Ақша-несие саясаты – мемлекеттің экономикалық саясатың құрамдас бөлігі

Автор работы: l**********@gmail.com, 28 Ноября 2011 в 18:44, реферат

Описание

Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға өтуге байланысты елдің экономикасында, сондай-ақ тұтастай алғанда халық шаруашылығының барлық салаларында терең әрі ауқымды өзгерістер көрініс тапты. Яғни екі деңгейлі банк жүйесінің қалыптасуы және сыртқы экономикалық іс-әрекеттердің либерализациялануы көптеген ірі және шағын экспортерлар мен импортерлардың пайда болуына, сондай-ақ жекешелендірудің нәтижесінде коммерциялық шаруашылықтардың жеке объектілерімен қоса ірі өндірістік кәсіпорындар жеке меншікке иелігіне өтті.

Содержание

Кіріспе
І. Ақша-несие саясаты – мемлекеттің экономикалық саясатың құрамдас бөлігі.

1.1. Ақша-несие саясатының мәні, мақсаттары және институционалдық негізі
1.2. Ақша-несие саяасатының теориялық негізі
1.3. Ақша-несие саясатын жүзеге асырудың құралдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Акша несие саясаты doc.doc

— 191.00 Кб (Скачать документ)

     Ақша-несие  саясаты мен бюджеттік саясаттың  салыстырмалы тиімділігін талқылау әлі біткен жоқ. Хикс-Ханс моделінің концептуалды жоспары бұл проблема үшін жеткіліксіз болды. Сондықтан К. Бруннер мен Х. Мелцер ықтимал ауыстырулар кешенін құрастырып оны жалпы модельменен ауыстыруды ұсынды: ақшалар, бағалы қағаздар немесе ақша еместік қаржы активтері мен нақты капитал арасында.

     Болашақ дискуссиялар үшін ең қолайлы жоспар құрайтын бұл әрекет екі қысқаша  пікір тудыртады. Бұл авторлар өзінің анализін “монетаристтік” сияқты көрсетеді. Шынында да Дж. Тобин сияқты кейнсиандықтардың жұмыстарына  өте жақын болып табылады, анализде кейбір келісімдікке қамтамасыз етеді. Бірақ ақша-несие саясатының және бюджеттік саясатының салыстырмалы тиімділігінің қорытындылары әлі екі түрлі болып табылады. Ақша массасы мен мемлекеттік қарыздың өзгерісінің экономикалық белсенділік пен бағалардың жалпы деңгейіне әсері ақшалардың, облигациялардың және құндылықтардың мінез-құлығының өзара ауыспалдылығына біршама тәуелді болады. Бұдан монетаристтер мен кейнсиандықтардың арасындағы дау теориялыққа қарағанда эмпирикалық болып табылады.

     Кейнсиандықтар  бюджеттік саясаттың жалпы сұранысқа  әсерін зерттейді және содан оның тиімділігін ақша-несие саясатының тиімділігімен салыстырады. Алйда, Лаффердің теорисы бойынша бюджеттік  саясат, әсіресе салықтық саясат тек  қана жалпы сұранысқа ғана әсер етпейді, сонымен қатар жалпы ұсынысқа әсер етеді. Американдық экономисттердің пікірі бойынша тым қатты салықтық қысым жұмыс істеуге, өндіруге, капиталды орналастыру мақсатымен үнемдеуге ұмтылысты төмендетеді. Бұл жағдайда стагфляциямен күресетін әдіс салық қысымын төмендету болуы мүмкін. Осы жаңа доктрина “рейганомиканың негізіне салынған еді. Егер де салық салудың азайтылуы мемлекеттік шығындарды төмендетумен бірге қамсыздандырылмаса, онда нәтижесінде мемлекеттік бюджеттің дефициті өсіп, пайыздық ставка өсіп, артынан жеке капиталдың “шектету эффектісі” мен экономикада бәсеңделген қозғалыс болады.Тек экспансиялық ақша-несие саясаты ғана пайыздық ставканың өсімін уақытша тоқтататын еді, бірақ бұл саясат инфляцияны тудыртып, теоретиктердің “жаңа бағдарламасын” іс жүзінде қарапайым неокейнсиандық экономиканы көтеру саясатына айналдыратын еді. Ақша-несие саясаты мен бюджеттік саясатының тиімділігі туралы дау сыртқы экономикалық фактордың әсерінің күшейюімен байланысты жаңа мәнге ие болды: енді анализге тек валюталық бағамның өзгерісі ғана емес, сонымен қатар сауда балансының жалпы сұранысқа әсері де енеді. Сонымен қоса анализдің сыртқы нарыққа ашық экономикаға таралуы екі мектептің де хал-ахуалына өзгеріс енгізбейді.

     Сөйтіп, даудың негізгі тақырыбы – ақша-несие  саясаты ман бюджеттік саясатты салыстыру туралы айтатын болсақ, ең тиімдісі екі іс-әрекетті өзінде сәйкесендіретін болып табылады. Мемлекеттік қаржылардың ірі дефицитімен бірге жүретін шектеуші ақша-несие саясаты осы дефицитті қаржыландыру проблемасымен соқтығысуы мүмкін. Керісінше, экономика депрессия жағдайында болса ақшалы экспансия саясаты мемлекеттік бюджеттің ұлғайюымен сәйкес келе алмайды. Сонымен қоса көп жағдайда экономиканың ішкі және сыртқы тепе-теңдікті талап еткені бір бағытқа ұмтылған, өйткені инфляция кезіндегі экономикаға сыртқы дефицит әрекеттенеді, және керісінше. 

     Екі мектептің арасындағы күрес айқындалмаған  ақша-несие саясатының дамуына әкеліп соқтырды. Әрине ақша-несие саясаты  экономикалық процесстерді реттецтін  экономикалық саясаттың тек бір ғана инструменті болып табылмайды, бірақ та нарықтық экономиканың әлсіздігі кезінде нақты ақша-несие саясатының жоқ болуы үлкен жауапкершілікке әкеледі. Қазіргі кезде мемлекеттік органдар екі мектептің ілімін қосып тиімді, бір-біріне демеу болатын ақша-несие саясатын қолдануы аса пайдалырақ болуы мүмкін.

               1.3. Ақша-несие саясатын жүзеге асырудың құралдары

   Ақша-кредит саясатының құралдары. Ұлттық Банк инфляция бойынша мақсаттарға қол жеткізу үшін негізгілері қысқа мерзімді ноталар шығару, банктердің депозиттерін тарту, ашық рынок операцияларын жүргізу, сондай-ақ ең төменгі резервтік талаптар тетігі болатын артық өтімділікті алу бойынша операциялар жүргізді. Ақша базасының деңгейі жедел көрсеткіштердің бірі болып қалуда.

     Ақша-несие  саясатының құралдары туралы айтпас бұрын оның реттеу механизмдерін айта кеткен жөн. Орталық банкінің өзінің саясатында қолданатын құралдары тікелей және жанама деп бөліп көрсетуге болады. Тікелей дегеніміз орталық банкінің өзінің іс-әрекеттерін административті-нормативтік өкілеттігімен орындауы, ал жанама дегеніміз ақша нарығының хал-ахуалына ақшаның эмитенті ретінде әсер ету болып табылады.

     Ақша-несие  реттеудің тікелей мен жанама құралдарының арасындағы айырмашылық  екі жақтан қарастырылуына болады. Тікелей құралдар тауарлардың бағаларын немесе көлемін орнату немесе шектеуді қарастырады, ал жанама нарық арқылы әсер етеді және сұраныс пен ұсынысқа әсер етеді.

     Тікелей құралдар негізінен несиелік лимиттер түрінде коммерциялық банкілердің  балансына қатысты қолданылады, ал жанама құралдар орталық банкі балансының хал-ахуалын жақсарту үшін қолданылады.

     Тікелей құралдар өтпелі кезеңде, ақша нарығының  әлсіз кезеңінде қолданған тиімді болып табылады. Жанама құралдарды қолдану ақша қаражаттарының несие-қаржылық институттарынан қарыз капиталының ұйымдастырылмаған нарығына ағуын тоқтатады. Орталық банк жанама құралдарды қолдана отырып резервтік қорлардың ұсынысын анықтай алады, сонан соң ұсыныс пен сұранысты резервтік қорлардың қалдықтарына теңестіре отырып банктердегі ликвидті қаражаттарға ықпал етеді, сөйтіп банктік және банкаралық ақша нарықтарындағы пайыздық ставкаларды өзгертеді. 

      Енді орталық банкінің коммерциялық  банктерге қатысты өзінің жүргізетін  саясатына көмекші болатын негізгі  құралдарды қарастырайық. Оларға  ең алдымен қайта қаржыландыру мөлшерінің өзгеруі, резервтік талаптар нормаларының өзгеруі, ашық нарықта бағалы қағаздармен және шетелдік валютамен операциялары, сонымен қатар қатаң әкімшілік шаралары жатады.

     а) Резервтік талаптар саясаты.

            Қазақстан Ұлттық Банкi банктердiң депозиттерi мен заемдары бойынша сыйақы көлемдерi мен ставкаларын реттеу мақсатында ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн пайдаланады. 
      Қазақстан Ұлттық Банкi ең төменгі резервтiк талаптардың нормативтерiн банктер мiндеттемелерi сомасының процентi ретiнде есептейдi. 
      Банктердiң есеп айырысу үшiн қабылданатын мiндеттемелерiнiң құрылымын, ең төменгі резервтiк талаптарды орындау шарттарын және оларды резервтеу тәртiбiн, сондай-ақ ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн Қазақстан Ұлттық Банкi белгiлейдi. 
      Ең төменгі резервтiк талаптардың нормативтерiн өзгерту осындай шешiм қабылданған күннен бастап бiр айдан ерте қолданысқа енгiзiлмейдi. 
      Ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерi бұзылған кезде банктер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады. 
      Қазақстан Ұлттық Банкi тарату комиссиясының төрағасы тағайындалған күннен бастап банктің тарату комиссиясына өзiнде резервтелген қаражатты он күндiк мерзiмде қайтарады. 
 Қазіргі кезде минималды резервтік талаптар – бұл барлық несие мекемелерінде болуы қажет өте ликвидті активтер болып табылады, әрине міндетті түрде олар банктердің кассаларында қолма-қол ақша түрінде, немесе орталық банкіде депозит түрінде, немесе орталық банкі белгілейтін жоғары ликвидті формаларында сақталынады. Резервтік талаптардың нормативі өз алдына заңдық ретте минималды резервтер сомасының пассивті (депозиттердің) немесе активті (несиелік салымдардың) операциялардың абсолютті (көлемді) немесе салыстырмалы (өсімше) көрсеткіштеріне пайыздық қатынасын көрсетеді. Нормативтерді қолдану тоталды (барлық міндеттемелер мен ссудалардың сомасына белгілеу) және селективті (олардың белгілі бір бөлігіне) ықпал ету сипаттамалары бар.

     Минималды резервтер екі негізгі қызметті орындайды.

     Біріншіден, олар ликвидті резервтер ретінде коммерциялық банкілер клиенттерінің депозиттері бойынша міндеттемелерді қамтамасыз етеді. Орталық банк резервтік талаптар нормасының мерзімді өзгеруімен коммерциялық банкілердің ликвидті дәрежесін экономикалық жағдайға байланысты минималды мүмкін деңгейде сақтайды.

     Екіншіден, минималды резервтер орталық  банкінің елдегі ақша массасының көлемін  реттеу үшін қолданатын құралы болып  табылады. Орталық банк резервтік  қаражаттар нормативінің өзгеруі арқылы коммерциялық банкілердің активті операциялар мөлшерін (негізінен олардың беретін несие көлемін) ретейді, сол арқылы олардың депозиттік эмиссиясының жасалуын да реттейді. Несиелік институттар орталық банкіде өздерінің резервтік талаптары белгіленген нормативтен асатын болса ссудалық операцияларды кеңейте алады. Айналыстағы  ақша массасы (қолма-қол және қолма-қолсыз) қажетті тұтынуды асып кететін болса, орталық банк ақша аудару нормативін көбейту жолымен несиелік рестрикция саясатын жүргізеді, яғни орталық банкіде қаражаттарды резервтеу пайызын көбейту. Сөйтіп ол банктердің активті операцияларының көлемін азайтуға мәжбүрлейді.

     Резервтік талаптар нормасының өзгеруі несиелік мекемелердің рентабельділігіне әсер етеді. Өйткені, резервтік талаптардың  өсуі пайданы толық ала алмауға  әкеп соқтырады. Сондықтан, көптеген батыс экономисттернің пікірі бойынша бұл әдіс өте тиімді антиинфляциялық құралғы болып табылады.

     Бұл әдістің жетіспеушілігі кейбір мекемелердің, әсіресе шамалы депозиті бар мамандалған  банкілер көп ресурсы бар коммерциялық банкілерге қарағанда артықшылықты жағдайда болады.

     Соңғы он-жиырма жыл ішінде бұл ақша-несиелік реттеу әдісінің ролі төмендеп кеткен еді. Бұған факт батыс елдеріндегі  резервтік талаптар нормаларының төмендеуі, тіпті оның кейбір депозиттер бойынша  алынып тасалуы да көрініп жүр.

     Ақша  резервтерінің нормасының төмендеуі  ақша мультипликаторының өсуіне әкеледі, демек ақша массасының өсуіне де әкеледі. Егер орталық банк резервтік талаптар нормасын өсірсе, онда бұл банкілердің  артық резервтерінің азайюына және ақша ұсынысының мультипликациялық азайюына әкеледі.

     Монетарлы саясаттың бұл құралы өте күшті  болып табылады, өйткені ол банкілік жүйенің барлық мәселесін қозғайды. Ол өте күшті әдіс болғандықтан оны  ашық нарықтағы операциялар сияқты күнде бір рет емес, он жылда бір рет пайдаланады.

     б) Коммерциялық банкілерді қайта қаржыландыру

     “Қайта  қаржыландыру” термині орталық  банкіден несие мекемелерінің ақша қаражаттарын алуы деген мағынаны білдіреді. Орталық банк коммерциялық банкілерге несие бере алады, сонымен қатар  олардың портфеліндегі бағалы қағаздырды (көбінесе вексельдерді) қайта есептей алады.

     Қайта қаржыландыру саясаты арқылы ақша нарығы мен капитал нарығына әсер ете  алады. Вексельдер қайта дисконттау мөлшерімен есептеледі. Бұл мөлшерді тағы да ресми дисконттық мөлшер деп атайды, бұның қайта қаржыландыру мөлшерінен айырмашылығы оның  мөлшері аз болады.

     Орталық банкі қайта қаржыландыру мөлшерін өсірсе, коммерциялық банкілер қарыз  алушыларға беретін несие бойынша  мөлшерді өсіріп өзінің шығындарын компенсациялайды. Яғни, Есептік (қайта қаржыландыру) мөлшердің өзгеруі коммерциялық банкілердің несие мөлшерінің өзгеруіне тікелей әсер етеді. Бұл орталық банкілердің ең басты мақсаты болып табылады.

     Ақща-несие  саясатын жүргізгенде қайта қаржыландыру әдісін қолданудың кемшілігі бұл тек коммерциялық банкілерге ғана қатысы бар. Егер қайта қаржыландыру аз пайдаланылатын болса онды бұл әдіс өзінің тиімділігін толық жоғалтады.

     Қайта қаржыландыру мен қайта дисконттау ресми мөлшерін белгілеуден басқа  орталық банк ломбардтық несие бойынша пайыздық мөлшер белгілейді, яғни бағалы қағаздарды кепілдікке қойып берілетін несие бойынша пайыздық мөлшер. Кепілдікке жоғары өтімділігі бар бағалы қағаздар: мемлекеттік бағалы қағаздар, алдыңғы қатарлы саудалық вексельдер, банкілік акцептілер жатады.

     Орталық банкі есептік мөлшер саясатын (оны  тағы дисконттық саясат деп атайды) ақырғы қарыз беруші ретінде жасайды. Ол ссудаларды қаржылық жағынан тұрақты  банкілерге береді. Кей уақытта қаржылық қиыншылық көріп жатқан банкілерге балансын дұрыстау үшін де беріледі.

     Орталық банкі ссуданы бере отырып коммерциялық банкінің қорларын көбейтеді, демек  оның несие беру қабілеттілігін де жоғарылатады. Банк ссуданы ала отырып мемлекеттік бағалы қағаздарменен  қамтамасыз етілген өз атына жазылған қарыздық міндеттемені орталық банкіге аударады.

     Ұлттық  банк қайта есептеуге қатысты  вексельдер сапасына қоятын талаптары  заңменен бекітіледі. Есептеуге өтемділік  мерзімі 6 айдан көп емес вексельдер, алдыңғы қатарлы эмитенттердің  вексельдері, іс жүзіндегі вексельдер, төлеу орны Қазақстан Республикасының территориясындағы банкілер болып көрсетілген вексельдер қабылданады.

Информация о работе Ақша-несие саясаты – мемлекеттің экономикалық саясатың құрамдас бөлігі