Қазақстан экономикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 14:57, практическая работа

Описание

Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика құрылған. 2006 жылғы мамырда экономикадағы жұмыспен қамтылғандар саны 7991,4 мың адам болды. Өнеркәсіптің жетекші салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Қазақстанның мысы, қорғасыны, мырыш және кадмийі сапасының жоғары деңгейде болуына байланысты әлемдік нарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті.

Работа состоит из  1 файл

Қазақстан экономикасы.docx

— 36.51 Кб (Скачать документ)

Сөйтіп, қазақстандық банктердің беделі мен өтімділігі сақталып қалды. Екіншіден, мемлекет көп қаржы құю  арқылы тәлтіректеп қалған жылжымайтын  мүлік рыногына қан жүгіртті, үлескерлер проблемасын шешуге батыл қадам жасады. Үшіншіден, еліміздің барлық аймақтарында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, бірінші кезектегі азық-түлік түрлері – астықтың, өсімдік майының, ұнтақталған сүт, т.б. қоры жасалды. Тұтастай алғанда 2007-2008 жылдары экономиканы тұрақтандыруға 540 миллиард теңге қаржы құйылды. Міне, дер кезінде жасалған осындай игі қадамдар Қазақстан экономикасын қатерден сақтап қана қойған жоқ, сонымен бірге оның дамуына мүмкіндік берді. Дағдарыс кезіндегі мемлекет тарапынан қаржылық көмек алған құрылыс саласы жаңа жұмыс орындарын ашады, шағын және орта бизнеске тапсырыстар береді. Жеке капиталды тарта отырып, жасалған мемлекеттік қаржылық көмек серпінді жобаларды қаржыландыруға, агроөнеркәсіп кешені мен шағын және орта бизнесті дамытуға ықпал етеді. Әрине, бұл қаржы отандық экономикамызды тұтастай әртараптандыруға аздық етеді. Дегенмен, бұл мемлекеттік субсидиялар экономикамыздың тұрақтануына игі әсерін тигізіп, ұлттық өндірістің одан әрі дамуын қамтамасыз етеді.

Қазақстан ғаламдық экономикалық дағдарыстың жағымсыз әсерін айтарлықтай сезінген көптеген елдердің бірі. Қазақстандық тәуелсіздіктің қысқа тарихында үшінші рет қайталанып отырған экономикалық дағдарыстың салдарын жеңу үшін мемлекеттік органдар өз құзіреттерінің аясында шаралар қолдануда. Дағдарысқа қарсы шараларды тиімді жүзеге асыру, сондай-ақ дағдарыстан кейінгі кезеңде елді дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу билік пен қоғамның ортақ жауапкершілігі. Осы бір күрделі жағдайда елдің әлеуметтік тұрақтылығы мен саяси институттарының орнықтылығын сақтау маңызды мәнге ие.

Елбасы биылғы «Дағдарыстан – дамуға» атты Жолдауында «...біз  жергілікті өндірісшілердің әлеуетін барынша пайдалануға тиіспіз. Егер қажетті өндірістер бүгінде жоқ болса, оларды құру керек, мұның өзі бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашады» деген болатын. Яғни, жаңа өндіріс орындары дегеніміз – жаңа жұмыс орындары. Бүгінгідей дағдарыс жағдайында халықты жұмыспен қамтып, нәпақасын айыруға мүмкіндіктер жасап беріп жатсақ, нұр үстіне нұр емес пе.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                ЖОСПАР                                           

1. Қазақстан экономикасы

2. Әлемдік қаржы дағдарысы

   2.1.Әлемдік қаржы дағдарысы кезіндегі Қазақстан экономикасының 
ағымдағы жағдайы

   2.2. Қазақстан Республикасының ұлттық өндірістерінің даму проблемалары

   2.3. Экономикалық дағдарыс

3. Қорытынды

    «Дағдарыстан – дамуға»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                  ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

• «ДАҒДАРЫСТАН ЖАҢАРУ МЕН  ДАМУҒА» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауы 2009|04|06 
• Выступление Министра экономики и бюджетного планирования РК Султанова Б.Т. на коллегии МЭБП (Астана, 5 февраля 2009 года) 
• Круглый стол на тему «Антикризисные меры Казахстана и Китая и их влияние на взаимоотношения между двумя странами» (23 декабря 2009 года в Пекине в посольстве Казахстана в КНР).

• Олег Игнатов,Кирил Мартынов « 2009ж дағдарыс». http://www.liberty.ru/ 14.12.2008ж 
• «Дағдарыс жайлы толық ақпарат.Біз қорқытпаймыз, біз тек ескертеміз» http://bankir.ru/news/newsline 02.12.2008ж

• Америка мамандары дағдарысты зерттеді» 20.11.2008 ж http:\www.willbe.ru/

•ТҰРАҚТЫЛЫҚ ФЕНОМЕНІ немесе қаржылық дағдарысты ауыздықтаудың қазақстандық моделі 2008-10-14: Егеменді Қазақстан Авторы: Таңатар ТАБЫНҰЛЫ. 
• БЮДЖЕТТІ НАҚТЫЛАУ – ДАҒДАРЫСТЫ ЕҢСЕРУ ТЕТІГІ 2009-04-04: Егеменді Қазақстан Авторы: Төлебек ҚОСМАМБЕТОВ, Мәжіліс депутаты. 
•Қаржы министрі Болат ЖӘМІШЕВ: ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУҒА САЛЫҚТЫҚ ЖҮКТЕМЕНІ АРТТЫРУДАН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫ ТӨМЕНДЕМЕЙДі Мамыр, 2008 жыл (C) 2008, «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі.

 

 


Информация о работе Қазақстан экономикасы