Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2011 в 00:53, реферат
Қазақ тілі осы мемлекеттің түпкілікті тұрғындары қазақтардан басқа Қытай, Монғолия, Иран, Ауғанстан, Түркия мемлекеттері мен ТМД-ның Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан сияқты республикаларында тұратын қазақтардың да ана тілі.
Қазақ тілі - күшті тіл
Қазақ тілі осы мемлекеттің
түпкілікті тұрғындары
Қазақ тілі – батыс түркі
тілінің қыпшақ тармағына
Оның қалыптасуға бет алуы
ХІ-ХІІ ғасырлардағы Түрік
Қалыптасудың барлық сатыларын бастан кешірген ана тіліміз – мейлінше жетілген ұлттық тіл.
Ана тілімізде әдеби шығармалар, ғылыми-бұқаралық, техникалық, құқықтық, педагогикалық, саяси, өнертанушылық әдебиеттер жарияланады. Тіліміз еліміздегі азаматтардың өзара қарым-қатынас тілі болумен ғана шектеліп қалмайды, оның мұрағаттық, ақпараттық қасиеттері де мол. Қазақ тілі – бай да құнарлы тілдердің қатарына жатады. Ежелгі бабаларымыздың тарихы, шежіресі және түрлі әдеби мұралар бүгінгі ұрпаққа өзіміздің осы ана тіліміз арқылы жетіп отыр. Тіл тарихы халық тарихына ұқсас. Қоғамның жылжып, өзгеруіне байланысты тіл де дамып, өзгеріп отырады.
Қазақ тілі тарихында орын алған түрлі қиындықтар мен дағдарыстардың объективті себептері бар. Біріншіден, қазақ халқы үш ғасырға жуық орыс отаршылдығының қыспағында болып, ұлт ретінде жойылып кетудің бірнеше сатыларын бастан кешірді. Екіншіден, Жоңғар шапқыншылығының халқымызға тигізген зардаптары да орасан зор болды. Үшіншіден, Кеңес өкіметі жетпіс жылдан астам уақыт бойы ұлттардың жақындасуы деген желеумен ұсақ ұлттардың тілдеріне қысым жасап келгені белгілі.
1989 жылы 11 қыркүйекте қабылданған “Тіл туралы” Заңда “Тіл - халықтың ұлы жетістігі, әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі”делінген. Ал бірінші баптың бірінші тармақшасында “Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады” деп жазылған.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев “
Халық тәуелсіздігінің ең
Ана тілін дамыту, қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу және оны жақсы біліп, туған анадай сүю.
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін,
- деп С.Торайғыров ағамыз
Ана тілінің күші мен құдіретін туған халқымыз әуелден-ақ бағдарлап, сөз өнерін бар өнердің басы деп санаған. Мысалы: “Өнер алды – қызыл тіл”, “Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады”, “Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйіні бар” сөздері халқымыздың орынды сөзге қандай мән бергенін көрсетеді. Абайдың даналығына, Махамбеттің батылдығына, Бұқардың ақылгөйлігі мен халқына деген жанашырлығына, Абылайдың данышпандығына, Бөгенбай мен Қабанбайдың ерліктеріне сүйсініп, рухани өмірімізге азық етеміз.
С.Бегалин атындағы
Мемлекеттік республикалық
“Қазақ тілім, өркенде,
Бола бер күшті, көркем де!” атты әдістемелік құралды ұсынып отыр.
Құрал мұғалімдер мен оқушыларға ғана емес, ұрпақ өсірер, оның келешегін ойлар исі қазаққа арналады.
ҚАЗАҚ ТІЛІ –
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛІ –
қызмет етуінің алғы шарттары
Қазақстан – егеменді, тәуелсіз ел. Қазақстанды дамыған өркениетті елу елдің қатарына енгізетін біздің болашағымыз – бүгінгі жастар. Олардың міндеті – елінің намысын қорғап, оны әлемге таныта білу. Әлемге таныту үшін әр жас өз елінің тарихын, тілін жетік білуі керек.
Қазақ тілі –
Қазақстан Республикасының
Қазіргі қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады.
Қазақ тілінің сөздік құрамы өте бай, оған 67 мың тізімдік сөз, 24,5 мың фразеологиялық тіркес – барлығы 91,5 мың лексикалық бірлік кірген бір ғана он томдық “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі” куә бола алады.
Қазақ тілі түркі тілдерінің (солтүстік-шығыс ареал) қыпшақ тобына кіреді (татар,башқұрт, қарашай-балқар, құмық, қырым-татар, қарақалпақ, ноғай) және ол, әсіресе, ноғай, қарақалпақ тілдеріне жақын болып табылады.
Қазақ тілі ең көне бастауын әр кездегі ежелгі түрік жазулары ескерткіштерінен: Талас-Орхон-Енисей жазулары (5-8 ғ.ғ.), Жүсіп Баласағұнның “Қүтадғу білік” еңбегі, Махмұт Қашқаридің “Диуани лұғатат түрік” еңбегі , Ахмет Йүгінекидің “Һибат Ұл һақайық” еңбегі, Қожа Ахмет Яссауидің “Хикметі” (10-12 ғ.ғ.), Алтын Орда, Шағатай және қыпшақ (13-14ғ.ғ.) тұсындағы жазулардан алады.
Сонымен қатар, халық ауыз әдебиетінің дәстүрлері мен тілдік нормаларында қалыптасқан, кейінгі кезде ақындар, жыраулар мұрасы арнасына құйылған, ұлы Абай мен Ыбырай шығармашылығы арқылы бізге жеткен қазіргі қазақ әдеби тілі.
Қазақ жазуы 1929 жылға дейін араб графикасын, ал 1929-1940 жылдары латын графикасын қолданған. 1940 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін орыс графикасын қолдануда.
Мемлекеттік тіл, яғни, қазақ тілі - әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі, оралымдығы жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы тіл. Сондай-ақ, ол дүние жүзіндегі ауызша және жазбаша тіл мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің және мемлекеттік мәртебеге ие екі жүз тілдің қатарында тұр.
Қазақстанда тұратын жүзден аса ұлт өкілдері Қазақстанның халқын, соның ішінде қазақ халқының тұрмыс-әдебиетін, әдет-ғұрпын, мәдениетін, әдебиетін, тілін білуі міндетті.
Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек.
Тіл – қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілін сүйген адам – туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз. Ал, бұлардың бәрі – адам баласы үшін ең қасиетті ұғымдар. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер – ана тілі.
Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995ж.), “Тіл саясаты туралы” Тұжырымдамасы (1996ж.) және осыларға негізделген “Тіл туралы” Заң (1997ж.) республикадағы тілдердің ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастықтың құралы ретінде қызмет етуін және тіл алуандығын көздейді. Республикада мемлекеттік тіл ретінде бір ғана тіл – қазақ тіліне конституциялық мәртебе беріліп отыр.
Қазақстан Республикасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің бірнеше алғы шарты бар. Атап айтқанда, сол тілді қолданушылардың санының жеткілікті болуы, табиғи және табиғи емес тілдік ортаның болуы, республиканың барлық аймақтарына таралуы, қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және ауызша әрі жазбаша түрде қызмет етуі сияқты сыртқы факторлардың болуы, сондай-ақ қазақ тілінің құрылым-жүйесі жетілген, лексика-фразеологиялық қоры аса бай, ежелден келе жатқан жазба және ауызша дәстүрі бар ұлттық тілдердің бірі ретіндегі ішкі тілдік факторлардың болуы – қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуіне мүмкіндік береді.
Мемлекеттік тілдің
қоғамдық қызметі қоғамдық өмірдің
аса маңызды мынадай
Сонымен, қазақ тілі – дәстүрлі, тұрақты, қатаң тілдік нормасы бар, стильдік тармақтары сараланған, жалпы халықтық тілден ұлттық деңгейге көтерілген тіл.
Біздің ана
тіліміз - қазақ тілі:
-
түпкі түрін сақтаған түркі туыстас байырғы
тіл;
-
ежелден жазба мәдениеті бар
тіл;
-
әдеби тіл, жергілікті тіл (
-
демографиялық тірегі мықты
-
құрылым-құрылысы кемелденген тіл;
-
егеменді Қазақстан
АНАМНЫҢ ТІЛІ –
АРДАҚТЫМ МЕНІҢ
(Әңгіме
Анамыздың ақ сүтімен
бойымызға
дарыған тілімізді
ұмыту – бүкіл
ата-бабамызды,
тарихымызды ұмыту.
... Тіл – қай
ұлттың болмасын тарихы мен
тағдыры, тәлімі мен
Тіл – халықтың
жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен
жоғалады. Адамзат тарихында көптеген
өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен
тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп
отыр. Бүгінгі қазақ қоғамындағы мәңгүрттіктің
басы да өз тілін тәрк етуден туды. Ана
сүті сіңбеген, бесік жырынан нәр алмаған
ұлттық қасиет тана сүтімен кірмейді.
Тілі мен дінінен айырылған ондай жан
рухани кемтарлығын, адамдық болмысын
түсінбей, көлденең көк аттының қолжаулығына
айналады. Ана тіліміздің тағдыры үшін
күресте халқымыз қам-қарекетсіз болған
емес. Жиырмасыншы жылдары тіл тәуелсіздігін
ту етіп көтерген Әлихан, Ахмет, Міржақып,
Мағжан, Мұхтарлар, сексенінші жылдардың
аяғында бостандықтың лебі білінісімен
басталған бүкілхалықтық қозғалыс соның
айғағы.
ХХ ғасырдың
ұлы жемісі – қазақ халқы үшін
Егемендіктің көк туы желбіреуі.
Ата-бабаларымыз көксеген, армандаған
тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ендігі мақсатымыз
- ұлттық рухты, түскен еңсені көтеру. Ұлттық
мінез, ұлттық намыс, ана тілі жоқ жерде
– ұлт та жоқ.
О, туған ана
тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде,
ана сүтінің жұғымы да сенде, райхан
гүлдің жұпары да сенде, қыран құстың жанары
да сенде, назды сұлудың нәзіктігі де сенде,
сахара даланың жазықтығы да сенде...
Халқымыздың аса
бай рухани қазынасы – туған ана
тіліміз. Ол – қазақ тілі.