Ақшаның қажеттілігі,пайда болуы және мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 15:12, курсовая работа

Описание

Ақша жүйесі және оның түсінігі туралы тақырыптың негізгі бөлімінің бірінші бөлігінде,ең алдымен ақшаның түсінігі туралы және ақша қай кезден бастап пайда болды деген сұрақтарға жауап береміз.Бұл сұрақтарға қысқаша тоқталатын болсақ,ақша-бұл барлық өндірістік қатынастардың жиынтығының маңызды буыны және онсыз тауар өндірісі өсір сүре алмайтындығы жайлы мәселе.Сонымен қатар ақша қажеттілігіне байланысты ежелгі дәуір кезеңіндегі ірі ойшыл , ғалым К.Маркстің берген түсінігі және одан бөлек Дж. Доланның,Д.Кэмпбеллдің сызбасымен танысамыз.Бұдан басқа ақшаның рационалистік және эволюциялық түрлерімен танысамыз.

Содержание

I Кіріспе
II Негізгі бөлім
2.1.Ақшаның қажеттілігі,пайда болуы және мәні

2.2.Ақша жүйесі,оның элементтері және түрлері

2.3.Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің
құқықтық негіздері
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

акша жуйеси .docx

— 47.75 Кб (Скачать документ)

    Сонымен,ақша жүйесі мемлекеттің ақша айналымының құрылысын білдіреді.және ол әрқашанда ұдайы даму үстінде болатындықтан ақша жүйесінің түрлері өзгеріп отырады.Ақша жүйесін құру формаларындағы принципттік айырмашылықтары металдық айналым жүйесінде және несие мен қағаз ақшаларының айналым жүйесінде жатыр.Тарихи даму кезеңінде металдық айналымда ақша жүйесінің монометаллизм (алтын немесе күміс) және биметаллизм (алтын мен күміс) деп аталатын екі түрлері қалыптасқан.

    Монометаллизм-ақша жүйесі,яғни бір металл жалпыға бірдей балама ретінде әрі бағасы қымбат металдарға айырбасталған монеталар мен белгілерді функциялайтын ақша айналымының негізі ретінде қызмет етеді.Күміс монометаллизмі Ресейде - 1843-1852 жж., Үндістанда - 1852-1893ж.ж., Қытайда - 1935 жылға дейін қолданылды.Ал алтын монометаллизмі алғаш рет Ұлыбританияда 1816 жылы, Германияда - 1871-1873жж., Жапонияда - 1897 ж., АҚШ-та – 1990ж. белгілейді.

    Алтынның құн белгілеріне айырбасталуы сипатына қарай алтын монометаллизмнің үш түрі бөліп көрсетіледі:алтын монета стандартты,алтын құйма стандартты,алтын-девиз стандартты.

    Алтын монеталы стандартты-еркін бәсекелестік кезеңінің талаптарына көп сәйкесіп,өндірістің,несие жүйенің,әлемдік сауды-саттықтың дамуына және капиталдың шетке шығарылуына ықпал етті.оның негізгі белгілеріне мыналар жатады:толық бағалы алтын монета ел ішінде барлық ақша қызметін орындап,айналымда болады.

    Алтын құйма стандарт-оның алтын монеталы стандарттан айырмашылығы бұнда алтын монета айналыста болмайды және оны еркін соғу жойылды.Алтын құймалы стандартта банкнотаның белгілі бір сомасы алтын құймасының белгілі бір салмағына айырбасталады. Мысалы,Ұлыбританияда салмағы 12,4 кг. стандартты құма 1700 фунт стерлингке,ал Францияда 12,7 кг.-21,5 мың франгке теңестіріледі.

    Алтын-девиз стандарт –ол банкноттың девиздерге,яғни белгілі бір шетел валютасына айырбасталатын ақша жүйесі.

    Биметаллизм-баламаның жалпыға бірдей құнының рөлі айналымда болатын екі металл-алтын мен күміске заңмен бекітілген ақша жүйесі.Биметалллизм XVI-XVII ғасырларда кеңінен тараған,ал Батыс Еуропа елдерінде XIX ғасырда пайда болған.Бұл жүйеде алтын мен күміс тең құқықтағы ақша-қос металды валюта,онда екі металдан да кең көлемде монеталар соғылып,айналыста шектеусіз қатар жүрген.Биметаллизмнің үш негізгі түрі болған: қосарлы,екі жақты және «ақсақ» валюта жүйесі.

    Қосарлы валюталар жүйесі –мұнда алтын мен күміс монеталардың арасындағы ара-қатынасы металдың нарықтық құнына сәйкес нарықта берекесіздік түрде белгіленеді.

    Екі жақты валюта жүйесі-металдардың сандық ара-қатынасын мемелкет бекітіп,алтын мен күміс монеталар сол қатынаспен соғылады.

    «Ақсақ» валюта жүйесі-онда алтын мен күміс бірдей негізде заңды төлем құралдары болып табылады.

    *Сонымен,нарығы дамыған мемлекеттердің  ақша жүйесінің мынандай негізгі ерекшеліктері бар:

      • Алтынның демонитизациясы,яғни алтынның ақша бірлігі ретіндегі құрамын алып тастау;
      • Алтынға айырбасталмайтын несие ақшаларына көшу;
      • Ақша айналымында кейбір қағаз ақшалардың сақталуы;
      • Мемлекетті,шаруашылықты несиелеудің тәртібіне байланысты банкноталар шығару;
      • Инфляциялық процестерге әкеп соғаты,нақша жүйесінің қағидаларының бұзылуына байланысты туындайтын ақша айналымын мемлекеттік реттеу.

    Сөйтіп,қазіргі таңда белгілі  бір мемлекеттің ақша жүйесі  өз кезігінде мемлекеттің Ұлттық (Орталық ) банкімін реттеліп отыратын  қағаз-ақша жүйесін айтамыз және  да ол белгілі заңдармен реттеліп  отыратын ,мемлекеттегі ақша айналымын  білдіреді.* [6.43-45-беттер]  

2.3.Қазақстан  Республикасының  ақша жүйесінің  құқықтық негіздері 

   * Негізінен ақша өте көне заманда,тіптен мемлекеттер құрылғанға дейін пайда болғанын білеміз.Ең бірінші төлем құралы ретінде біздің дәуірімізге дейінгі 2000 жылдары Крит аралында (Грекия) жүрген мыстан жасалған «талантты» атауға ие болады.Оның формасы жайып қойған өгіз терісіне ұқсас ,ал салмағы 52 кг. болған.Көне Грекияда талант (талантон) деп өте ірі салмақ бірлігі мен ақша өлшемін айтқан.1 талант – 6000 драхманға тең болған,ал салмағы 26,2 кг.-ға  жеткен.*[13.45-48-беттер]

    Ал жалпы,негізгі қарастыратын тақырыбымыз ақша жүйесінің құқықтық негіздері дегеніміз-еліміздің ақша бірлігін «теңге» және оның құрамын ,ақшалар түрлері мен формаларын ,оларды айналымға шығару және қамтамасыз ету тәртібін,ақша жүйесін және ұлттықвалютаны қорғау шараларынғсондай-ақ еліміздің ақша айналымын ұйымдастырудың негіздерін белгілейтін қаржылық құқықтың жалпы бөлімінің институты.

    Ақша жүйесінің құқықтық негіздері  институтын қарастырған кезде  мемлекеттің (оның мүддесін көздейтін  өкілетті органдардың) валюталар  жөніндегі ерекше құқықтарымен  –валюталық монополиясымен танысамыз.Мұнда  айтатын жай,бұрынғы қалыптасқан  көзқарастар бойынша «мемлекеттің валюталық монополиясы» немесе «валюталық заң шығарушылық негіздері» қаржылық құқықтың ерекше бөліміне кіретін институт ретінде болатын.Бірақ,біз мұндай институттардың қаржылық құқықтың ерекше бөлімінің құрамында жоқ екенін білеміз. Өйткені,біріншіден,мемлекеттің қаржы жүйесі белгілі бір қаржылық-экономикалық институт арқылы көрсетіледі және жаңағыдай ақша қаражаттары қорларын білмейді.Ал ондай экономикалық институт жоқ болса,ерекше бөлімде де ондай құқықтық институтың болмайтыны анық.

    Екіншіден,валюталық монополия барлық  ақша қорларының,яғни барлық қаржылық-экономикалық  институттардың жұмыс істеулеріне  ықпал ететін белгілі бір ережелерді  белгілейді.Ал ондай құқықтық  нормалар қаржылық құқықтың жалпы  бөлімінің институты ретінде  көрсетіледі,ендеше бұл нормалар  қаржылық құқықтың жалпы бөлімінің  төрінен орын алуы керек.

    Үшіншіден,мемлекеттің  валюталық  монопллиясының басты мақсаты-ұлттық  ақша жүйесін қорғау және оның  тұрақтылығын қамтамасыз ету.Демек,валюталық  монополияны ақша жүйесінің элементі  реніде қарастыруға болады.

    Мемлекеттің,мемлекет мүддесін көздейтін  өкілетті органдардың валюта  жүйесіндегі құқықтарын қарастырмастан  бұрын,осы валютаға байланысты  негізгі түсініктерді оқып,білуіміз  қерек.

    *Валюта дегеніміз-заңды төлем  қаражаты ретінде мемелкет қабылдаған әр түрлі ақша біріліктері немесе құнды банкноттар мен тиындар,оның ішінде қымбат металдардан жасалған стандарттар (оларға қоса айналымнан алынған немесе алынып жатқан,бірақ айналымдағы ақша біріліктеріне айырбастауға жататындары),сондай-ақ есеп шоттардағы халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттар;

    «Қазақстан Республикасының валютасы»  – Қазақстан Республикасы аумағында  заңды төлем қаражатыретінде  қабалдауға міндетті ақша бірлігі.Қазақстан республикасының Ұлттық валютасы теңге болып есептеледі.Теңге өз еліміздің аумағында еркін жүреді;

    «Шетелдік валюталар» деп,заңды  төлем қаражаттары болып табылатын  шет мемлекеттердің ақша бірліктері.Шетелдік  валюталардың біздік елімізде  жүріп ,тұруыннолармен жасалатын  операцияларды,шетел валютасымен  есеп айырысу,оларды сатып алу  және сату және басқа да  шетелдік валютаға қатысты қатынастарды  реттейтін және жүзеге асыратын  мемлекеттік орган – Қазақстан  республикасының Ұлттық банкі.*[4.1-бабы]

    Негізінен «валюталар» ,яғни қандай-да  болмасын мемлекеттердің ақша  бірліктері үш түрге бөлінеді:

  1. Айналымда,қандай да болмасын мемлекеттерде еркін жүретін валюталар.Бұл валюталарға халықаралық валюта қоры тарапынан валюталық щектеулер қойылмаған,тұрақты немесе үнемі көтеріліп отыратын нарықты курсы бар және сатып алушылық қабілеті өте жоғары.Бұндай валюталарға мысалға,АҚШ доллары,Кнада доллары,Жапон йенасы, еуропалық евроны жатқызуға болады.
  2. Жартылай еркін жүретін валюталар.Бұл валюталарға ,яғни олардың ағымдағы қаржылық операцияларына кейбір шектеулер қойылған .Ал осы операцияларға шектеулер қойылмаса импорт пен экспортқа,валюталарды нарықтан немесе мемлекеттен сатып алу және сату мүмкіндігі еркін болар еді.
  3. Тұйықталған,яғни бір елдің ішінде ғана жүретін валюталар.Біздің ұлттық валютамыз – теңге осы тұйықталған валюта түріне жатады.Сол сияқты көршілес мемлекеттердің де валюталары қырғыз сомы,азербайжан манаты,балтық мемлекеттердің латтары мен литтері,өзбектің сум-купоны да тұйықталған валюталар болып есептеледі.

Енді  Қазақстан Республикасының ақша жүйесіне келетін болсақ,Қазақстан Республикасының ақшы жүйесі деп-құқықтық нормалармен ретке келтірілген,еліміздің ақша айналымын жоспарлы түрде ұйымдастыратын нормалар мен тәсілдердің жиынтығын айтамыз.Нарықтық экономикаға көшуде ақша экономикалық қатынастардың және оның бағыттарының қалыптасуның негізгі реттеушісі ретінде,сонымен қатар ақша экономиканың терең қалпын,яғни ең біріншіден рыноктың тауарлармен толықтылығы мен экономикалық және экономикалық емес қызметтердің субъектілерінің қаржылық қамсыздандырылуының дәрежесін білдіреді.

    Мемлекетіміздің ұлттық ақша жүйесі өз қызметін 1993 жылдың 12 қарашасындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасын енгізу туралы» Елбасының Жарлығына сәйкес ұлттық валютаны 1993 жылдың 15 қарашасынан бастап қолданысқа енгізуді көздеді.Сол сәттен бастап Қазақстан Республикасының ақша өлшемі –теңге еліміздің ұлттық валютасы болып табылады.Теңге 100 тиыннан тұрады.

    *«Теңге» атауының өзі көне түріктің жалпы ақша түсінігінен алынған,сонымен қатар көне Орта Азия мемлекеттеріндегі күміс тиынның «тенга» деген атауынан алынған,мысалы, «бухар тенгасы».Орыс тілімен ол «деньга», «деньги»,арабтың  «данек», персиялық «дангх», санкрискиялық «танке», көне түріктің «данака» деген атауларымен байланысты.* [12.46-бет]

    Банкноттар мен тиындар номиналының құрылымын Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілейді.

   *Қазақстан Республикасы ақша айналысы-тауар айналысына қызмет көрсету және төлемдер жасау процесіндегі нақты төленетін (қолда бар) және нақты төленбейтін ақша қозғалысын қамтиды.Ал бұл ақша айналысын тәртіпке келтіру мақсатында мелекет тарапынан  қолданылытын әртүрлі әдістер бар.Олар мыналар:

    • Девальвация – айналымдағы ақша бірлігінің алтын құрамын немесе қағаз ақшаларының бағалығын шет елдік валюталарға байланысты етіп төмендету (азайту).Девальвация арқылы жаңа валюта мөлшері белгіленеді.
    • Деноминация – айналымдағы ескі ақшаларды белгілі бір арақатынастықтарды қолдана отырып жаңадан шығарылған ірі ақшаларға айырбастау арқылы ,ақшаның бағалығын (құнын) өзгерту.Осыған байланысты заттардың бағалары,тарифтер,еңбек ақылар және т.б. есептеледі.
    • Дефляция – айналымнан басы артық ақшаларды алып тастау арқылы ақшаның санын азайту.
    • Нуллификация – айналымнан бағалығы жойылған қағаз ақшаларды алып тастау және аз мөлшерде ғана жаңа қағаз ақшаларды щығару.
    • Ревальвация – ұлттық ақша бірлігінің бағалығын ресми түрде жоғалту.* [7.66-68-беттер]

     Осы аталған банкноттар мен тиындар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің сөзсіз міндеттемесі болып табылады және оның барлық активтерімен қамтамасыз етіледі.Сонымен қатар,Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі Қазақстан Республикасының аумағында нақты ақша қаражатын шығару,оның айналысын ұйымдастыру қозғалыстарын қамтиды.

    «Қазақстан Республикасының ақша  жүйесі туралы» Заңы –ресми  ақша өлшемін қамтитын ақша  айналымын ұйымдастарудың құқықтық  негіздері мен түрлерін,тиын соғу  мен ақша бірліктері эмиссиясы  тәртібін,ақша айналысын ұйымдастыру  мен реттеуді белгілейді.

    Сонымен,Қазақстанның Ұлттық банкі ақша жүйесі шеңберіндегі қаржылық-құқықтық реттеудің негізгі субъектісі.

    *Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкісінің негізгі саяси-құқықтық функциясы болып ақша эмиссиясы мен ақша айналымын ұйымдастыру  болып табылады.Сол себепті,Ұлттық банкті өзінің саяси маңызына байланысты Республика Үкіметінің құрамына кірмейтін, тек Президентке ғана есеп беретін тәуелсіз, орталықтандырылған арнайы мемлекеттік қаржылық-несиелік орган деп есептеуге болады.* [1.66-бап]

    *Қазіргі кезде,Қазақстан Республикасында төмендегідей Ұлттық банктің банкноталары қолданыста:

        1. 1998 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкнота;
        2. 1999 жылғы үлгідегі 200 теңгелік банкнота;
        3. 1999 жылғы үлгідегі 500 таңгелік банкнота;
        4. 2000 жылғы үлгідегі 1000 теңгелік банкнота;
        5. 2000 жылғы үлгідегі 2000 теңгелік банкнота;
        6. 2003 жылғы үлгідегі 10000 теңгелік банкнота..

    Қазақстан Республикасының Ұлттық  банкінің бұл банкноталардың  барлығы Қазақстан Республикасы территориясында еркін ауысады.

    Қазақстан Ұлттық банкі арнайы  қаржылық және ақша-несиелік құзыреті  негізінде қазақстандық теңгенің  ішкі және сыртқы тұрақтылығын  қамтамасыз етеді.

    
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚОРЫТЫНДЫ 

    Сонымен,ақша жүйесі дегеніміз-тарихи қалыптасқан, мемлекеттің ұлттық заңдарымен бекітілген біртұтас ақша айналымын айтамыз.

    Ақша жүйесінің типін былай қарастырса болады:ақша – ерекше тауар ретінде жүргеді,яғни жалпыға ортақ эквивалент болуына немесе ақша – құн өлшемі қызметін атқаруына байланысты қалыптасады.Жалпы,ақша – бұл өте көне заманннан,тіпті мемлекеттер құрылмай тұрып патйда болған.

Информация о работе Ақшаның қажеттілігі,пайда болуы және мәні