Ақша саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 20:33, курсовая работа

Описание

Саяси биліктің қызмет атқару зандылықтарын, саяси өмірдің мәнін,оның тұтастығын және баска салаларымен байланысын танып білуге “қоғамның саяси жүйесі” ұғымының маңызы ерекше. Бұл тақырып қоғамның саяси жүйесі деген не, оның қүрлымы мен атқаратын қызметі қандай деген мәселелерді басты назарда үстайды.
1.Саяси жүйенің мәні.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................3
1.Саяси жүиенің мәні....................................................................................4
2.Саяси жүиенің құрылымы мен атқаратын қызметі.................................6
3.Саяси жүйелердың типологиасы.............................................................11
4.Қазақстан республикасының саяси жүйесі............................................14
ҚОРТЫНДЫ...............................................................................................19
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................................20

Работа состоит из  1 файл

Кепплер.doc

— 169.00 Кб (Скачать документ)

Саяси жүйенің континенталді-европалық типіне Франция, Германия,   Италия   сияқты   елдерді   жатқызуға   болады.   Мүңдағы саяси мәдениет ескі  мен жаңаның қоспасы  деуге болады.                 Ондағы көп  партиялар қоғамдағы     едіәуір    ыкдалы идеологиялар мен ескі дәстүрлерді басшылыққа алған.

Азия, Африка және Латын Америка елдерінің көбінің саяси жүйелерін         индустрияландьгрылмаған  немесе жартьтлай индустрияландырылған деп аталатын типке жаткьізуға болады. Бүл елдердің саяси мәдениеті Батыс еддеріне тән қасиеттердің, этностық дәстүрлердін, Дінни ғұрыптардың  коспасы. Билік айқын тармақталмаған, әскерилер мен агатараттағы бюрократтар заң шығару міндетін жиі-жиі өз мойындарына алады, сот ісіне де қол сүгады. Түрақсыздьгқ басым, күштеу әдісі үстем. Көпшіліктің саясатка араласуы іс жүзінде шектеулі. Тоталитарлық жүйені арнаулы тақырыпта қарастырамын.

 

4.Қазақстан Республикасының саяси жүйесі

Қандайда саяси жүйе болмасын, оның заңдық негізі, яғни конституцияға негізделген болуы керек.

Республика Конституциясында, Қазақстан мемлекетіне мынандай анықтама берілген:

      Мемлекеттік  құрылыс нысаны  - унитарлық мемлекет;

      Мемлекет басқару нысаны – президенттік республика;

      Мемлекеттік саяси режим – демократиялық режим.

Қазақстан Республикасы Конституцияға сәйкес президенттік басқару нысанындағы мемлекет болып табылады. Оны бүкіл халық сайлайды.  Президент  - мемлекет басшысы әрі үкімет басшысы. Ол ішкі және сыртқы саясат тетігін қолында ұстайды, қарулы күштердің бас қолбасшысы. Үкімет құрамын өзі тағайындайды, парламенттен тәуелсіз. Қазақстанның атынан халықаралық қатынастарда өкілдік ететін лауазымды тұлға. Ол халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Президент Қазақстан халқына елдегі жағдай мен Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайын жолдау арнайды. Парламент қабылдаған заңдарды бекітеді, келіспеген жағдайда қайта қарауға жібереді. Конституцияға сәйкес заң шығару өкілеттігіне және Парламентті тарату құқығына ие.

2007 жылы 21 мамырда Қазақстан Республикасының партиялық жүйесінің дамуындағы жаңа кезең басталды: бұл күні ҚР  «Қазақстан республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  заңы өзінің күшіне енді.  Жаңа өзгерістер бойынша:

1. Президент өзінің біршама құзіретін Парламентке берді. үкімет бұрын, негізінен, Президент алдында жауапты болса, ендігі жерде Үкіметтің Парламент алдындағы жауапкершілігі Конституциялық заңмен бекітілді. Президенттің өкілеттілігі  7 жылдан – 5 жылға қысқарды. Осы заңның 42 бабының 5 тармағында мынандай толықтыру берілген: «Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Бірінші Президентіне қатысты емес». Мәжіліс депутаттары тепе-теңдік жүйесі бойынша сайланады. Сенаттың мүшелерінің саны президенттің квотасының  7 ден 15 депутатқа артуы есебінен көбейетін болды;

2. Праламент Мәжілісі депутаттарының саны 77 – ден  107 мүшеге дейін көбейтілсе, сенаторлар саны 8 адамға көбейді. Сонымен Қазақстанның  заң шығарушы органы 116 мүшеден 154-ке артты.  Мәжілісте 107 депутат, Сенатта 47 депутат болмақ;

3.  Заң бойынша елдегі  аз этникалық топтар мен диаспоралар мүдделерінің жоғары заң шығарушы билік тармағы дәрежесінде қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында  Қазақстан халықтары Ассамблеясына  9 депутаттық орын беру межеленген;

4.  Үкіметтің , яғни атқарушы биліктің парламент алдындағы жауапкершілігінің күшеюі жаңа баптардан анық байқалады. Егер 1995 жылғы Конституцияның мәтінінде Үкіметке сенімсіздік вотумын жасау үшін Парламент мүшелерінің үштен екісінің дауысы керек болса, енгізілген өзгерістерге сай, ендігі жерде жай ғана көпшілік болуы жеткілікті. Бұдан былай министрлерге әр апалата жеке-жеке сенімсіздік көрсете алады;

5. Орталық сайлау коммиссиясы, Конституциялық кеңес, Есеп комитеті сияқты маңызды мемлекеттік ұйымдардың үштен екі мүшелері енді тек Парламент келісімімен тағайындалатын болды. Сондай-ақ, партиялық тізімде жеңіске жетіп, парламентте көпшілік дауыс алған партия елдің Премьер – Министрін  тағайындайды;

6. Мәжілістің 98 депутаты  партиялар тізімімен түскен депутаттардан құралса,  9 депутат Қазақстан халықтары Ассамдлеясы өкілдерінен сайланады;

7. Конституциялық өзгерулерге сәйкес, жергілікті әкімдер Мәслихаттардың келісімімен тағайындалатын болды. мәслихат әкімнің кандидатурасы осы облысты басқаруға сәйкес емес деп есептесе, Президенттен басқа кадрды ұсынуды өтіне алады. Жаңа заң бойынша Мәслихаттарға әкімдерді алу мәселесін де көтере алатын құқық берілді. Ендігі жерде әкімге сенімсіздік білдіру бұрынғыдай мәслихат депутаттырының үштен екі бөлігін қажет етпейді, жай ғана көпшілік болса жетіп жатыр. Мәслихаттардың өкілеттілік мерзімі 4 жылдан 5 жылға ұзартылды;

8.  Сот жүйесі жетілдіріледі.  Тұтқынға алу ендігі жерде сот шешімімен жүзеге асырылады. Сот қызметіне мамандар іріктеуді жүзеге асыратын Әділет Біліктілік Коллегиясы таратылып, оның құзырындағы міндеттер Жоғары Сот Кеңесіне жүктелетін  болды. Осылайша  соттың құрамын сапалы судьялармен  жасақтауда  Жоғары Сот Кеңесінің тәуелсіз орган ретіндегі беделі арата түседі;

9. Азаматтардың құқығы мен бостандықтарын қорғау жүйесі жітілдіре түскен. Жоғарыда айтылғандай ендігі жерде тұтқынға алу тек қана сот шешімімен жүзеге аспақ. Қазақстан Республикасында  өлім жазасын қолданбау туралы конституциялық  норма  енгізілді. Ендігі жерде өлім жазасы  адам өліміне әкеліп соққан ланкестік әрекеттерге және соғыс кезінде жасалған аса ауыр қылмыстарға ғана қолданылады;  

10. Конституциядағы  Мәжіліс депутаты ешқандай да императивтік мандатпен байланысты емес деген қағида алынып тасталды. Ендігі жерде Мәжіліс депутаты өзін ұсынған партияның ұстанымымен санасатын болмақ, партиядан шыққан жағдайда, депутаттық мандаттан айрылу көзделген. Алайда бұл қағиданың Сенат депутаттарына қатысы жоқ.

Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар халық билігінің іске асуына көмектесетін саяси жүйенің негізгі буындарының қызметтерін жандандырып, Қазақстан қоғамын демократияландырудың Конституциялық базасын күшейте түседі деп күтілуде. Елдегі саяси жүйе өзінің дамуының жаңа сатысына көтерілді . осынау өзгерістер барысындағы елдегі Президенттік басқару жүйесі ендігі жерде президенттік-парламенттік басқару жүйесіне өтумен ерекшеленбек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстан Республикасының бүгінгі саяси жүйесін нақты бір типке жатқыза қою қиын. Тоталитарлық жүйеден кеше ғана шықтык, Оның салдары әлі жойыла қойған жок, Дегенмен, Ангилия-Американдық жүйеге ұмтылудамыз, сондай-ақ, континентальды-еуропалық жүйеге тән сипаттардың да, азиялық ерекшеліктердің де бар екенін айтқан жөн Қазақстан Республикасы, Ата заңымызда атап керсетілгендей, "Өзін демократиялық, зайырлы, қүқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат казынасы - адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылык; бүкіл халықтын, игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістерімен, оньң ішіңде республикалық   референумда   немесе   парламентте  дауыс беру  арқылы   шешу"   (1-бап).   Ең  бастысы   Қазакстанның   саяси  жүйесі мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы халық болып табылатын президентгік басқару  нысанындағы  демократиялық  жүйе   есебі  қалыптасып келеді.

 

 

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.      САЯСАТТАНУ. Жоғары оқу орындары студенттеріне  арналған оқу құралы .

Ұлықпан сыдықов, Қаз ҰТУ.Алматы ,1996 ж

2. САЯСАТТАНУ. Жоғары оқу орындары студенттеріне  арналған оқу құралы .

Ұлықпан сыдықов, Қаз ҰТУ.Алматы ,2006 ж

3.САЯСАТТНУ.Жоғары оқу орындары  студенттеріне  арналған оқу құралы.

Жамбылов.Д.Ә   ҚазҰТУ.Алматы,2003ж

5.Егемен Қазақстан ;10-қаңтар,2005жылы,7бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

­­Қоғамдық пәндер кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы Қоғамның саяаси жүйесі.

 

20

 



Жұмысты орындау сапасы

баға диапазоны

1

Орындалған жоқ

0%

2

Орындалды

0-50%

3

Материалды өзіндік жүйелендіру

1-10%

4

Талап етілген көлемде және көрсетілген мерзімде орындау

0-5%

5

Қосымша ғылыми әдебиетті пайдалану

0-5%

6

Орындалған жобаның ерекшелігі

0-10%

7

Жобаны қорғау

0-20%

20

 



                                  Оқытуш Кенебаев Г.Ж

  Студент Мапила

  Мамандығы  050704

  Тобы ВПБт-04-2қ

АЛМАТЫ 2007

 

20

 



Информация о работе Ақша саясаты