Азаматтық құқықтың негізгі қағидалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 14:05, реферат

Описание

Барлық заңдық нормалар бір-бірімен тығыз байланысты, өзара тәуелді, өзара негізделген және бірыңғай жүйе құрайды. Құқық жүйесі — нақтылы түрде қалыптасқан құқықтың ішкі құрылымы. Құқық жүйесін заңдылық жүйесінен айыра білу қажет, олар мән мен нысан ретінде сәйкес келеді. Құқық жүйесі төмендегідей негізгі элементтерден тұрады: құқық институты (құқықтық институт) және құқық саласы.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word (2).docx

— 16.59 Кб (Скачать документ)

Барлық заңдық нормалар бір-бірімен тығыз байланысты, өзара тәуелді, өзара негізделген және бірыңғай жүйе құрайды. Құқық жүйесі — нақтылы түрде қалыптасқан құқықтың ішкі құрылымы. Құқық жүйесін заңдылық жүйесінен айыра білу қажет, олар мән мен нысан ретінде сәйкес келеді. Құқық жүйесі төмендегідей негізгі элементтерден тұрады: құқық институты (құқықтық институт) және құқық саласы. Өз алдына дербес элементтер ретінде саладан төмен тұрған және салааралық институттар ерекшеленеді. Құқық институты — бірыңғай қоғамдық қатынастардың жеке, шартты түрде дербес түрлерін реттейтін құқық нормаларының жиынтығы. Мысалға, азаматтық құқықта — сыйға тарту, сатып алу-сату институты, конституциялық құқықта — азаматтық институты. Құқық саласы — бір-бірінен құқықтық реттеудің заты және әдісімен ерекшеленетін бірыңғай құқықтық қатынастарды реттеуші құқық нормаларының жиынтығы.

Азаматтық құқыққа жалпы сипаттама. Құқық теориясы курсынан белгілі болғандай, құқық нақты жүйе құрады, оның ең үлкен буындары құқықтың салалары деп аталады. Құқық салаларын шектеу белгілері ретінде әдетте құқықтық реттеу пәні мен әдісін қолданады. Пән мен әдіс көмегімен азаматтық құқықты қазақстандық құқықтың жүйесінен бөліп алып оқырмандардың азаматтық құқық туралы көзқарасының қалыптасуына әкелетін ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді.

 

Кез келген сала сияқты азаматтық құқықта қоғамдық қатынастарды реттейтін және қалыптастын құқықтық нормалардан тұрады.

 

Бірақ та азаматтар қатысатын қатынастардың барлығы да азаматтық құқықпен реттелмейді, сонымен қатар азаматтық құқық, азаматтар мүлде қатыспайтын қоғамдық қатынастарға да әсер ете алады. Азаматтық құқық нормалары өндірілген өнімді сатып алу, оны теміржол, теңіз, өзен немесе әуе жолдары арқылы тасымалдау, осы жүкті сақтандыру, тасымалданған жүк үшін төлемдер алу және т.б. қоғамда кездесетін тараптар арасындағы қатынастарды реттейді.

 

Азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастар шеңбері өте кең және әртүрлі, сондықтан оларды толықтай атап өту мүмкін емес. Бұны істеудің қажетіде жоқ, өйткені азаматтық-құқықтық ғылымының пәніне азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастардың барлығын нақтылықпен атап өту кірмейді, оған азаматтық құқық деп аталатын саланың бір пәнінде олардың барлығын біріктіруге мүмкіндік беретін жалпы қасиеттерін анықтау жатады.


Информация о работе Азаматтық құқықтың негізгі қағидалары