Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 22:02, реферат
Рынок жағдайларында табыс алуға бағыттылған азаматтардың кәсіпкерлік қызметіне кең жол ашылған. Дара кәсіпкерлік ұғымы Дара кәсіпкерлік туралы заңда тұжырымдалған. Дара кәсіпкерлік қызмет мына белгілердің жиынтығымен сипатталады:
а) ол ынталы бастамалық қызмет болып табылады;
ә) табыс алуға бағытталған;
б) кәсіпкерлікпен шұғылданатын азаматтардың өздерінің меншігіне негізделген;
в) азаматтардың атынан олардың тәуекелі үшін және олардың мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады.
Өнімді тиімді сату шаралары
кәсіпкерліктің үшінші сатысын құрайды.
Бұл процесс делдал агенттіктер,
брокер немесе кәсіпорынның өз күшімен
жүзеге асырылады. Бұл кәсіпкерлік
технологиясының айрықша
Коммерциялық кәсіпкерліктің
мазмұны тауар-ақша қатынастары
мен сауда-айырбас
Мұндағы ең басты мәселер:
- "нені сатып алу керек";
- "нені сату керек";
- "қайда сату керек" деген сұрақтарға жауап іздеу.
Кәсіпкер тауар және қызмет көрсету қозғалысына болжам жасап, алдын-ала бағалау үшін өзінің нақты іс-әрекет жоспарын (бизнес-жоспар) жасайды.
Міне, осылардың қорытындысында:
- сатып алу - сату мәмілесін жүргізу;
- тауарларды көтере сатып алу және сату бағалары бойынша есеп айырысулар;
- шығын мен ақырғы нәтижелер;
- жұмысшылардың саны;
- көлік жұмысының ауқымы;
- жарнама;
- коммерциялық құжаттарды дайындау жұмыстары нақтылы анықталады.
Бизнес-жоспарда бұлардан басқа мыналар қарастырылады:
- тауарларды алдағы уақытта сату үшін көтере сатып алу;
- ұйымдардан қызмет көрсету туралы міндеттемелерді жинау және оларға төлем жасау;
- тауарларды сақтайтын қоймалар мен тұрғын үйлер жалдау, өнімдерді өткізетін сауда орындары;
- тауарларды өткізу нысандары;
- несие және басқа қарыз қаражаттарын алудың негіздері;
мемлекеттік және қаржы мекемелеріне салық және басқа да міндетті төлемдерді өтеу.
Қаржылық кәсіпкерлікке сату-сатып алудың ерекше тауарлары: ақшаны, валютаны, құнды қағазды (акция, вексель, облигация, ваучер), яғни ақшаны тікелей және қосымша нысанда сату жатады. Нарықтық қатынастарға етуге байланысты ақша нарығы, валюта және құнды қағаз нарықтары бой көтерді, оларға қатысушылар:
- коммерциялық банктер;
- қор биржалары;
- кейбір кәсіпорындар мен ұйымдар;
- кәсіпкерлер және жеке тұлғалар.
Кәсіпкер немесе бизнестің
осы саласына қатыстылар өздерінің
іс-әрекеттерін құнды қағаз
Құнды қағаздар айналымының аса тараған нысаны:
- құнды қағазды кәсіпкердің өзінің сатып алуы (Да);
- оны басқа сатып алушыға жоғары сомада сатуы (Дв);
- Дв мен Да арасындағы айырма оған табыс әкеледі.
Егер кәсіпкердің құнды қағаздарды сатып алатын ақшасы жоқ болса, онда ол несие алады немесе несие жөнінде банктермен келісім жасасады (Дк).
Қаржылық кәсіпкерлік
жүйесі нақты мәліметтермен
Кеңес беру қызметіне;
- жалпы басқару;
- әкімшіліктік басқару;
- қаржылық қолдау;
- маркетинг;
- ақпаратты технология;
- арнайы қызметтер жатады.
Сонымен қатар халыққа ақылы немесе ақысыз түрде кеңестер беріліп, қызметтер көрсетіледі.
Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық-қықтық
нысандары
Кәсіпкерлік қызметтің орны ең алдымен
кәсіпорын. Экономикалық категория ретінде
ол өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастарды
ұйымдастырудың негізгі буыны. Құқықтық
тұрғыдан немесе заңды кұқықтары бар дара
шаруашылық субъектісі өзіне бекітіліп
берілген мүліктерді пайдалана отырып
өнім өндіреді, түрлі жұмыстар атқарады,
әр түрлі қызмет көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі жэне қолданылып жүрген заңдар мен заңдылықтарға сәйкес кәсіпорындардың мынадай ұйымдық-құқықтық нысандары бар:
- мемлекеттік кәсіпорын;
- серіктестік (толық
-акционерлік қогам, бірлестіктер.
Кәсіпкерлік қызметке атысушылар мен олардың әріптестерінің бірігуі "серіктестік" деп аталады. Серіктестік шаруашылықтарға әріптестердің қатысуы жазбаша келісімдер мен шарттар түрінде бекітіледі. Серіктестіктерді олардың құрылтайшылары құрайды.
Серіктестік шаруашылықтардың мүшелері:
- басқару істеріне қатысуға;
- серіктестік кызметі жөнінде мағлұматтар алуға;
- оның құжаттарымен танысуына;
- несие берушілермен есеп
айырысқаннан кейін қалған
- тиісті мүлік құнының ақшалай баламасын алуға құқығы бар.
Серіктестік шаруашылық, иелігіндегі мүліктердің құрамына жататындар:
- негізгі өндірістік құрал-
- айналым құралдары (шикізат,
материал, дайын өнім, аяқталмаған
өндіріс, басқа да тауарлы-
- басқа да құндылықтар кіреді. Серіктестіктің мүшелері:
- құрылтайшылар атынан
талап етілген құжаттарды
-алдын-ала белгіленген жарналар мен салымдарды толық және уақытында төлеулеріне;
- коммерциялық құпияларды сақтауға;
-құпия ақпараттарды жария етпеуге міндетті.
Толық серіктестік төмендегі негізгі екі белгісімен ерекшеленеді:
1.Кәсіпкерлік қызмет және
оған қатысушы серіктестіктің
қызметтері олардың өз
2.Серіктестік жеке сенімді
қатынастарға негізделеді:
Бүкіл мүліктерімен тәуекелге барып отырған қатысушы қоғамдастықтың ішкі мүшесі немесе толық серіктестіктер, ал тек қана қосқан үлестерінің мөлшер шамасына сәйкес тәуекел етушілер сыртқы қатысушылар немесе командиттер деп аталады. Мәселен, "Джонсон-Джонсон" командитті серіктестік. Командитті серіктестіктерді ұжым басқарады және ол өкілетті қызмет атқарады. Қоғамдастық сыртқы қатысушылардың қосқан үлестеріне сәйкес акциялар шығарады. Мұндай қатысушыларды акционерлік командиттер, ал қоғамның өзін акционерпік командит деп атайды.
Салық тұрғысынан қарағанда, командитті серіктестік - жауапкершілігі шектеулі қоғам. Мүндай құрылым жауапкершілігі шектеулі командитті серіктестік деп аталады. Оның артықшылығы - салық төлеу тұрғысынан қарағанда, ол - серіктестік, ал азаматтық құқық тұрғысынан алсақ, жауапкершілігі шектеулі қоғамдастық. Әдетте олардың капиталы да көп болмайды.
Біздің елімізде командиттік серіктестіктің аралас түрі әлі дами қойған жоқ. Алайда белгілі бір жағдайда оған деген қажеттіліктің тууы әбден мүмкін. Мысалы, әлеуметтік-экономикалық маңызы бар бағдарламаны жекелеген азаматтар береді, ал оған сенім білдіріп, мақұлдайтын кәсіпорындар да кездеседі. Бірақ оны жүзеге асыруға қажетті қаражат екеуінде де болмауы мүмкін. Осыған орай, серіктестіктің аралас түрі құрылады, жеке тұлға оған шектеулі жауапкершілікпен алынса, ал кәсіпорын толық мүшелік құқымен кіреді. Міне бұл жағдайда:
-біріншіден, кәсіпорындар банк несиесінің кепілі бола алады;
-екіншіден, кәсіпорынның бақылауымен оған жеке адам билік етеді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік - алдын-ала белгіленген пайшылар үлестерінің негізінде құрылған бірлестік. Оның мүшелерінің (жеке және заңды иегерлері) қоғамның міндеттемелерін орындауда жауапкершіліктері жоқ, олар тек өз үлестерінің мөлшерінде ғана тәуекелділік жасай алады.
Шетелдік фирмаларда (қазір біздің елімізде жиі кездесетін) "Лимитед" (қысқаша Ltd) "шектеулі серіктестік" деген ұғымды білдіреді. Көпшілік жағдайда жауапкершілігі шектеулі қоғамда кампаньондар арасында өзара берік байланыс қалыптасады. Бұл отбасылық кәсіпорындар ұйымдастыруға өте қолайлы. Егер қоғамдастықтың бар мүлкі бір адамның билігінде болса, онда ол "бір адамның қоғамы" болғаны.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті ұйымдастыру үшін құрылтай келісім шарты жасалады, онда:
- кәсіпорынның аты;
- мекен-жайы;
- негізгі қызмет бағыттары;
- қызмет түрлері;
- капитал мөлшері;
- қоғам мүшелерінің үлестері көрсетіледі.
Айта кететін бір жәй - серіктестіктерді ұйымдастырушылардың ақша қаражаттарынан басқа кұнды материалдық заттар түрінде заттық үлестері, мәселен, автокөлік, жылжымайтын мүліктер болуы да мүмкін.
Қоғамдастық мүшелерінің құқығы жылына бір немесе екі рет өткізілетін жалпы жиналасында анықталады да, ал одан әрі ол тереңдетіліп, дамып отырады.
Жалпы жиналыстың маңызды шешімдер қабылдауға құқығы бар, атап айтқанда:
- жылдық балансты бекітеді;
-кірісті белгілі бір мақсатты көздеп, орынды пайдаланады;
-шығындарды неғұрлым аз жұмсау жолдарын айқындайды;
- қоғамның төрағасын сайлауды немесе қайта сайлауды көздейді, оған әр түрлі мәселелер бойынша міндеттер жүктейді.
Қоғамдастық жұмысын бақылауды бақылау комиссиясы, экономикасы дамыған елдерде бақылау кеңесі іске асырады, оның мүшелерін жалпы жиналыста тағайындайды.
Акционерлік қоғам - рұқсат ету жолымен құрылатын заңды кұқығы және өзіндік жарғысы бар бірлестік. Акцио-нерлер болуға жеке адам да, заңды тұлғалар да хақылы. Акционерлік қоғам құру үшін нотариус куәландырған серіктестік келісім шарты жасалады, оны қоғамның жарғысы деп атайды. Акционерлік қоғамды ұйымдастырушылар санына шек қойылмайды. ¥йымдастырушы тіпті бір адам болуы да мүмкін.
Қоғамның негізгі жарғылық қорының мөлшері сол елдің қолданылып жүрген заңымен белгіленеді. Мәселен, жарғылық қор Австралияда - 1 000 000 шиллинг, ФРГ-де -100000 марка, Швейцарияда - 50 000 швед маркасы, Ресейде: жабық акционерлік қоғамға - 10 000 сом, ал ашық қоғамға 100 000 сом мөлшерінде белгіленген.
Акционерлік қоғамның негізгі капиталы акцияларға бөлінеді, акцияның ақшалай сомасы негізгі капитал көлеміне сай келуі шарт.
Ашық қоғамның акциялары еркін сату жолымен таратылады, оны кәсіпорындар да, жеке адамдар да сатып ала алады.
Акционерлік қоғамда акционерлердің жалпы жиналысы өткізіліп тұрады. Онда тексеру және есеп (санақ) комиссиясы құрылады. Олардың мүшелері бір немесе бес жылға сайланады. Сонымен қатар директорлар кеңесі (бақылау кеңесі) ұйымдастырылып, оның төрағасы бір жыл мерзімге тағайындалады. Ал директорлар кеңесі атқарушы директорды және оның мүшелерін сайлайды