Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 13:22, реферат
Елорданы ауыстыру идеясы жаңадан өмipгe келген тұста Еуразия ұлттық университетін өзінің жеке бастамасымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ашты. Ғасырлар тоғысында дүниеге келген Еуразия ұлттық университетіне XX ғасырдың белгілі түркітанушы ғалымы Лев Николаевич Гумилевтің аты бeріліп, оған қазіргі заманға сай білім ордасына айналу, еліміздегі жоғары оқу орындарының көшбасшысы болу міндеті қойылды.
АСТАНА – ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ БІЛІМ ТЕХНОЛОГИЯСЫ МЕН БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ
«Мирас» журналы. № 3. 2008 ж. 48-52 б.
Елорданы ауыстыру идеясы жаңадан өмipгe келген тұста Еуразия ұлттық университетін өзінің жеке бастамасымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ашты. Ғасырлар тоғысында дүниеге келген Еуразия ұлттық университетіне XX ғасырдың белгілі түркітанушы ғалымы Лев Николаевич Гумилевтің аты бeріліп, оған қазіргі заманға сай білім ордасына айналу, еліміздегі жоғары оқу орындарының көшбасшысы болу міндеті қойылды.
Қазақстан Республикасының
жас Астанасында Елбасының
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мамандандырылған білім құрылымын халықаралық стандарттарға сай құру және әлемдік еңбек нарығына белсенді араласатын бәсекеге қабілетті отандық мамандарды дайындау мақсатында университет «Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» айқындалған үш сатылы білім жүйесінің біртұтас жүйесін (бакалавриат-магистратура, докторантура Ph.D) оқу-білім жүйесіне енгізу және дамыту iciн толықтай жүзеге асырып отыр. Халықаралық талаптар деңгейінде магистрлер мен Ph.D докторларын дайындаудың инновациялық бағдарламасының алғашқы нәтижелері білім үдерісін модернизациялаудың кең ауқымын айғақтайды. Осы орайда, Қазақстанда тек қана eкi университеттің, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Ph.D докторын дайындаумен айналысатындығын атап өткен орынды.
Ph.D бағдарламасы бойынша
докторанттарды дайындау
Ph.D докторантурасына он екі бағытта қабылдау жүргізіледі. Қaзipri кезде докторанттар саны жүз отызға жақындап отыр.
2006 жылы Еуразия университетінің
тарихына ең алғашқы докторант
ретінде соқпақ салған Әйгерім
Қалыбай профессор Р.
2008 жылы 01.01.00-математика мамандығы бойынша профессор А.Б. Түнғатаровтың ғылыми жетекшілігімен және профессор Генрих Бегердің ғылыми кеңесшілік етуімен Алтынбек Cepiк, профессор С.Ә. Әбдіманаповтың ғылыми жетекшілігімен және профессор Генрих Бегердің ғылыми кеңесшілік етуімен Мұратбек Мәди Германияның Еркін университетінде докторлық, диссертациялар қорғады. Ал биылғы жылы 3-курс докторанты Жантілесов Ербол Германияның Франгоферов институтында 01.04.00-физика мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғамақ. Бүгінгі таңда университет қабырғасында онға жуық Ph.D докторанттары өз жұмыстарын сәтті қорғап шықты.
Университетте аспирантура және дәстүрлі докторантура, ізденушілер институты арқылы 23 мамандық бойынша жоғары білікті ғылыми-педагогикалық мамандар дайындау ici қарқынды жүргізілуде.
Қaзipri таңда Еуразия ұлттық университетінде 18 мамандық бойынша 7 диссертациялық кеңес жұмыс істейді. Тек 2007 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің аспиранттары мен ізденушілерінің 31 кандидаттық, 3 докторлық диссертациялық жұмыстары қорғалды.
Ғалымдарымыздың «Tүpкi-монғол лексикалық параллельдері және олардың қaзipгi қазақ тіліндегі көpiнici (генетикалық хронологиялық қабаттарды салыстырмалы-салғастырмалы тұрғыдан зерттеу тәжірибесі)», «Байырғы түркі мұрасы», «Көне түркі және қазақ тарихи-әдеби жазба дереккөздері – егемен Қазақстанның ұлттық идеясын қалыптастырудың тұғыры», «Ұлттық идея: тарихи ретроспектива және Қазақстан болашағы», «Полиэтникалық Қазақстан қоғамының біртұтастығы» тәрізді өзекті де тың тақырыптар бойынша жүргізіп отырған ipгелі ғылыми зерттеулері - ұлттық ділдің терең тамырын ұлт болашағымен, ел білігімен, мемлекет тұтастығымен тығыз байланыста сараптауға бет бұрған қазақстандық ғылыми мектептердің жаңа бағыттарда дамуына қосылған қомақты үлес.
Доцент М.К. Хабдулинаның жетекшілігімен К. Ақышев атындағы археология институты жүзеге асырған «Ұлы Жібек Жолы бойындағы археологиялық дала ескерткіштері: Нұра-Есіл өзендері аралығындағы тарихи-мәдени процестерді модельдеу», «Ежелгі және ортағасырлық Астана - Сарыарқаның культурогенездік ошағы» тәрізді ғылыми жобалардың нәтижелері Қазақстан және Еуразия археологиясы мен этнологиясы бойынша жүргізілетін кәсіби, арнайы пәндердің нeгізі бола алады.
«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Р. Нұрғали, Т. Жұртбай, Қ. Алпысбаев, Ж. Түлебаев, И. Нұрахмет, Қ. Сартқожаұлы, Ж. Аймұхамбетова, А. Рамазан сынды авторлар тобы қомақты да жауапты жұмыстар атқарды.
Университетте мемлекеттік тілді зерттеу және үйрету орталығы жұмыс істейді. 2007 жылы ілеспе аударма курсының ашылуын бұл орталықтың басты жетістіктepi қатарында атауға болады. Курсты ҚР Сенаты Аппаратының редакция-баспа бөлімі басшысының орынбасары, «Жыл аудармашысы» республикалық байқауының жеңімпазы К.А. Әлпейісова жүргізеді. Қазіргі таңда З.К. Күзекова, Т. Әбдіғалиева, Г. Сағидолда тәрізді профессорлар жұмыс атқарады. Бұл авторлардың оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдары республикада үлкен сұранысқа ие.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтао қол қойған үкіметаралық келісімге сәйкес Сиань шет тілдер университетімен ғылыми қарым-қатынас орнату жолға қойылды. Hәтижeciндe 2007 жылы ЕҰУ-де шығыс халықтарының тарихын, тілін және мәдениетін зерттеуді көздейтін Конфуций институты ашылды.
Еуропалық Одақтың бастамасымен 2007 жылдың мамыр айында оқыту мен зерттеудің университеттік деңгейіне көмек көрсетуге бағытталған Еуропалық ic қағаздар орталығы ЕҰУ базасында құрылды.
Университет жанында ауыр иондарды жеделдету негізіндегі Пәнаралық ғылыми-зерттеу кешені, Ұлттык ядролық орталықтың Ядролық физика институтының филиалы, Ғарыштық зерттеу институтының филиалы, Ғарыштық мониторинг және ғарыштык көріністің Ұлттық орталығы, Физика және жоғарғы технологиялар ғылыми-зерттеу институты, Физикалық-техникалық институт, Биоорганикалық химия ғылыми-зерттеу институты, Экология және экспериментальді биология ғылыми-зерттеу институты, Ақпараттық технология ғылыми-зерттеу институты, Геотехникалық институт сынды жаратылыстану және техникалық бағыттардағы ғылыми-зерттеу институттары жұмыс істейді.
Университет 2005 жылдан бepi Нью-Мексико университетімен бірлесіп, «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы батыстық модельдің магистрлік бағдарламасын енгізу» халықаралық білім жобасын icке асырып келеді. Бұл жобаның жүзеге асырылуы қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық стандарт талаптарына сай жоғары білім алатын білікті эколог мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.
Кешен қымбат құрал - қондырғылармен жабдықталған
Қазақстан Республикасы Президентінің «Нақты және инженерлік ғылымды жоғары білім саласында дамытудың iргелілігі және маңызы» идеясын жүзеге асыру мақсатында біздің университет Нью-Мексико университетімен (АҚШ) 6ipлесіп, «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқару және инжиниринг» кафедрасын ашты, сондай-ак Ресей Федерациясының Дубна қаласындағы Ғылыми орталықпен бірлесіп, халықаралық деңгейдегі «Ядролық физика, жаңа материалдар мен технология» кафедрасын ашуға бағытталған дайындық жұмыстарын жүргізуде.
2006 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы Ядролық физика институтының филиалы базасында Пәнаралық ғылыми-зерттеу кешені құрылды. Ол «Ядролық зерттеулердің біріккен институты» (РФ, Дубна қаласы) халықаралық және үкіметаралық ұйымы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық институтының ауыр иондарды жеделдетуге қатысты бірлескен ғылыми-зерттеуіне негізделді. Астанадағы Циклотрондық кешен физика, химия, биология, медицина және ас-тағам өндірісі салаларында кеңінен қолданыс тауып отырған ядролық тректік мембранды пайдаланудың жаңа технологиясын дамытуға мүмкіндік береді. Ядролық физика институтының Пәнаралық ғылыми-зерттеу кешенін құрудағы көзделген мақсаттың бipi – Қазақстан экономикасы үшін қажет жаратылыстану және техникалық ғылыми-зерттеу бағытында білікті кәсіби мамандар дайындау. Қымбат құрал-қондырғылармен жабдықталған осындай ipi кешеннің Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жанынан ашылуы мемлекет басшысының еліміздің жоғары білікті кәсіби мамандарын дайындауға айрықша мән бepeтінін дәлелдейді. Астана қаласында ДЦ-60 ауыр иондар жеделдеткішінің пайдалануға берілуі зерттеудің тәжірибелік-экспериментальдық және лабораториялық базасын жасауға мүмкіндік туғызады.
Пәнаралық ғылыми-зерттеу кешені
Ғарыштық мониторинг және ғарыштық көрініс орталығы Қазақстан аумағының ғарыштық түсірілімін қабылдау, архивациялау және тақырыптық өңдеуден өткізумен айналысатын қазіргі заманғы инфрақұрылымды құру, Қазақстан аумағындағы антропогендік жүктемесі көп аймақтар мен экологиялық апат аймақтарының, қоршаған орта мен минералдық шикізаттардың, төтенше жағдайлардың, аграрлық қорлар мониторингінің маңызды міндеттерін шешетін гидроинженерлік жүйе технологиясын меңгерумен және жетілдірумен айналысады. Одан өзге мониторинг нәтижесін бөлетін корпоративтік ақпараттық желі құруды және оған ғарыштық түсірілім мен мониторинг жүргізудің картографиялық нәтижелерін қамтуды жүзеге асырады.
2005 жылы канадалық «Радарсат» орталығы мамандарының қатысуымен Еуразия ұлттық университетінің Ғарыштық мониторинг және ғарыштық көрініс орталығы халықаралық сертификаттаудан өтті. Қазipгi таңда Қазақстан және Орта Азияда ғарыштық кеңістіктен адамзат баласының ic-әрекетін бакылауға мүмкіндік беретін ресми құжатты орталық орын тепті деуге болады.
«Қазғарыш ҰК» АҚ және Еуразия ұлттық университеті арасында қабылданған өзара әріптестік пен қарым-қатынас меморандумына сәйкес Ғарыштық техника инновациялық орталығы «Жас ғарышкер» студенттік құрылымдау бюросын құрды. Қaзipгi кезде студенттер радиоэлектрониканың теориялық негіздерімен қаруланып, алған білімдерін практикада қолдануға, бақылау-өлшеу қондырғыларымен жұмыс icтey дағдыларын қалыптастыруға машықтануда.
Өткен оқу жылында университеттің 80 оқытушысы әр түрлі халықаралық гранттар, байқаулар жеңімпаздары ретінде Жапония, Канада, Оңтүстік Корея, Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Ресей т.б. мемлекеттердің жетекші оқу ордаларында ғылыми және кәсіби білімдерін шыңдады.
Университеттің Халықаралық білім кеңістігіндегі өзіндік орны да нығая түсуде. Университет 2000 жылы Жоғары мектептер Халықаралық Ғылым академиясына, 2002 жылы университеттердің Еуразиялық Ассоциациясына және ТМД және Балтық жағалауы елдерінің халықаралық ассоциациясына қабылданды. 2005 жылдың қыркүйек айында Италияның Болонья қаласында Еуропа университеттерінің Ұлы Хартиясына қол қойылды. Бұл да университетіміздің әлемдік білім кеңістігіне жасаған тағы бip сәтті қадамы.
Университет ұжымы интеграция жолындағы табыстары үшін 2004 жылы Швейцария үкіметінің қолдауымен әлемге әйгілі Халықаралық қордың «Mінciз icкep абырой-атағы үшін» және «Жоғары сапалы icкep практикадағы жоғары сапа үшін» алтын белгілерімен марапатталды. 2005 жылы Оксфорд университетінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ- ға «Біріккен Еуропа» медалі тапсырылды. 2006 жылы университетіміз қaзipгi қоғамның интеллектуалдық дамуына қосқан үлесі үшін Сократ (Оксфорд) атындағы Халықаралық марапатқа ие болды. Ал 2007 жылы ТМД елдерінің «ТМД елдеріндегі Үздік компания» Алтын жұлдызымен марапатталды.
Университет ұжымы сапалы білім қызметін көрсетуге, халықаралық білім және ғылыми қауымдастықтар ынтымақтастығын арттыруға үлкен үлес қосып, университетіміз халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілетті жоғары оқу орнына айналуда.
Информация о работе Астана – қазіргі заманғы білім технологиясы мен бағдарламалар орталығы