Қазақстан экономикасы: нәтижелер, басымдықтар және міндеттер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2011 в 10:11, реферат

Описание

Мыңжылдықтар тоғысында Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне кірді. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, 2005 жылы Қазақстанда жалпы ішкі өнімнің көлемі Орталық Азия мен Кавказдағы жеті мемлекеттің ІЖӨ-лерінің жиынтық көлемінен асып түскен. Жан басына шаққандағы ІЖӨ 5 есеге жуық – 1994 жылғы 700 доллардан 2005 жылғы 3400 долларға дейін өсті. 2006 жылы бұл көрсеткіштің 4150 АҚШ долларына дейін өсуі болжанып отыр. Қазақстан жан басына шаққандағы ІЖӨ көлемі бойынша ТМД елдері ішінде көш бастаушыға айналды. Алайда, Еуропаның дамыған елдерімен, АҚШ-пен, Канадамен, Жапониямен, Аустралиямен және кейбір дамып келе жатқан (Корея, Малайзия, Шығыс Еуропа елдері) елдермен салыстырғанда жан басына шаққандағы қазақстандық ІЖӨ әлдеқайда төмен.

Работа состоит из  1 файл

Макала.docx

— 18.31 Кб (Скачать документ)

Қазақстан экономикасы: нәтижелер, басымдықтар және міндеттер

    Мыңжылдықтар тоғысында Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне кірді. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, 2005 жылы Қазақстанда жалпы ішкі өнімнің көлемі Орталық Азия мен Кавказдағы жеті мемлекеттің ІЖӨ-лерінің жиынтық көлемінен асып түскен. Жан басына шаққандағы ІЖӨ 5 есеге жуық – 1994 жылғы 700 доллардан 2005 жылғы 3400 долларға дейін өсті. 2006 жылы бұл көрсеткіштің 4150 АҚШ долларына дейін өсуі болжанып отыр. Қазақстан жан басына шаққандағы ІЖӨ көлемі бойынша ТМД елдері ішінде көш бастаушыға айналды. Алайда, Еуропаның дамыған елдерімен, АҚШ-пен, Канадамен, Жапониямен, Аустралиямен және кейбір дамып келе жатқан (Корея, Малайзия, Шығыс Еуропа елдері) елдермен салыстырғанда жан басына шаққандағы қазақстандық ІЖӨ әлдеқайда төмен.  
 
    Факторлық талдау соңғы жылдардағы экономикалық өсу көп ретте негізгі қорлардың ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілгенін көрсетеді. Сарапшылардың деректері бойынша, экономикалық өсудегі капитал факторының үлесі өнімділік өсімінің үлесінен екі есе дерлік артық. Экономикадағы негізгі қорлардың қатты тозғанын ескерсек, дамудың осы кезеңінде бұл оң жағдай болып табылады. Болашақта өсудің негізгі факторы еңбектің жиынтық өнімділігінің артуы болуы керек.  
 
Осы жылдар ішінде жаңа бюджеттік жүйе қалыптасты. 2000 жылдан бастап мемлекеттік бюджеттің кірістері 2,6 есе ұлғайды. Елдің одан әрі экономикалық өсуін көтермелеу мақсатында салық жүктемесін азайту бойынша түбегейлі шаралар қабылданды.  
 
Қазақстанда ел экономикасына қаржы ресурстарын тартуды жандандыру үшін институттық және нормативтік-құқықтық алғышарттар жасалды. Нәтижесінде жан басына шаққандағы игерілген тікелей шетел инвестицияларының көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің ішінде көш бастаушыға айналды. Тұтастай алғанда тәуелсіздік жылдарында 40 млрд. АҚШ долларына жуық шетел инвестициялары тартылды. Ұлттық қордың ақшасын қоса алғанда, елдің халықаралық резервтері 15,4 млрд. долларды құрайды. Халықаралық “Муудис” рейтинг агенттігі тарапынан кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі республикалар ішінде Қазақстанға инвестициялық сыныптағы елдік рейтинг берілді.  
 
  Бізде бірнеше жылдан бері тек қана ТМД елдерінің арасында ғана емес, жалпы үздіктердің бірі деп танылған жинақтаушы зейнетақы жүйесі жұмыс істейді. Зейнетақы жүйесін реформалау 2000 жылға қарай зейнетақылар мен әлеуметтік жәрдемақылар бойынша жиналған берешектің барлығын өтеуге мүмкіндік берді. Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту зейнетақымен қамтамасыз етудің үш деңгейлі жүйесін жасауға бағытталған. Егер осы шаралар қабылданғанға дейін Қазақстан ең төменгі зейнетақы мөлшері бойынша ТМД елдерінің бәрінен алда, зейнетақының орташа мөлшері бойынша Ресей Федерациясымен, Беларусь Республикасымен деңгейлес болса, 2005 жылғы 1 шілдеден бастап зейнетақымен қамтамасыз ету деңгейі бойынша Қазақстан кеңестен кейінгі кеңістіктегі елдер ішінде ең жоғары орынға шықты. Базалық зейнетақы төлемімен қоса алғанда ең төменгі зейнетақы мөлшері бүгінде 70 АҚШ долларын құрайды, ал зейнетақының орташа мөлшері 90 АҚШ долларынан артық.  
 
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясына сәйкес Қазақстанның даму банкі, Инвестициялық қор, Инновациялық қор, Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі корпорация сияқты даму институттары құрылған. Бүгінде оларды жалпы капиталдандыру 1 миллиард АҚШ долларынан асады. Тұтастай алғанда 2004-2005 жылдары республика бойынша қаржыландыру көздері есебінен 1,5 млрд. АҚШ долларына жуық сомаға 395 жоба іске асырылды. Нәтижесінде 18 мыңдай жұмыс орны ашылды. Тұтастай алғанда Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру экономиканың жылына 9%-дан кем емес өсу қарқынын қамтамасыз етеді деп күтілуде.  
 
Ашық экономиканы дамыту және оны жаңарта отырып жетілдіру жөніндегі Қазақстанның басым міндеттерінің бірі Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру болып табылады. БСҰ-ға кіру бойынша келіссөз үдерісі қарқынды түрде жүріп жатыр. Республиканың сыртқы сауда режімін реттейтін заңдарының 80%-ы дерлік БСҰ нормаларына сәйкес келтірілді немесе Парламентте талқылану үстінде. БСҰ-ға кіру отандық тауар өндірушілердің бизнес жүргізудің халықаралық стандарттарына көшуіне қуатты ынталандырғыш болады.  
 
Сонымен бірге экономика мен әлеуметтік салада кешенді түрде шешілуге тиіс проблемалар баршылық. Қазіргі кезде кедейшілікпен күрес және елдегі жұмыссыздықты азайту өзекті мәселеге айналды. Бұл саладағы негізгі мақсат экономиканы әртараптандыру және индустриялық-инновациялық даму есебінен экономикалық өсу, өнімділікпен еңбек ету үшін жағдайлар жасау, еңбек рыногындағы белсенді саясат және халық кірісін ұлғайту, инфляцияны саналы түрде ірку, кедейлердің денсаулық сақтау және білім беру қызметтеріне қолжетімділігін арттыру, әлеуметтік көмектің атаулылығын, мемлекеттік басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады.  
 
Одан әрі даму үшін біз жоғары технологиялар мен білімге, сондай-ақ жеке сектордың жаңашыл бастамаларына негізделетін инновациялық жолды таңдадық. Негіз ретінде кластерлік әдіс алынды. Бірінші кезеңде біз өзіміз үшін мұнай-газ мәшинелерін жасау, тағам және тоқыма өндірісі, көліктік-логистикалық қызметтер көрсету, металлургия және құрылыс материалдары, туризм сияқты салаларды айқындадық. Ел экономикасының шикізаттық емес салалардағы ұзақ мерзімді мамандандырылуын осылар айқындайды. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында бірінші басымдық ретінде Қазақстан экономикасын жаңарту және оған серпінді сипат беруді атады. Бұл ретте салықтардың жиналуына, салық салу құрылымын жеңілдетуге және салықтар санын шектеуге, сондай-ақ жеке тұлғалар үшін табыс салығының белгіленген ставкасын енгізу және бизнес мүддесі үшін Салық кодексін жеңілдету мүмкіндігіне баса назар аударылды.  
 
Елбасы стратегиясында бірінші басымдықтың екінші міндеті ретінде елдегі инфляцияны іркудің негізі болуға тиіс несие-ақша саясатын атады. Бұл ретте жекелеген экономистер бюджет шығыстарының өсуі айналыстағы ақша санының ұлғаюына ықпал етеді және инфляцияны тудыруы мүмкін деп санайды. Осы жағдайда, біздің ойымызша, инфляцияның ең қарапайым, ақша айналысының жылдамдығы мен олардың санының көрсеткішіне негізделетін үлгісі ескеріледі. Ал экономика өсуінің басты көзі болып табылатын – өндіріс көлемінің ұлғаю ықтималдығына мән берілмейді. Сондықтан жан басына шаққандағы ІЖӨ өсуінің өзара байланысын мемлекеттік шығыстар көлеміне, барлық инвестицияларға, соның ішінде жеке сектордағы инвестицияларға, тұтыну және жинақтау деңгейіне және т.б. қатысты талдап, есептеген жөн. Қоғамда инфляцияның өндіріске қатерлі әсері болады, ол ІЖӨ-нің қысқаруына әкеп соғады деген пікір бар. Алайда, бірқалыпты, реттелетін инфляция, Д.Кейнс дәлелдегендей, экономика өсуінің үздік тәсілі болуы мүмкін.  
 
 
 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
 
 
 
 

МАҚАЛА 

Қазақстан экономикасы: нәтижелер, басымдықтар және міндеттер 
 
 
 

                                            Орындаған: Қабдолова Ә.  УиАК2

                                 Қабылдаған: Бейсенбаев Ж. 
 
 
 
 
 
 
 

Алматы  2011

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
 
 
 
 

МАҚАЛА 

Тақырыбы: _____________________________________________________

                                      

                                          Орындаған: Мұңалшиева Г.  УиАК2

                            Қабылдаған: Бейсенбаев Ж. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Алматы  2011

Информация о работе Қазақстан экономикасы: нәтижелер, басымдықтар және міндеттер