ҚҰБ  статистикалық бюллетенінен алынған  №6(92) 2006 ж

 

Ескерту: РЕПО операциялары бойынша мөлшерлемелер 8.12.2006 ж. бастап, мерзімдер бойынша күн сайын белгіленеді.

Ақшалай нарықтағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде банктерге берілетін несиелер көлемін реттеуде банктің өтімділік деңгейін реттеуде және олардың міндеттемелері бойынша төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері мен акционерлерінің мүдделерін қорғау максатында Ұлттың банк ең төменгі резервтік талаптар механизмін қолданады.

Резервтік талаптар, ашық, нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен қатар коммерциялық банктерді жанама ақшалай-несиелік реттеудің негізгі құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму жағдайында резервтік талаптар, бір жағынан, сақтандыру институттарының жоқ кезінде, коммерциялың банктердің депозиттерін сақтандыру қызметін, екінші жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликация процесін реттеу қызметтерін атқарады.

Ақша-несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген «ҚР коммерциялық-кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы» нұсқауға сәйкес міндетті резерв нормативі 18 — 20% мөлшерінде бекітілген болатын. Қазіргі уақытта ол төмендеп, 6%-ды құрайды. Банктердің резервтерінің артық болуы, яғни Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттардың өсуіне байланысты резервтік талаптар шамасын төмендетіп қана қоймай, сол сияқты резервтеудің альтернативтік тәртібіне өтуге, яғни бұл банктердің пруденциалдық, нормативтерді орындау барысында корреспонденттік шоттағы қаражаттар сомасын ең төменгі резервтер мөлшерінің төмен болмауын сақтап отыруға тиістілігін білдіреді.

Әлемдік тәжірибеде міндетті резервтердің өте жоғары деңгейде болуы, банк жүйесінің қаржы делдалы ретіндегі тиімділігін нашарлатып, ал ең төменгі резервтер нормасының артуы несиелік ресурстардың экономикаға құйылуына тосқауыл болатындығын көрсетеді.

 

1.3 Пайыздық саясатты жүргізудің  шетелдік тәжірибиесі

 

АҚШ пен Германияда міндетті резервтік нормалары біршама жоғары деңгейде бекітілген. АҚШ-та міндетті резервтер банктердің категорияларына депозиттердің шамасы мен түрлеріне байланысты болып келеді. Міндетті резервтер федералдың резервтік банктердің пайызсыз депозиттік шоттарында сақталады және резервтердің артық мөлшері федералды резервтік банктердің АҚШ ақша нарығында маңызды процестерге байланысты операциялардың басты бір көзін құрайды. АҚШ-тың банк жүйесінің резервтерінің тағайындалу негізі коммерциялың банктердің қызметіне бақылау жасауды білдіреді. Заңмен бекітілген резервтер коммерциялың банктердің несиелеу қабілетіне әсер ететін федералды резервтік банктік жүйенің басқару Кеңесінің басты құралы болып табылады. Резервтеудің басты мақсаты банк несиесінің артықшылығынан немесе жеткіліксіздігінен тұрады. Дәл осылай, жанама жолмен коммерциялық, банктердің несиесіне жасалатын бақылау құралы және экономиканы тұрақтандыру барысында бұл резервтер салым иелерінің мүдделерін қорғау құралы болып табылады деген Кэмпбел Р. Макконелл, Стэнли Л. Брю.

Федералды резервтік жүйе экономикалың құлдырау кезеңінде міндетті резервтердің іскерлік белсенділігін арттыру және ынталандыру үшін міндетті резервтің деңгейін жиі қысқартып отырған.

Ұлттың банк екінші деңгейдегі банктер үшін, олардың пруденциалдың нормативтерді орындауына байланысты ең төменгі резервтік талаптарды орындау барысында банктерге мынадай екі тәсіл қолданады:

1. Міндетті резервтер;

2. Резервтеудің альтернативтік тәртібі.

Резервтік талаптарды орындайтын банктерге Ұлттық, банк орташа айлық, қайта қаржыландыру мәлшерлемесінің 50% көлемінде теңгедегі резервтер бойынша, ал еркін алмастырылатын валютадағы резервтік талаптар бойынша Лондондағы депозиттер нарығындағы (LIVID) бір айлық депозиттің орташа өлшемді мөлшерлемесінің 50% көлемінде пайыз төленді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ  ПАЙЫЗДЫҚ САЯСАТЫ

 

2.1 Қазақстан Ұлттық Банкінің  ақша – несие саясаты 

 

Осы бөлімде Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкінің ақша – несие саясатына шолу жасайық. 1993 жылы 13 сәуірде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің оныншы сессиясында Қазақстан Республикасыньщ «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңы қабылданды, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің міндеттерін, қызмет принципін, құқықтык мәртебесі мен өкілеттігін, оның банк жүйесіңдегі рөлі мен орнын, мемлекеттік билік органдарымен өзара қарым-қатынасын айкындап берді. Заң Қазақстан Республикасыньщ ақшалай және заемдык қаражаттарға деген сұранысын қамтамасыз етуде, салым салушылардың мүддесі мен мемлекеттік несие саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз етуде кепілдікті қарастырды. Заң Ұлттық Банктің негізгі міндеттерін айқындап берді: ақша айналымы, несие, банктік есеп айырысуларды ұйымдастыру және валюталық қатынастар саласында мемлекеттің саясатын әзірлеу мен жүзеге асыруға қатысу; несие берушілер мен банктің салымшыларының, несиелік, есеп айырысу мекемелерінің, сондай-ақ валютаны сатып алу, сату және айырбастау бойынша операцияларды жүзеге асыратын мекемелердің клиенттерінің мүдделерін қорғау, банктік және басқа несие мекемелерінің қызметін реттейтін ережелерді жасау негізінде оны сақтауға бақылау жасау; Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатын жүзеге асыру саласында мүдделерін қорғау.

1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасында ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Қазақстанның Ұлттық Банкіне ақша-несие жүйесінің жұмыс істеу жауапкершілігі, оның бюджетпен және банкілермен қарым-қатынастарында классикалык принциптерді енгізу, банктердің қызметін реттеудін жүйесін бекіту міндеттері жүктелді. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының — қазақстандық теңгенің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету — мемлекеттің орталык банкісі — Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі міндеттерінін біріне айналды.

Орталық банктердің тиімді қызметі ұлтгық дәстүр тұрғысынан оны ұйымдастыру мен басқара білуге көп байланысты болады. 1995 жылғы 30 наурызда шыққан Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Жарлығы Кдзақстан Республикасы Ұлттық Банкінін міндеттерін, қызмет принципін, құқықтық мәртебесі мен өкілеттіктерін, оның мемлекетгік банк жүйесіндегі рөлі мен орнын айқындап берді. 1995 жылы 30 тамызда еліміздін жаңа Конституциясының кабыдануына байланысты заңнамаға бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Ақшаның кұнсыздануын төменгі  деңгейде ұстап, ұлттық валютанын тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясатын жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-несие саясатын айқындайтын және жүзеге асыратын бірден-бір орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясатын бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады.

Ақша-несие саясаты:

  • қайта қаржыландырудың ресми ставкасын;
  • ақша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы ставкаларының деңгейлерін;
  • ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін;
  • ерекше жағдайларда, операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулерді белгілеу жолымен жүзеге асырылады.

Қазақстан Ұлттық Банкі  қайта қаржыландырудың ресми ставкасына сәйкес коммерциялық вексельдерді қайта есепке алуды жүргізеді.

Қайта қаржыландырудын ресми ставкасы ақша-несие саясатының негізгі операциялары үшін сыйақы ставкалары бойынша бағдар болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкі қайта каржыландырудын ресми ставкасын ақша нарығының жалпы жай-күйіне, қарыздар бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне және инфляциялык болжауларға қарай белгілейді.

Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясатын жузеге асыратын шеңбердегі қаржы нарығында сыйақының нарықтык ставкаларына әсер ету максатында ақша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша сыйакының ставкасын белгілейді.

Резервтік талаптар нормативі банктер алдындағы міндеттемелерді кеміту есебінен міндеттемелердің жалпы сомасынан процент есебінде есептеледі және 40 проценттен артық емес мөлшерде белгіленеді.

Қазақстан Ұлттық Банкі айырықша жағдайларда міндеттемелердің есуіне резервтік талаптар енгізуге құқылы. Ең төменгі резервтік талаптардыц нормативтерін әзгерту осындай шешім қабылданған күннен бастап бір айдан ерте колданысқа енгізілмейді.

Ең төменгі резервтік  талаптардың нормативтері бұзылған кезде Қазақстан Республикасының  заң актілерімен Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген мөлшерде айыппұл салынып, ендіріліп алынады.

Қазақстан Ұлттық Банкі банк кызметін тоқтатқан кезде бір апта мерзім ішінде банкке Қазақстан Ұлттық Банкінде резервтелген қаражатты қайтарып береді.

Қазақстан Ұлттық Банкі тікелей сандық шектеуді айырықша жағдайларда ғана белгілейді. Қазақстан Ұлттық Банкінің тіке сандык шектеулері дегеніміз операциялар мен мәмілелердің жекелеген түрлері бойынша ставкалардың ең жоғарғы деңгейі, несиелендіруді тікелей шектеу, сыйақының (мүлденің) ставкасын ұстап тұру, жекелеген салалардың дамуын ынталандыру немесе тежеу максатында несиенін накты түрлерін реттеу болып табылады.

Қазақстан Ұлттық Банкі тікелей сандық шектеуді ақша-несиемен реттеудің жанама әдістерімен инфляциялык процестерді тоқтату мүмкін болмаған жағдайда қолдануға құқылы.

Ақша-несие саясатын іске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкі мынадай операция түрлерін жүзеге асырады:

1) қарыздар беру;

2) депозиттер қабылдау;

3) валюталықинтервенциялар;

4) Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару;

5) Мемлекеттік және басқа да бағалы кағаздарды сатып алу және сату, оның ішінде кері сатып алу құқығымен;

6) коммерциялык вексельдерді қайта есепке алу;

7) Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасынын шешімі бойынша басқа да операциялар.

Қазақстан Ұлттық Банкі  ақша-несие саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес банктердін карыз алуының жалпы көлемін реттейді.

Банктерге берілетін  карыздарды беру мен өтеу тәртібін, талаптарын, түрлерін, мерзімдерін және лимиттерін Қазақстан Ұлттық Банкі айқындайды.

Қазақстан Ұлттық Банкі қарыздарды өтімділігі жоғары және кауіпсіз бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз ете отырып та, қамтамасыз етпей де бір жылдан аспайтын мерзімге береді. Бұл мерзімді Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы ұзартуы мүмкін. Бұл орайда Қазақстан Ұлттық Банкі соңғы инстанциядағы қарыз беруші ретінде банктерге қарыздарды Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген тәртіппен, шарттарда және мерзімдерде беруге құқылы.

Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік қүқыктык актілерінде көзделген мүлік Қазақстан Ұлттық Банкінің қарыздары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін кепіл заты бола алады.

Депозиттерді тарту мен өтеу тәртібін, талаптарын, мерзімдерін және тарту лимиттерін Қазақстан Ұлттық Банкі айкын-дайды. Қазақстан Ұлттық Банкі Ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де депөзиттер тартуға құқылы.

Информация о работе Ақша несие туралы түсінік. Мағынасы мен мазмұны