Ақша-несие саяасатының теориялық негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 21:53, реферат

Описание

Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға өтуге байланысты елдің экономикасында, сондай-ақ тұтастай алғанда халық шаруашылығының барлық салаларында терең әрі ауқымды өзгерістер көрініс тапты. Яғни екі деңгейлі банк жүйесінің қалыптасуы және сыртқы экономикалық іс-әрекеттердің либерализациялануы көптеген ірі және шағын экспортерлар мен импортерлардың пайда болуына, сондай-ақ жекешелендірудің нәтижесінде коммерциялық шаруашылықтардың жеке объектілерімен қоса ірі өндірістік кәсіпорындар жеке меншікке иелігіне өтті.
Экономикадағы өзгерістердің оң нәтижелерімен қатар кері нәтижелері де болып отырды. Яғни ұлттық экономиканың құрылымдарындағы ірі диспропорциялар, шаруашылық байланыстардың тоқтауы, инфляция, “көлеңкелі экономика” масштабының өсуі т. б.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3
1. Ақша-несие саяасатының теориялық негізі .................................................5
2. Ақша-несие саясатының жүзеге асыру бағыты...........................................13
Қорытынды.........................................................................................................18
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................20

Работа состоит из  1 файл

А_ша несие саясаты 26.doc

— 150.00 Кб (Скачать документ)

Резервтік талаптар нормасының өзгеруі  несиелік мекемелердің рентабельділігіне әсер етеді. Өйткені, резервтік талаптардың өсуі пайданы толық ала алмауға әкеп соқтырады. Сондықтан, көптеген батыс экономисттернің пікірі бойынша бұл әдіс өте тиімді антиинфляциялық құралғы болып табылады.

Бұл әдістің жетіспеушілігі кейбір мекемелердің, әсіресе шамалы депозиті бар мамандалған банкілер көп ресурсы бар коммерциялық банкілерге қарағанда артықшылықты жағдайда болады.

Соңғы он-жиырма жыл ішінде бұл  ақша-несиелік реттеу әдісінің ролі төмендеп кеткен еді. Бұған факт батыс елдеріндегі резервтік талаптар нормаларының төмендеуі, тіпті оның кейбір депозиттер бойынша алынып тасалуы да көрініп жүр.

Ақша резервтерінің нормасының төмендеуі ақша мультипликаторының өсуіне әкеледі, демек ақша массасының өсуіне де әкеледі. Егер орталық банк резервтік талаптар нормасын өсірсе, онда бұл банкілердің артық резервтерінің азайюына және ақша ұсынысының мультипликациялық азайюына әкеледі.

Монетарлы саясаттың бұл құралы өте күшті болып табылады, өйткені  ол банкілік жүйенің барлық мәселесін  қозғайды. Ол өте күшті әдіс болғандықтан оны ашық нарықтағы операциялар сияқты күнде бір рет емес, он жылда бір рет пайдаланады.

б) Коммерциялық банкілерді қайта қаржыландыру

“Қайта қаржыландыру” термині  орталық банкіден несие мекемелерінің  ақша қаражаттарын алуы деген мағынаны білдіреді. Орталық банк коммерциялық банкілерге несие бере алады, сонымен қатар олардың портфеліндегі бағалы қағаздырды (көбінесе вексельдерді) қайта есептей алады.

Қайта қаржыландыру саясаты арқылы ақша нарығы мен капитал нарығына әсер ете алады. Вексельдер қайта дисконттау мөлшерімен есептеледі. Бұл мөлшерді тағы да ресми дисконттық мөлшер деп атайды, бұның қайта қаржыландыру мөлшерінен айырмашылығы оның  мөлшері аз болады.

Орталық банкі қайта қаржыландыру мөлшерін өсірсе, коммерциялық банкілер қарыз алушыларға беретін несие бойынша мөлшерді өсіріп өзінің шығындарын компенсациялайды. Яғни, Есептік (қайта қаржыландыру) мөлшердің өзгеруі коммерциялық банкілердің несие мөлшерінің өзгеруіне тікелей әсер етеді. Бұл орталық банкілердің ең басты мақсаты болып табылады.

Ақща-несие саясатын жүргізгенде  қайта қаржыландыру әдісін қолданудың кемшілігі бұл тек коммерциялық банкілерге ғана қатысы бар. Егер қайта  қаржыландыру аз пайдаланылатын болса  онды бұл әдіс өзінің тиімділігін  толық жоғалтады.

Қайта қаржыландыру мен қайта дисконттау ресми мөлшерін белгілеуден басқа орталық банк ломбардтық несие бойынша пайыздық мөлшер белгілейді, яғни бағалы қағаздарды кепілдікке қойып берілетін несие бойынша пайыздық мөлшер. Кепілдікке жоғары өтімділігі бар бағалы қағаздар: мемлекеттік бағалы қағаздар, алдыңғы қатарлы саудалық вексельдер, банкілік акцептілер жатады.

Орталық банкі есептік мөлшер саясатын (оны тағы дисконттық саясат деп  атайды) ақырғы қарыз беруші ретінде  жасайды. Ол ссудаларды қаржылық жағынан  тұрақты банкілерге береді. Кей уақытта қаржылық қиыншылық көріп жатқан банкілерге балансын дұрыстау үшін де беріледі.

Орталық банкі ссуданы бере отырып коммерциялық банкінің қорларын көбейтеді, демек оның несие беру қабілеттілігін де жоғарылатады. Банк ссуданы ала отырып мемлекеттік бағалы қағаздарменен қамтамасыз етілген өз атына жазылған қарыздық міндеттемені орталық банкіге аударады.

Ұлттық банк қайта есептеуге  қатысты вексельдер сапасына қоятын талаптары заңменен бекітіледі. Есептеуге  өтемділік мерзімі 6 айдан көп емес вексельдер, алдыңғы қатарлы эмитенттердің вексельдері, іс жүзіндегі вексельдер, төлеу орны Қазақстан Республикасының территориясындағы банкілер болып көрсетілген вексельдер қабылданады.

в) Ашық нарықтағы операциялар

Бұл әдіс орталық банкінің банкілік жүйеде бағалы қағаздарды сатып алу- сату операцияларын жүргізуді білдіреді. Коммерциялық банкілерден бағалы қағаздарды сатып алу коммерциялық банкілердің қаражаттарын ұлғайтып, олардың несие беру қаілеттілігін жоғарылатады, және керісінше. Орталық банкілер бұл операцияларды өте жиі пайдаланады.

Орталық банк коммерциялық банкілерге бағалы қағаздарды нарықтық бағаларменен сатуға, сонан соң 4-8 аптадан кейін  қайта сатып алуға ұсыныс жасайды. Коммерциялық банкілер бұл операциядан  пайыздық төлемдер алады.

Орталық банкінің бағалы қағаздармен  нарықтық операцияларды жүргізу  формаларына байланысты тіке және керісінше  болып бөлінеді. Тіке операция дегеніміз  қарапайым сатып алу-сату операциясы, ал кері операция бағалы қағаздарды сатып  алып-сатып алдын ала белгіленген бағам бойынша міндетті түрде кері сатып алып-сату болып табылады. Кері операциялардың икемділігі, оның жұмсақ әсері бұл құралға атақ береді.

Ақша-несие реттеудің әдісі ретінде  ашық нарықтағы операциялар алдыңғы  екеуінен қатты айырмашылығы бар. Ең басты айырмашылығы - өте жұмсақ реттеді қолдану, өйткені бағалы қағаздарды сатып алу көлемі, сонымен қатар қолданатын пайыздық мөлшері орталық банкі саясатының бағытына қарай күнде өзгеруі мүмкін.

Ашық нарықта бағалы қағаздарменен  операциялар Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының аз дамыған құралы ретінде танылады. Өйткені елімізде бағалы қағаздар нарығы дамымаған болып отыр. Ұлттық банкінің қазіргі кездегі мақсаты инвесторларды мемлекеттік бағалы қағаздарға деген сенімін жоғарылату болып табылады.

г) Ақша-несие саласын  реттеудің басқа да әдістері

Экономикалық әдістермен қатар  орталық банк коммерциялық банкілердің  іс-әрекетін реттей отырып әкімшілік  әдістерді де қолданады. Мысалға  несие көлемін шектеу.

Бұл әдіс ақша-несиелік реттеу берілген несие сомасын көлемдік шектеу болып табылады. Бұл банкілердің ісіне тікелей әсер ету болып табылады. Мұндай несиелік шектеулер қарыз алушы мекемелерді теңсіз жағдайға әкеп соқтырады. Банкілер алдымен өзінің ірі фирмаларына несие беріп алып, кіші және орта мекемелері несиесіз қалып осы саясаттың құрбанына айналады. Сөйтіп елдегі бизнес іскерлігінің азайюына әкеледі.

Сонымен қатар орталық банк әртүрлі  нормативтер орната алады, оларды коммерциялық банк қажетті деңгейде ұстап тұруы  қажет болады. Оларға коммерциялық банкінің капиталдың жеткілікті норативі, баланс ликвидтілігінің нормативі, бір қарыз алушыға санағандағы қауіп-қатердің максималды мөлшерінің нормативі және тағы басқа толықтырылатын нормативтер жатады.

Мемлекет орталық банкі кейпінде саяси мәлімдемелер жасайды, ол банкирлердің азаматтық парызына өтініш жасайды. Кейде бұл мәлімдемелер белгілі бір әсер береді. Бірақ ең күшті құрал болып табылатын қауесеттер. Елдің хал-ахуалы тұрақсыз жағдайда бұл қауесеттер халықтың санасына қатты әсер етеді.

 

 

 

 

 

                                  Қорытынды

 

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік  алғанынан бері Ұлттық Банкінің ақша-несие  саясатын жүргізуде өте қиын жолдардан  өтті, алайда осы жүргізген тиімді саясатының арқасында еліміз қысқа  уақыт мерзімде экономиканың құлдырау кезеңінен шыға алды десек те болады. Осы ақша-несие саясатының тарихын ескере отырып, негізгі принциптерін қолдана отырып тиімді басқару көптеген мәселелерді талқылауды қажет етеді.

Ақша-несие саясаты – монетаризм принциптеріне негізделіп фискалды саясатты толықтыра жүргізіліп экономикалық коньюнктураның жіңішке бағдаршысы болып табылады. Ақша-несие саясаты коммерциялық банкілерге тек жанама әсер ете алады және оларды несиелерін тікелей ұлғайту немесе азайтқыза алмайды.

Ақша-несие саясатын  негіздеу, оның стратегиясы мен тактикасын анықтау ең алдымен теориялық принциптердің айқындалуын және оның ішкі механизмдерінің ашылғанын талап етеді.

Ақша-несие саясатының негізгі  тартушысы елдің орталық банкі  екені түсінікті, ол қазіргі уақытта  ақша-несиелік реттеудің төрт негізгі құралын өте белсенді пайдаланады: олар коммерциялық банкілерді қайта қаржыландыру көлемін реттеу, резервтік талаптар саясаты, ашық нарықтағы операциялар және несиелеуді шектеу.

Ақша-несие саясаты экономикалық саясаттың тек бір элементі болып келеді. Демек, оның стратегиялық мақсаттары елдің жоғарғы органдарымен анықталатын глобальды стратегияның бір бөлімі болып келеді. Жүйенің бір элементі болып ақша-несие саясаты тек қана анықталған жалпы мақсатқа жетуге жағдай жасайды. Өз алдына ол қажетті нәтижелерге жеткізуге мүмкіндігі жоқ.

 

Ақша-несие саясатының теориясы бойынша жүйелі түрде екі  ірі мектепті бөліп көрсеткені өзімізге белгілі – кейнсиандық және монетарлық мектептер. Егер де кейнсиандықтар ақша - несие саясатын рольді бюджеттіктердің пайдасына, немесе табыстардың үстінен бақылауға беретін болса, онда монетаристтер ақша-несие саясатын жоғары бағалауды нақты қолдайды. Олардың арасындағы келіспеушілік әртүрлі методологиямен шартталған – біріншілері саясаттың әрбір жеке оқиға негізінде тиімділігі туралы айтса, екіншілері – барлық нәтижелер кешенінің негізіндегі тиімділік туралы айтады.

Қазіргі ақша-несие саясаты  көбінесе “ағымға қарсы жүзуді”  көрсететін сияқты, ол депрессия кезінде  іскерлік белсенділікті жандандыруға және коньюнктураның қызуын болдыртпау үшін экономикалық өсуді тұрақтандыруға бағытталады.

Осы мақсаттарға жету үшін ақша-несие  саясатының құралдарын пайдалану жеткілікті түрде өте жылдам нәтижелер береді. Алайда бұл нәтижелерді ешкім алдын-ала кепілдей алмайды, өйткені коммерциялық банкілердің қосымша резервтерінен босау кезінде ешкім оларды осы резервтерді қарыз беру үшін күштей алмайды.

Банкілік секторды қарастырғанда, монетарлық саясатты табысты орындау  мақсатында жаңа банкілерді, олардың  барлық деңгейдегі филиалдары мен бөлімдерін жасау, экономикалық мақсаттылық және нәтижелілік принцибімен банкілік қызмет бағыттарын таңдау, ерекше экономикалық әдістермен банкілердің мінез-құлқын реттеуді қамсыздандыру процесі демократизациялануға  тиісті. Екі деңгейлік құрылымның нәтижелі жұмыс жасауына сенімді кепіл пассивтер, клиентура, қорлардың пайдалы орналастырылуы үшін бәсекелес шарттарының теңдігі болып табылады. Орталық банкі бірыңғай ақша-несие саясатын жасап, ақша айналымын және екінші деңгей банкілерінің қызметін белгілі дүниежүзілік тәжірибедегі әдістердің көмегімен реттейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. “Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы” заңы, 30.03.95ж.
  2. “Банк және банк қызметі туралы” заңы, 31.08.95ж.
  3. Указ Президента РК об утверждений отчета НацБанка РК за 2005 год.
  4. Постановление Правления Национального Банка РК № 518 от 8 декабря 2003 г.
  5. Постановление Совета Директоров Национального Банка РК от 30.01.03г.№ 58.
  6. Постановление Правительства Республики Казахстан от 26.12.05г. № 1370.
  7. Постановление Правления Национального Банка РК 3 августа 2004 года № 300 «Об утверждении Правил о минимальных резервных требованиях».
  8. Дж. Доллан, Колин Д.Кэмпбелл, Розмари Дж. Кэмпбелл, «Деньги. банковское дело и денежно-кредитная политика». Москва–Санкт-Петербург 1993г.
  9. Ұлттық Банкінің жылдық есеп беруі (2004-2005 жылдар).
  10. Б.К. Иришев «Денежно-кредитная политика: концепция и механизм» , Алматы, «Ғылым», 1990г.



Информация о работе Ақша-несие саяасатының теориялық негізі