Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2011 в 14:52, реферат
Егер «нағыз» ақшалар айналыста өзінің меншікті құнының арқасында жүрсе, ал қағаз ақшалар айналыс процесінде нарықтық құнға ие болады. Мемлекет сол елдің шеңберінде ғана оларға еріксіз өзіндік құн белгілейді. Бұл жерде ол ерікті түрде ақша бірлігінің номиналды құнын белгілеп, кез келген купюраларды шығаруы мүмкін.
Ақшалар ешқашан да алтынға ауыстырылмаған. Бірақ кейбір жағдайларда мемлекет айналысқа шығарылған қағаз ақшаларды толық номиналдық бағасы бойынша алтынға ауыстырған кездері болған.
Кіріспе
І. Ақшаның қажеттігі, экономикалық мәні және оның қызметі
1.1. Ақшаның түсінігі мен оның формасы
1.2. Ақшаның қызметі мен оның қазіргі жағдайдағы дамуы
1.3. Мемлекеттің ақша жүйесінің басты құралы теңге
ІІ. Ақша сұранымы мен ақша табысының жылдамдығының түсініктері
2.1. Ақша сұранымы теориясы
2.2. Ақша табысының жылдамдығы мен сандық теориясы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Капиталистік қоғамдық формацияға дейінгілер үшін байлықты «таза қазына» формасында жинақтау, яғни ақшаның қарапайым қорлануы тән келеді. Бұл экономикалық дамуға ешқандай да ықпал еткен жоқ, себебі олар шын мәнісінде айналыстан тыс жатқан ақшалар болды. Капитализм тұсында бұл қазыналар несиелік жүйе және қор биржалары арқылы пайда әкелетін капиталға айналады.
Тауар өндіріс жағдайында қорлану екі формада жүреді:
Дүниежүзілік ақша қызметі. Тауар шаруашылығының кеңеюі, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы дүниежүзілік нарықтың пайда болуы дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда болуы дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар интернационалдық құн өлшемі, халықаралық төлем және сатып алу құралы ретінде қызмет етеді.
Бұл қызметтің толық бағалы ақшалар, ал кейіннен нағыз ақшалар атқарды. 1867 жылы Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін алтынға бекітті.
Қазіргі
уақытта дүниежүзілік несиелік ақшалардың
жобалары жасалуда, бірақ одан әлі нәтиже
жоқ. Енгізілген шарты есептесу бірліктерінің
(СДР, ЭКЮ) өзіндік меншікті құндары жоқ,
сондықтан да олар толыққанды түрде дүниежүзілік
ақшаның қызметін атқара алмайды. Бұл
қызметті тек қана алтын нарығындағы операциялар
арқылы алтын атқарады.
1.3. Мемлекеттің ақша жүйесінің басты құралы теңге
Ұлттық валюта теңге дайын болды. Оны айналымға жіберу жұмысымен қатар, алда өз тиынымызды шығару мақсаты тұрды. Біздің суретшілер теңгені шығарумен айналысқан кезде, біздер біраз мемлекеттерде болып, немістің «Гребнер» компаниясына тоқтаған болатынбыз. Бұл – тиын соғатын бүгінгі заманғы озық жабдықтармен жабдықталған фирма. Бұл шешімді Ерік Асанбаевпен келісе отырып, монета сарайы үшін орын іздедік. Өмір бойы түсті металлургия саласында жұмыс істеген академик Сауық Тәкежанов Өскемендегі күшті конструкторлық бюросы бар заводты еске салды. Бұл Кеңестер Одағының энергетиктері үшін ядролық отын шығаратын жалғыз әрі жабық өндіріс орны болып шықты. Бұл өңірде сонымен қатар, металлургия заводтары мен мырыш, мыс, күміс кен орындары көп. Ал тиын шығару үшін мұның бәрі қажет.мемлекет басшысы бұл таңдауды мақұлдап, Өскеменде монета сарайын құруға рұқсат берді.
Біздер Германиядан технология, жабдықтар әкелдік. Металлургтер қорытпа іздей бастады. Оның бірнеше үлгісі ұсынылды. Тиын миллиондаған қолдан өтеді, оның өзіндік құны жоғары болмауы, оны шығаруы рентабельді болуы тиіс, сондықтан, қорытпаның сапасына бірнеше талаптар қойылды. Конструкторлар мен металлургтердің алғашқы жасаған тиындары ол талаптарға бірден жауап бере қоймаса да, соңында металл қоспасы табылды.
Үлбіде
тиын шығаратын желі дайын болғанымен,
көпшілік ұлттық валютаны шығаруға дайындығымызды
біліп қояды деп
20
теңгелік металл ақша алғаш
рет Германияда соғылып
Ұлттық валютаға көшу механизмін жасау үшін мемлекеттік комиссия құрылды. Құжаттардың бір бөлігін комиссия, енді бір бөлігін ұлттық банк әзірледі. Қажетті нормативті құжаттардың барлығы он сегіз күннің ішінде дайын болды. Тек тек ақша айырбасын жария етіп, іске көшу қалды. Дегенмен, қайталап айтамын, металл түріндегі валюта дайын болмады. Суретшілер дизайнды дайындап, үш ауысымда жұмыс істеліп, бір ай ішінде қағаз тиындар әзір болды.
Ақша мен монета он күн ішінде, ақша айырбасына 2-3 күн қалғанда облыстарға жеткізілді. Сонымен, қарашаның ортасына қарай ұлттық теңгемізге көшідің барлық әзірлік жұмыстары аяқталды. Ақшаны жеткізу аяқталып біткен соң 1993 жылдың 13 қарашасында республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев теледидардың кешкі жаңалықтарында ұлттық валютаның енгізілетінін жария етті.
Теңге 1993 жылдың 15 қарашасында ресми түрде өмірге жолдама алып, айналымға табыспен енгізілді. 1 АҚШ долларына шаққанда 4,75 есебінен теңгенің алғашқы бағамын белгіледі. 500 кеңестік сом 1 теңгеге айырбасталды. Ұлттық банк басқармасының мүшелері айырбас бағамын 1:1000 алуды ұсынған еді. Осы негізде алу қажет болатын. Бірақ, біздің дегеніміз болмады. Ал мемлекеттік комиссия қабылдаған бағам кейін ұлттық валютаның беделіне нұқсан келтіргені белгілі. Алғашқы екі жылда төмен құлдырады. Оқасы жоқ. Ең бастысы іс бітті. Теңге біздің экономикамыздың, мемлекеттің ақша жүйесінің басты құралына осылайша айналды.
ІІ. Ақша сұранымы мен ақша табысының жылдамдығының түсініктері.
2.1. Ақша сұранымы теориясы
Ақша дегеніміз – төлем немесе халықаралық айырбас құралы. АҚШ – та ақша қорының негізгі өлшемі – валюта және тексеріліп тұратын депозиттер немесе М1 болып табылады. Бұл ақшаны халық бір нәрсе сатып алу үшін жұмсайды. 1989 жылдың орта шенінде М1 – АҚШ – та 800 миллиард доллар болды.
Ақша
сұранымын талқылағанда біз оны
нақты баланстарға сұраным
1.
Нақты ақша сұранымы баға
2. Номиналды ақша сұранымы баға деңгейімен бірдей артады. Онда жоғарыдағыдай өзгерістер болмайды.
Ақша экономикасында активтердің алуан түрі кездеседі, яғни валютадан түрлі қағаздар жиынтығы ақшаны құрайды. Осы активтердің қайсысын ақша деуге болады? Негізінен 4 түрлі жиынтығы бар: валюта, М1, М2 және М3.
Кесте – 1
Ақша жиынтықтары
Бөлімдер | М1 | М2 | М3 |
Айналымдағы валюта | х | х | х |
Саяхатшының чектері | х | х | х |
Коммерциялық банк сұранымындағы депозиттер | х | х | х |
NOW (сатып алуға болатын тапсырыс) есебі | х | х | х |
ATS (автоматты аудару қызметі) есебі | х | х | х |
Үнемдеу мекемелерінде | |||
Сұранымындағы депозиттер (өзара жинақтау банкінде) | х | х | х |
NOW есебі | х | х | х |
ATS есебі | х | х | х |
Кредитті акция баланстары | х | х | х |
Коммерциялық банктерде | |||
Тез арада (қайта сатып алу келісімі RP) | х | х | х |
Қысқа мерзімді депозиттер (100,000 долл. Аз) | х | х | |
Сақтық кассасындағы депозиттер | х | х | |
Үнемдеу мекемелерінде | |||
Сақтық кассаларындағы депозиттер (өзара жинақтау банкінде және S&LS) | х | х | |
Қысқа мерзімді депозиттер (100,000 долл. Аз) | х | х | |
Басқаларында | |||
Тез арадағы еуродоллар депозиттер | х | х | |
Ақша
нарығындағы өзара қордағы |
х | х | |
Коммерциялық банктерде | |||
Ұзақ мерзімді депозиттер | х | ||
Қайта сатып алу мерзімі | х | ||
Үнемдеу мекемелерінде | |||
Ұзақ мерзімді депозиттер | х | ||
Қайта сатып алу мерзімі | х | ||
1988 ж. Желтоқсанда жалпы айналымға миллиард. долл. - мен | 790 | 3,069 | 3,919 |
2.2. Ақша табысының жылдамдығы мен сандық теориясы.
Ақша табысының жылдамдығы дегеніміз – ақша қорының жыл сайын айналымда болып, жылдық табысты қаржыландыратын уақыт мөлшері. Ол ЖҰӨ - нің ақша қорының коэффициентіне тең.
Табыс жылдамдығы былай аяқталады:
V=YN / M
Яғни,
ол – номиналды табыс
M X V = P X Y
Сандық теория
Соңғы теңдеу сан теңдеуі болып саналады, ол баға деңгейі мен өнім деңгейін ақша қорына қосады. Сан теңдеуі біртіндеп ақшаның сандық теориясы деп аталады. Бұл жерде V – табыс жылдамдығы және Y - өнім деңгейі тұрақты болады. Нақты өнімнің тұрақты болуы экономикалық жұмыспен толық қамтамасыз етілуіне байланысты. Егер V мен Y тұрақты болса, онда баға деңгейі ақша қорына пропорционалды болады. Сонымен, классикалық сандық теория - инфляция теориясы болып саналады. Және ол баға деңгейі ақша қорына пропорционалды екенін дәлелдейді:
P = V X M / Y
Жылдамдық және саясат
Саясатта
жылдамдыққа дұрыс мән
YN= M х V
Берілген номиналды ақша қоры мен жылдамдық арқылы ЖҰӨ - нің номиналды деңгейін білеміз. Бұдан ары, егер жылдамдық тұрақты болса, ақша ұсынымындағы өзгеріс номиналды табыстағы өзгерістерге пропорционалды болады. Ақша қорына әсер ете алмаған кез келген саясат, соның ішінде фискальды саясат табыс деңгейіне әсер ете алмайды.
Тұрақты жылдамдық туралы мәселе қозғалғанда ақша сұранымы да ескеріледі. Жылдамдық түсінігі өте маңызды, себебі ол – ақша сұранымы туралы әңгімелеудің ыңғайлы жолы.
M /P = L (i, Y).
Мәлімет көрсетіші
Төмендегі кестеде 1982 жылы сағат 1,00 – де белгіленген PGNP – ЖҰӨ - нің дефляторы, OWN – М2 – ден түскен табыс мөлшері, СОММ (айналымдағы кредит-ақша іс-қағазының мөлшері) – бағалы қағаздар немесе іс-қағаздар мөлшері.
Кесте
– 2
М1 | М2 | PGNP | V1 | V2 | OWN | COMM | |
1960 | 141.963 | 310.967 | 0.309 | 3.673 | 1.694 | 1.393 | 3.733 |
1961 | 146.033 | 333.400 | 0.313 | 3.371 | 1.644 | 1.550 | 2.811 |
1962 | 148.667 | 359.967 | 0.319 | 3.922 | 1.640 | 2.100 | 3.124 |
1963 | 154.633 | 391.100 | 0.324 | 4.019 | 1.599 | 2.342 | 3.420 |
1964 | 161.433 | 422.100 | 0.329 | 4.144 | 1.586 | 2.505 | 3.894 |
1965 | 168.533 | 456.067 | 0.338 | 4.312 | 1.593 | 2.670 | 4.281 |
1966 | 173.233 | 477.867 | 0.350 | 4.514 | 1.638 | 2.720 | 5.481 |
1967 | 184.300 | 521.367 | 0.360 | 4.593 | 1.622 | 2.793 | 5.032 |
1968 | 197.833 | 562.200 | 0.377 | 4.694 | 1.638 | 2.853 | 5.842 |
1969 | 205.467 | 586.800 | 0.398 | 4.784 | 1.665 | 3.130 | 7.831 |
1970 | 215.800 | 622.733 | 0.420 | 4.855 | 1.684 | 3.163 | 7.714 |
1971 | 230.233 | 706.667 | 0.444 | 4.940 | 1.632 | 3.248 | 5.045 |
1972 | 249.600 | 797.100 | 0.465 | 5.071 | 1.594 | 4.023 | 4.633 |
1973 | 263.967 | 854.633 | 0.496 | 5.300 | 1.626 | 4.485 | 8.023 |
1974 | 273.500 | 904.700 | 0.540 | 5.469 | 1.661 | 3.938 | 10.152 |
1975 | 286.900 | 1.014.267 | 0.593 | 5.677 | 1.648 | 4.138 | 6.235 |
1976 | 304.400 | 1.149.500 | 0.630 | 5.997 | 1.627 | 4.658 | 5.236 |
1977 | 329.467 | 1.278.400 | 0.673 | 6.217 | 1.613 | 5.930 | 5.542 |
1978 | 356.467 | 1.380.500 | 0.722 | 6.492 | 1.679 | 7.080 | 7.942 |
1979 | 384.067 | 1.493.733 | 0.786 | 6.725 | 1.729 | 8.978 | 10.920 |
1980 | 412.700 | 1.627.367 | 0.857 | 6.889 | 1.743 | 7.965 | 12.658 |
1981 | 434.367 | 1.778.133 | 0.939 | 7.181 | 1.780 | 6.575 | 15.352 |
1982 | 471.900 | 1.939.400 | 1.000 | 6.990 | 1.690 | 7.413 | 8.878 |
1983 | 520.100 | 2.174.800 | 1.038 | 6.768 | 1.615 | 6.165 | 10.097 |
1984 | 547.667 | 2.342.600 | 1.077 | 7.005 | 1.657 | 5.160 | 7.954 |
1985 | 613.567 | 2.550.967 | 1.110 | 6.843 | 1.619 | 4.865 | 6.495 |
1986 | 709.500 | 2.788.300 | 1.140 | 6.370 | 1.579 | 5.300 | 6.681 |
1987 | 754.500 | 2.905.767 | 1.177 | 6.081 | 1.619 | 6.592 | 6.243 |
1988 | 787.467 | 3.056.900 | 1.217 | 6.268 | 1.619 | 6.254 | 7.656 |
Информация о работе Ақша сұранымы мен ақша табысының жылдамдығының түсініктері